Қоректік орталар



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1) Қоректік орталар
а) Табиғи орта
б) Жасанды орта
2) Қоректік орталардың жіктелуі
а) Әдеттегі немесе жай орталар
б) Арнаулы қоректік орталар
в) Дифференциалды. диагностикалық орталар
г) Элективті немесе таңдамалы орта
3) Қоректік орталарды жасау принциптері және мысалдары
4) Синтетикалық қоректік орталар
а) Омелянский ортасы
б) Чапек ортасы
5) Дифференциалды.диагностикалық орталар
а) Гисса ортасы
б) Эндо ортасы
6) Қоректік ортаны мөлдірлендіру
7) Қоректік ортаның қышқылдық дәрежесін анықтау.
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер
Іргелі және қолданбалы микробиологияның дамуы микроорганизмдерді бөліп алу және оларды өсірумен байланысты. Бұл зерттеулер Р.Кохтың бактериялардың таза дақылдарын алу әдісін ұсынған соң мүмкін болды. Таза дақылдар деп бір туысқа және бір түрге жататын клетка шоғырын атайды. Таза дақылдарды алу микроорганизмдерді анықтау, оларды өсіруге қолайлы жағдай жасауға және жан-жақты зерттеуге жол ашты.
Қоректік орта дегеніміз- микроорганизмдерді лабораториялық және өнеркәсіптік жағдайларда өсіруге арналған белгілі бір заттектердің сұйық немесе қатты қоспасы.
Микроорганизмдер қоректену типіне қарай автотрофты және гетеротрофты болып екіге бөлінеді.
Автотрофты- органикалық көміртегіні мұқтаж емес олар көміртегін, ауадаға көмір қышқылынан кейбір минерал заттар тотыққанда бөлінетін энергияның көмегімен, яғни хемосинтез жолымен алады.

Гетеротрофтар-көміртегін дайын органикалық қосылыстардан алады. Гетеротрофтардың автотрофтардан айырмашылығы-олар көміртегін көмір қышқылынан сіңірген кезде энергия ретінде минерал қосылыстарды пайдалана алмайды. Бұған көптеген шіріту бактериялары, әр түрлі ашу процесін қоздырушылар, түрлі ауыру тудырушы микроорганизмдер жатады.
1. М.В.Гусев, Л.А.Минеева «Микробиология» 8-е издание, «Академик», 2008, 461 с.
2. Нетрусов А.И., Котова И.Б «Микробиология», Москва, 2009, 349с.
3. Шығаева М.Х., Қанаев Ә.Т. «Микробиология және вирусология», 2008, 380 б.
4. Шлегель Г. «Общая микробиология», Москва, 1987, 566с.
5. Н.Шоқанов, С.Сағындықова, Ф.Серікбаева «Микробиология», Алматы,2003
6. Н.Шоқанов «Микробиология», Алматы, «Санат» , 1997

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1) Қоректік орталар
а) Табиғи орта
б) Жасанды орта
2) Қоректік орталардың жіктелуі
а) Әдеттегі немесе жай орталар
б) Арнаулы қоректік орталар
в) Дифференциалды- диагностикалық орталар
г) Элективті немесе таңдамалы орта
3) Қоректік орталарды жасау принциптері және мысалдары
4) Синтетикалық қоректік орталар
а) Омелянский ортасы
б) Чапек ортасы
5) Дифференциалды-диагностикалық орталар
а) Гисса ортасы
б) Эндо ортасы
6) Қоректік ортаны мөлдірлендіру
7) Қоректік ортаның қышқылдық дәрежесін анықтау.
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Іргелі және қолданбалы микробиологияның дамуы микроорганизмдерді бөліп алу және оларды өсірумен байланысты. Бұл зерттеулер Р.Кохтың бактериялардың таза дақылдарын алу әдісін ұсынған соң мүмкін болды. Таза дақылдар деп бір туысқа және бір түрге жататын клетка шоғырын атайды. Таза дақылдарды алу микроорганизмдерді анықтау, оларды өсіруге қолайлы жағдай жасауға және жан-жақты зерттеуге жол ашты.
Қоректік орта дегеніміз- микроорганизмдерді лабораториялық және өнеркәсіптік жағдайларда өсіруге арналған белгілі бір заттектердің сұйық немесе қатты қоспасы.
Микроорганизмдер қоректену типіне қарай автотрофты және гетеротрофты болып екіге бөлінеді.
Автотрофты- органикалық көміртегіні мұқтаж емес олар көміртегін, ауадаға көмір қышқылынан кейбір минерал заттар тотыққанда бөлінетін энергияның көмегімен, яғни хемосинтез жолымен алады.

Гетеротрофтар-көміртегін дайын органикалық қосылыстардан алады. Гетеротрофтардың автотрофтардан айырмашылығы-олар көміртегін көмір қышқылынан сіңірген кезде энергия ретінде минерал қосылыстарды пайдалана алмайды. Бұған көптеген шіріту бактериялары, әр түрлі ашу процесін қоздырушылар, түрлі ауыру тудырушы микроорганизмдер жатады.

Гетеротрофтар

Метатрофтар Паратрофтар

Метатрофтар немесе сапрофиттер өсімдіктердің және жануарлардың өлекселерімен қоректенеді, яғни көмір қышқылын осындай органикалық заттар ыдырағанда қамтиды.
Паратрофты микроорганизмдер тіршілігі үшін тірі белоктар қажет. Олар тірі организмде тіршіік етуге бейімделеген. Бұған адамдағы, жануарлар мен өсімдіктердегі түрлі ауру қоздырғыштар жатады. Азот тіршілік үшін, соның ішінде микроорганизмдер үшін аса қажетті элемент. Азот жоқ жерде тіршілік болмайды. Әрине әр түрлі микроорганизмдер үшін қажетті азот көзі де түрлеше.

Азотты сіңіру қаблетіне қарай микроорганизмдерді екі топқа бөледі:

Аминоавтотрофтар Аминогетерофтар
олар өз белогын азоттық минерал қосылыстарынан немесе азоттың қарапайым қосылысынан синтездейді. Бұған мәселен мочевина жатады.
бұлар жай қосылыстарда (минерал тұздары) кездесетін көміртегі мен азотты амин қышқылдары түзеді. Бірақ олардың тіршілігі үшін таза күйіндегі амин қышқылдары да қажет.

Көпшілік микроорганизмдерді өсіру үшін, белок немесе оның ыдырау өнімдері қажет. Оларды жасанды қоректік ортаға қосып, микроорганизмдер өсіреді. Микроорганизмдердің бір қалыпты өсіп-өнуі үшін бор, мырыш, марганец, кобальт, никель, иод, бром, молибден, уран, торий, т.б. сол сияқты элементтер де қажет. Бұлардың бәрі микроорганизмдердің физиологиясы үшін елеулі роль атқарады.
II. Негізгі бөлім
1)Қоректік орталарды табиғи және жасанды деп бөледі. Табиғи қоректік орталарға сүт, жұмыртқа, картоп түрлі тағамдық өсімдіктер және олардың қайнатпасы, көң, топырақ, ет, балық түрлі жармалар жатады. Микроорганизмдерді лабораториялық және өндірістік жағдайда өсіру үшін жасанды қоректік орталар дайындалады. Микроорганизмдерді зерттеу барысында, көбінесе, синтетикалық (құрамы жағынан қарапайым) орталар пайдаланылады. Синтетикалық орта деп белгілі бір химиялық қоспалардан тұратын орталарды атайды. Бұл орталардың негізін минералды заттар құрайды. Минералдардың негіздеріне энергия, көміртегі, азот көздерін қосып, күрделілігі әр түрлі қоректік орталарды дайындауға болады. Синтетикалық қоректік ортаға пептон, еттен алынған түрлі сығындылар, қан, сарысу және түрлі тұздардан тұрады.
2) Қоректік орталардың жіктелуі.
Барлық қоректік орталарды төрт топқа бөлуге болады:

Әдеттегі Элективті Арнаулы

Дифференциалды-диагностикалық

1) Әдеттегі немесе жай орталар. Бұл орталарда хемогетеротрофты, арнайы органикалық заттарды қажет етпейтін микроорганизмдердің көптеген түрлері өседі. Микробтардың басым көпшілігін өсіруге жарамды. Бұларға: ет-пептонды сорпасы (ЕПС), ет-пептонды желатин (ЕПЖ), жартылай сұйық (қоймалжың агар) т.б. жатады.
2) Арнаулы қоректік орталар- ерекше органикалық заттарды қажет ететін және әмбебап ортада өспейтін хемоорганотрофты микроорганизмдерді өсіретін орта. Мысалы, спирохеталарға көмірсутегі мен аминқышқылдарындан басқа, ұзын тізбекті майлы қышқылдар қажет. Олар қан сарысуы құрамына кіреді. Сондықтан спирохеталарға арналған қоректік ортаға қан не қан сарысуын қосады. Ал кейбір теңіздерде тіршілік ететін бактериялар, мысалы, Marinomonas туысына жататындар, теңіз суына қажетті болады. Тағы да осы осындай орталарға: ет-пептонды бауыр сорпасы(ЕПБС, анаэроб микробтарды өсіруге арналған қан, қантты агар, саңырауқұлақтарды өсіруге арналған Сабуро ортасы, туберкулез (өкпе ауруы) бактерияларын өсіруге арналған орталарды жатқызуға болады.
3) Дифференциалды- диагностикалық орталар- түрге жіктеуді қамтамасыз ететін микробтардың биохимиялық қасиеттерін зерттеу, кейбір микробтарды таза күйінде оқшаулап алуға арналады. Бұл орталарда микробтардың ферменттерінің әсерінен белоктар мен көмірсуларда тотығу-тотықсыздану реакциялары жүретіні белгілі. Әр микроорганизмнің қоректік ортадағы белгілі бір заттарды ыдырататын ферменттерін зерттей отырып, олардың жүйелік жағдайларын анықтауға мүмкіндік туады. Ал медициналық және ветеринарлық микробиологияда оларды ауруларды қоздыратын бактерияларды анықтау үшін қолданады. Бұл орталар бактериялардың белгілі бір ферменттерінің, мысалы, каталаза, оксидаза, протеаза, фосфотаза, желатиназа және гемолитикалық ферменттердің бар-жоғын анықтау үшін қажет. Оған қоса, дифференциалды-диагностикалық орталар бактериялардың энергия көзі ретінде қандай заттарды қай жолмен пайдаланатынын анықтауға мүмкіндік береді.
4) Элективті немесе таңдамалы орта. Бұл орта табиғи субстраттардан ( топырақ, су, тағамдардан, өсімдік пнн жануарлардан) микроорганизмдердің жеке топтарын бөліп алуға арналған. Оларды микробиологияға С.И. Виноградский енгізді. Элективті деп микроорганизмдердің белгілі бір тобының немесе түрінің өсуіне қажетті құрамы ерекше қоректік орталарды атайды. Элективті ортаны жасау барысында микроорганизмдердің физиологиясын және зат алмасуын, олардың қоректік зат көзіне талғамын, ортаның қышқылдығын, оттектік мөлшерін, температураны және т.б. жағдайларды ескеру қажет. Элективті орта бөліп алынатын микроорганизмдер үшін әрқашан қолайлы бола бермейді, сонда да, бөгде микроорганизмдермен салыстырғанда олар жақсы өседі.
Мысалы, азот қоспалары жоқ минералды ортада, жарық көзі бар жағдайда, молекулярлы азот сіңіруші көк жасыл балдырлар жақсы өседі. Осы ортаға қосымша органикалық энергия көзін және көміртегі көзін қосып, қараңғы жағдайда аэробты, азот сіңіруші Azotobacter-ді өсіріп алуға болады. Ал осы ортада оттексіз жағдайда тежесе, анаэробты, азот сіңіруші Clostridium дамиды.
Құрамы әр түрлі элективті қоректік орталарды пайдаланып, түрлі фототүзуші (фототрофты) бактерияларды бөліп алуға болады. Мысалы, күкіртті фотосинтездеуші бактерияларды бөліп алу үшін органикалық заттар жоқ қоректік ортаны пайдаланады. Ол ортада сульфидтің бар-жоғына және оның мөлшеріне байланысты әр түрлі бактерияларды бөліп алуға болады:
Сонымен, органика және сульфид жоқ ортада азот сіңіретін цианобактериялар өседі. Ал осы ортаға сульфидті қоса, оның мөлшеріне қарай не жасыл, не қара-қошқыл күкіртті бактериялар өседі. Органикалық ортада қара-қошқыл күкіртті бактериялар басым болады.

Күн сәулесі

Қоректік орта
Органикалық заттары бар Органикалық заттары жоқ

Сульфидсіз Сульфидті
Аз мөлшерде
Көп мөлшерде
Анаэробты жағдай N2
Цианобакте-риялар
Пурпурлы күкіртті бактерия
Жасыл күкіртті бактерия

Жинақ орта. Жинақ ортаны М.Бейерник ұсынды. Мұндай орталарда қандай да бір компонент артық мөлшерде болады. Сонда сол компонентті пайдаланатын микроорганизмдер өседі, яғни олар доминантты болады. Бұл орталарды табиғи субстратта саны аз бактерияларды бөліп алу үшін қолданады. Жинақ және элективті орталарды қолдану әдістері ұқсас болса да, олардың арасында айырмашылықтар да бар. Элективті орталарды қолданғанда, зерттейтін сынамаларды тікелей тығыз қоректік ортаға егіп, колонияларды бөліп алады. Ал жинақ орталарды қолданғанда, оларды, алдымен, сұйық ортада өсіріп алып, содан кейін тығыз коректік ортаға егеді.

Физикалық күйі жағынан коректік орталар

Сұйық Жартылай сұйық Қатты

Дайын қоректік орталарды құрғақ, салқын жерде сақтайды. Аздап құрғап кеткен, ұзақ сақталған қоректік орталарды микробтарды себер алдынан балқытып алған соң белгілі бір пішінде (қиғаштап) қатырады.
Қоректік ортаға арналған ыдыстарды (пробиркалар, колбалар) тазалап жуады, кептіреді және автоклавта немесе құрғатқыш шкафта 160-170 °С залалсыздандырады. Ыдыс тығының мақтадан қабаттап жасайды. Ол ыдысқа тығыз кіріп тұруы шарт. Бұрын қолданған тығындарды алдымен құрғатып, залалсыздандырған соң оларды қайтадан қолдануға болады. Тығынды ұзақ уақыт қолданғанда шеттері шетінеп, бұдырланып кетеді. Сонда оларды дәкеге орап жоғары ұшын жіппен байлап қолдануға болады. Тығынның құрғақ болғанына баса назар аударылғаны жөн. Ыдыс тығыны ылғал болса, түрлі зең саңырауқұлақтар өсіп кетуі ықтимал. Олар тығын ішіндегі қоректік ортаға еңсе оны бүлдіретінін естен шығармау керек.
Көптеген микроорганизмдерге ет қайнатпасы қолайлы қоректік орта болып табылады.
3)Қоректік орталарды жасау принциптері және мысалдары.
Ет қайнатпасын даярлау үшін 1 кг жаңа сойған мал етін (сүйексіз, майсыз, шандырсыз жері) езіп, оған 2 литр құбыр суын құйып, салқын жерге 4-6 °С температурада 18-20 сағатқа қалдырады. Содан соң етті сығып, тұндырманы бір сағаттай қайнатады. Ет тұндырмасын қағаз сүзгімен сүзіп, оған бастапқы көлемге жеткенше дистилденген су құяды. Содан соң қолбаларға құйып 120°С температурада 30-40 минуттай автоклавта залалсыздандырады. Қоректік орталарды ыдысқа құю үшін әдейі аспапты пайдаланылады. Оның ұшына резинка кигізеді. Ал резинкаға ортаны мөлшерлеп жіберіп тұратын қысқыш орнатады. Бұл пробирка шеттеріне қоректік орта тамбауын қамтамасыз етеді де, кейін пробирка мойнынның таза болуына мүмкіндік туғызады.

Ет-пептонды сорпа (ЕПС). Бұны даярлау үшін ет тұнбасына 1% пептон, 0,5% химиялық жағынан таза ас тұзын қосып 10 минут қайнатады. Содан соң сорпаны қағаз сүзгімен сүзіп, оның қышқылдығын (рН) анықтайды, рН көрсеткішін 7,3-7,4-ке деңгейіне жеткізу үшін оған қышқыл немесе сілті қосады. Сорпаны су қосып бастапқы көлемге жеткізіп 10 минут қайнатады. Бұдан кейін пробиркаларға немесе колбаларға құйып 120°С температурада 20-30 минуттай автоклавта залалсыздандырады.
Глюкозасы бар ет-пептонды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоректік орта топтары
Қоректік орталарды залалсыздандыру
Қоректік орталарға сипаттама
Бактериялардың ферменттері
Қоректік орта
Қоректік орталарға сипаттама. Пайдалану мақсатына қарай қоректік орталардың топтары
Микроорганизмдерді бөліп алу және өсіру
Микроорганизмдерге қоректік орта дайындау, оларға қойылатын талаптар
Микроорганизмдердің қоректенуі
Микроорганизмдердің ферментативті және редукциялаушы қасиеттері
Пәндер