Кіші жүздің ханы Ресейге қосылуы жөнінде елшілік жіберуі


Мазмұны
Кіріспе
І. Тарау. Кіші жүздің ханы Ресейге қосылуы жөнінде елшілік
жіберуі.
1. 1. А. И. Тевкелевтің қазақ жеріне келуі
1. 2. Ұлы жүз және орта жүздің ант қабылдауы
II. Тарау. П. К. Крилловтың бастаған Орынбор экспедициясының
жүруі
- Ресейдің қазақ жеріне бекіністер салуы.
- Жайық маңындағы қамалдарына қазақтардың көшіуіне тиым салуы
III. Қортынды.
IV. Сілтемелер тізімі
V. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақ хандығында 1718 жыл Әз Тауке хан қайтыс болған соң, оның орнына баласы Болат хан болды. 1730 жылы Болат хан қайтыс болып, орнына баласы Әбілмәмбет отырды. Осы кезде қазақ хандығында хан тағына таласқан ішкі қырқыс туды. Сөйтіп, 1730 жылы Болат қайтыс болған соң қазақтың үш жүзінің хан - султандары Әулиеата жаққа жиналып, құрылтай сипатта жиналыс болды. Бұл құрылтайға үш жүздің улы ханы Болаттың баласы Әбілмембет және Болатхан тікелей билеген ұлы жүздің сұлтандары, Шығай ханның ұрпағы және өз заманының қарарманы Барақ султан билеген орта жүздің султандары, Әбілқайыр басқарған кіші жүздің султандары қатысады. Осы құрылтайда Әбілқайыр Әбілмембеттен үш жүздің улы хандығын алмақ болып жалсыз талап қойды.
Әбілқайыр хан әуелетінің шыққан сұлтандардың бірі яғни ол қазақ хандығы алғаш құрған Әз жәнібек ханның жетінші урпаға болып табылады. Ол XVII ғасырдың 20 -ші жылдарында кіші жүзге хан болған «Ақтабан шұбырынды» жылдарында қазақ қауымен бастап, жоңғар феодалдарының шапқыншылығына қарсы күрескен әйгілі қолбасшылардың бірі еді. Тарихшы З. У. Тоғанның айтуына қарағанда ол кезде Әбілқайыр қазақтың үш жүзінің улы ханы оған қоса қарақалпақтардың ханы еді. Сонымен қатар Хорезімде билеуші болуды арман еткен екен. 1
Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына көшірілді. Бул кезде кіші жүздің өзі ішінен үш бөлекке бөлінген: оның бір бөлігін Қайып ханның баласы Батыр сұлтан биледі, енді бір бөлігін Әбілқайырдың баласы Нұралы сұлтан биледі, Әбілқайырдың билігі кіші жүздің
Бірі бөлігіне ғана жүретін еді.
1. «Қазақтың көне тарихы» 2бі-бет А 1993 ж.
Қазақтың кіші жүзінің ханы Әбілқайырға бір жағынан жоңғар қалмақтарының, ал екіші жағынан көршілес башқұрттар тарапынан талай рет шапқыншылыққа ұшырап зорлыққа душар болып отырды. Жоңғар қалмақтары қазақ хандықтарына дүркін шабуылдар жасап, олардың қаларадын басып алды. Сонымен мекендерін тартып алып отырды. Қазақтарға ең шұрайлы қоныс болған жайықтың маңында башқұрттардан төнген қауіп те төніп отырды. Қазақтардың мыңдаған жылқысын айдап әкетіп жүрді. 2
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Мақсаты: Курстық жұмыстың тақырыбы «Әбілқайыр ханның Ресеймен келіс сөздері»
Бұл курстық жұмыстың мақсаты тақырыпқа сәйкес сол кезеңдегі экономикалық жағдайға байланысты зерттеулер жүргізіп, яғни біріншіден не себебті туындағандығын, мол кездегі жағдайда болып жатқан жағдайлар және де Әбилқайырдың Ресеймен жүргізген саясатына сипаттама беріп осы тақырыптарды толығымен ашып беру курстық жұмыстың мақсаты болып табылады.
Міндеттері :
- Кіші жүздің ханы Әбілқайыр 1731 жылы Ресейге жібірген елшілігінің тарихта алатын орны, құндылығы жөнінде зерттеулер жүргізу.
- Сол кездегі негізгі мәліметтер бойынша негізінен сол кездегі жағдайға тоқталып, не себептен туындағандығы тұралы зерттеп, баға беру.
- Әбілқайырдың Ресейге жіберген елшілігінің нәтіжесіне айқындама жасау, сонымен актуальдығын көрсете білу.
- Тақырыптың мәнін ашып көрсете білу.
Зерттеудің өзектілігі.
Әбілқайыр хан Ресейге қосылудың көдеген мақсаты патша үкіметінің көмегімен жоңғар шапқыншылығынан құтылуды жәнеде өз жағдайын нығайтып алу, хан тағы үшін күресте бәсекелестердің хандық үкіметін сақтап қалуға феодалдық құқықтармен артықшылықтарды нығайтуға тырысты. Ол орыс патшасына арқа сейей отырып, баласын башқурттарға хан етіп қоюды, хиуаны жаулап алып өзі оған хан болыды көздеген болатын.
Мінің негізгі өзекті мәселем осы тақырыпқа тарихи тұрғыдан баға беру болып табылады.
Тарихнамасы.
Бұл тақырыпқа сәйкес әдебиеттер жеткілікті мен бұл тақырыптарды негізінен тарихшылардың еңбектерінен алғанмын. Мысалға айтар болсақ ол «Қазақстан тарихы»
Алматы қаласында 2002 ж. жарық көрді және де Астана қаласында 2002 ж жарық көрген П. И. Ричковтың «Капитан жазбалары» Қ. Есмағалибетовтың «Әбілқайыр хан тұралық жинақ» Алматы 2004 ж жарық көрген. Сонымен К. Аманжоловтың Алматыда 2004ж. Жарық көрген «Қазақстан тарихы дәрістер курсынан құнды деректер» келтірілген болатын, және де 1993ж. Алматыда баспасынан шыққан «Қазақтың көне тәрихы» атты еңбектерді пайдаландым.
Түйін.
Жоғарыда айтылған мәселелерді қолданып жұмыстық мәнін ашу.
І. Тарау.
Кіші жүз ханы Ресейге қосылуы жөнінде елшілік жіберуі.
Әбілқайыр хан жоңғар феодалдарының шапқыншылығына қарсы күресте орыс патшалығының күш көмегіне сүйенуді көздеген болатын. 1726 жылы Әбілқайыр Петергбургке Рассияның «протекциясына» жету, башқұрт иелігіндегі жерлер мен жайық өзіне аралығында көшіл - қонуға прово алу, қазақ көпестерінің россиаға емін - еркін өтуін жіне жайық қазақтары мен башқұрттардан қауыпсіздікті қамтамасыз ету, сондайақ тұтқындарды алмасу тапсырмамен қойбағар Көбеков бастаған елшілік жібереді. Қазақтар Россияда адам қызмет етуге уәде береді.
Алайда қойбағар Көбековтың миссиесы сәтсіз адқмалды, өйткені сырқы істер каллегіясының шешімінде көрсетілгендей қазақтарды Россия «протекциясына» қабылдау россия орындарының пікірінше жоңғариямен қатынастарды нашарлатуға әкеліп соқтырған болар еді.
1730 жылы шілде ойында Сейіт қул құндық ұлы, құтымембет көштайұлы сияқты адамдарды Петербургке елші етіп жібереді. Әбілқайыр хан бұл ел тағдырына қашышы елеулі мәселені ел - жұрпен ақылдаспай, хан кеңесінің ұйғарымына аккізбей астыртын жүргізген болатын.
Орыс патшасына Әбілқайыр атынан елшілер тапсырған хатында «қазыр өзімнің ійелігіммен сіздің империаторлық ұлы мәртебеңіздің қол астында болғым келеді, мен Әбілқайыр хан, өзімнің кәрі және жас қол астымдағы жұртыммен қырық мың адам қазақтарыммен сіздің императорлық ұлы мәртебеңіздің қол астында болғым келеді» деп жазылған. 3
Әбілқайыр хан Ресейге қосылуды көздегенде патша өкіметінің көмегімен өз жағдайын нығайтып алуға, хан тағыүшін күресте бәсекелестердің қарсылығын той таруға өзінің хандық өкімтін сақтап қалуға, феодалдық құрықтар мен артықшылықтарды нығайтуға, феодалдарға тәуелді шаруаларды қалауын кемейтуге тырысты.
Әбілқайыр ханның Россия қоластында болу жөніндегі өтініштерін алың қазақ даласын ішкі өзара тартыстардан және сыртқы қауіп - қайерден қорғауға ұмтылуы деп бағалауымыз керек. Бұл орайда Әбілқайырды ынталандырған маңызды себептерді - россияның қоластында болуды өлкеде жеке өзінің билігін нығайту үшін пайдаланғысын кеклгенін еленеуге болмайды, бұл әдетте, Әбілқайырды ең жақын бәсекелес деп, білген және сондықтан да патша өкіметі есебінен оның күшеюуін қаламаған басқа да ірі - ірі қазақ билеушілірінің мүдесіне кереғар келді. Әбілқайырдің Россияға қосылуы бағытына кейбір қазақ султандардің билері мен ру басшыларының қарсы тұруына негізгі себеп осы болды. Олардың әрқайсысы - ақ жеке алғанда өз басының қырдағы арқалы мен қуатын нығайту үшін россия қоластына қарайды пайдаланып қалғысы келер еді.
Әбілқайырдың бұл тиғылын орыс патша үкіметі де сезіп, біліп отырды. Орыс елшісі А. Тевкелев былай деп жазды: Әбілқайыр ұлы мәртебелі императордың қамқорлыққа алуын сурады. Осы арқалы қырғыз - қайсақ яғни қазақ ортасында бір өзін хан етіп қою және сол хандықта өз ұрпағынан өзіне мұрагерлер тағайындауды сөздеді.
Орыс тарихшысы А. Левшиннің айтуынша, Әбірқайыр өзінің осы хатында қазақтардың жоңғарлардан соққы жеп, ауыр бір анатқа тап болғанын айтады, Еріл бойындағы қалмақтардың, башқұрттардың және жайықтағы қазақ - орыстардың шабуыларына ұшырап отырғандығына тоқталады. Ол өзінің хиуалықтарды, қарақалпақтарды және олаларды бағындыруына орыс мемлекетінің көмек көрсетуін үміт етеді. Ең соңында, өзінің және қоластындағы адамдардың орыс патшасының қол астына мәнгі қалайтыны жөнінде уәде берді.
Орыс патша үкіметі қазақ хандығын қаратып алудың стратегиялық маңызы зор, ол «барлық Азия елдері мен жерлеріне кірудің кілтімен қақпасы» деп білді. Бұл, жөнінде Петр I былай деген: «Барлық Азия елдері мен жерлеріне кірудің кілітімен қақпасы дәл сол орданың яғни қазақ хандығының өзі ғана, осы себептен де сапар арқылы барлық Азия елдері мен қатынасатын жолымыз болуы үшін ол орда Ресейдің қол астында болуы керек» деді.
Орыс патша үкіметінің елшісі Певкелевтің айтуынша «Ұлы Петр өз атыны Ресей империясы үшін ежелгі елшілік келе жатқан және бұрынғы кезден мәлімсіз болған дерлік кең байтақ қырғыз - қазақ ордаларын Ресейдің қол астына қарату тілегі бар екенін білдіреді» деп жазды. Қазақтарды Ресейдің қол астына алу тұралы елшілерге нұсқау бере келіп, Петр былай деген екен: «Бұл орданыңі өзі анық қол астымызға қарағысы келмейтін болса, онда бір милионға дейін болса да көп шығын шығуына қарамай қалайда бір жапрақ қағазға қол қол қойғызып болсада Ресей империясының қол астына қарауға міндеттеп қайтуға тырысып көр» деген болатын.
Петрдің пікірі орыс көмекшілерімен көлестерінің саясатынан туған еді.
Петербург билеушілірі Әбілқайырханның өз бетімен бағынған тилегін қушақ жайа қарсы алды олардың көктен шімгені жерден табылды. Левшиннің айтуынша, қазақтардың бағынуы ресей империясы үшін барлық жақтан пайдалы болды:
- Бұл империя «Бір тамшы қан ағызбай бірнеше жұзмың халықты қосып алды»
- Қазақтардың шығыс онтүстік өлкелерінің қауыпсіздігін қамтамасыз етеді.
- Ұлы Петрді қорқытқан жоңғарлар әлі де оте күшті еді, ол кезде бұлардың төндіретін қауыпты зор болып отырған, қазақтар бағынғаннан кейін қазақтар арқылы жоңғарларға төтен беруге және жоңғарлардың күшін әлсіздетуге болаты.
- Інемі «Бүлікшілік шығарып, үкіметтің мазасын келтіріп отырған башқұрттарды» қазақтарды пайдалана отырып, басуға барады.
- Қазақтарды беке сала отырып таяу маңрағы қарақалпақтарды және ұлы Петр кезінде Ресейге Үлкен апат әкелген хиуалықтарды бойсындыруға болады.
- Петр қазақ хандығын «Барлық Азия елдері мен жерлеріне кірудің кілті» деп қараған және оның қаратып алудың стратегіялық маңызын жоғары бағаланған . Соның үшін орыс патшасы Әбілқайыр ханның өтінішін ойланып отырмаяқ қабыл алды.
1731 жылғы 19 ақпан айында императритца Анна Иоанновна Әбылқайыр ханға және «Бүкіл қазақ халқына» олардың Россия қоластына ерекше түрде қабылдандығы тұралы граматаға қол қойды. Кейбір тарихшылардың айтуынша бұл күнді «Қазақ басына тоған қаралы күн» деп айтып жүр.
Бұл келісім екі жақ үшінде тиімді еді. Әбілқайыр хан ол саясы жағдайын жақсатып, елдің эканомикалық тұрақтылығын нығайтып алуға мүмкіндік берді. Өйткені Ресейдің аймақтағы ең қуатты күш екенін білді. Сол кезеңде кіші жұздің эканомикасы құлдырау тегіне жеткен деп шартта Брилл Олкатт жазды. Орыстар Әбілқайыр мен екі арадағы одақтастың жағдайын тұрақты болып қалатына сенген жоқ.
Сол кездегі кіші жүз эканомикасын қатты күйзеліске ұшырағанын - ұзаққа созылған сөғыстың салдарынан. Әбилқайырдің ресей патшасына «Құлағы кесік құл» болып қалмағанын тағы бір мысалмен дәлелдейік ! Әбілқайыр басқұрттардың жанына шыққандарды жөн көріп Орынбор қаласын шаппақ болды. Бірақ шабул сәтсіз аяқталды.
Кіші жүздің Ресейге қосылуын тұралы қазақтарға хабарлау үшін және оларға ант қабылдантыру үшін 1731ж. апрелде қазақ даласына А. И. Тевкелев бастаған 60 кісілік елшілік сол жылы жылтоқсан айының басында Әбілқайырдың ордасына келді. Қазақтарды Россияға ерікті түрде қосылуы тұралы халқаралық правалық актіге қол қою арқылы жүзеге асырылады.
Бұл орыс мемлекетінің XVIII ғасырдағы аса ірі және маңызды димламатиялық қадамдарының бірі болды.
А. И. Тевкелевтің елшілігі мен бірге қазақ даласына Сейтқул Пайзағулов пен Қутлымбет қоштаев бастаған қазақ елшілері де оралды.
Орта Азия зерттеушілерінің бірі Баймырза Хайит айтыуынша «1731 жылы Әбілқайырдың орыс патша әйеліне жазған хатында әнгіме бодақ болу хөнінде емес, қамқорлық болу жөнінде болды» деп көрсетеді. Ал, А. Бодхер бұл туралы «қазақ халқы орыс боданы болуды қалады» деген георанал шындыққа жатпайды. Әбілқайыр өзінің іс -әрекеттерінде жеке басының мүддесін саяси мақсатты көздеді, бір сөзбен айтқанда ол да орыстан көмек алуға тырысты, бірақ орыс пен қосылғысы келмеді дейді.
А. И. Тевкелев Әбілқайырді және бақада қазақ билеушілерінің россия қоластына қарауға ант бергізуді талап етті. Егер Әбілқайыр немесе басқа қазақ билеушілерінің қайсы бірі мүмкін бәрі бірге сент беруден бас тартатын жағдай туған ретте орыс елшісі оларды осыған көндіруді, яғни өзінің миссиясын жүзеге өсіру үшін қолдан келгеннің бәрін істеуге тырысты.
Орыс үкіметі өз дипламатының назарын тек қазақтардың ғана емес, соны мен бірге қарақалпақтардың да, басқа салықтардыңда ресейға қарауын қалады.
А. И. Тевкелев христиан дінін қабылдағанға дейінгі аты - жөні - мамент, мұртаза, құтлу - Мұхаммет Мамашев Россия сыртқы істер каллегиясының қупия істер жөніндегі тіенашы, елшісі. Шығыс тілдерінің сенімді тілнашы ретінде император кеңесінде қызмет істеді. А. И. Тевкелев пен бірге А. Писсарев пен Н. Зиновьев келеді. А. И. Тевкелев күн сайын «журнал» жүргізіп отырды яғни жер бедерін суреттеуге, қалалардың санын, халық санын, айналысатын кәсіптерін, дінін, малын, шекараларын, көршілес елдер мен қатынасын, сауда жағдайын анықтап жазып отырды. 1731ж. 22 августта сүйіндік әбілқайырдің күйеу баласы орыс елінің басшысына Әбілқайырдың ханын беруі, онда ол россия қоластына қабылдануына өзінің келісетінін растады. Қазақтардан орыс қаласына кіру жөнінде ант алу мақсатында өзіне орыс елшілігінің шіберілгені тұралы хабарды Қыдырдияс Маллақаевтан естгенінден кейін Әбілқайырхан өзінің ауылдарымен А. И. Тевкелевті қарсы алуға шықты. Елшілікті қарсы алу және күзету үшін хан өзінің үлкен баласы Нуралы султан мен Батыр султан бастаған жүз жауынгері бар отырар жасақтары.
Россияның қол астына кіру жөніндегі мәселеге қатысты Әбілқайр Тевкелевке қазақтың билеуші топтарын ант беруге күштемей, қайта көндірумен, сыйлықтармен әрекет жасау керек, соның өзінде әуелі білікті ру басыларының «Жумсату» сый - саяпат беру керек деп кеңес берді. Кіші жүз қазақтарының россия қоластына қабылдануында атақты Бөгенбай батыр елеулі роль атқарды, ол россия қол астында болуға ант берді және өзінің бұл қадамының қажеттілігін түсінгендіктен орыс қазақ қатынастарын жақсартуға көмектесетіне уәде етеді.
Бірінші болып борандыққа Әбілқайыр хан ант берді, оған Бөгенбай ақсақал, содан соң Есен батыр, Құдайменде мырза қосылды. Сол арада адалдыққа 27 ақсақал ант берді. Сонымен қазіргі кейбір басылымдарды жазылып жүргеніндей 27 гіне бастапқына антты ханнан басқа ақсақал аталатын 28 адам бекітті. Бір жағынан Тевкелев мен екі арадағы, екінші жағынан Бөгенбей мен екі арадағы болған әнгімелерді Әбілқайыр елшісі мен және менің жақтастарым «Қарсы партия» жақтастарын «Әлгі жолмен тыныштандыруға» барлық шараларды қолданамыз деп сендірді.
1732ж. 21 майда Әбілқайыр императрица Анна Иоанновнаға жолдаған хатында қалмақ билеушісі Доржанның қазақтарды Россияға қарсы айдап салушылығы тұралы жазып, Доржаға оның россияға қарсы, күресінде көмектесуден бас тартқанын хабарлады.
1731 жылғы 3 декабрде Тевкелевтің шақыруы бойынша оған Батыр султан, Әбілқайырдің баласы Нуралы султан және Бөгенбай батыр келеді. Батыр султан россияға адал болуға ант берді.
15 декабрьде А. И. Тевкелев Әбилқайр және Бөгенбай орта жүздің ханы Синегейге Россия қоластына қарауды ұсынып, елші жібереді. Орта жүздің ханы орта жүз қазақтарының Россия империясының құрамына кіргісі келетінін білдірді. Семеке ант беріп, «өзінің морын баты» сүйтіп Москвога өз елшілері арқылы орта жұзден жасақ жіберуге мінденттенді. Орта жүздің ханы мен Тевкелев 1732 жылғы майра кездесетін болып келісілді, алайда бұл кездесу жоңғария мен қарым -қатынастарын нашарлауы себепті болмай қалды. Семекені ол кезде Россияға қараған деген үстіртін атығана болды. Тевкелевтің қырда болуының соңғы кезінде «Қарсы партия» ру басыларының бір болей Қазақстанның Россияға қосылуына қарсы күрескен болған шешімдерінен қайтып, қазақтарды сыртқа қауыптен тек Россияның ғана қорғай алатынын түсінді.
1732 жылғы 23 ноябрде Әбілқайырхан Тевкелевке келді. Россияға адалдығының белгісі ретінде хан Москваға өзінің баласы Ералы султан мен немере інісі Нияз султанды жіберуге келісімін білдірді. Сүйтіп жыл сайын аманат ретінде «императорға өзінің бір баласын жіберіп тұрғысы келетінін» және орыс үкіметінің дегенін «бас иіп» орындамақ екенін айтты.
Орыс елшісін Уфаға 1733 жылғы 2 январьда қайтып оралды. Тевкелев өзінің миссиясын орындады. Ол қазақтардың россия қол астына кіру жөнінде 1731 жылдың 10 октябрінде берген анттын әкелді, онда россияға адал болу, жергілікті әкімшілік талап етген бойда орыс әскерлеріне көмекке қазақ атрядтарын жіберу келісімі көзделді. Қазақ ру басшылары жайық қазақтарына, башқұрттарға, Волга қалмақтары мен «Россияны басқада қоластындағыларға» шабулы жасамауға, оларға ешқандай жәбір - жана көрсетпеуге, «Олар мен дауданайсыз, тату» туруға міндеттенді. Сондаяқ сауда кереуендерін қорғау үшін арнайы жасауылдар бөле отырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету де кезделді. 1734 жылғы 10 февральда Әбілқайырдың баласы Ералы султанды Петергбургке импертритца Анна Иоанновна салтанатты жағдайда қабылдады. Қабылдауда сайлаған сөзінде Ералы «Қазақ халқы Россияның қамқорлығына және мәңгі қол астына қабылдауыны ие болды» деп тағы да қауаттады.
Ералы «Бізді өзінің императорлық риясыз шапағатында және қорғауында ұстауын» қазақтар өтінеді деп атап көрсетті. Ералы султан мен қазақ миссиясының мүшелері Россияға адалдықтарына екінші рет ант қабылдады. Ералы Петергбургте аманат ретінде қалдырылды. Сүйтіп Тевкелевтің елшілігі орыс - қазақ қатынастарын одан әрі дамытуда шешілуші роль атқарды.
Россия құрамына енудің нақты артықшылықтарының айқында көз жеткізілік болғандығы соншалық, кіші жүзден орта жүз, қарақалпақ билеушілері және Орта Азия хандықтарының билеушісі жоғарғы топтарының бір қатар өкілдері өнеге алды.
Кіші жүзде болған Тевкелевтің елшілігі тұралы хабарда Ұлы жүздің қоныстарында дейін де жітті, соның нәтіжесінде 1733 жылдың аяғында Ұлы жүздің елшілері Аралбай мен Ораскелді Әбілқайыр ханға келіп, одан императритца Анна Иаонновна алдында Ұлы жүздің Россия қол астына қабылдау жөнінде өтініуін сурады.
Ұлы жүз ру - тайпаларының өз еркімен Россия қол астына қарауы Жетісудің Ілеге дейінгі бөлігі XVIII ғасырда Жоңғар феодалдарының билігінде болды. Ол кезде Ұлы жүз ханы Жолбарыстың қол астында Тошкент тоңірегіндегі шағын ғана аймақ бар еді. Жолбарыс хан орыс елшісі Тевкелевтің кіші жүзге келгенін біліп, оған россияның қол астына кірудің шартын анықтау үшін үш старлин жіберді. Осы кезде ұлы жүздің атақты билері - Төле би, Қадар би және Сатай, Бөлек, Ханкелді батырлар өзінің россия азаматтылығына қабылдау жөнінде император Анна Иоанноваға жалдама хат жөнетті. Олар Әбілқайырхан матындаған шарттар негізінде Россия мемлекетінің құрамына кіруге шікес білдірді. 1734 ж. 20 апрелде император Анна Иоанновна оларды Россия қол астына қабылдау жөнінде граматаға қол қойды. 1742ж. Ұлы жүз румаларының төрт старшыны Россияның қол астына құрау жөнінде ант берді.
1738ж. 19 сентябрьде Жолбарыс ханның атына жолдаған өзінің граматаларында императритца Анна Иоанновна Ұлы жүздің россия құрамына қабылданғандығын растады, сол жылы орыс мемлекетінің Ұлы жүз қазақтарымен саудасын ұлғайтудың жақдастырылғаны жарияланды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz