Өтелмелі қызмет көрсету
Кіріспе
1. Өтелмелі қызмет көрсету туралы шартты
1.1 Өтелмелі қызмет көрсету туралы шарттың түсінігі
1.2 Өтелмелі қызмет көрсету туралы шарттың мазмұны
1.3Өтелмелі қызмет көрсету міндеттемелеріне сипаттама
1.4 Өтелмелі қызмет көрсету шартының элементтері
2. Өтелмелі қызмет көрсету түрлері
2.1 Медициналық қызмет көрсету
3. Өтелмелі қызмет көрсету бойынша шетелдік тәжірибе
3.1Шетелдердегі өтелмелі қызмет көрсету
Қорытынды

Менің курстық жұмысымның тақырыбы: «Өтелмелі қызмет көрсету». Бұл тақырыпты зерттеу кезінде қосымша әдебиеттер мен басылымдарды пайдаландым.
Тақырыптың өзектілігі: Зерттелімге қойылған талап өзектілігі мен тақырыпта анықтаудың өзі қоғамымыздағы келесі мәселелерге жол табу;
Өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының бойынша қызмет көрсетуге ( белгілі бір іс-әрекет жасауға немесе белгілі бір қызметті жүзеге асыруға ) міндеттенеді, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге міндеттенеді.
Өтелмелі қызмет көрсету шартын атқаруға келсек, егер өтелмелі қызмет көрсету шартында өзгеше көзделмесе, атқарушы қызметті өзі көрсетуге міндетті.
Өтелмелі қызмет көрсету шартын жеке құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының азаматтық кодексін (ерекше бөлімін) қабылдаумен байланысты қолданыла бастады. Бұған дейін өтелмелі қызмет көрсетумен байланысты қатынастарды реттеу заң немесе құқық ұқсастығын пайдаланумен және шарт еркіндігіне сүйене отырып жүргізілген.
Өтелмелі қызмет көрсету бойынша шарттағы тапсырысшының тапсырмасы көп жағдайда, мердігерлік шарт бойынша берілген тапсырысшының тапсырмасына қарағанда нақтырақ болмайды. Тапсырысшы атқарушының қызметіне, өтелмелі қызмет көрсету шартында көрсетілген мерзімдер мен тәртіптер, ақы төлеуге міндетті. Ақы төлеу нысанының тәсілі мен тәртібінің жолдары көп болуы мүмкін. Мәселен, қызмет көрсету шарты бойынша алдын ала қаржыландыру, аванстық төлемдер жүргізу жоққа шығарылмайды.
Бір қатар жағдайларда өтелмелі қызмет көрсету шарттары тұтынушы шарттар, қосылу шарттары болып табылады. Солар бойынша көзделетін сыйақының мөлшері атқарушының тарифтері, ставкаларына сәйкес, ал кей жағдайларда, антимонопольды органдармен келісілген тарифтер, ставкалар бойынша анықталады. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындармен қызмет көрсетілгенде тарифтердің орталықтандырыла белгіленген ставкаларын қолдану да жоққа шығарылмайды.
Курстық жұмыстың алдына келесі міндеттер қойылады: өелмелі қызмет көрсету ұғымы және оның жүйесі, шарты, түрлері мен міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы, туындау негіздері, сондай-ақ міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістері мен міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық ұғымын білу.
Жалпы зерттеу жұмысы бойынша толық мәліметті негізгі бөлімнен алуға болады.

1. ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім), 2007 жыл.
2. ҚР Азаматтық құқығы. Ғ.Жайлин. – Алматы. 2006 – 378 б.
3. ҚР Азаматтық құқығы. С.Ынтымақов. – Алматы. 2004 – 128 б.
4. Ғ.Төлеуғалиев. Азаматтық құқық. Оқулық. Жоғары орындарына арналған академикалық курс. 1том. Алматы 2001ж. – 376 бет.
5. Ынтымақов С.А. 1 бөлім. Практикум. Алматы 2004ж. –222 бет.
6. Комментарий. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть). Сулейменов М.К. Басин Ю.Г.- Алматы, Жеті Жарғы, 2000 ж.
7. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы. Алматы: Дәнекер, 2003 жыл.
8. Мемлекет және құқық негіздері: Оқулық – Алматы: Жеті Жарғы, 2001. Құрастырған Е. Баянов.
9. Тоқатов Р.А., «Медициналық қызмет көрсету қатынастарын құқықтық реттеу» пәні бойынша дәрістер, Қарағанды, 2009-5 дәріс.
10. Гражданский кодекс Российской Федерации (часть первая и вторая) 2011год.

Менің курстық жұмысымның тақырыбы: Өтелмелі қызмет көрсету. Бұл тақырыпты зерттеу кезінде қосымша әдебиеттер мен басылымдарды пайдаландым.
Тақырыптың өзектілігі: Зерттелімге қойылған талап өзектілігі мен тақырыпта анықтаудың өзі қоғамымыздағы келесі мәселелерге жол табу;
Өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының бойынша қызмет көрсетуге ( белгілі бір іс-әрекет жасауға немесе белгілі бір қызметті жүзеге асыруға ) міндеттенеді, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге міндеттенеді.
Өтелмелі қызмет көрсету шартын атқаруға келсек, егер өтелмелі қызмет көрсету шартында өзгеше көзделмесе, атқарушы қызметті өзі көрсетуге міндетті.
Өтелмелі қызмет көрсету шартын жеке құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының азаматтық кодексін (ерекше бөлімін) қабылдаумен байланысты қолданыла бастады. Бұған дейін өтелмелі қызмет көрсетумен байланысты қатынастарды реттеу заң немесе құқық ұқсастығын пайдаланумен және шарт еркіндігіне сүйене отырып жүргізілген.
Өтелмелі қызмет көрсету бойынша шарттағы тапсырысшының тапсырмасы көп жағдайда, мердігерлік шарт бойынша берілген тапсырысшының тапсырмасына қарағанда нақтырақ болмайды. Тапсырысшы атқарушының қызметіне, өтелмелі қызмет көрсету шартында көрсетілген мерзімдер мен тәртіптер, ақы төлеуге міндетті. Ақы төлеу нысанының тәсілі мен тәртібінің жолдары көп болуы мүмкін. Мәселен, қызмет көрсету шарты бойынша алдын ала қаржыландыру, аванстық төлемдер жүргізу жоққа шығарылмайды.
Бір қатар жағдайларда өтелмелі қызмет көрсету шарттары тұтынушы шарттар, қосылу шарттары болып табылады. Солар бойынша көзделетін сыйақының мөлшері атқарушының тарифтері, ставкаларына сәйкес, ал кей жағдайларда, антимонопольды органдармен келісілген тарифтер, ставкалар бойынша анықталады. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындармен қызмет көрсетілгенде тарифтердің орталықтандырыла белгіленген ставкаларын қолдану да жоққа шығарылмайды.
Курстық жұмыстың алдына келесі міндеттер қойылады: өелмелі қызмет көрсету ұғымы және оның жүйесі, шарты, түрлері мен міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы, туындау негіздері, сондай-ақ міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістері мен міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық ұғымын білу.
Жалпы зерттеу жұмысы бойынша толық мәліметті негізгі бөлімнен алуға болады.
Курстық жұмыстың пәні: Өтелмелі қызмет көрсету ұғымы және оның жүйесі, түрлері мен міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы, туындау негіздері мен шартты бұзғандық үшін жауаптылық ұғымы мен міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершіліктен босату, тоқтауы ұғымы және тәсілдері.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, шарт ұғымы және шарт түрлерінен, шартты орындау ұғымы және оның принциптерінен, шарттың орындалуын қамтамасыз етуі туралы мағлұматтан, міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістерінен, айып төлеу, кепіл, борышкердің мүлкін алып қалу және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1. Өтелмелі қызмет көрсету туралы шартты
1.1 Өтелмелі қызмет көрсету туралы шарттың түсінігі
Өтелмелі қызмет көрсетуді толығымен бір оқулық, тіпті соның мәселелеріне арнайы арналған жұмыс, шеңберінде қамту мүмкін емес. Азаматтық кодекстің нормалары бұл шарт түрінің жалпы құрылымын ғана қамтамасыз ете алады. Ал, тараптардың нақты құқықтары мен міндеттері көп жағдайда өтелмелі қызмет көрсетілетін қызмет аясына тәуелді болады. Басқа шарттарға қарағанда дәл соларға арнайы заңнаманы, ал кей жағдайларда бірлескен құқықты қолдану маңызды болып табылады. Өтелмелі қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін қарастырған кезде олардың құқықтық мәселелерін шешумен айналысатын заңгерлердің тар мамандандырылуының маңызы арта түседі, өйткені тараптардың құқықтары мен міндеттері арнайы білімдер қолданылатын салаларда пайда болады және құқықтық мәселелерді шешу мамандар қызметін бағалаумен қатар жүреді, олардың жұмысының ерекшілігін білуді талап етеді.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік бастамалардың дамуы бұрын соңды белгілі болмаған жаңа қызметкерлерінің пайда болуына алып келуі мүмкін және бастапқы кезеңде олар өтелмелі қызмет көрсету туралы жалпы ережелерге сүйене отырып реттелетін болады.
Өтелмелі қызмет көрсету азаматтық кодексте 33 тараудың нормаларымен реттеледі. Құқықтық қатынастардың бұл түріне, егер олар Азаматтық кодекстің нормаларына, өтелмелі қызмет көрсету туралы арнайы нормаларға, сондай-ақ өтелмелі қызмет көрсетудің ерекшеліктеріне қайшы келмесе, мердігерлік және тұрмыстық мердігерлік туралы жалпы нормалар да қолданыла алады[ 1 ].
Қазақстан Республикасында өтелмелі қызмет көрсетуді реттейтін жекелеген нормативтік актілер қабылданып әрекет етуде. Олар: 18 қазан 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Аудиторлық қызмет туралы заңы; 19 мамыр 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасында азаматтар денсаулығын қорғау туралы заңы; 7 маусым 1999 жылғы Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы; 19 қазан 2002 жылғы Қазақстан Республикасының Күзет қызметі туралы заңы және т.б.
Осы қатынастарды реттейтін заңға сәйкес нормативтік актілерге мысал ретінде мыналарды атауға болады: Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің 1997 жылғы 565 бұйрығымен бекітілген телекоммуникацияның жергілікті жүйелерінен қызмет көрсету ережесі; ҚР-ның көлік және коммуникация министрлігінің 1997жылғы 565 бұйрығымен бекітілген телеграфтық байланыс қызметін көрсету ережесі; Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің 29 қаңтар 2002 жылғы бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитетінің жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтарымен ақпараттық қызмет көрсету ережесі. Медициналық қызметтердің белгілі бір түрлерін өтелмелі көрсетуді реттеу үшін ҚР денсаулық сақтау білім және спорт министірлігі денсаулық сақтау комитетінің 12 қазан 1999 жылғы бұйрығымен бекітілген жалпы тәжірибе дәрігерлері туралы ереженің маңызы зор. Өтелмелі қызмет көрсетуді реттейтін басқа да нормативтік актілер бар.
Материалдарды қарастыру барысында атап өтетініміздей, қызмет көрсету элементі бірқатар жеке шарттарда кездеседі. Сол немесе басқа бір шарттардың құрылымына аталған элементті енгізу себептері әртүрлі.
Кейбір жағдайларда аралас шарттар туралы сөз болады. Мысалы, тауарларды жеткізіп беру шарты осы шарттық мазмұнымен қамтылған қызметтерді жеткізіп берушінің көрсетуі көзделетін пунктерді қамтуы мүмкін. Мердігер, ғылыми зерттеу жұмыстарына мердігерлік шарт негізінде интелектуалдық қызмет өнімін жасай отырып, тараптардың келісімі бойынша кеңес берушілік қызмет көрсетуі мүмкін, қызмет көрсету де мердігермен атқарылатын жұмысқа байланысты емес және т.с.с. Мұндай түрлер өте көп болуы мүмкін.
Бірінші жағдайдан ерекшелігі - мұнда өтелмелі қызмет көрсету туралы нормаларды қолдану орынды, ал кей жағдайларда қажет болып табылады. Істің мәнісін айтсақ мұнда екі шартты біреуге біріктіру туралы сөз болып отыр. Бұл құқықтық қатынастардың қатысушыларына ыңғайлы болу үшін жасалуы мүмкін, бірақ мұнымен олар тиісті қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктеріне ықпал етпейді.
Осы айтылғандарға сүйене отырып, қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелер әртүрлі жағдайларда пайда болуы мүмкін екенін атап өткіміз келді. Жеке құқықтық реттеу олардың тиісті шарттық институттарының нормаларымен реттелмегендеріне қажет. Осы орайда қымет көрсету жөніндегі міндеттемелерді өтелмелі қызмет көрсету шартының аясынан тыс қарастырудың еш маңызы жоқ.
Әрине жоғарыда аталған шарттарда даулы жағдайлардың туындауы жоққа шығарылмайды, және олар сондағы дәл сол қызмет көрсету мәселелеріне байланысты болуы мүмкін. Қалай болғанда да, сот тәжірибесі даулы жағдайларды шешуге көмек бере алатын азаматтық құқықтағы белгілеріне сүйене алады. Тегін қызмет көрсетуді де реттеуде аса үлкен мағызға ие емес. Қалыптасқан тексерістен өткен тапсырыс шарты да бар. Тегін қызмет көрсетудің оның шегінен шығып кетуі екіталай. Ал шығып кеткен жағдайдың өзінде де ісінің нақты жағдайына қарай туындаған қатынастар құқықтық маңызға ие ме немесе ие емес пе деген мәселе шешілуге тиіс. Егер қандай да бір қатынастар аталған маңызға ие болатын болса, онда ол жағдайды заң аналогиясы мен құқық ұқсастығына сүйене отырып реттеуге болады.
ҚР Азаматтық кодексінің 683 - бабының 2 - тармағына сәйкес өтелмелі қызмет көрсету ережелері байланыс қызметін, медициналық, малдәрігерлік, аудиторлық, консультациялық, ақпараттық қызмет көрсету, оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерге, туристік қызмет көрсетуге және басқа да шарттарға қолданылады. Мысалы, әр түрлі заң қызметін көрсету, жеке натариустардың қызметі және т.с.с. дамып келеді. Өтелмелі қызмет көрсету шарты бір субъектімен, жарнама агенттігімен, өз тауарларын, жұмыстарын немесе қызметтерін өткізуді қалайтын басқа субъектінің пайдасы үшін жүзеге асырылатын жарнама қызметіне де себепші болады.
Өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшыынң тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгілі бір іс әрекет жасауға немесе белгілі бір қызметті жүзеге асыруға) міндеттенеді, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге міндеттеледі [ 4 ].
Өтелмелі қызмет көрсету шарты оның субъектілеріне, бағасына қарай жазбаша нысанда бекітілуге тиіс, не ауызша нысанда да бекітілуі мүмкін.
Бұл шартты реттейтін нормалардың мағынасынан байқағанымыздай, шартың мәнді жағдайлары болып оның пәні мен бағасы туралы жағдайлар табылады.
Шарттың тараптары - атқарушы мен тапсырысшы. Мұнда мердігерлік шарттармен белгілі бір аналогия байқалады. Бір тарапқа атқарушы мәртебесін беру оның алдағы әрекетінің шарт аясындағы тапсырысшыдан түсетін тапсырмамен алдын ала келісіп қоятындығын білдіреді.
Атқарушылар ретінде кез келген жеке немесе заңды тұлғалар болуы мүмкін. Сонымен бірге біз арнайы субъектімен байланысып отырмыз. Егер атқарушы жеткілікті дайындықта болмаса, онда оның шартқа отыруы құқықтық маңызға ие болмайды. Тиісті емес субъектінің қатысуымен жасалған мәміле орын алған нақты жағдайларға қарай сол немесе басқа бір негіздер бойынша жарамсыз деп танылуға тиіс. Мысалы, біреу тапсырысты орындау үшін талап етілетін білімдер, дағдылар және т.б бар еркіндігі туралы тапсырысшына қасақана жаңылыстыруы мүмкін, онда мәміле (өтелмелі қызмет көрсету шарты) алдау салдарынан жасалғандықтан жарамсыз деп танылуға тиіс. Жоғарыда айтқандай өтелмелі қызмет көрсету шарты жаңа институт болғандықтан оның субъектілік құрамының өзекті мәселелері әлі жан - жақты ұғынылған жоқ.
Кейбір жағдайларда қызмет көрсету жөніндегі қызмет кәсіпкерлік қызметтің белгілеріне кіріп кетеді, сол себепті атқарушының қатысуы мүмкін болу үшін шартта, оны бекіту сәтінде, оның кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болуы талап етіледі.
Мысалы, байланыс, соның ішінде телекоммуникацияның жергілікті жүйелер, қызметінің МСТ операторлары көрсетілуі мүмкін. Оларға, өз кезегінде меншік нысанына қарамастан, лицензиясы бар заңды тұлғалар жатады. Білім беру қызметін көрсету мәселесі күрделіек болып табылады. Бұл мәселе білім беру процесінің кім болатындығына байланысты емес. Керісінше бұған қатысты мұнда толық айқындылық бар. Мәселе білім беру ұйымдарын кәсіпкерлік қызметтің субъектілеріне жатқызу немесе жатқызбау.
Заңнама мәнісіне сүйенсек олар ондай болып табылмайды. Сондай-ақ нотариустармен, адвокаттармен, аудиторлармен, дәрігерлермен және т.с.с. Көрсетілген қызметке байланысты жағдайлар өзекті болып табылады. Кәсіпкерлік белгілерін отбасы дәрігеріне қолдануға болады.
Оның пікір талас тудыруы мүмкін болғанмен, қызмет көрсетудің барлық өзге қырлары мен субъектілері жөнінде тиісті түрде бағдарланып алу уақыты келген екенін атап өткіміз келіп отыр. Азаматтық кодексте немесе басқа заңды актіде өтелмелі қызмет көрсету шартына қатысты кәсіпкерлік қызмет субъектісінің түсінігі жасап шығарылуға тиіс. Мұндай түсініктің негізгі тәжірибелік маңызы оның қайсыбір субъектінің қандай да бір қатынастарға қатысу мүмкіндігінің белгілерін негізді түрде қолдануға мүмкіндік беретінімен байланыстырылуға тиіс. Кейбір жағдайларда білім, патент туралы дипломды дайындаудың заңға сәйкес куәландырылуының болуы жеткіліксіз болып қалуы мүмкін. Кәсіби субъектінің параметрлері шешілетін міндеттердің күрделілік деңгейіне сүйене отырып түзетілуге тиіс.
Осы тұста өтелмелі қызмет көрсету қатынастарының тағы бір жеке тұлғалық қыры ашылады. Кейбір жағдайларда тапсырысшы тапсырыс аясында жүзеге асырылатын әрекеттер үшін ғана емес, сонымен бірге атқарушының кәсібилік, тәжірибелік және шеберлік деңгейі үшін де төлеуі мүмкін.
Кәсіби субъект түсінігін жасап шығарудың тағы бір тәжірибелік маңызы бар сәті - ол қатысатын міндеттеменің режимін анықтаумен байланысты. Оған кәсіпкерлік міндеттеме туралы ережелерді қолдану орынсыз болар. Бірақ, өтелмелі қызмет көрсету үшін маманның қызметіне жүгінетін субъектінің мүдделерін неғұрлым сенімді кепілдендіруге мүмкіндік беретін жеке ойға қонымды параметрлер анықталуға тиіс.
Тапсырысшы ретінде ешқандай шектеулерсіз қандай да бір заңды қызметтерді қажет ететін кез келген тұлға бола алады [ 2 ].
1.2 Өтелмелі қызмет көрсету туралы шарттың мазмұны
Өтелмелі қызмет көрсету шартының пәні - шарт бойынша атқарушы жүзеге асыратын қандай да бір әрекеттер. Өтелмелі қызмет көрсету шартының пәні болып заттандырылған көрініс табылмайды. Қызмет көрсетудің нәтижесін реттеу құқықтық маңызға ме емес. Өтелмелі қызмет көрсету туралы шарттың мердігерлік шарттан түбірлі ерекшелігі осында. Соңғысында белгілі бір шамада мердігер қызметінің өзі реттеледі, бірақ негізгі құқықтық мағызға мердігер қызметінің нәтижесі ие болады, ол салынған ғимараттан, жазылған кітаптан, шаштаразға жүгінгенде сәнді басталған шаштан және т.с.с. көрінуі мүмкін.
Білім беру қызметін көрсету (басқа да қызмет түрлеріндегідей) туралы шартта қызмет көрсету нәтижесіне кепілдік беру мүмкін емес. Жоғары оқу орны студенті барлық талаптарға сай оқытуы мүмкін. Соған қарамастан жоғары оқу орны білім беру қызметтерін тиісті түрде көрсеттідеп танылады. Яғни, кейбір жағдайларда қызмет көрсету нәтижесі тікелей атқарушы қызмет арқылы бағаланады. Егер ол шартқа, қалыптасқан әдеттегі талаптарға сай болса, және атқарушы тарапынан қателіктер орын алмаса, онда нәтижеге (жалпы түрде) қол жеткізілді деп есептеледі немесе тапсырысшы белгілі бір нәтижеге қол жеткізу немесе жеткізбеу қаупін өз мойнына алады [ 3 ].
Біз М.В. Кротовтың бір қызмет өтелмелі қызмет көрсету туралы нормалармен және мердігерлік шарт туралы нормаларынан да реттеле алады деген пікірімен келісе алмаймыз. Ауызша нысанда берілген аудиторлық фирманың кеңесі қызмет көрсету жөніндегі қатынастармен қамтылады, ал сол аудиторлық фирманың жазбаша қорытындысы мердігерлік шарт туралы нормалармен реттелуге тиіс деген пікір туралы сөз болып отыр. Біріншіден, бұл жерде әртүрлі қатардағы ұғымдар салыстырылып отыр. Кеңес беру - бұл қызмет пәні, ал қорытынды, аудиторлық фирмамен және қорытынды жасайтын кез келген субъектімен, нәтижеге (бастапқы ақпаратты талдау негізінде шығарылған жалпы түйінге) қол жеткізу жүргізілетін болғандықтан, мердігерлік шарттын пәні екені айқын. Қандай қорытындылар жасалғаны, жүргізілген талдау мен жалпылау деңгейінің қандай екені аса зор маңызға ие және ол мердігер қызметінің соңғы нәтижесі ретінде бекітіледі.
Кеңес берушілік атқарушы қызметінің өнімінен тұрмауы мүмкін, ол тек қолда бар ақпаратты беру ғана болу мүмкін. Яғни, қарапайым кеңес, қандай нысанына қарамастан, қызмет көрсету болып табылады. Жазбаша кеңес беру кезінде ақпаратты тек бекіту туралы сөз болып отыр, оны диктафонның және т.б көмегімен жазып алуға да болады емес пе. Кеңес беру (қызмет көрсету) кезінде берілген ақпараттың мазмұны маңызды емес деуге болмайды. Ақпарат тиісті және тапсырысшының тапсырмасына сәйкес болуға тиіс.
Өтелмелі қызмет көрсету туралы шарттың мазмұны. Атқарушы тапсырысшының тапсырмасына, яғни шарт жағдайларына сәйкес қызмет көрсетуге тиіс. Сондай-ақ қызмет мазмұны заңнамамен, анықталуы қалыптасқан жағдайдан, іскерлік айналым әдетінен туындауы мүмкін. Әдетте, атқарушы қызметті өзі көрсетуге міндетті. Яғни, мұнда мердігерлік шарты бойынша ( субмердігерлік қатынастарға қатысты) сияқты, қызмет көрсетуді басқа тұлғаға қайта тапсыру мүмкіндігі туралы жалпы сипаттағы нормалар жоқ. Бірақ, өтелмелі қызмет көрсету туралы шартта атқарушының қызмет көрсетуді басқа тұлғаға жүктеу туралы құқығы көзделуі мүмкін. Мұндай жағдайларда субмердігерлік ережелер қолданылуға тиіс.
Өтелмелі қызмет көрсетуді реттеуде атқарушының қызмет көрсетуден бір жақты түрде бас тарту құқығын шектейтін норманың аса зор маңызы бар. Заінама тараптардың нақты жай күйін, олардың құқықтық мүдделерін ескереді. Өйткені қызмет көрсету кезінде, бір жағынан,әдетте кәсіпкерлік қызметтің субъектісі немесе кәсіби субъект шығады, ал екінші жағында, тұтынушы тұрады, сондықтан оның құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігі болады. ҚР Азаматтық кодексінің 682 бабының 2 тармағына сәйкес атқарушы, тапсырысшының кінәсінен болған жағдайларды қоспағанда, өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан тапсырысшыға шарты бұзудан келтірілген залады толық өтегенде ғана бас тартуға құқылы.
Тапсырысшының тапсырмасына сәйкес қызмет көрсету міндетінің болуы, егер шартты бекіту кезінде, ол жалпы түрде берілсе, соңғысына атұарушының тапсырмасын нақтылау міндеті жүктелуі мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Тапсырысшының өз міндеттерін орындамауы оның жауапкершілігіне және атқарушымен шартты бұзу мүмкіндігіне алып келуге тиіс [ 6 ].
Өтелмелі қызмет көрсетудің ерекшілігі тапсырысшы тапсырмасының көп жағдайда, мердігерлік шарт бойынша берілетін тапсырысшының тапсырмасына қарағанда, нақтырақ болмауында. Тапсырманы нақтылау дәрежесі атқарушыға өзі жүзеге асыруға тиіс әрекеттерді олардың көлемін бір ізділігін және т.с.с. жеке дара анықтауға мүмкіндік беруге тиіс.
Өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша, мердігерлік шартында көзделетіндей атқарушының нәтижені тапсырысшыға тапсыру міндеті және тапсырысшының осы сондай күйде қабылдап алу міндетті белгіленбейді.
Тапсырысшы атқарушының қызметіне, өтелмелі қызмет көрсету шартында көзделген мерзімдер мен тәртіпте, ақы төлеуге міндетті. Ақы төлеу нысанының тәсілі мен тәртібінің жолдары көп болуы мүмкін. Мәселен қызмет көрсету шарты бойынша алдын ала қаржыландыру, аванстық төлемдер және т.б жүргізу жоққа шығарылмайды.
Жалпы ереже бойынша тапсырысшы көрсетілген (нақты жүзеге асырылған) қызметкерге ақы төлеуге міндетті.
Бірқатар жағдайларда өтелмелі қызмет көрсету шарттары тұтынушы шарттар, қосылу шарттары болып табылады. Солар бойынша көзделетін сыйақының мөлшері атқарушының тарифтері, ставккаларына сәйкес, ал кей жағдайларда, антимонопольды органмен келісілген тарифтер, ставкалар бойынша анықталады. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындармен қызмет көрсетілгенде тарифтердің орталықтандырыла белгіленген ставкаларын қолдану да жоққа көрсетілгенде тарифтердің орталықтандырыла белгіленген ставкаларын қолдану да жоққа шығарылмайды [5 ].
1.3 Өтелмелі қызмет көрсету міндеттемелеріне сипаттама
Өндіріс немесе қызмет көрсету ежелден бері халық шаруашылығының бір бөлігі болып келеді. Халыққа қызмет көрсетуді бұл қоғамның рухани мәдени өсуіне үлкен әсерін тигізді.
Қызмет көрсетудің ерекшеліктері:
1. Сезбеушілік, яғни олардың материалдық емес сипаты, басқа сөзбен айтқанда, қызмет көрсету тұтынушыға қызмет көрсету процесі аяқталғанға дейін айтарлықтай түрде ұсынылмайды.
2. Қызмет көрсетуді сақтауға болмайды, яғни қызмет көрсетуді ұсыну және тұтыну процесі бір мезгілде өтеді және тұтынушылар бұл процеске тікелей қатысушылар болып табылады.
3. Қызмет көрсетілместен бұрын оның сапалы немесе сапасыз екендігін білу мүмкін емес.
4. Өз сапасы бойынша өзгергіштік, олар қаншалықты көбінесе қызметкердің маман дәрежесіне оның жеке ерекшеліктері мен көңіл-күйіне тәуелді.
Қызмет көрсетудің тауардан негізгі және принципті айырмашылығы мынада - тауар материалданған және өндірушіден шеттетілген, еңбек нәтижесі - тауарды тұтынушыға дейін жеткізу процесі процесудураның стандартты жиынтығы арқылы жүзеге асырылады (өнімді көтерме және жеке саудаға, беру және оны әрі қарай жатқызу, қызмет көрсетуді жасау кезінде сақтау және сату кездері болмайды).
Қоғамдық күшпен өндірістің дамуы шаруашылық қызметке сұранысты өсірді. Қызмет көрсету экономикада басты рөл ойнап, қызмет сферасы және қызмет нарығы пайда болды. Қазіргі замаңғы экономикадағы өзекті тенденцияның бірі - ұсынылған қызмет көрсетудің феноменді өсуі болып табылады. Мемлекеттік статистикалық органдардың мәліметі бойынша, дамығын индустриалды мемлекеттердің ұлттық өніміндегі қызмет көрсету үлесі 23-ден 34-ке дейін құрайды. АҚШ-та жұмыс істейтіндердің саны 17%-ға жетті және бұл сала, болжамға сай, жақын арадағы 10 жылға барлық жаңа жұмыс орындарының 90%-ға беруі тиіс [ 1 ].
Өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгілі бір іс-әрекет жасауға немесе белгілі бір қызметті жүзеге асыруға) міндеттенеді, ал тапсырысшы бұл қызметті көрсетуге ақы төлеуге міндеттеледі.
Шарттың тараптары - атқарушы мен тапсырысшы, мұнда мердігерлік шарттарымен белгілі бір аналогия байқалады. Бір тарапқа атқарушы мәртебесін беру оның алдындағы әрекеттің шарт аясындағы тапсырысшыдан түсетін тапсырмамен алдын ала келісіліп қоятындығын білдіреді.
Өтелмелі қызмет көрсету шартының пәні - шарт бойынша атқарушы жүзеге асыратын қандайда бір әрекеттер.
Өтелмелі қызмет көрсету туралы шарттың мазмұны - атқарушы тапсырысшының тапсырмасына, яғна шарт жағдайларына сәйкес қызмет көрсетуге міндетті.
Өтелмелі қызмет көрсету бойынша шарттағы тапсырысшының тапсырмасы көп жағайда, мердігерлік шарт бойынша берілген тапсырысшының тапсырмасына қарағанда нақтырақ болмайды. Тапсырысшы атқарушының қызметіне, өтелмелі қызмет көрсету шартында көрсетілген мерзімдер мен тәртіпте, ақы төлеуге міндетті. Ақы төлеу нысанасының тәсілі мен тәртібінің жолдары көп болуы мүмкін. Мәселен, қызмет көрсету шарты бойынша алдын ала қаржыландыру, аванстық төлемдер жүргізу жоққа шығарылмайды.
Бірқатар жағдайларда өтелмелі қызмет көрсету шарттары тұтынушы шарттар, қосылу шарттары болып табылады. Солар бойынша көзделетін сыақының мөлшері атқарушының тарифтері, ставкаларына сәйкес, ал кей жағдайларда, антимонопольды органдармен келісілген тарифтер, ставкалар бойынша анықталады. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындармен қызмет кқрсетілгенде тарифтердің орталықтандырыла белгіленген ставкаларын қолдану да жоққа шығарылмайды [ 7 ].
33-тарау. Өтелмелі қызмет көрсету
683-бап. Өтелмелі қызмет көрсету шарты
1. Өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгілі бір іс-әрекет жасауға немесе белгілі бір қызметті жүзеге асыруға) міндеттенеді, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге міндеттенеді.
2. Осы тараудың ережелері байланыс қызметін, медециналық, малдәрігерлік, аудиторлық, консультациялық, ақпараттық қызмет көрсетуге, оқыту бойынша көрсетілген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz