Кекілбаев, Әбіш



Кекілбаев, Әбіш
Кекілбаев, Әбіш (1939), — Қазақстан жазушысы, мемлекеттік және қоғам қайраткері. 1939 жылы желтоқсанның 6-шы жұлдызында Маңғыстау облысында Оңды ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып жұмыс істеген.
Өмірбаяны
1962 - 1963 жж. "Қазақ әдебиеті" газетінің әдеби қызметкері еді, 1963 - 1965 жж. "Лениншіл жас" газетінің бөлімінің меңгерушісі болды, 1965 - 1968 жж. Қазақ КСР-дің мәдениет министрлігінің коллегиясының мүшесі еді.
1968 - 1970 жж. әскер қатарында қызмет етті. Әскерден соң бес жыл "Қазақфильм" киностудиясының коллегиясының бас редакторы болды.
1975 жылдан бастап Қазақстанның Компартиясының Орталық Комитетінің инструкторы, сектордың меңгерушісі.
1984 - 1986 жылдары Мәдениет министрінің орынбасары болды.
1986 - 1988 жылдары Қазақстанның жазушылар одағының екінші хатшысы болып жұмыс істеді. Содаң кейін бір жыл Қазақ тарихи және мәдени ескерткіштердің қорғау қоғамының басшысы қызметін атқарды.
1989 - 1990 жылдары Қазақстанның Компартиясының Орталық Комитетінің ұлтаралық қатынастарының бөлімінің меңгерушісі болды.
1992 - 1993 жылдары "Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы еді.
1993 жылының қаңтар айынан бастап, 1994 жылының наурыз айына дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі еді.
1994 жылдың сәуір айынан бастап, 1995 жылының наурыз айына дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің (Парламентінің) төрағасы еді.
1995 жылы қайтадан Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі болып істеді.
1996 жылы Қазақстан Республикасының Парламентының Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы еді.
1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болып жұмыс істеді.
Әбіш Кекілбаев – заманымыздың бір заңғар тұлғасы. Кекілбаев туралы сөз айту кімге болса да оңайға түсе қоймас. Өйткені, Кекілбаевтың өзі бір әлем. Шүкір, қазір сол ғажайып әлемді зерттеп, оның ерекшеліктеріне шұқшия үңіліп, Кекілбаевтың шығармашылық өнері туралы жазылған мақалалар да бірнеше томға жетерлік. Әбекеңнің шығармашылық еңбегі туралы пікір білдіріп, еңбек жазғысы келген әрбір адам бұрынғы айтылған сөз, жазылған дүниелерді қайталағысы келмей, тың жол тапқысы келетіні де табиғилық. Оған қоса Кекілбаевтың өзінің әлем, қазақ тарихының көрнекті адамдары, замандастары, осы заманның, біздің қоғамның құбылыстары, бағыт-бағдары туралы толып жатқан ой толғаулары да, публицистикалық шығармалары да елге белгілі.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Кекілбаев, Әбіш
Кекілбаев, Әбіш (1939), — Қазақстан жазушысы, мемлекеттік және қоғам
қайраткері. 1939 жылы желтоқсанның 6-шы жұлдызында Маңғыстау облысында Оңды
ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң,
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып жұмыс істеген.
Өмірбаяны
1962 - 1963 жж. "Қазақ әдебиеті" газетінің әдеби қызметкері еді, 1963 -
1965 жж. "Лениншіл жас" газетінің бөлімінің меңгерушісі болды, 1965 - 1968
жж. Қазақ КСР-дің мәдениет министрлігінің коллегиясының мүшесі еді.
1968 - 1970 жж. әскер қатарында қызмет етті. Әскерден соң бес жыл
"Қазақфильм" киностудиясының коллегиясының бас редакторы болды.
1975 жылдан бастап Қазақстанның Компартиясының Орталық Комитетінің
инструкторы, сектордың меңгерушісі.
1984 - 1986 жылдары Мәдениет министрінің орынбасары болды.
1986 - 1988 жылдары Қазақстанның жазушылар одағының екінші хатшысы
болып жұмыс істеді. Содаң кейін бір жыл Қазақ тарихи және мәдени
ескерткіштердің қорғау қоғамының басшысы қызметін атқарды.
1989 - 1990 жылдары Қазақстанның Компартиясының Орталық Комитетінің
ұлтаралық қатынастарының бөлімінің меңгерушісі болды.
1992 - 1993 жылдары "Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы еді.
1993 жылының қаңтар айынан бастап, 1994 жылының наурыз айына дейін
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі еді.
1994 жылдың сәуір айынан бастап, 1995 жылының наурыз айына дейін
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің (Парламентінің) төрағасы еді.
1995 жылы қайтадан Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі
болып істеді.
1996 жылы Қазақстан Республикасының Парламентының Мәжілісінің
халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы еді.
1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болып
жұмыс істеді.
Әбіш Кекілбаев – заманымыздың бір заңғар тұлғасы. Кекілбаев туралы сөз
айту кімге болса да оңайға түсе қоймас. Өйткені, Кекілбаевтың өзі бір әлем.
Шүкір, қазір сол ғажайып әлемді зерттеп, оның ерекшеліктеріне шұқшия
үңіліп, Кекілбаевтың шығармашылық өнері туралы жазылған мақалалар да
бірнеше томға жетерлік. Әбекеңнің шығармашылық еңбегі туралы пікір
білдіріп, еңбек жазғысы келген әрбір адам бұрынғы айтылған сөз, жазылған
дүниелерді қайталағысы келмей, тың жол тапқысы келетіні де табиғилық. Оған
қоса Кекілбаевтың өзінің әлем, қазақ тарихының көрнекті адамдары,
замандастары, осы заманның, біздің қоғамның құбылыстары, бағыт-бағдары
туралы толып жатқан ой толғаулары да, публицистикалық шығармалары да елге
белгілі. Кекілбаевтай шешендікпен сөйлеп, Кекілбаевтың шеберлігіндей жазу –
тек сол Әбекеңнің үлесіне тиген жеке тұлғалық ерекше қасиет.
Кекілбаевты біздің қазақ оқушысы, қазақ қоғамы ең алдымен ақын, жазушы
ретінде таныды. Кекілбаев толғанса – роман, көсілсе көсемсөз туады.
Өндіріп, өнімді жазатын суреткер. Туындыларының көрінісі көркемдігімен,
кейіпкер бейнелері шежірелі шешендігімен, оқиғасы тарихи деректілігімен
қатар өріліп, астарлы сөз, ой дариясының тұңғиығына шомылдырады. Менің
қатарым оның әдебиет сыншысы ретінде қарымды еңбек еткенін де біледі.
Кекілбаевтың өзін көрмей, білмей тұрғанда оның әдеби сын мақалаларын
оқитынбыз. Әбіш Кекілбаевтың әдеби шығармалары, әдебиет туралы өте зерделі
сын мақалалары сол кездегі “Лениншіл жас” (бүгінгі “Жас Алаш”), “Қазақ
әдебиеті” газеттерінде, “Жұлдыз” журналында жарық көре қалса, жібермей
оқып, қаламгердің сондай білімгерлігіне, білгіштігіне тәнті болып, таң
қалып жүретін едік. Жазғандарына қарап, жазушының жас шамасы сол Ғабит
Мүсіреповтердің қатарындағы адам шығар деп ойлайтынбыз. Оның сол кезде
жиырма бес пен отыздың арасындағы жігіт екенін де кейін білдік. Сын
мақалаларымен қатар Кекілбаевтың көптеген әдеби шығармалары дүниеге келе
бастағанда көптеген оқушылар іздегенін тауып, күткені келгендей қуанғаны да
есімізде. “Күй”, “Шыңырау”, “Ханша дария хикаясы” деген Әбекеңнің сол
кездегі шығармалары оқушыларының дүниетанымына жаңа бір рухани серпіліс
берген-ді. Тақауда ғана жарыққа шыққан Әбекеңнің 25 жасында жазған “Күй”
повесі бойынша түсірілген “Кек” фильмін бүгінгі көрермендер де түсініп,
жылы қабылдады.
Әбекеңнің қоғамдағы феномені – оның толассыз ізденгіштігі мен
зерттеушілігі, сол қазынасын жиылған жүк құсатып тең-тең етіп қоймай,
түйдек-түйдегімен оқушысына, еліне, жұртына тасқындатып төгіп жатуында.
Сондықтан да әдебиет сүйер қауым Әбекең не жазды екен деп күтіп жүреді,
шыққан дүниесін іздеп тауып, оқып жүреді. Әбекең оқушысын жерітпеген,
ренжітпеген, көңілін қалдырмаған, қаламы демікпеген, шабыты сарқылмаған
жазушы, қоғамның сергек сарапшысы. Асқар Сүлейменов өзінің бір мақаласында
былай деп жазыпты: “Кекілбаев дарыны мейлінше ғибратты дарын. Оның
кеңістігінің өзінен ұғымтал көкірекпен жіті көз адуын өнердің мінезін
көреді”. (Ә.Кекілбайұлы, 1-том, 387-бет).
Оның “Аңыздың ақыры”, “Үркер”, “Елең-алаң” тарихи романдары тек тарихи
шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық
рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік
қуатты шығармалар. Әбіш Кекілбаевтың қай қасиетін сөз етсек те ең алдымен
қазақ санасында оның әдебиет сыншысы, шебер, көркем шығарма жазушылығы алғы
кезекке шығады. Әдебиетке бала кезінен мол дайындықпен келгені оның терең
шығармаларынан айқын көрінеді. Әдеттегідей жасқана, имене әдебиеттің есігін
ашқан жас өскін емес, білімі толық, кемелі келісті, қаламы төселіп, дауысы
орныққан дарын иесі екендігі шүбәсіз, нық басқан салмақтылықпен келді. Ол
өзінің көркем сөз зергерлігімен біздің рухани өмірімізді байытты, көзімізді
ашты, көкірегімізге ұлттық сенім, сана ұялатты.
Жазушы Әбіш Кекілбаевтың көркем шығармаларының қай-қайсысы болсын
оқушысын бей-жай қалдырған емес. Қоғамның елеулі оқиғасы, құбылысы болып,
еніп жатты.
Өткен ХХ ғасырдың 60-70-жылдары қазақ әдебиетінің қайта өркендеу дәуірі
болды десек қателесе қоймаспыз. Кезінде, көзі тірісінде “Алыптар тобы”
атанып, елдің, қоғамның рухани көсемдеріндей болған Мұхтар Әуезов, Ғабит
Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин сынды әйгілі суреткерлердің ізін
баса, өкшелес келген Жұбан Молдағалиев, Сырбай Мәуленов, Тахауи Ахтанов,
Әбдіжәміл Нұрпейісов, Ілияс Есенберлин қазақ әдебиетін дамудың жаңа
кезеңіне көтерумен бірге қоғам қайраткерлері ретінде танылды. Әдеби
шығармалар үздіксіз сұранысқа ие болып, қоғамның қозғаушы ірі күшіне
айналды. Әдебиеттің, әдебиет қайраткерлерінің қоғамда мәртебесі артты,
беделі өсіп, тұрақтанды. Адамдар олардың зиялы сөз, саналы ойына құлақ
асты. Зейін қойды.
Осы тұста келіп қосылған жас толқынның екпіні де, сарыны да, әуезі мен
үні де ерекше қуатты еді. Олардың өрнегі, қаламгерлігі, қоғам ісіне
араласқан қайраткерлігі де жаңа серпінге толы болды. Шоғыр жұлдыздар
қатарындағы Әнуар Әлімжанов, Олжас Сүлейменов, Шерхан Мұртаза, Әбіш
Кекілбаев, Сайын Мұратбековтің әрқайсысы бір ой мен сөздің сәнін түзеген
жасаулы керуендей әсер қалдыратын. Оларға ілесе саясат сахнасына Фариза
Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов, Нұрлан Оразалин көтерілді.
Бұл мақалада Әбекеңнің жазушылығына сараптама жасау мақсатымыз емес.
Сол жазушы еңбегінің қоғамға қажет болғандығын, жаңа қоғамның, жаңа
мемлекеттің қалыптасуында Әбіш Кекілбаевтай талғампаз білімдардың
мемлекеттік саясат ісіне араласу қажеттілігі сөз болмақ. Әбіш Кекілбаев
осындай дарыны бөлек, сөзі ерек жазушы болмаса мемлекет, қоғам ісіне,
саясатқа дәл бүгінгідей араласа алар ма еді? Әрине, бұл сұрақ.
Әбіш Кекілбаев туралы сөз айтуға талпынсақ – оның азаматтық қызметінің
кең ауқымдылығы мен тұтас тұлғасының жан-жақты, көп салалығымен бетпе-бет
келетініміз хақ. Біразын айтып көрейік.
Әбіш Кекілбаев – жазушы.
Әбіш Кекілбаев – философ.
Әбіш Кекілбаев – тарихшы.
Әбіш Кекілбаев – аудармашы.
Әбіш Кекілбаев – шешен.
Әбіш Кекілбаев – шежіре.
Әбіш Кекілбаев – мәдениеттанушы.
Әбіш Кекілбаев – ғалым.
Әбіш Кекілбаев – публицист.
Әбіш Кекілбаев – өнертанушы.
Әбіш Кекілбаев – әлеуметтанушы.
Әбіш Кекілбаев – саясаттанушы.
Әбіш Кекілбаев – кітапхана.
Әбіш Кекілбаев – энциклопедия.
Әбіш Кекілбаев – гуманист.
Әбіш Кекілбаев – қайраткер.
Осы айтылған анықтамалардың әрқайсысын бір-бір зерттеу мақалаға немесе
тақырыптық лекцияға арнаса да болар еді.
Әбекеңнің кез келген ортада, кез келген мінберден тауып сөйлеп,
көңілдің хошын көтеріп кететіні туралы оны сүйсініп тыңдайтын адамдар
арасында аңызға парапар әңгімелер айтылады.
Бірде, Әбекең Еуразия университетінде жаһандану құбылысы туралы лекция
оқыды. Үлкен зал толы студенттер мен оқытушы, профессорлар, ғалымдар
сілтідей тынып, қызығушылықпен тыңдады. Лекция біткен соң тыңдаушылар
жұмыла ризашылықпен қол соқты. Соңыра, тіл білімінің профессоры Мырзатай
Серғалиев Әбекеңнің лекциясына өте жоғары баға беріп, орыс мәдениетінің
көрнекті қайраткері А.Луначарскийді еске алып: “Біздің Әбекең қажет болса –
сайтан туралы да бір сағаттық лекция оқитын шығар”, – дегенде залдағылар
серпіліп, ұзақ қол шапалақтады. Шынында да кезінде ғұлама Мұхтар Әуезовтің
лекцияларынан нәр алған Әбіш Кекілбаев – ғасырлар тереңінен келе жатқан
даналардың заңды жалғасы, жаңа заман зиялыларының көш бастаушысы десек,
артық айтқандық болмас.
Әбекеңнің естен кетпейтін тағы бір тарихи танымдық, шежірелік
лекциялары 1992 жылдың жазында Маңғыстау жерінде өткізіліп еді. Әбекең ол
кезде Жоғарғы Кеңестің Мәдениет, тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі
комитетінің төрағасы. Комитеттің көшпелі мәжілісі өтті. Комитет мәжілісіне
50-60 адам ғалымдар, өнер, мәдениет қайраткерлері, депутаттар, жазушылар,
министрлер, баспасөз қызметкерлері қатынасты. Аңыз бен тарихқа толы
Маңғыстаудың Үстірті мен Ойпаңында бір жұма жер аралап жүріп, Әбіштің
лекцияларын тыңдадық. Бұл – теңдесі жоқ тарих, ел тану, жер танудың ғажап
сабақтары болды. Әбекең төгілді. Әсерімізді әлі күнге сөзбен айтып жеткізе
алмаспыз. Әбекеңнің Ұлы даладағы лекциялары туралы Герольд Бельгер тамаша
очерктер жазды. Өзі де ғұлама ғалым, Маңғыстауды аз білмейтін академик,
марқұм Зейнолла Қабдолов риза болғанын “Мен Әбішті деп айтуға бата алмай
тұрмын, ойпырай, бұл не деген білім?”, – деп таңғалғанын жасыра алмады.
Мырзатай Жолдасбеков: “Маңғыстауда ежелден 362 әулие бар еді, 363-ші әулие
Әбіш Кекілбаев шығар”, – деді. Ол сөздер Әбекеңнің біліміне риза
болғандықтан айтылған сөздер.
Міне, тұла бойы телегей-теңіз дарын мен талантқа толы интеллектуалдық
құбылыстың қыр-сырына терең үңілместен-ақ, оның жазғандарын оқып,
толғамдарына тоқталып, сәті түссе дидарласқан адамның сезінетіні. Яғни,
қазақ тарихының кесек бітімінің бірі Әбіш Кекілбаев еңбегінің әр саласы
тарау-тарау зерттеулер мен құлаш-құлаш мақалаларға арқау боларлық.
Әбіш Кекілбаевтың болмысына ден қойсақ, жай көзге, адами дидарласуға
ғана қарапайым көрінуі мүмкін. Бұл – әрине, алдамшы сезім. Шын мәнінде
Әбекең кез келген шығармашыл тұлға ретінде күрделінің күрделісі. Оның
қарапайым көрінетіні – тірі пендеге арамдығы мен залалы, тәкаппарлығы мен
менменсуі, кердеңі мен шіренуі жоқ, Жаратушының бере салған дархан жүрек,
жомарт пейіл қасиетінен. Залал түгілі тіпті өзі жақтыра бермейтін жұғымсыз,
сырғанақ, жылпос, берекесіз адам туралы да жаңсақ пікір, жаман сөз айтып
көрмеген ерекше төзімшіл даналығы Әбекеңнің тұлғасының ірілігін айшықтап-ақ
тұрады. Әбекең күй таңдамайды. Жазғысы келсе Эрнст Хэмингуейдің түнгі
бардың биік үстелінде тұрып жазатынындай кез келген жерде отырып, жүріп
жаза береді. “Шандоздың” көп тарауларын Алтайдың көкмайса сұлу шатқалында
біз атқа мініп, сауық, сайран, серуен құрып жүргенде, сол рахаттан өзін
тежеп, Махамбетпен “оңаша қалып”, тарих беттерін қайта ақтарып, бұрқыратып
жазды. Уақытына өте мұқият. Кешікпейді, жинақы жүреді. Төңірегіне өте
қырағы. Тауда жүрсе – қиядағыны, далада жүрсе – көкжиектегіні көреді.
Ешнәрсені ұмытпайды. Зердесі мықты. Уәде берсе орындайды, сөзіне берік –
рыцарь. Қырынан қарасаң, дүрдік еріндері Қажымұқанның суретін еске
түсіретін палуан пішіндес Әбекеңнің адам таңғалатындай нәзік сезімталдығы
мен кейде жоқтан өзгеге шыр-пыр болып мазасызданып қалатыны да болады. Шөл
мен аптапқа сыр бермес төзімді, Үстірттің қара нарындай кейпінде арқаның
құрық тимеген асауындай тарпаңдық та, Алатаудың қарағай мүйізді Арқарының
маңғаздығы да менмұндалап тұрады. Осының бәрі түп нағашысы – Қара Боқан мен
бағзы бабасы – Қожаназардан өрбіп келе жатқан өшпес мұра, бай мінезі болса,
шешендігі мен тапқырлығы, зиялылығы мен дархандығы – көзіміз көріп, мейір
шапағатынан ғибрат алған ұлы ана – Айсәуледен дарыған асыл қасиеттері
дерсің.
“Жазушыға саясат не керек?” деген де сөз айтылды. Бірақ жазушы
қоғамның алдыңғы қатарлы озық ойшылы бола отырып, қоғамның әртүрлі
құбылыстарын тек сырттан бақылаушы емес, оған өз бағасын беріп, ұсыныс-
пікірлерімен де тікелей араласарлық мүмкіндіктерін үнемі ескере бермейміз.
Кекілбаев өткен заманда да партия қызметіне шақырылды. Бірақ, партияның
солақай қолшоқпарына ешқашан айналған емес. Керісінше, әсіресе әдебиет,
мәдениетке партия саясатының әділ қалыптасуына оң ықпалын тигізді. Өйткені,
Әбекең өзінің табиғи шыншыл, адал, әділ болмысын сақтап қана қоймай,
қоғамдағы әртүрлі оқиға, қарым-қатынасқа да азаматтықтың ар тұрғысынан
қарай білді.
Біз кейде бүгінгі күннің биігінен өткен заманымыздың қыр-сырына үңіліп
жатпастан, бәрін “бір қауызға” сыйғызып, “бір сыпырғышпен” сыпырып, баға
беріп жататынымыз бар. Сол тоталитарлық жүйенің кезінде де әртүрлі
лауазымды қызметтерде жүріп, ұлтымыздың ұлттық мәдениет, әдебиет, ұлттық
мұра, салт-дәстүрлерінің сақталуына сақшы болған ардақты адамдарымыз да
баршылық. Әбекең ол адамдардың өмірі мен қызметін, ұлттық ұстанымдары мен
дүниетанымын жақсы біледі, олар туралы ауыз тұшытып айтып та жүреді.
Әбекеңнің сондай ыждаһатпен айтатын адамдарының қатарында Нұртас
Оңдасыновтың, Ілияс Омаровтың, Өзбекәлі Жәнібековтің орындары бөлек. Олар
сол кездерде партияның идеология саласының, немесе үкімет басшысының
қызметінде жүргендерін қазақтың ұлттық мәдениетінің өркендеуіне жұмсағанын
тек шежіре түрінде ғана жинақтап қоймай, өзінің қоғамдық, мемлекеттік
қызметінде де үлгі еткенге ұқсайды. Осы арыстардың қазақтың тілін,
әдебиетін, мәдениетін, ұлттық ерекшеліктерін мәртебелеу жолындағы
білімдарлық еңбектерін, саяси ұтқырлықтары мен тапқырлықтарын нақты
деректермен негіздеп, олардың іс-әрекеттері туралы шабыты келген шақта
төгілтіп әңгіме айтады.
Әбекең өткен ғасырдың 70-80 жылдар аралығында мәдениет, әдебиет, кино
салаларында ұйымдастыру-шығармашылық қызметтерін атқара жүріп, өзінің
жазушылық кәсібін алдыңғы қатарға қоя білді. Партияның Орталық Комитетінің
мәдениет бөлімінде әдебиет секторының меңгерушілігіне Әбіш Кекілбаев
жазушыларға да, қоғамға да сөйлесе сөзі өтетін, қажет кезінде басқарушы
билікке олардың да талап, тілегін, сөзін өткізе алатын беделді қаламгер,
тәжірибелі саясаткер ретінде қызметке шақырылды. Сол жылдарда бір-бірімізді
түсінісіп, сырласып, ақылдасып жүріп абыройлы қызмет атқардық. Әбекең
Орталық Комитеттен Мәдениет министрінің орынбасары қызметіне жіберіліп,
қысқа мерзімде қыруар істер атқара алды. Әрине, ол лауазым шекпені
Әбекеңнің иығына тарлау болғаны да рас. Бірақ сол кезде жасақталып жатқан
мемлекеттік тарихи мұражай үшін, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің
жөнделуі, басқа да тарихи ескерткіштерді сақтап, жандандыру үшін Әбекеңнің
сол салаға келуі пайдалы болды. Соңыра Әбекең қайтадан Орталық Комитетке
ұлтаралық қатынастар бөлімінің басшылық қызметіне шақырылды.
Жаңа мемлекет тұсында да Әбекең – депутат, Комитет төрағасы, Жоғарғы
Кеңес Төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Сенат депутаты сияқты лауазымды
қызметтерді абыроймен атқарып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Әбіш Кекілбаев – жазушы, қоғам қайраткері»
Әбіш Кекілбаев мемлекет қайраткері
Әбіш Кекілбаев (1939-2015)
Әбіш Кекілбаев прозасының көркем әлемі
Қазақ университеті
Жазушының публицистік шеберлігін қазақтың шешендік дәстүрі аясында қарастырып, болмысты көркем бейнелеу ерекшеліктерін зерделеу
Ә. Кекілбаев өмірі және алғашқы шығармашылық қадамдары
Жазушы шығармаларындағы ұлттық мінез бен қазақы болмыс
Әбіш Кекілбаев, жазушы, Парламент Сенатының депутаты, қоғам және мемлекет қайраткері: егемендік декларациясын қабылдау оңайға түскен жоқ
Қоғам және мемлекет қайраткері, қаламгер, драматург, философ, сыншы Әбіш Кекілбайұлының өмірі және қызметімен танысу
Пәндер