Казкоммерцбанк туралы ақпарат


Мазмұны:
Кіріспе . . . 3
I. Бөлім Комерциялық банктердің қызметтері мен операциялары.
1. 1Комерциялық банктердің қызметтері . . . 4
1. 2 Коммерциялык банктердің пассивтік операциялары . . . 7
1. 3Пассивті операцияларды ашып, анализдеу . . . 10
II. Бөлім . «Казкоммерцбанк» АҚ экономикалық жағдайы
2. 1 «Казкоммерцбанкі» АҚ-ң экономикалық жағдайы . . . 13
2. 2 Орал аймақтық «Казкоммерцбанк»АҚ- филиалының қызмет көрсетулерін талдау . . . 18
III. Бөлім “Казкоммерцбанктің” қаржылық жағдайын талдау
3. 1 Орал аймақтық филиалы “Казкоммерцбанктің” қаржылық жағдайын талдау . . . 25
3. 2 Банктердегі депозитті ресурстардың сипаты және пошталық операцияларды жетілдіру . . . 27
Қорытынды . . . 30
Қосымша . . . 32
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 34
КІРІСПЕ
Банктер-нарықтық құрылымдар жүйесінің орталық бөлімшелерінің бірі, олардың қызметінің дамуы-нарықтық механизмін нақты құруға қажетті жағдай болып табылады.
Несие жүйесінің негізгі буыны-банктер болғандықтан, масштабы мен маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер, мен ауруханалардың, институттар мен бала-башқалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есеп айырысу, несие беру, сақтандыру және тағы басқа көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Ұзақ уақыт бойы банктер мемлекеттік ұйым болып табылады және экономиканың «мәнсіз бөлігі»ретінде қызмет атқарады. Нәтижесінде банк ісін ұйымдастыру Ресей банктерінің дәстүрін және тәжірибесін жоғалтты. Бүгінгі таңдағы мақсат, нарықтық экономиканы құра отырып, біз банк ісін ұйымдастыра отырып әлемдік деңгейге шығуымыз қажет.
Банктер нарықтық құрылымдар жүйесінің орталық бөлімшелерінің бірі, олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмін нақты құруға жағдай болып табылады. Сонымен қатар, банктер өндірістің материалдық және материалдық емес сфераларының даму бағыттары қоғамның бір этаптан басқа этапқа көшу қозғалысын реттейді.
Банктер арқылы эканомиканың әр түрлі салаларынан капиталдың көбеюі жүзеге асып, өндірістің үдерісі үздіксіз дамиды. Екінші деңгейлі банктердің қызметінің дамуы мен жетілдірілуі Қазақстан экканомикасына үлкен септігін тигізеді.
Осыдан келе курстық жұмыстың тақырыбы мәселелі және жан-жақты болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты болып, коммерциялық банктердің қызметтерін дамыту жөніндегі сұрақтар және Қазақстанм эканомикасында оның алатын рөлі.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі мәселелер қойылды:
Біріншіден, коммерциялық банктердің қызметтері, екіншіден, коммерциялык банктердің пассивтік операциялары, үшіншіден пассивтік операцияларды ашып, анализдеу, төртіншіден, «Казкоммерцбанкі» АҚ - ң экономикалық жағдайы, бесіншіден, Орал аймақтық «Казкоммерцбанк»АҚ- филиалының қызмет көрсетулерін талдау.
Бұл курстық жұмысты таңдаған мақсатым мынада - бүкіл кәсіп орындар ішіндегі ең бай кәсіп орынның бірі - коммерциялық банк болғандықтан, олардың қаржы - қаражаттының қалай, қандай жолдармен ұлғайып, өсетіндігін білгім келді. Қаржы - қаражатсыз ешқандай жұмыс, операция өте алмайтындықтан, қор жинайтын операция немесе пассивтік операция ең басты және ең бірінші операция деп санаймын. Ақша ақшаны жасайды, қаражатың болмаса ісің де жүрмейді.
I бөлім. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары.
- Коммерциялық банктердің қызметтері.
Коммерциялық банктердін негізгі атқаратын қызметтері:
• ақша қаражатын шоғырландыру және тарту;
• несие беру;
• шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
• төлем құралдарын шығару;
• бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруын ұйымдастыру;
• сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару (яғни траст операциясын жүргізу) ;
• клиенттерге кеңес беру.
Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландырып оны капиталға айналдыру - банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банке тарту, бір жағынан, олардың иесіне процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланғап жинақ ақша әр түрлі экономикалық және әлеуметтік қажеттіктерге жұмсалуы мүмкін. Тек банктің делдалдық етуімен ақша каражаты жинақталып, кейін ол капиталға айналады.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты экономика болуы мүмкін емес. Сондықтан есеп және төлем жұмыстарын жургізуде банктердің ролі зор. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолмақол ақшасыз жүреді. Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді.
Инфрақұрылымы жеткілікті дәрежеде дамыған мемлекеттердің төлем жүйесінің тиімді қызмет істеуі есеп айырысу технологиясының үнемі жетілдірілуін талап етеді. Сондықтан бұл елдерде есеп айырысудың әр түрлі жүйесі құрылуда. Мысалы, есеп айырысуға қатысушы банктердің арасындағы клиринг жүйесі немесе жиро жүйесі. Сондай-ақ банктер арасында өзара келісім бойынша корреспонденттік шоттар ашылғанда есеп айырысу корреспондент-банктер арқылы да жүргізіледі. Банктерде төлемді орталықтандыру айналыс шығындарын азайтады, ал есеп айырысуды жеделдету үшін және төлемдердің сенімділігін арттыру үшін қазіргі кезде есептесудің электрондық жүйесі енгізілуде.
Коммерциялық банктердің ерекше кызметі төлем құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі. Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне әр түрлі әсер етеді. Мысалы, егер клиент банкке 10 мың долл. Салып, оны талап бойынша алынатын шотқа есептеуді өтінеді. Бұл операцияның нәтижесінде банк балансының активінде кассалық қалдық 10 мың долл. өседі, ал пассивінде депозиттер де осы сомаға артады. Шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі өзгермейді, себебі ақша қолма-қол формасынан қолма-қол емес формасына ауысты. Келесі мысал, Банк қарыздарға 10 мың долл. Сомаға несие беріп, оны депозиттік шотқа есептеді делік. Онда шаруашылыктағы ақшаның жалпы көлемі 10 мың долл. өседі, себебі банк өзінің несиелеу операциясымен жаңа төлем құралын, яғни чек шығарды. Осы депозит сомасына ақша массасы артты.
Коммерциялық банктердің депозиттерді (сонымен бірге ақша массасын) ұлғайту немесе кеміту мүмкіндігін орталық банктер міндетті резервтер жүйесі арқылы несие динамикасын басқаруда кеңінен пайдаланады. Банктердің резервтерін қысқартып, қорытындысында орталық банк депозиттердің қысқару реакциясын тудырса, ал резервтерді ұлғайту депозиттердің өсуін ынталандырады. Бірақ экономикаға айналымдағы шамадан тыс ақша емес, оның үйлесімді шамасы қажет. Сондықтан коммерциялық банктер орталық банк бекіткен шама шектеуімен (міндетті резервтер шегінде) әрекет етеді.
Коммерциялық банктер акция және облигация түріндегі бағалы кағаздарды шығарып және орналастырып эмиссиялық-құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып әрі онымен тығыз байланыста жұмыс істейді. ¥зақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында кәсіпорындар акция және облигациялар шығарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың тапсырысы бойынша банктер бағалы қағаздардың көлемін, шығару жағдайы мен эмиссия мерзімін анықтауды, олардың типін таңдауды, сондай-ақ оларды орналастыру және екінші рет айналысқа түсіру міндетін өзіне алады. Шығарылған бағалы қағаздарды сатып алуға кепілдік береді. Ол үшін бағалы кағаздарды өз есебінен сатып алуды-сатуды ұйымдастырады немесе сатып алушыларға қарыз береді.
Сол сияқты банктер мемлекеттік облигацияларды белсенді түрде сатып алады және оларға жазылу операцияларын жүргізеді. Мемлекеттік облигацияларды қайта сатуда делдал ретінде екінші нарық ұйымдастырады. Бұл нарықтағы операцияларды сату курсы мен сатып алу курсының айырмасынан түсетін аса көп пайданы өзіне алып, оларды аса ірі банктер тобы монополды түрде жүргізеді. Мысалы, АҚШ-та онымен 6 коммерциялық және 13 инвестициялық банктер шұғылданады.
Банктер сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару қызметін де атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айырылғандардың (бойдақ-жесірлердің, жасы толмағандардың) мүлкін уақытша басқару; ізбасарларының мүддесі үшін өлген адамның мүлкін басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару (ақшаны акцияға, қозғалмайтын мүлікке салу) ; құндылықтарды сейфте сақтау және т. б. қызметтер көрсетеді. Ал компанияларға көрсететін қызметтері бұл аталғандардан өзгеше: банктің облигациялар бойынша кепілші болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және трансфертті тіркеу үшін (яғни атаулы акция бойынша иелік құқын басқаға беру) өкіл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және т. б. кызметтер атқаруы мүмкін.
Банк бұл қызметтерді формалды клиенттердің өкілі ретінде атқарғанмен, шын мәнінде сенімхатпен қызмет көрсетудің нәтижесінде ол көптеген капиталды қадағалауға және экономикалық хабарларды өзіне жинақтауға мүмкіндік алады. Мысалы, бағалы қағаздарды және трансфертті тіркеу үшін өкіл ретінде жүріп, банктер акционерлер мен бақылау қызметін бөлу туралы кұпия мағлүматтарға ие болады.
Экономикалық мағлұматтарды өзіне жинактауы банктердің клиенттерге кеңес беруіне мүмкіндік туғызады. Банктер кәсіпорынның қаржылық қызметіне, бухгалтерлік есебіне талдау жүргізіп, дамуының стратегиясын бағалаумен және табысты ұлғайту мүмкіндігін анықтаумен шұғылданады. Банктер клиенттің жаңа акциялар шығару болашағын және оларды нақты орналастыруды қарастырады.
Банктер төмендегідей кеңес береді: шот ашу, есеп - несиелік және кассалық кызмет көрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар жүргізуге дейін нұсқау береді.
Бағалы кағаздарды шығару және олармен операция жүргізу дегеніміз - бағалы қағаздар нарығы конъюнктурасы, олардың бағасының өзгеруі, бағалы қағаздардың эмитенттері, бағалы қағаздарды шығару тәртібі және олардың айналыс ережесі туралы хабар;
Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттері ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды батыл меңгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда. Сайып келгенде банктердің экономикадағы ролі артуда.
1. 2 Коммерциялык банктердің пассивтік операциялары
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту) ; актив (қаражатты орналастыру) ; комиссиялық - делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар.
Пассив операциялары - олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және с. с. басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын кұру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.
Пассив операцияларына мыналар жатады:
• салым кабылдау (депозиттер) ;
• клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент - банктерге) ашу және оларды жүргізу;
• өзінің бағалы қағаздарын шығару (облигация, вексель, депозиттік және жинақ сертификаттары) ;
• банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие ресурстарынан;
• репо операциялары;
• еуровалюталық несие алу.
Банктің капиталы өз қаражаты, тартылған қаражат және эмиссияланған каражаттардан кұрылады. Банктің өз қаражатына акционерлік және резерв капиталы, сонымен бірге бөлінбеген пайда жатады. Акционерлік капитал немесе жарғылық кор бағалы қағаздар нарығында акцияларды орналастыру арқылы жинақталады. Жарғылық қордың мөлшері, оны қалыптастыру және өзгерту банктің жарғысында көрсетіледі. Жарғылық капиталдың сомасы заңмен шектелмейді, дегенмен банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталық банк оның томенгі аз мөлшерін бекітеді. Батыс елдерінің коммерциялық банктерінің жарғылық капиталы 10-15 млн. ЭКЮ болады. Жарғылық қорды ұлғайту акционерлер қаражаты есебінен, сондай-ақ өз қаражаты (резерв қорынан), акционерлердің дивидендтері және пайда есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Банктің резерв капиталы ағымдағы пайдадан бөлінген сомадан құрылады. Ол ойда болмаған шығындарды және бағалы қағаздар курсының темендеуінен болатын шығындарды жабуға арналады. Оның мөлшері жарғы қорына байланысты процентпен белгіленеді.
Бөлінбеген пайда шоты деген - ол арадағы транзит шоты. Онда акционерлер арасында дивиденд түрінде бөлінбеген және резервке түспеген пайда жинақталады. Пайданы резервке бөлу төлейтін салықты төмендету әдісіне жатады, себебі резервтердің көп түрі салықтан босатылады. Қазіргі коммерциялық банктердің ресурс қорында өз қаражатының үлесі 10% шамасында.
Коммерциялық банктердің өзгешелігі - олардың өзгенің қаражатымен қызмет жасауы. Банк капиталының 90% - ке жуығы тартылған қаражат. Тартылған каражаттың үлкен мөлшері банктің өз капиталына байланысты анықталады. Әр елдерде өз капиталы мен тартылған капиталдың арақатынасы әр түрлі болады. Ол нормативтер 1:10 қатынасынан 1:100 катынасына дейін ауытқиды. Мысалы, Швейцариада ол 1:12 қатынасы болса, ал Жапонияда 1:83 қатынасына тең.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа банктердің қаражаттарың тартуы мүмкін. Тартылған ресурстар белгіленген мерзіміне қарай басқарылатын ресурстар және ағымдағы пассивтер болып бөлінеді.
Басқарылатын ресурстар банкке тартылған мерзімді депозиттерді және банкаралық несиелерді біріктіреді.
Ағымдағы пассивтер есептесу, ағымдағы және корреспонденттік шоттардағы қалдықтардан құрылады.
Салым (депозит) - ол белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға салған ақша қаражаты. Ол қолма-қол ақша немесе ақшаның қолма-қол емес формасында, ұлттық немесе шетел валютасында салынуы мүмкін.
Ақша қаражаттарын салымға тарту депозиттік операциялар деп аталады. Банктер үшін депозит олардың пассив операцияларының басты түрі, сондықтан ол активтік несие опрерацияларын жүргізудің негізгі ресурсы. Салымдар әр түрлі белгілерге байланысты жіктеледі. Салушысына қарай депозиттер жеке және заңды тұлғалардың депозиттері болып бөлінеді. Банктен алу мерзіміне қарай мерзімді және талап бойынша алынатын депозиттер болып бөлінеді. Талаппен алынатын депозиттерге каражаттық немесе бөлік-бөлікпен салынып және иесінің талабы бойынша дәл сол сияқты жолмен алынады. Бұл депозиттер клиент ашқан әр түрлі шоттарда орналастырылып, қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға алынуы мүмкін.
Талаппен алынатын салымдарда есептесу, ағымдағы және бюджеттік шоттарда белгілі бір мақсатқа жұмсалатын, кориспонденттік шоттарда басқа банктермен есептесуге арналған, сондай-ақ есеп айырысу айналымына арналған қаражат сақталады. Салымның бұл түрі негізінен тұрақсыз, себебі клиенттер өз шоттарындағы қаражатын үнемі пайдаланатындықтан, ондағы қалдық мөлшері әркез өзгеріп отырады. Сондықтан банктер бұл шоттар бойынша проценттік өсім төлемейді. Салымдарды өзіне тарту үшін бәсекелестік жағдайында коммерциялық банктер клиенттерді тарту және талаппен алынатын салымдарды ұлғайтуды ынталандыру мақсатында шот иелеріне қосымша қызмет көрсетіп, сондай - ақ олардың сапасын арттыруға ұмтылуда. Ағымдағы шот иелері өз қаражатын чек кітапшаларымен немесе несие карточкаларымен алады (атаулы ақша құжаты) .
Мерзімді салымдар - ол салыну мерзімі және процентік өсім төлеу мөлшері анық көрсетілген депозиттік шотқа салынған ақша қаражаты. Төлем мөлшері салымның көлемімен мерзіміне байланысты анықталады. Егер мерзімді салым иесі салымын келісілген мерзімнен бұрын пайдаланғысы келсе, онда салым бойынша төленетін процент мөлшері кемиді. Мерзімді салымдар ұзақ мерзімге салынатындықтан, олар тұрақты ақша қаражаты. Сондықтан банктер салымшылардың қаражатын ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік алады.
Мерзімдік салымның бір түрі - депозиттік сертификат. Бірінші рет ондай куәлікті айналымға 1961 ж. АҚШ банктерінің бірі енгізді. Шот иесіне өтеу мерзімі және төленетін проценттік мөлшер көрсетілген ерекше атаулы куәлік (сертификат) беріледі. Депозиттік сертификат - ол белгілі бір ірі соманы банкке салғандығы туралы берілетін жазбаша куәлік. Онда банктің міндетті түрде сертификатты кері сатып алу мерзімі және төлейтін өсім ақысы көрсетіледі. Мысалы, АҚШ банктерінің іс-тәжірибесінде депозиттік сертификат кемі 100 мың долларға, ал Үлыбританияда 50 мыңнан 250 мың ф. Ст. Дейін шығарылады. Депозиттік сертификат тек заңды тұлғаларға беріледі. Ол атаулы және атаусыз (яғни иесі ұсынушы) болуы мүмкін. Депозиттік сертификат бойынша салымды алу құқы басқа жаққа «беру жазуы» көрсетіліп берілуі мүмкін. Бұл куәлікті шартта көрсетілгендей мерзімге немесе талап бойынша берілетін етіп банктер шығарады.
Жеке тұлғаларға банктегі салымдарын алу үшін жинақ сертификатын (кітапша) береді. Кітапша белгілі бір мерзімге және талаппен алуға да беріледі. Банктің ресурсының халықтың жинақ салымдары маңызды роль атқарады. Жинаққа толық сома немесе бөлек-бөлек сома салынады, кейін жинақтың толық сомасы, ия біртіндеп бөлек-бөлек сомасы алынуы мүмкін. Салушыға жинақты куәландыратын жинақ кітапшасы беріледі. Бұл салым түрі өнеркәсібі дамыған елдерде кең тараған. Әдетте жинақ шотынан қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізіледі. Клиенттердің тапсырмасы бойынша банк оның жинақ шотынан электроэнергияны, телефонды және газды пайдаланғаны, газетке жазылғаны үшін, оқушылардың мектептегі тамақтануына және т. б. қызметтерге төлем аударады. Сондай-ақ бұл салымдар белгілі бір мақсатты уақытта алу үшін, мысалы, демалысқа, туған күнге, жаңа жылдық мерекеге арнап салынады.
1. 3Пассивтік операцияларды ашып, анализдеу.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау - коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал - банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының, айтып кетендей, тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі - біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос каражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық обьектілерінде орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбек-ақыны төлеу, сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды төлеу үшін қажет. Меншікті капитал - банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті кор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz