Қазақстан Республикасының депозиттер нарығы


МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . . 3
1. БӨЛІМ. БАНК ЖӘНЕ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5
1. 1. Коммерциялық банктердің экономикалық негіздері және олардың кұрылу тәртібі . . . 5 1. 2. Екінші деңгейдегі банктерде депозиттік саясатты қалыптастыруы және даму мәселелері . . . 9
2. БӨЛІМ. ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРҒА ТАЛДАУ . . . 13
2. 1. Депозиттік операциялар түсінігі, маңызы және нарықта алатын орны . . . 13
2. 2. Банкте депозиттік саясатты белгілеудің алғы шарттары . . . 15
2. 3. Депозиттік операциялар немесе депозиттер нарығының құқықтық
реттеуімен қалыптасуы . . . 20
3. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕПОЗИТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУІ . . . 22
3. 1. Салымдарды кепілдеу - жаңа әдіс ретінде . . . 22
3. 2. Депозиттік саясатты белгілеу реті . . . 27
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32
Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстаннның банк жүйесі тұрақты, әрі сенімді болып келеді. Тәуелсіздік алғаннан бері Ұлттық Банктың алдында тұрған негізгі мәселелер - қаржылық секторды тұрақтандыру, нормативтік-құқықтық базаны жақсарту, бухгалтерлік есеп жүйесін жақсарту, тиімді төлем жүйесін қалыптастыру және банктік қадағалауды күшейту. Елдегі банктердің негізгі мақсатына депозиттік саясаттың жүзеге асырылуын және деңгейін мысал негізінде көрсету, сонымен қатар қалыптасқан жағдайларды жақсарту жолдарын іздестіру және банктердің депозиттік қызметтерінің үлесін арттыру жолында жаңа идеяларды анықтау жатады. Банктік жүйеге деген халық сенімін арттыру қазіргі күнде де маңызды мәселе болып отыр. 2000 жылдың 16 ақпанынан бастап іске қосылған жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру жүйесі халықтың банктерге деген сенімін біршама арттырды. Алғашында бұл жүйе теңгедегі және шетел валютасындағы тек мерзімді салымдарға ғана қатысты қолданылатын, ал 2003 жылдың 13 сәуірінен бастап халықтың және кәсіпорындардың теңгемен салынған ағымдағы депозиттеріне қатысты қолданылатын болды. Осы депозиттерді сақтандыру жүйесінің міндеті және оның кемшіліктерінің жойылуы халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді, олардың уақытша бос қаражаттарының банктерге орналастыруына ынталандырады. Нәтижесінде банктердің несиелік базасы артады, табыстылығы жоғарылайды. Бұл өз кезегінде нақты сектордың дамуына жағдай жасайды. Оның үстіне, банктік салымдардың мөлшеріне банктік жүйенің және банктік қаржылық инструменттердің даму деңгейі де үлкен ықпалын тигізеді. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып нарықтық экономика жағдайында қосымша ресурс тарту мүмкіндігі, банктердің қаржылық тұрақтылығы, олардың тартымдылығы, яғни қызмет көрсету деңгейі, клиенттеріне деген қарым - қатынастары және әр түрлі салымшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын түрлі қаржылық инструменттердің болуы саналады. 2003 жылдың 31 қаңтарында Президенттің «Мемлекеттік басқаруды дамыту туралы» Жарлығы шықты. Осыған орай Қазақстан Республикасында 2004 жылдың 1 қаңтарында, төрағасы Б. Халишұлев болып тағайындалған «Қаржылық нарықты және қаржы ұйымдардың бақылау және қадағалау Агенттігі» ашылды; 2004 жылы 16 сәуірде Қазақстан Республикасында «Бюджеттік Кодекс» өмірге келді; 2003жылдың 16 мамырында Қазақстан Республикасының «Азаматтық Кодексі»; 2003 жылдың 10 шілдесінде «Банк және банк қызметі туралы» Заңы; 2003 жылдың 10 шілдесінде «Ұлттық банк туралы» Заңдарына көптеген өзгертулер енгізілді.
Жұмыстың өзі кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады: Кіріспеде курстық жұмыс мақсаты, мідеттемелері, өзектілігі көрсетілген; 1 Бөлім. «Банк және банк қызметінің экономикалық негіздері» - коммерциялық банктердің экономикалық негіздері және олардың кұрылу тәртібі, екінші деңгейдегі банктерде депозиттік саясатты қалыптастыруы және даму мәселелері; 2 Бөлімде «Депозиттік операцияларға талдау» - депозиттік операциялар түсінігі, маңызы және нарықта алатын орны, банкте депозиттік саясатты белгілеудің алғы шарттары, депозиттік операциялар және оларды жүргізу реті туралы; ал, 3 Бөлім - «Қазақстан Республикасының депозиттер нарығының құқықтық реттелуі және жетілдіруі» - салымдарды кепілдеу - жаңа әдіс ретінде, депозиттік саясатты белгілеу реті тақырыптарына арналған.
1 БӨЛІМ. БАНК ЖӘНЕ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Коммерциялық банктердің құқықтық негіздері және олардың құрылу тәртібі
Банк дегеніміз - өз атынан ақшалай қаражаттарды арқылы мерзімділік және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құрылған ұйым. Банктің негізгі міндеті - қарыз алушы мен қарыз беруші және сатып алушы мен сатушы арасындағы ақша қаражаттарын аудуруда делдалдықты іске асыру. Нарықтық қатынастар жағдайында ақшалай қаражаттарды аударуды банктермен қатар инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік фирмалар және т. б. қаржылық мекемелер іске асырады.
Банк дегеніміз - Қазақстан Республикасының 31. 08. 1995 ж. (10. 07. 2003 ж толығымен) «Банк және банкілік қызмет туралы» Заңы банкілік қызметті іске асыратын коммерциялық ұйым, заңды тұлға болып табылады. Банктің басқармасы орналасқан жер банктің орналасқан жері болып табылады. Банктің түріне қарай Ұлттық Банк жылдық есеп беру, бухгалтерлік баланс және пайда мен шығынды есептеудің әр түрлі стандартын бекітеді. Банктер мемлекеттік меншік негізінде құрылатын мемлекеттік банктен басқа, кез-келген меншік формасы негізінде құрылады. Қазақстан Республикасында 3 мемлекеттік банк бар. Олар:
1. Даму банкісі - 01. 07. 01 ж;
2. Қазақстан Эксимбанкі;
3. Тұрғын үй құрылыс сақтау банкі - 2003 жылдың қыркүйек айында құрылған.
Банк құрылтай шарт негізінде құрылады және өзінің заңына сай қызмет етеді. Банкті құру жөніндегі құрылтай шартында мынадай мәліметтер көрсетілуі керек:
- құрылтайшылар туралы мәліметтер: олардың әрқайсысының толық фирмалық атауы, орналасқан жері, заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу туралы мәлімет, жеке тұлғалар үшін - аты-жөні, азаматтығы, жеке басын күәландыратын құжаттың мәліметтері, тұрғылықты жері;
- акциялардың құны, саны және категориясы туралы мәліметтер Банктің заңында міндетті түрде төмендегідей мәліметтер болуы керек:
- банктің толық және қысқаша атауы;
- банктің меншік формасы және құқықтық-ұйымдастырылу формасы туралы мәліметтер;
- банктің қорларын құру және оларды пайдалану принциптері;
- банкті басқару органдарының шешім қабылдау тәртібі. Банк өзінің Заңдарына жазылған фирмалық атауды банктің атауы ретінде қолданады. Бірде-бір банк негізгі Заңда жазылған атаудан басқа атауларды, құжаттарда, хабарландыруларда және жарнамаларда пайдалануға құқығы жоқ. Ұлттық Банктен басқа барлық банктерге өз атауында Ұлттық сөзін қолдануға тиым салынады.
Банктің жарғылық қоры оның міндеттерін қамтамасыз етуге қызмет етеді және банкілік операцияларды жүргізудің негізгі қайнар көзі болып табылады. Банктің жарғылық қоры / мемелекеттік банктік есепке алмағанда / алғашқы кезде акцияларды сату немесе құрылтайшылардың жарнасы есебінен құрылады. Құрылтайшылар мен акционерлер өздері алатын акцияларға тек қана ақшалай қаражат төлеуі керек. Акционерлік қоғам формасында қызмет ететін банктің акциялары үшін несиеге алынған, кепілдікке берілген қаражаттарды қолдануға тиым салынады.
Осы талаптарды бұзу жолымен жарғылық қорға түскен қаражат сондай-ақ, банкті пайдаланудан келіп түскен табыстар республикалық бюджет пайдасына өндіріліп алынады. Ал, акциялар одан әрі іске асырылу үшін банкке қайтарылады. Банк акцияларын алғаш рет сату олардың номиналды құнынан төмен емес бағамен және барлық құрылтайшылар үшін бірдей жүргізіледі.
Жаңадан құрылған банктің құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық қоры оның тіркелу сәтінде өзінің акционерлерімен 50% төленген болуы керек. Қалған бөлігі банк заңды тұлға түрінде тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде төленуі керек. Банктің жарғылық қорын көбейту мынадай жолдармен жүргізіледі:
- қосымша акциялар шығару;
- акциялардың номиналдық құнын көтеру.
Бәрінен бұрын банктерге анықтама берудің маңызы зор. Экономикалық тұрғыдан да, заң ғылымында да банкті несие алу немесе беру жөніндегі делдалдық қызметті атқаратын кәсіпорын деп түсіндіреді. Профессор, юрист М. М. Агарков пікірінше, банктер келесідей қызметтер атқарады. Банк өзінің клиенттеріне үш категориядағы қызмет көрсетеді. Біріншіден, банк бөтеннің ақшасын сақтау міндетін мойнына ала отырып тұлғалардың ақша қаражаттарын жинайды. Бір сөзбен айтқанда өз клиенттерінің кассирі болады. Екіншіден, банк клиенттен процентсіз ақша талаптары, көбінесе вексель талаптарын алу формасында несиелік қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, заем немесе кепілдік несие формасында. Үшіншіден, банк клиенттердің төлем ақыларды қабылдау және іске асыру жөніндегі әр түрлі тапсырмаларын орындайды. Мысалы: чектерге, аударымдарға, аккредитивтерге ақы төлеу, вексельдер және басқа да құжаттар бойынша төлемдер инкассациялау. Қызметтің осы үш категориясына сәйкес банктерге тән үш міндетті ажыратып айтуға болады: 1) бөтеннің қаражатын жинау; 2) несие беру; 3) төлем айналымына ықпал ету.
Қазақстан Республикасындағы «Банктер және банкілік қызмет туралы» 1995 жылдың 31 тамызында шыққан заңының 1 бабында банк дегеніміз заңдарға сәйкес банкілік қызметті іске асыруға өкілеттігі бар коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға деп бекітілген.
Акционерлік қоғам түрінде қызмет ететін банктердің жарғылық капиталы жеке және заңды тұлғалардың арасында бөлінетін номиналдық құнын тең бөлетін акциялардың белгілі бір санына бөледі. Банктердің акциялары акционерлердің басым көпшілігінің келісімімен ғана қолдан-қолға өтеді.
Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы акционерлік қоғамдардың жалпы қабылданған басқару жүйесіне сай болып келеді. Коммерциялық банктің жоғарғы органы болып жылына кемінде бір мәрте болатын акционерлердің жалпы жиналысы саналады. Банк қызметінде жалпы басшылықты банк кеңесі іске асырады. Оған банктің басқармасының жұмысына бақылау мен қадағалауды жүргізу жүктелген. Коммерциялық банктің қызметін тікелей басқаратын басқарма акция акционерлердің жалпы жиналысы мен банк кеңесі алдында жауапкершілік атқарады. Банк басқармасының құрамына, әдетте, банк мүшелерінің неғұрлым ірі өкілдері кіреді. Мәжілістері жүйелі түрде болып тұрады және шешімдер басым көпшіліктің дауысымен қабылданады.
Ревизиялық комиссияны қатысушылардың жалпы жиналысы сайлайды және ол банк кеңесіне есеп беріп отырады. Ревизиялық комиссияның негізгі міндеті - қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауды ескертетін жағдай жасау, сондай - ақ банктің жылдық есебі мен балансы бойынша қорытынды дайындау.
Коммерциялық банктің қызметінің басты және негізгі қалаушы принципі іс жүзінде қолда бар ресурстар шегінде қызмет ету. Бұл принциптің мәні - коммерциялық банк өзінің ресурстары мен несиелік салымдар арасындағы сандық сәйкестікті ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге, банкілік активтердің сипаты мен жинақталған ресурстардың ерекшелігін сәйкестігіне қол жеткізу керек.
Бәрінен бұрын ол мерзімдерге қатысты. Мысалы: егер банк қысқа мерзімге қаржылар тартқан болса және сол қаржы есебінен ұзақ мерзімді несие оның өзінің міндеттемелерін уақытында жойып отыруына қауіп туады. Банк өзінде бар ресурстар шеңберінде активті операцияларын жүргізуге ерікті, яғни, оның активті операцияларының мөлшері әкімшілік, ерікті әдістермен шектелмейді. Әкімшілік шектеулер бір мәртелік, төтенше сипатта болуы мүмкін. Оларды жүйелі түрде қолдану банк қызметінің коммерциялық негіздеріне теріс әсер етеді.
Коммерциялық банктердің қызметінің негізі болып табылатын маңызды қағидалары - толық экономикалық еріктілік. Осы принцип банктер өздерінің нәтижесі үшін экономикалық жауапкершілік атқарады. Экономикалық еріктілік банктің өзінің меншігіндегі қаражаттары мен тартылған ресурстарды еркін билеуін, клиенттер мен салымшыларды ерікті түрде таңдауын, салықтарды төлеп болғаннан кейін қалған табысты билеуін білдіреді. Қазіргі банктік заңдармен барлық коммерциялық банктерге өздерінің қорлары мен табыстарын билеуге экономикалық еркіндік берілген. Банк салық төлеп болғаннан кейін қалған табыс акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сай бөлінеді. Жалпы жиналыс банктің әртүрлі қорларына аударылатын қаржылардың мөлшері мен нормаларын, сондай-ақ акциялар бойынша төленетін дивиденттердің мөлшерін бекітеді.
Коммерциялық банктің экономикалық жауапкершілігі оның ағымындағы табыстары ғана емес, капиталына да қатысты. Коммерциялық банк өзінің міндеттемелері бойынша меншігіндегі мүліктері және қаражаттарымен жауап береді. Жүргізетін операцияларының тәуекелін коммерциялық банк өзі атқарады.
Үшінші қағидалары коммерциялық банкпен оның клиенттері арасындағы арақатынастар кәдімгі нарықтық қатынастар секілді құрылатындығын білдіреді. Коммерциялық банк несие бере отырып нарық жағдайында табыс табу, тәуекел және төлемақы төлеу қабілеттілігі секілді факторларды ескеріп отырады.
Коммерциялық банктің жұмысының төртінші қағидасы - оның қызметін реттеу әкімшілік емес, тек жанама экономикалық әдістермен іске асырылуында. Мемлекет коммерциялық банктердің қызмет ету ережесін бекіткенімен оған бұйрық бере алмайды.
Нарықтық экономиканы таңдаған барлық елдерге коммерциялық банктер экономиканың төлемдік механизімінде алдыңғы қатарда болып отыр, алайда шаруашылық жүргізудің өзгеріске ұшыраған шарттары бүкіл төлемдік механизмді реформалауды қажет етеді. Қор нарығы қалыптастырылуымен байланысты коммерциялық банктердің бағалы қағаздарымен жүргізілетін операцияларды делдалдықты атқаруы сияқты міндеті де дами түседі. Кейбір дамыған елдермен салыстырғанда біздің коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы әрекеттері шектелмейді. Олар бағалы қағаздармен әртүрлі операцияларды іске асыра алады. Мысалы: бағалы қағаздар нарығында делдалдықты іске асыра алатын инвестициялық институт; инвестициялық кеңесші; инвестицялық компания және инвестициялық қор түрінде бола алады. Демек, банк дегеніміз - Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражаттары мен басқа құндылықтарды тартып, оларды өз атынан қайтарымды, ақылық, мерзімділік шартымен орналастыратын, сондай-ақ олармен әртүрлі есептесу және басқа да банкілік операцияларды жүзеге асыратын коммерциялық ұйым.
Ақша табыстары мен жинақтарын мобилизациялау және оларды капиталға айналдырудың нақты жүйесі болмай қазіргі қоғам экономикасының қызмет атқаруы мүмкін емес. Осындай жүйенің негізгі буыны банктер болып табылды. Банк дегеніміз өзінің клиенттеріне белгілі бір ақы үшін қаржылық қызмет көрсететін коммерциялық ұйым. Кез-келген экономикалық жүйеде банктердің негізгі үш міндет атқаратындығын айта кеткен жөн. Біріншісі - уақытша бос ақша қаражаттарын салым түрінде аккумуляциялау, яғни жинақтау. Бұл міндетін атқару барысында банк өзінің міндеттемесін орындаушы борышқор ретінде болады. Атаулы міндет қандай бір дәрежеде пассивті болып табылады: банк салымшыларға салымның мөлшерін көбейт деп талап қоя алмайды, сонымен бірге салым салуға тиым сала алмайды.
Екінші міндет - жиналған қаражатты мерзімділік, қайтарылып берілетінділік, ақылық принциптерінде, несие беру формасында орналастыру. Бірінші міндеттен айырмашылығы - оның активтілігінде, банк несие бермес бұрын ақылға салып тексеріп, қаражаттың қайтарылуының кепілдіктеріне талдау жасайды.
Банктердің үшінші міндетін профессор М. М. Агарков «төлемдік айналымға ықпал ету» деп түсіндіреді. Карапайым тілмен айтқанда кассалық және аударымдық операцияларды іске асырумен сипатталатын есептік - кассалық қызмет көрсету.
Банкітік операциялардың қалған түрлері аталған осы үш міндеттен туындайды немесе оларды орындау жеңілдететін немесе жақсартатын, немесе банктің өзіне клиенттер тарту үшін атқарылатын көмекші міндеттер болып табылады.
Қорыта келе, банк дегеніміз салымдар қабылдайтын, несие беретін және клиенттерге есептік - классалық қызмет көрсететін мекеме деп айтуымызғаболады.
Банктің ресми мәртебесі Ұлттық Банктің банкі ашуға берген рұқсатымен, заңды тұлғаны Әділет Министрлігінде банк ретінде мемлекеттік тіркеумен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясымен анықталады.
Сонымен бірге, банктер несие нарығында делдал бола отырып, бос ақша қаражаттарын жинақтап, оларды қажет ететіндей арасында бөледі, яғни несие түрінде уақытша береді. Осылайша, бос ақша қаражаттары бұл тұлғалар өздерінің қаражатын қайда салаларын білсе, қаражатты қажетсінгендер оны қайдан алатынын біледі. Банктердің міндеті - несиенің пәні болды-ау деген капиталдың сұранысы мен ұсынысын ұйымдастыру.
Банктердің қызметі уақытша бос қаражаттарды тарту және орналастырумен шектелмейді, олар сондай-ақ, есептік операцияларда делдал бола отырып, қаражаттар санын молайтуға да тырысады.
Банктік операцияларды банктерден басқа, банктік операциялардың жеке түрлерін жүргізуге Ұлттық Банктің лицензиясын алған банкілік емес мекемелерде іске асыратындығын атап кеткен дұрыс. Заңдарда банк және банкілік емес мекеме түсініктеріне жеке-жеке анықтама берілмеген. Банктер және банкілік емес мекемелер айырмашылығын жоғарыда аталған, тек банктерге ғана қатысты үш міндетті атқарудан байқауға болатын сияқты.
1. 3 Екінші деңгейлі банктердегі депозиттік саясаттың қалыптастырылуы және даму мәселелері
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктерге олардың депозиттік нарықтағы қызмет ету бағытын анықтауда, сонымен қатар, депозиттік саясатын қалыптастыруда біршама еркіндік беріп отыр. Жоғарыда аталып кеткендей, коммерциялық банктер депозиттік саясатын анықтау барысында тартылған ресурстарды орналастыру мүмкіндіктері, клиентуралық нарығы және тағы басқа ішкі жағдайларды және инфляция деңгейі, ұлттық валюта курсы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің саясаты және тағы басқа сыртқы жағдайлары ескереді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің 2003 жылдың 31 қаңтарындағы ақша-несие саясатымен негізгі бағыттарын анықтау туралы» Басқарма Қаулысын қабылдау сол жылғы қаржы нарығындағы оңтайлы өзгерістердің болуына, сонымен қатар комерциялық банктерді депозиттік операцияларын сәтті жүзеге асырылуына әсерін тигізді. 2000 жылы екінші деңгейлі банктердің депозиттік операцияларының көбеюі нәтижесінде ресурстық базалары да өсті. Сөйтіп сол жылы банктік жүйедегі резиденттердің депозиті 72 пайызға жоғарлап, 293 млрд. теңгені құрады. Ал, бұл көрсеткіштермен салыстырғанда ағымдағы жылдың қыркүйек айында резиденттердің банктік жүйеде орналастырылған депозиттері 409, 6 млрд. теңгені, тамыз айында 391, 5 млн. теңге болған, яғни бір ай аралығында 4, 6 пайызға өсіп отыр. Депозиттердің жалпы көлемінің көбеюі заңды тұлғалардың банктік шоттарының толтырылуымен, сонымен қатар жеке тұлғалардың шоттарына қосымша қаражаттардың түсуімен байланысты болып отыр.
Халық Банкі депозиттік нарықтағы өзінің басыңқы үлесін сақтап қалу мақсатында және жаңа клиенттердің қызығушылығын тудырып, салымдарды тарту үшін өз саясатын қалыптастырған. Банктің депозиттік саясаты барлық талаптарға сай құрастырылған. Сонымен қатар, Халық Банкі депозиттік нарықтағы жеке тұлғалардың салымдарына үлкен назар аударады, сондықтан бөлшек қызмет стратегиясын, депозиттік саясатын құрастырған.
Халық банкінің депозиттік саясаты Ұлттық банк белгілеген шарттарға сай келеді. Ол салымдарды өзінде жинақтау жолында көзделетін мақсаттарын және мәселелерін қарастырады. Қазақстан Халық Банкі ұзақ мерзімді салымдар үлесін арттыруға және өзінде орналастырылған салымдардың орташа мерзімін ұзартуға тырысады. Осыларды жүзеге асыру мақсатында мынадай іс-әрекеттер жүзеге асырылады:
- Жеке тұлғалардың депозиттері нарығындағы банк үлесін арттыру және өзінде бар депозиттер бойынша қызмет көрсетудің сапасын арттыру;
- Табысы орташа клиенттер үшін жаңа депозиттер түрін шығару;
- Арнайы салым операцияларын шығару және сервисті қамтамасыз ету, сапасы халықаралық стандарттар деңгейіне сай келетіндей қызмет көрсетулер мен банктік өнімдер ұсыну негізінде банк клиенттерін көбейту;
- Ірі шаруашылық субъектілеріне кешендік қызмет көрсету негізінде олармен ұзақ қарым - қатынас орнату арқылы заңды тұлғалардың депозиттерінің көбейіп отыруын қамтамасыз ету;
- Барлық депозиттер бойынша жеткілікті табыстылық дейгейін олардың әрқайсысына қатысты пайыз мөлшерлемесін инфляция дейгейіне сәйкес қалыптастыра отырып қамтамасыз ету;
- Барлық беттік шоттар иелеріне дебеттік төлем карточкаларын беруді қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда бұл мақсат жүзеге асырылуда. 2003 жылдың шілде айында банк айналысында 12 197 карточка болды. 2003 жылы 2 095 карточка шығарылған, олардың 1 553 - VISA-Electron 638 - ALTYN, 504 - Cirrus maestro.
Банктің депозиттік саясаты - салымдар бойынша белгіленетін сыйақы мөлшерлемелерін және салымдарды тарту әдістерін икемді жүргізу жолымен, депозиттердің сақталу мерзімін ұзарту, қызмет ұсыну саласын кеңейту, маркетингілік жұмыстар жүргізу және клиентке қызмет көрсету процесіне технологиялық жаңартулар енгізу. Депозиттік саясат банктің депозиттік нарықтағы қызметін одан әрі дамытады, кемшіліктерін жоюды қарастырады.
АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» 2004 - 2006 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес Банктің бөлшек сауда қызметі бойынша негізгі алға қойған мәселелері мыналар болып табылады: нарықтағы жеке тұлғалардың депозиттерінің үлесін сақтап қалу және көбейту; шағын несиелеу жүйесін дамыту; халыққа қызмет көрсету сапасын жоғарылату; әрбір жеке клиенттің талаптарын ескеріп, оған қызмет көрсету бағыиында банктік технологиялармен жабдықтау; нарық талаптарына сай өнімдерді жаңартып отыру; клиенттердің жалпы санын сақтап қалу және VIP категориясындағы табысы жоғары клиенттердің үлесін күшейту.
Фракциондық резервтік жүйе, яғни банктердің өз активтерінің белгілі бір мөлшерін орталық банктегі резервтік шоттарға орналастыруы тиістілгі біздің елімізде орын алып отыр. Бұл бір жағынан банктердің несиелік эмиссиясын қысқартады, екінші жағынан, салымшылардың депозиттік қаражаттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Халық жинақтарының банктік жүйеге шоғырлануының негізгі әсер етушісі - олардың банктік жүйеге деген сенімі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz