XVII-ші ғасырдың соңы – XVIII ғасырдың ортасына дейінгі қазақ-қалмақ қатынастары


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

Д и п л о м д ы қ

ж ұ м ы с

Тақырыбы: XVII-ші ғасырдың соңы - XVIII ғасырдың ортасына дейінгі қазақ-қалмақ қатынастары.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І-тарау. Қазақ-қалмақ катынастарының қайнар көзі . . . 5

І. 1 Қазақстан аумағында қалмақтардың пайда болуы . . . 5

І. 2 Қазақстанның батыс өңірі мен Еділ өзені жағалауларына алмақтардың қоныстануы . . . 16

І. 3 Казак-орыс әскері құрамындағы қалмақтар мен қазақтар қатынастары . . . 22

ІІ-тарау. Экономикалық қатынастар . . . 33

ІІ. 1. Жер және мал шаруашылығы мәселелері . . . 33

ІІ. 2 Сауда қарым-қатынастары . . . 47

ІІ. 3. Балық аулау және тұз өндіру салаларьндағы байланыстар . . . 54

Қорытынды . . . 66

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 72

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстанның тәуелсіз өмір сүру жағдайында тарихымызды жан-жақты зерделеу, қазақ елінің Еуразия кеңестігінде ғана емес, оның халықаралық қатынастар жүйесіндегі де орны мен рөлін анықтауға көмектесетіні анық. Әр халықтың тарихы көршілес орналасқан халықтар тарихымен байланысты; бұл байланыс өзінің дамуы, ауқымы, сипаты жағынан әртүрлі болуы мүмкін, алайда ол байланыс әрқашан да болған. Сондықтан халықтар тарихында өрқашан тарихи өмір қауымдастығы қалыптастырған жағдайлар әрекет етеді [1] .

Кеңес дәуірінде Қазақстанның Ресеймен ғана тарихи байланыстарына баса назар аударылып, басқа елдер және халықтармен қарым-қатынастарына мән берілмеді. Не болмаса көршілес орналасқан халықтармен өзара қатынас тарихы көмескі күйінде бейнеленді, зерттеулердің көпшілігіңде басқа халықтардың орыс халқының төңірегінде өз еркімен топтасуы жөніндегі пікір уағыздалды да, түркі, моңғол т. б., халықтарының өзара қатынастары тарихи шектеуге ұшырады. Ал тәуелсіздігімізді алғалы бері көптеген тарихи зерттеулерге мүнкіндік беріліп, жол ашылды. Сол себепті де дипломдық жұмысымның тақырыбын “XVII-ші ғасырдың соңы - XVIII ғасырдың ортасына дейінгі қазақ-қалмақ қатынастары” - деп алып, оны зерттеп ой қорытындылауды жөн көрдім.

Мақсаты мен міндетті: Қазақ-қалмақ халықтары қатынастары тарихының көмескі беттері аз емес. Осы мәселелерді ашып корсету, толығырақ баяндау зерттеу жұмысының мақсатын айқындайды.

Ғылыми өдебиеттерді зерттей келе, ғылыми жұмыс барысында алдымызға қойған басты мақсат қазақ-қалмақ халықтарының бағзы заманнан бері қалыптасқан қатынастардың мазмүны, негігі кезеңдері мен ерекшеліктерін ашып көрсетіп, бір жүйеге келтіру.

Осы бағытта төмендегідей міндеттер қойылды: - қазақ-қалмақ халықтарының ара-қатынасының қалыптасуына әсер еткен ішкі, сыртқы жағдайларды анықтап, түп-тамырын одан әрі зерттеу;

Ресей империясында абсолюттік монархияның қалыптасу кезеңінде қазақтар мен қалмақтарға қатысты өкімет саясатының өзтеруін анықгау;

XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі Ресей империясының
қазақ, қалмақ халықтарын қанау әдістерін салыстыра отыра саралау;

Ресей империясы қазак-орыс әскері құрамында қызмет атқарған қалмақтар мен қазақтардың катынасы тарихын зерделеу;

- XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ-қалмақ халықтары
арасындағы әкономикалық қатынастарды нақтырақ көрсетіп, сауда, балық аулау, тұз өндіру көсіпшіліктері мен мал шаруашылығындағы қазақ-қалмақ қатынастары жөнінде ой қорытып тұжырым жасау;

Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша жүйелі ғылыми түжырым жасап, қорытынды шығару.

