Еңбек тәрбиесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4
І Еңбек тәрбиесінің теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1 Еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.8
1.2 Педагогтар, көрнекті адамдар еңбек тәрбиесі туралы ... ... ... ... ... ... ... ..9.11
1.3 Тарау бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

ІІ Мектеп оқушыларының еңбек ету әрекеттерін педагоикалык. психологиялық тұрғыдан қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1 Оқушыларды психологиялық . педагогикалық тұрғыда еңбекке даярлау әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13.15
2.2 Мектеп жасындағы балалардын еңбек турлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16.21
2.2 Еңбекке баулу пәнін оқыту арқылы оқушылардың еңбек әрекетіне қызығушылығын арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21.23
2.3 Тарау бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Еңбек - өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін өзара бөлісіп алған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып, мал тауып, отбасын асырауға әкелері мен аталары үйретсе, қыз балаларға үй сыпыру, төсек жинау, ас пісіру, шай құю, кесте тігу сияқты отбасының ішкі жұмыстарына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне қалдырған.
Еңбек бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп те қарастырылады. Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып жетіледі, еңбектің мәні құндылығы арта түседі. Еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Адам өз еңбегінің қоғамдық маңызын терең түсінсе, соғұрлым оның жұмысы нәтижелі болады.
Еңбек тәрбиесі-оқушыларға қазіргі заманғы өндірістік ғылыми негіздері тұралы білім беруі. Еңбек етуге әзір тұру рухын тәрбиелеу.
Еңбекке даярлау жас жеткіншектерді біліммен іскерлікпен дағдыландыру қабілетін дамыту. Мамандық таңдауға көмек береді.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Бала өміріндегі еңбек тәрбиесін алатын орнымен оқушыларда еңбек тәрбиесін дамыту жолдарын зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Оқушыларды әрекетке даярлау өзі үшін және қоғамға орналасуы;
- Еңбекке саналы түрде қарауды қалыптастыру
- Адамдарды өмірдегі еңбек әрекетінің қоғамдық маңызын ұғыну
- Еңбек тапсырмаларын адал орындау қандай да болсын интенцивасын көрсету
- Ұжымдық жұмыс дағдыларын орындау
- Қоғамдық еңбектен қатысудан бас тарту әрекетіне қатыгез көрсетуге теріс көрсету
- Біздің елде әрбір еңбек етуге жарамды адамның еңбек етуге міндетілігін оның сенімі мен санасына орнықтыру
- Еңбек, етуге деген қажеттілік пен талпынысқа тәрбиелеу
- Еңбек етуге қатысты білім, білік, дағды сапалармен қаруландыру тиімді еңбек ете білуге дағдыландыру.
Зерттеу жұмысының зерттеу нысаны:
Мектептегі біртұтас оқу – тәрбие процесі.
Зерттеу пәні:балаға еңбек тәрбиесін беру жолдары.
Зерттеу жұмысының көздері:
Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңдары, нормативті құжаттар, кешенді бағдарламалар.
Бала дамуына байланысты педагогикалық – психологиялық ғылыми зерттеу еңбектері.
Зерттеу базасы: мектеп, орта буын оқушылары.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
Егер баланың еңбек тәрбиесінің дамуына әдіс – тәсілдердітиімді қолданса, онда баланың тәрбиелі дамуы өз деңгейінде жүреді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы
М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі КМҚК

Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі
Педагогика және психология пән бірлестігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Еңбек тәрбиесі

Орындаған:
Мамандық: 0111013 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Ғылыми жетекші:

Семей 2014 - 2015

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
І Еңбек тәрбиесінің теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

0.1 Еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 5-8
0.2 Педагогтар, көрнекті адамдар еңбек тәрбиесі туралы ... ... ... ... ... ... ... . .9-11
0.3 Тарау бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

ІІ Мектеп оқушыларының еңбек ету әрекеттерін педагоикалык- психологиялық тұрғыдан қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.1 Оқушыларды психологиялық - педагогикалық тұрғыда еңбекке даярлау әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13-15
2.2 Мектеп жасындағы балалардын еңбек турлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16-21
2.2 Еңбекке баулу пәнін оқыту арқылы оқушылардың еңбек әрекетіне қызығушылығын арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21-23
2.3 Тарау бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Еңбек - өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін өзара бөлісіп алған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып, мал тауып, отбасын асырауға әкелері мен аталары үйретсе, қыз балаларға үй сыпыру, төсек жинау, ас пісіру, шай құю, кесте тігу сияқты отбасының ішкі жұмыстарына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне қалдырған.
Еңбек бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп те қарастырылады. Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып жетіледі, еңбектің мәні құндылығы арта түседі. Еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Адам өз еңбегінің қоғамдық маңызын терең түсінсе, соғұрлым оның жұмысы нәтижелі болады.
Еңбек тәрбиесі-оқушыларға қазіргі заманғы өндірістік ғылыми негіздері тұралы білім беруі. Еңбек етуге әзір тұру рухын тәрбиелеу.
Еңбекке даярлау жас жеткіншектерді біліммен іскерлікпен дағдыландыру қабілетін дамыту. Мамандық таңдауға көмек береді.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Бала өміріндегі еңбек тәрбиесін алатын орнымен оқушыларда еңбек тәрбиесін дамыту жолдарын зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Оқушыларды әрекетке даярлау өзі үшін және қоғамға орналасуы;
Еңбекке саналы түрде қарауды қалыптастыру
Адамдарды өмірдегі еңбек әрекетінің қоғамдық маңызын ұғыну
Еңбек тапсырмаларын адал орындау қандай да болсын интенцивасын көрсету
Ұжымдық жұмыс дағдыларын орындау
Қоғамдық еңбектен қатысудан бас тарту әрекетіне қатыгез көрсетуге теріс көрсету
Біздің елде әрбір еңбек етуге жарамды адамның еңбек етуге міндетілігін оның сенімі мен санасына орнықтыру
Еңбек, етуге деген қажеттілік пен талпынысқа тәрбиелеу
Еңбек етуге қатысты білім, білік, дағды сапалармен қаруландыру тиімді еңбек ете білуге дағдыландыру.
Зерттеу жұмысының зерттеу нысаны:
Мектептегі біртұтас оқу - тәрбие процесі.
Зерттеу пәні:балаға еңбек тәрбиесін беру жолдары.
Зерттеу жұмысының көздері:
Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңдары, нормативті құжаттар, кешенді бағдарламалар.
Бала дамуына байланысты педагогикалық - психологиялық ғылыми зерттеу еңбектері.
Зерттеу базасы: мектеп, орта буын оқушылары.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
Егер баланың еңбек тәрбиесінің дамуына әдіс - тәсілдердітиімді қолданса, онда баланың тәрбиелі дамуы өз деңгейінде жүреді.
Зерттеудің маңызы: Адам игілігінің әр адам еңбек етуге сүюге тиіс екенін мойындау, сезімін қалыптастырады. Еңбек етудің керек екенін сезіну санасының қалыптасуы еңбекке деген әділетті толтырып отыру.
Балаларды еңбек ету іскерлігі дағдысы болғанда еңбекте қандай болса да олардың қолдарынан келеді.
Біздің қоғамымызда еңбек әрқайсысымызда терең білімді және оны ұйымдастырудың жоғарғы мәдениетін талап етеді
Біздің қоғамда қажетті мамандар компьютерді жақсы меңгерген оқушылардың еңбекке шығармашылық көзқарасының маңызы зор. Еңбек тәрбие үлгісіндегі ұжымдық дағдыларын қалыптастыру қажет. Жас ұрпаққа кәсіби бағдар берудегі еңбек тәрбиесіндегі маңызы зор.

Курс жумысын торындауда колданылган зерттеу әдістері: Салыстыру, жинақтау, ғылыми әдебиет көздеріне талдау, бақылау, сауалнама, тест, эксперимент.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, еки тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 Еңбек тәрбиесінің теориялық негізі

8.1 Еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері

Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қағидасы бар. Ол -өмірлік өсиет, ұлағатты сөз. Бұл тарих тағылымының тәрбиелік үлгісі, еңбек етудің алғы шарты болса керек. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп оның ішінде ғылымның, тәрбиенің, бүгіні мен сфтеңін танып, бағдарлап отыруда тәрбие мен еңбек бөлінбестей берік, маңызды да мәнді рөл атқарады. Расында, адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан-теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бірі баршаға бірдей қазына. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) бұл қазынаның барлығын халық жасайды, ол адал да ерінбей еткен еңбектің жемісі деген болатын.
Әл-Фараби тәрбие мәселесін логикамен байланыстыра уағыздағанын білеміз. Ол "Ақыл мен түсінік" атты еңбегінде ақылдылық пен адамгершілік үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізі таза еңбекте, еңбек өз кезегінде тәрбиенің негізінен туындайды деген еді;
Қоғамның даму тарихына байланысты, соған сәйкес еңбек тәрбиесі әр түрлі нысанда дамыды, жетілді, өзгерді, жаңарып отырды. Орта ғасырлық мектеп тәрбиесіне қарсы шыққан, чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский (1592-1670) педагогикасының негізі - гуманизм мен демократизм болғаны педагогика тарихынан белгілі. Демек, бұл тек педагогика емес, бүгінгі қоғамды қайта құрудың басты принципі - гуманистік және демократиялық принциппен үндес келіп отыр. Я.Коменский мектеп - балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін "адамгершілік шеберханасы" болуға тиіс деген көзқарасты насихаттайды. Осы негізде ол тәрбиені, осыған сәйкес жүргізу қажет деп есептеді. Ағылшын педагогы Джон Локк (1632-1704) тәрбиедегі Коменский ұсынған "табиғатқа сәйкестілік" еңбек және дене тәрбиесі арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп берді. Ағылшын табиғат зерттеушісі, жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін табиғи сұрыптау арқылы пайда болуы жөніндегі эволюциялық ілімнің негізін салушы Чарльз Дарвин еңбектің, еңбекке баулудық, оның теориялық негізі - еңбек тәрбиесінің маңызын жоғары бағалаған еді. Швейцария педагогы Генрих Песталоцци (1746-1827) тәрбиесінің мақсаты - баланың күшін дамытады. Әр түрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі ұмтылады. Сөйтіп, Песталоцци дене тәрбиесін еңбек тәрбие-сімен ұштастыруа жүргізуді дәлелдеп береді. Сондай-ақ, оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру, соның ішінде қол өнері және ауыл-шаруашылық еңбегімен ұштастыруу Песталоццидің педагогикалық теориясы мен қызметінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Песталоцци еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бір-бірімен өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балалардың ақыл-ойын дамытады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Осы негізде ол -еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру деп уағыздады.
Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі -жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. Сондай-ақ, ол "Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес", - деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән бер-ді. "Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу" - деп есептеді.
Қазақ ағартушыларының бірі Ы.Алтынсарин педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында өнімді еңбек - еңбек тәрбиесінің құралы деп тұжырым жасады.
Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Ақыл-білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп философиялық тұжырым жасады.
Ол жастарды ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді маңызды рөлін ерекше бағалады.
Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Ер бала мен қыз бала тәрбиесін бөлісіп алған.Еңбекті дәріптеп жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге ретінде ұсыну "Аяз би" ертегісіндегі Аяз би "Кер құла атты Кендебайдағы" Кендебай, т.б. бейнелері арқылы беріліп отырған.
Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібіне, тұрмыс тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді ойластырған.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз санаған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер санаған.
Ал тері, ағаш, темірмен байланысты кәсіптерді ер адамдар атқарған. Аяқ киім (етік, мөсі, кебіс, шоқай, шәркей тігетін етікшілік, қайыстан жүген тартып, өмілдірік, қүйысқан, қамшы, шідер секілді әбзел істейтін өрімшілік үлкен өнер болып есептелген.
Ағаштан - ашамай, арба, шанажасайтын балташыларды темірден - құрал-сайман еңбек құралдарын немесе әшекей зергерлік бұйымдар жасаушы ұсталарды халық жоғары бағалаған.
Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу қазіргі педагогика теориясы принциптерімен ұштасып жатыр. Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылық жасайды. Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Қоғамның басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдағы байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу болып табылады.
Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту.Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.
Еңбек-тәрбиесінін мақсаты - балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуте даярлыктарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру.
Еңбек тәрбиесінің міндеттері:
-оқушыларды еңбек іс-әрекетінің әр түріне мақсатты бағыттайтын жалпыға пайдалы еңбек қажеттілігін қалыптастыру;
-белсенділік, іскерлік, еңбекті құрметтеу сияқты қасиеттерді дамыту;
-тұлғаның қайсарлығын, ұқыптылығын, тапқырлығын, ептілігін және басқа да жігерлік қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту;
-жастарға кәсіптік бағдар беру, оқушыларды еңбек іс-әрекет түрлерімен уақытылы таныстыру;
-оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте ынтымақтастық және өзара көмектесу, өзара жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Тәрбие адамның ақылын ғана дамытып, оны белгілі көлемдегі мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет. Оқу-өндіріс еңбек ету барысында оқушылар техникалық және технологиялық білімдер, еңбек тәжірибесін алады. Балалардың үй шаруашылығы, көркем өнер, қол өнер үйірмелеріне катысулары, олардың еңбектің өр түріне бейімділіктерін, икемділіктерін айқындайды.
Еңбек тәрбиесі отбасында да әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашьшығында көптеген міңдеттер атқарады; отбасы бюджетіне, оның пайдалануына қатыстырылады. Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіншіліктері зор. Еңбек тәрбиесінің құрамды бөлігі болып экономикалық тәрбие саналады.
Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына дарыту барысында оның экономикалық (дәрежесіне) нәтижесіне мән беру қажеттілігін ғалымдар дәлелдеп берді. Еңбек нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке деген жек көрушілік сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырған еңбек үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек ету адам ағзасының күнделікті дағдысына айналады.
Тұлғаның ақыл-ой, дене, адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының нәтижесі оның мамандық таңдау даярлығына жггкілікті дәрежеде әсер ететін болады.
Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттың құндылыққа, өзара түсінушілікке, ынтымақтастыққа бағдарлау мен құра білу табысты еңбек етудің кепілі болып табылады.
Еңбек тәрбиесі дегеніміз еңбек етуте психологиялық даярлықты, еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгеру.

1.2.Педагогтар, көрнекті адамдар еңбек тәрбиесі туралы

Еңбек туралы көрнекті педагогтар пікірлері:
Абай Құнанбаев
Абай ақын- ұлы тұлға маңдай алды ақын Абай даналығы еңбек ет- мол тап деген ақылға келеді. Тек еңбек, еңбек құштарлық халықты өнерге үйретеді білімге меңзейді ғасырлар бойы қайыршылық жайлаған халықты- еңбек қана биікке шығарады, психологиясын өзгертеді- деген Абай даналығы бұл күнде де күшін жойған жоқ.
Еңбек тәрбиесін, оқу мен білім алудың негізі-деп түсінген. Жас ұрпақтың барлық тәрбиесінің көзін- бұлағын еңбектен іздеді.
Ол еңбек пен қоғамның еңбектің тұтастығын, бірлігін- парасатылық пен инабатылықтың, білімділіктің, тұлғалылықтың ісіне талғамын, үлгілері- өмірдің, тіршіліктің жеке тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ететін аса көргенділікпен дәлелдеді, оған өлең жолдарын хикаяларын арнады.
Ең бастысы: еңбек пен адамгершілік сапасын қалыптастырады, адамды, жастарды эстетикалық рухта тәрбиелеу, оларды жарқын болашаққа шақырады, материалдық игілікке жол ашады. Ақын пікірінше еңбек адамды жан-жақты дамыған, ғұламалыққа көтереді, баулиды жетелейді. Абай арманы еңбекке, адамгершілікке, ақыл-ойға, парасатылық пен инабатылыққа негізделген үлкен мәдениетіліктің қайнар бұлағына айналған. Абай тағылымы- даналықтың кәусар тамшысы, ағынды тасқыны, дәрия көлі мұхиты.
Абайдың 33 қара сөзінен
Егер мал керек болса, өнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі- қазақтың әулиесі сол. Бір құдайтағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады.
Әуелі- бұл ісімді ол ісімен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп біраз істес болып, өнер артырайын деп, түзден өнер іздемейді. Осы қолымдағы аз- мұзына мақтанамын, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады.
Екінші- ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара тапса, малға бөге қалған кісілісіп, маған мол жоқ па? дегендей қылып, еріншек, жалқау, салғырттық кербездікке салынады.
Үшінші- дарқалсын ғой, өнерлісің ғой, шырағым, немесе ағаке, нең кетеді, осы ғанамды істеп бер! дегенде маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін деп мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға, қу тілге алданып өзінің уақытын өткізеді және алған дүниенің қызығы алдауды білген дегізіп, көңілін де мақтандырып кетеді.
Төртінші- тамыршылдау келеді. Бағанағы алдамшы шайтан тамыр балалық деп, бір болымсыз нәрсені берген болып, артынан үйтемін- бүйтемін. Қарық қыламын дегенде мәз болып, тамырым, мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой деп, және жасына іс істеп үйден шықпағандық қылып, жоқ-барға тырысып, алдағанды білмей дереу оның жетпегенін жеткіземін деп, тіпті жетпесе өзінен қосып, қылып бер дегенің бәрін қылып беріп, күні өтіп еңбек қылар уақытынан айырылып, жоғарғы шыңға қарық болып, тамақ, киім, борыш есіне шығып кетіп, енді олар қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға алады. Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп, сонымен табысы құралмай, борыш асып дауға айналып, адамшылдықтан айрылып, қор болып кетеді. Осы несі екен? Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатындығы қалай?
Янь Амос Коменский
Ұлы дидактикасында толық еңбектің мағынасын ашып береді. Еңбек-ақыл-ой. Сондықтан адамгершілік тәрбие мен байланыстыру керек.
Әл-Фараби
Әл-Фараби тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деді. Ол ағарту-оқу мен тәрбие туралы еңбек мәдениет туралы ілім жасады. Еңбектің өзі өнер- еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды. әрбір адамды еңбекке баулиды еңбек шеберлігіне үйретеді. Олардың еңбек ету дағдысын қалыптастырады- деген болатын Фараби. Ойшыл еңбектің өзін қоғамның өмір сүруінің негізгі адамзат тіршілігінің мәңгілік табиғи шарты деп қарастырады. Фараби еңбек процестерінің бағыттарын белгіледі. Ол мақсатқа сай қызмет яғни еңбектің өзі еңбек заттары мен еңбек құралдары. Адам еңбегі бақылаған нәрсенің бәрі еңбек заттары деп атады. Еңбек тәрбиесінің теориясын
Әл-Фараби- өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалы байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды деп тұжырымдады. Педагогикалық тұрғыда қарасаң бұл тұжырым оқушыларға саналы тәртіп, сапалы білім беріп пайдалы қоғамдық еңбекке баулу-деген сөз. Фараби еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда еркін еңбектің адамның жан-жақты дамуы үшін маңызы зор екенін көрсетті. Жас ұрпаққа және жеке адамдарға тәлім-тәрбие беріп, еңбекке үйретіп еңбек тәрбиесін беретін, ұзтаздық жасайтын адамдарды өте жоғары бағалаған. Еңбек пен еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін қолдауда ХІІ ғ жазылған Фарабидің энцоклопедиясы атты еңбектің маңызы ерекше. Әсіресе, мұның парасат Ғылымдар энциклопедиясы, Ғылымдар реті, Ғылымдар классификациясы т.б аттармен Шығыс және Батыс елдерінде өте ерте-ақ мәлім болған. Еңбектің құндылығы оның басқа халықтарының өз қажетіне жаратуы-оның еңбек адамдарының өз жұмысына саналылықпен, ұқыптылықпен қарап өндірісті дамыту еңбек өнімін жеке адамның еңбекке құштарлығын ынта-жігерін артыру мақсатында негізделген.
Фараби еңбектерінің өз дәуіріндегі мұраларды зерттеп кейінгі ұрпаққа қалдырған оқу ағарту, білім мен білімнің тәрбиелік маңызы өте зор.
1.Еңбек әрбір адамның қоғамдық құбылыс ретінде өзгеріп отырады, еңбек-еңбек тәрбиесінің мазмұны мен мәнін өзгертеді.
2.Әл-Фараби ілім тәрбиенің әрбір қоғам кезіндегі әлеуметтік мәнін ашты. Фараби ілім-еңбек, адамгершілік ақыл-ой тәрбиесінің негізін қалыптастырды.
3.Ғылымдар тізбегін жасау, оны әрбір топқа бөлу арқылы- болашақ жасөспірімдерді жан-жақты жетілдірудің қажетілігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Ғылымның еңбек пен еңбек тәрбиесіндегі негізін және оның теориясын жасады.
4.Еңбектің, еңбек ғылыми негізін сала отырып оны практикада, өмірде қолданудың тәжірибесін көрсетті.
К. Д. Ушинский
Адам өзінің жеке басын еңбексіз бір адым да алға баса алмайды, бір жерге тұрақтап тұрып қалуға да тиісті емес, ол адам қайта кері кетеді,-деді
1) Еңбек- адам өміріндегі негізгі өмір құралы
2) Еңбек- адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесінің адамның дене жағынан жетілуінің көзі. Сондықтан еңбек- тәрбиенің күшті құралы. Талаптардың басты күші- еңбек сүйгіштікке еңбек етуге білуге, еңбекке ынталы айналысса сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп біледі. Баланың сәби кезінен бастап еңбекке тәрбиелеу керек.
Ж. Ж. Руссо
Сословиядан шыққан Ж. Ж. Руссо қарапайым еңбектерді жана сүйіп, басқалар еңбегі арқылы өмір сүруші арамтамақтардан жаны түршігеді.Адам өзі еңбекке негізделген меншіктерін қорғап сақтау үшін ғана уақытша еңбектерін сақтаған. Адамды адам қанау болмайды, барлық адамдар өз еңбектерімен өмір сүретін бостандық теңдік және бауырмалдық қоғам арманы. Адам еңбек арқылы өмір сүреді, еңбексіз өмір жоқ. Адам- өз еңбегімен өмір сүреді.
А. С. Макаренко
Кімде-кім еңбек етпесе және ақылдылық принцип іске асып жатқанда, еңбек тәрбиесі жалпы тәрбие процесінің ең қажетті факторларына айналуға тиіс деп есептеген. Адам еңбек үстінде тек жұмысқа даярланып қана қоймай басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынаста үйренеді, бірлесе күш жұмсап еңбек ету керек.

Қорытынды: Қорыта айтқанда адамның жан- жақты үйлесімді дамуында еңбек факторының маңызы зор. Оның күші бала бір нәрсемен айналыса бастаған бойдан көріне бермейді. Себебі, еңбек идеялық, эстетикалық тәрбиемен, шығармашылықпен және тәрбиеленушілер арасындағы сан қырлы қатынастармен байланысты жүргізілмесе, тек орындалуы тиіс міндетке ғана айналады.
Бұдан еңбек адамның рухани қажеттілік дәрежесіне көтеріле алмайды. Керісінше, ол адамның рухани кедейленуіне әкеп соғады. Осыдан жалқаулыққа жол ашылады. әрбір адам еңбек арқылы өмірдегі өз орнын тауып, өзінің не нәрсеге қабілетті екенін сезіп, түсініп білуі тиіс. Бала өз қолымен жасаған бұйымдарының нәтижесін көріп, мақтаныш сезімі пайда болғанда жан-жақты дамуына жол ашылады.
Жалпы білім беретін мектептер оқушыларын еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасында еңбек негізін мектеп жасында қалыптастырмай, болашақ ұрпақтан күткендей іскер маман шықпайтынын айта келіп, оқушыларды еңбекке дайындау ісінде бір өзекті мәселенің бірі қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан қосалқы- көркем өнерін, халық зергерлерінің мұрасы, мал шаруашылығы, шикізаттарды өңдеу кеңінен дамымай отыр делінген.
Еліміздегі нарықтық экономикаға көшірумен байланысты болып жатқан үлкен өзгерістер болашақ жастардың еңбекке дайындығын теңдесі жоқ биіктікке көтерілуін өздерін әр түрлі шығармашылық әрекетке сынау, белсенділік пен жауапкершілік, еңбекке жарамдылық сияқты талаптар қойып отыр. Осы талаптарды жүзеге асыру міндеті бірінші болып жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сатысында жүктеледі. Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі үздіксіз білім беру жүйесінде басқа буындар мен тек сабақтастық ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасының қалыптасуымен, дамуымен ерекшеленеді. Еді жетіліп келе жатқан жаңа тұлғаны еңбекке дайындауда, оның өзіндік табиғатын, психологиялық ерекшеліктерін, еңбекке икемділігін, білімін, ішкі қажетілігін білу қажет.
Жас ұрпақ бойында өнерге деген қызығушылықты қалыптастыруда көркемдік білім беру жүйесінің заман талабына сай педагогикалық, әдістемелік бағыттарын жасау, оқу-тәрбие мазмұнын жаңарту қазіргі кездегі бастауыш мектептің аясында атқарылатын өзекті істердің бірі.

ІІ. Мектеп оқушыларының еңбек ету әрекеттерін педагогикалық тұрғыдан қалыптастыру

2.1 Оқушыларды психологиялық - педагогикалық тұрғыда еңбекке даярлау әдістемесі

Мен іс-тәжірибе барысында мектеп оқушыларына еңбек туралы мағлұмат бердім жане де еңбектің түрлерін таныстырдым.Оқушылардың еңбек етуге деген көзқарасын ояттым. Жалпы айтқанда еңбектің нақты маңызын көрсеттім.
Мектеп қабырғасында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік қалыптасып, кейін жаппай еңбек іс-әрекеті түрінде байқалады.
Еңбек тәрбиесі үшін еңбек сабағы өте маңызды , онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді.
Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру, оқушылардың еңбекке шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылар өндірістік бригада базасында, демалыс лагерьлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтарына қатыса жүріп, әр түрлі өсімдіктер өсіреді, тәжірибелер жасайды, кейбір мамандықтың түрлерін игереді.
Еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде. Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабағында шешіледі. Яғни, оқушылар бастауыш сыныптан бастап еңбек сабағында алған тәжірибелерін, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек еткен кезде пайдаланады.
Еңбек тәрбиесі-еңбекке деген қатынасты,рухани жане материалдық игілікті жасауға деген адамдардың әрекетіне мақсатты қалыптастыру процесі.Еңбек етуге психологиялық даярлықты,еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру.
Еңбек тәрбиесінің негізгі түрлері бар.Оның еңбек туралы мағлұмат беруі,еңбек түрлерімен таныстырып,адам өміріндегі еңбектің маңызын көрсету.
Өзіне-өзі қызмет көрсету.
Балалар өзіне-өзі қызмет көрсете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудық тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, өзімнің адамгершілік борышым деп есептеп, үлкендер еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады.
Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет көрсету: оқу-құралдарын, кабинеттерді, сынып бөлмесін, дәліздерді жинау, т.б.
Отбасында өзіне-өзі қызмет көрсетуге: төсек-орынды, пәтерді жинау, кір жуу, тамақ дайындау, т.б. жатады.
Мектеп жұмысының негізгі міндеті - өзіне-өзі қызмет етудің берік жүйесін жасап, тұрмыстық еңбекті әр адамның күнделікті өмір игілігіне айналдыру. Жалқау, еріншек балаларға дұрыс бағыт беру мұғалімдердің, ата-аналардың адамгершілік борышы.
Қоғамдағы пайдалы еңбек - қоғамдағы қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы. Қоғамдық пайдалы еңбек барысында оқушылардың дүниетінымы қалыптасады. Мамандықты тануда көзқарасы кеңейіп, денсаулығы жаңсарады, саяси сенімі және мәдени-адамгершілік ұғымы артады.
Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлерін атауға болады:
:: халық қоныс тепкен жерлерді, көшелерді, тротуарларды жөндеуге қатысу, экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту және қорғау;
:: мәдени-ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, қоғамшылдыққа тәрбиелеп, олардың әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын кеңейтеді;
:: шефтік жұмыс - адамгершілікке тәрбиелеудің ең жоғары формасы. Ол баланы қамқорлыққа, қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. Мектеп өміріндегі пайдаланып жүрген шефтік жұмыстарға Отан соғысы және еңбек мүгедектеріне, кері адамдарға, көп балалы аналарға, мәдени мұраларды қорғауы жатады.
Өнімді еңбек арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасайды.
Өнімді еңбек жалпы білім беретін орта мектептегі оқу-өндіріс кооперативтері оқушылардың өндірістік бригадалары арқылы жүзеге асырылады. Өнімді еңбек барысында оқушылар өз мүмкіндіктеріне сәйкес жалпы халықтың іске үлес қосады. ()қушылардың өндірістік бригадасының жұмысы екі бағытта жүргізіледі: өнімді еңбек процесін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары
Қазақстан Республикасы дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері
Дене тәрбиесі сабақтарының топтастырылуы
Дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері
Дене тәрбиесінің теориялық негіздері
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің дамуы
Отбасындағы бала және еңбек тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Пәндер