Зерттелуі: "XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде қазақ-қалмақ халықтарының қатынастары" мәселесінің зерттелу деңгейіне келер болсақ, ол аз зерттелген тақырып деп есептейміз. Қазақ-қалмақ қатынастарына арналған көлемді еңбек жоқтың қасы, кеңес тарих ғылымы даму барысында бұл мәселенің кейбір аспектілеріне ғана жете көңіл аударылды. Алайда, қазақ тарихының жарқын да қайғылы беттері "Ақтабан шүбырынды, Алқакөл сүлама" жылдары оқиғалары қозғалса, оның зерттеу ауқымы шектеліп, Ресей империясы күрамына қазақ жүздерінің "өз еріктерімен қосылғандығы" жөнінде айтылып, ал ғасырлар бойында қалыптасқан қатынастар сырт қалып отырған. Қазақ-қалмақ қатынасы тек қана жоғарыдағы мәселені зерттегенде сөз болып, ал одан кейінгі кезең, ХІХ-ХХ ғасырлар, көп еленбеді. Бұл екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақытта қалыптасқан сыңаржақ коммунистік идеологияның туындысы болып табылатын қоғамдық санаға күшпен сіңірілген концептуальды теориялық жүйені негіздеуі әсерінен болатын. Осының салдарынан Қазақстанның сол замандардағы тарихи дамуын байланыстырған қалмақтармен ұзақ мерзімді қатынастың мазмүны ашылмай, терендетіп талдауға мүмкіндік болмай, бұл мөселе бұлыңғыр қалпында қала берді [1, 2] .

Зерттеу жұмысымыздың барысында аталған әдебиеттер тізімімен қатар көптеген ғалымдардың ғылыми еңбектері, әдістемелік жұмыстары мен салыстырмалы ой-пікірлері талқыланды.

Диплом жұмысының ғылыми-танымдық және практикалық маңызы. Зерттеу Ресей империясының құрамыңда болган бұратана халықтардың өзара қарым-қатынасы; сипаты, мазмүны және ерекшеліктері деген күрделі тақырыптың бір бөлігі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, алты параграфтан, қорытындан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жазылуы барысында 36 әдебиет пайдаланылды.

Жұмыстың мазмұны 73 парақта баяндалған.

І-тарау. Қазақ-қалмақ қатынастарының қайнар көзі

І. 1. Қазақстан аумағында қалмақтардың пайда болуы

Қалмақтар моңғол халқының бір тармағы болғанымен, ХІ-ХІІ ғасырларда моңғол тайпаларының арасында олардың саны аз болса керек. Олар сол кездің өзінде мықты моңғол тайпалармен бірге қоныстана алмаған соң, елден бөлек батыс шекара аймағына орналасып, тарихта ойраттар атымен белгілі болған. Көршілес орналасқан мүсылман қауымы оларды қалмақ деп танып білген. Дүйім моңғол жұртынан оларды қалмақ атымен ғана анық айырған. Шекаралас орналасқан халықтар қалмақ жүртымен тығыз араласып, арадагы соғыстар, саяси, әлеуметтік, әкономикалық, мәдени қатынастар бұл халықтар өміріне тікелей әсерін тигізді. Қалмақ атауын батыс моңғолдарға түркістандықтар тақса керек. Түрік қауымы қалмақ, қытайлықтар "өлүт" деп атаған моңғол текті бұл халықтың өзіндік есімі - "ойрат". Бұл атау Шыңғыс хан кезінен бастап әлемге таныла бастаған. Қалмақ халқы туралы көпшілік елдер мағлұматтары өте аз болған, өйткені қалмақ қауымы басқа елдер ұшін жабық мемлекет еді. Мағлұмат алуға тырысқан ниет ел тыңшылары қолға түсер болса, олар аяқ астында өлтірілетін. Осындай жағдайларға байланысты көптеген елдер қалмақтар туралы көп біле бермейтін. Сондықган көршілес орналасқан мұсылман халықтары ойраттарды, жоңғарды, оймауыт, ұрынқой, маңғұт, үлкіт, былаут, таңғұт, көкмоншақ, торғауыт, дүрбұт (дербет), хойт және тағы басқа моңғол рулары мен тайпаларын, моңғол тектес халықтарды қалмақ деп атаған [2] .

Қалмақ атауы Шыңғыс хан заманынан қалыптасып, XIII ғасыр-дың алғашқы жартысында қалмақтар (ойраттар) Алтай тауы түстігі мен Қара Ертіс өңіріне ежелгі керей, найман қоныстарына берік орнықгы. Шыңғыс ханның кенже ұлы Теле хан билігіндегі монғол ұлысының сол қанатын құраған олар, заманында жоңғарлар (кейбір деректерде зұңғар, жұңғар Т. Ә), моңғол хандығы өскерлерінің сол қанатына еніп, сол қол атауын иемденгені тарихта белгілі. Құрбанғали Халид өзінің "Тауарих Хамса" атты шығармасында, түрік халықтары мұсылман дінін қабылдаған тұста, қалмақ атауы пайда болған, -деген пікірді білдіреді. „Әдепкіде қалмақтарды ешісім дінге зорламай еркіне қойып, олар кеңесіп көрейік деген соң уақыт белгілеген. Бірер аи өткен соң жиналып қалай болды дегенде, біз өз дінімізде қалмақ болдық деген", - деп жазады. Осыған орай, қалмақ аты мүсылман қауымының басқа бір халыққа таңған атауы деп көрсетеді. Жоңғар қалмақтары арасында ұзақ уақыт өмір сүрген Әбілғазы Баһадүр хан қалмақтың торғауыт руы жөнінде: „Торғауыттың мағынасы арғы - беттегі ел дегені, Моңғол жүртының шеті Селенге, оның арғы жағында отырғаңдықган торғауыт атанған", деп жазады. Бұл пікір қалмақтардың моңғол жерінің батысында қоныстанғанын растай түседі. Торғауыт, дүрбіт, хошеут, чорос (жоңғар) рулары ойрат атын XVI ғасырдан бастап иемденген. Ойрат сөзінің шығуы да тарих ғылымында талас тудырды. Мәселен, аталған атау жөнівде 1934 жылы академик В. Я. Владимирцовтың "Моңғолдардың қоғамдық құрылысы" атты еңбегі жарық көрген. Еңбекте В. Я. Владимирцов "ойраттар орман халықтарынан көшпелі халыктар қатарына өтті", - деген пікір білдіреді . Бұл пікір белгілі шығыс ғалымы Рашид-ад-диннің ойраттарды "орман халықтары" деген түжырымына сүйенеді. Осы пікір негізінде бурят ғалымы Д. Банзаров ойрат "ой" (орман) және „арат"(халық ) сөзінен деген шешімге келген.

Осы жеңілістен кейін Әбілқайыр хандығының көшпелі халқының бір бөлігі бөлініп, Керей мен Жәнібек бастаған қазақтар Моголстанға көшіп, Шу мен Қозыбас өзендері ортасындағы жерлерге қоныс теуіп, қазақ хандығының негізін қалады.

1613 жылы поляк интервенциясын басынан өткерген орыс мемлекеті әкономикалық, әскери жағынан өлсіреді. Осы жылы орыс мемлекеті патшасы ретінде атақгы Романов өулеті өкілі таққа отырды. Саяси жағдайдың шиеленісуіне орай, патша үкіметі Ісүш қолданудан бас тартып, қалмақтармен бейбіт келіссөздер жүргізуге ұмтылды.

Жаңа орыс патшасы, қалмақ тайшыларымен келіссөздерді қайтадан бастады. Жер тапшылығын сезінген дүрбіт және торғауыт тайшылары келіссөз барысывда бүрынғы сауда қатынастарын қалпына келтіріп, Сібір қалалары маңындағы жерлерде көшіп қону құқығын қайта алуды көксеп, бұл келіссөздерге өздерінің ризашылығын білдірген. 1616 жылы олар Тобольск және Тюмень қалаларына өз елшілерін жіберді. Москва үкіметі қалмақ тайшыларының сауда жасап, тығыз араласуына жағдай жасауға үмтылып, бұл істі орындауды жергілікті әскербасыларына тапсырып, осы жылы 5 қазан күні патша үкіметі әскер басыларына қалмақтарға қарсы бүйрықсыз аттануға тыйым салды. Бүирықты орындамаған әскербасылар қатаң жазалантындығын ескертті. Қалмақтар тек қана орыс мемлекетімен ғана емес, сонымен қатар көрші мемлекеттермен жағдайды қалыпқа келтіруге тырысып, қазақтармен де келісімге келе бастады. Өйткені, Қазақ хандығы Есім ханның кезінде қалмақтарға қарағанда, бір орталыкқа бірікен күшті мемлекет болатын. Қалмақ тайшыларының қазақтармен қатынасының уақытша жылуын сезіп, екі халықтың араларының жақындасуынан сескенген орыс үкіметі өкілдері қалмақтарды өздеріне қарай тартып, екі ортада аманатсыз, салықсыз бейбіт қатынас орнатуға да келісті. Алпауыт орыс мемлекетінің көп жылғы зорлық саясатынан кейінгі мұндай шешімге келуі амалсыздықтың шарасы болатын. Бұл шешімге разы болған қалмақтар 1617 жылы 19 желтоқсанда Бугу және Қодан бастаған елшілікті Тобольск қаласына, одан әрі Москва қаласына аттандырды. 1618 жылы наурыз айында қалмақ елшілері Москва қаласына келіп, келіссөз барысывда патша ағзамга қалмақ ордасын қайтадан қол астына алып, сыртқы барлық жауларынан қорғауды өтініп, 13 жыл ішінде үкімет белгілеген қалалардың өрқайсысына 300 бас әртүрлі мал басын әкеліп тапсыруға уөде еткен [1, 3] .

Қалмақ-орыс келіссөздері соңынан, 1618 жылы 14 сәуірде, орыс патшасы Михаил Федорович қалмақ тайшысы Далай батырға орыс бодандығына өтуі жөнінде "сенім грамотасын (қағазын Т. Ә) " тапсырған, онда аманат және салық жөнівде әңгіме қозғалмады. Оның себебі, басқа біреудің қолымен от көсеуге үмтылған патша үкіметі шығыстағы көшпелі халықтарға қарсы күш көрсететін одақтасын іздеуде болатын және осы одақгасты қалмақтар деп түсінді. Сонымен бірге, бұл іске ақы, сый-сияпат беру сияқты іс-қимылдар арқылы, орыс үкіметі қалмақтардан басқа да "бүратана" халық өкілдерін өзіне тартта білді.

Қазақ-қалмақ келіссөздерінің басталғанына қарамастан, орыс үкіметінің қолдауына сүйенген қалмақтар, 1620 жылдан бастап қазақ жерлеріне шабуылын қайта бастады. Осыған орай, қазақ және қалмақ әміршілерінің арасында жайылымдық жерлер үшін соғыс қимылдары өрши түсті. Арадағы болған шайқаста Есім хан бастаған қазақ қолы жеңіске жетіп, қалмақ өскерін талқандады. "Ойрат әміршілері қазақтың Есім ханына келіссөз жүргізуге елшілер жібергенімен, өздері түн жамылып қазақ ауылдарына шабуыл жасап, көп адамдарды өлтірді. Ызаға булыққан Есім хан қалмақ елшілерін өлтіріп, жоңғар қалмақтарына қарсы көп әскер жіберіп, қалмақтардың көп адамдарын қырып тастаған", - деп жазады, Байбағыш тайшыға барып келген, Уфа қаласы Указной дом (Жарлық шығару үйінің Т. Ә) тілмәшы П. П. Семенов.

Қазақтардың қысымына шыдай алмаған қалмақтар Далай-Батыр, Хо-Өрлік, Шүкір тайшылардың басшылығымен Есіл, Тобыл өзендеріне қарай үдере көшті. Бұл көшке кейін хошеут тайшысы Байбағаш қалған адамдарымен, оның інілері Дүргеші, Кунделен, Үбіші тайшылардың ұлыстары қосылған. Қалмақтар Тобольск, Тюмень, Уфа қалаларының төңірегіне көшіп келіп, орыс мемлекеті бодандары башқұрт және басқа халықтармен қақгығысып, сол жерде қоныстанған елді тонауға кірісті. Бұл келеңсіз жағдай, орыс үкіметінің наразылығын туғызып, Москва қаласынан жедел түрде үкімет адамдарынан тексеру тобы құрылып, Уфа қаласына аттандырылды. Уфа қаласына келіп жеткен орыс үкіметі өкілдері, қалмақтарды тәртіпке шақырып, оларға тек қалада сауда жасауға рүқсат беріп, болған жағдай қайталанбас үшін үкімет өкілдері қалмақтардан қайтадан ант қабылдаған. Осыдан кейін, орыс үкіметі талап етуіне орай, 1621 жылы қалмақ елшілері Москва қаласына барып, бодандыққа адал екендерін білдіріп қайта ант берген. Патшалы Ресеймен келісімге келіп, көмек алып нығайған қалмақ әскерлері 1622 жылы қазақ, ноғай және батыс сібір жерлеріне қайтадан шабуыл жасауға кірісті. Қалмақ әскерлері үрыс нәтижесінде, қазақтар, ноғайлар және халхалар одағы тарапынан агрессиялық пиғылдарын басатындай жеңіліс тапты. Соғыс оты Алтай тауларынан бастап, Ембі өзеніне дейін шарпып, аталмыш халықтарға көп қасірет әкелді.

Жеңіліске үшыраған қалмақтар 1623 жылы Тобыл өзені, Тюмень қаласы маңына қарай қашты. "Ойраттардың басты тайшылары, қазіргі кезде Алтын хан адамдарымен (халхастармен) және моңғолдармен соғысып жатыр, бүхарлықтар мен ноғайлар да қалмақ тайшылармен соғыс жүргізуде. Қалмақтар соғыста жеңіліп, оларға Алтын хан адамдарынан, бүхаралыктардан, ноғайлардан көп қысым болғандықтан, Сібір қалаларының төңірегіне көшіп келген", - деп көрсетілді, осы оқиғалар жөнінде сол кездегі құжаттардың бірінде /82. 122/. Сөйтіп, бытыраңкң орналасқан қалмақтар топ-топ болып сан майдавда соғысып, көптеген жеңілістерге үшырады. Деректемелер бұл соғыстардардың қым-кңғаш сөттерін ашып көрсете алмағанымен, қазақ билеушілерінің қалмақ тайшыларымен уақытша бітім жасағанын дәлелдейтін фаісгілер бар. "Бұхараға Тұрсын патшадан (Ташкент өміршісі, қазақ ханы Түрсын Мүхамедтен) және Қазақ ордасының Есім патшасынан бітім сүрап қалмақ елшілері келді", - деп жазады, 1624 жылы қыс кезінде дүрбіт тайшысы Далай-Батырға барып келген орыс үкіметі елшісі Яков Булгаков.

1625 жылы қалмақтар арасында өзара бақталастық нәтижесінде соғыс басталды, оған Шүкір тайшының ағасы Шын тайшының қайтыс болуы себеп болды. Өйткені Шын тайшының ер баласы, яғни мұратері жоқ еді, осыған орай, Шын тайшының ұлыстары Шүкірдің інісі Байбағыштың қолына өтті. Ол өкесі Хара Хұламен көшіп бірге жүретін. Шүкір тайшы Байбағыштан Шынның ұлыстарын тартып алуға үмтылды. Осы себептен ағайынды екі тайшы арасында әскери қақтығыстар басталды. Екеуін келісімге келтіріп, ПІын тайшы ұлыстарын бөліп беру үшін екі ортаға әкесі Хара Хүла мен Далай батыр кіріссе де, соғыс қимылдары толастамай, тіпті дау шиелінісе түсіп, даудың арты кісі өліміне алып келді. Әр жақгы жақгаған қалмақ тайшылары екі топқа бөлінді: Шүкір тайшы өз жағына қалмақ тайшылары Табытай, Мерген-Төмен, Батыр Баянды тартып, олармен бірігіп, тұзды кол жанында отырған Байбағыш ұлысына шабуыл жасап оны талқандап, тайшының өзін өлтіріп, оның ұлыстарын өзіне қосып алған. Осыпай, Шүкір тайшы бастаған қалмақтар тобы бұл тайталаста жеңді.

1628 жылы жаз айларында жеңіске масаттанған Шүкір тайшы қалмақтары арадағы келісімді бұзып, Уфа уезінің Қарабатан болысына шабуыл жасап 60 башқұртты айдап өкеткен. Осы жағдайға байланысты орыс үкіметі қалмақтардан башқұрттардың қайтарылуын талап етіп, қалмақ тайшысы Далай Батырға сүрау салды. Өйткені башқұрттар бұл кезде Ресей империясы боданы болатын. Патша үкіметінің талабын екі етпей, оған қызмет көрсету және оның тыныштығын бүзған адамдарды жазалау мақсатында Далай батыр мен Күжі тайшы күш біріктіріп жорыкқа аттанып, Жайықгың жоғарғы сағасында Шүкір, Мерген және Баян Батыр тайшылар бастаған қалмақ әскерлерін талқаңцап, башқұрттарды түтқыннан босатқан. Жеңіліс тауып әлсіреген Шүкір, Мерген және Баян Батыр тайшылар бастаған қалмақ жүрты, Жайық сағасына көшіп келіп, Хо-Өрлік баласы Шүкір-Дайшын ұлысына қосылуға мәжбүр болды [4] .

Ноғай Ордасы жерлерінде көшіп қонып, осы жерлерді иеленуді ойлаған қалмақтар, XVII ғасырдың 30-жылдары Москва қаласына Балта мен Аюкені, Уфа қаласына Далай батырдың баласы Доржыны елші ретінде аттандырған. Алайда, орыс патшасы үкіметі қалмақтардың өтінішін аяқсыз қалдырып, оларға бұрынғы көшіп жүрген жерлеріне қайтуын талап етті.

XVII ғасырдың 30-шы жылдарының бірінші жартысында Далай батыр, Күжі, Байбағас, Күнделен, Үбіші тайшылар Тобыл, Есіл өзендері бойында көшіп жүрді. Ресей бодандығын қабылдау процесі қалмақтардың бір орталыққа бірігуін тежесе де, арада біраз уақыт өткен соң, жоңғар қалмақтары бір орталыққа бірігуі қайтадан жалғасын тапты. Осы оқиғалар барысында, қалмақ тайшылары арасында қырқысулар күшейіп, нәтижесінде 1632 жылы Байбағас, 1637 жылы талай батыр қаза болып, олардың жүрты тарап басқа бір ұлыстарға қосылуға мәжбүр болды.

Аталған жыддар түсында Хара Хүла басқарған шорос әулетінің ықаалы өсті. Мұрағат құжаттарында Халха әміршісі Алтын хан мен қазақ әміршілері басқарған елдерге қарсы, Хара Хүла тайшы бастаған ойраттардың әскери жорықтары жөнінде көптеген деректер кездеседі. XVII ғасырдың 20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың бас кезінде, Ертіс өзенінің оң жағалауында шорос тайшыларының басшылығымен ойрат жүрты шоғырланды. Шоростардың мұндай шоғырлануына, ойрат руларының бір бөлігінің (ширек миллионға жуық адамның) Еділдің төменгі ағысына көшіп кетуі нөтижесінде мүмкін болды. Жайылымдық жерлердің кеңейуі, оны пайдалану мүмкіндігінің артуы, Жоңғариядағы XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың бас кезінде қалыптасқан жағдай шаруашылық және саяси дағдарысты жоюға мүмкіндік жасады. Ойраттардың бірігуіне, рухани нығайуына 1616 жылы Будда дінінің бір тармағы ламаизмнің ойрат елінің ресми діні ретінде қабылдануы әсер етті. Діни және ұлттық сана бір арнаға бірігуі нөтижесінде ойрат жұрты бір ел, біртүтас халық ретінде бір орталыққа топтаса бастады.

1634 жылы Хара Хұла қайтыс болғанңан кейін, оның орнын басқан үлкен ұлы Хото-Хоцин-Батүр (Батыр), Тибеттегі Далай-лама және Жоңғардағы қалмақ жүртының қалауы бойынша Ердене-Батыр қоңтажы (қоңтайшы Т. Ә) Хото-Хоцин деген атымен бүкіл Ойрат елінің әміршісі болып танылды.

Ердене-Батыр қоңтайшы титулын алған Хото-Хоцин-Батұр (1634-1654 ж. ж. ) билік жүргізіп, 1635 жылы Жоңғар қалмақтары хандығы іргетасын қалаған. Ол алғашқы күннен бастап-ақ бытырап кеткен ойрат тайпаларын бірін айламен, екіншісін күшпен қайта біріктіріп, төрт-бес жылда күшті көшпелі мемлекет құрып, Қазақ Ордасын талқандауды мақсат түгты.

Жоңғар хандығында толық түгастық болмаса да, қазақ қалмақтар қатынастары айтарлықтай өзтерістерге ұшырады. XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығы бытыраңқы ойрат қалмақтары тайпаларына қарсы түрса, енді XVII ғасырдың екішні жартысында, күш ара салмағы біріккен жоңғар қалмақтары жағына ойыса бастады [4, 5] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоңғар хандығының құрылуы
ҚАЗАҚ - ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСТАРЫ ҚАЗАҚ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ
Шайбанилық Әбілқайыр хан
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасы
Қазақстанның патшалы Ресейге бодан болуы
Елшілік арқылы орыс патшасы
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
XVI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
Қазақтың көне ел билеу заңы – «Жеті жарғы»
Қазақ хандарының дипломатиялық хаттарының тарихи маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz