Қазіргі қоғам және ондағы мұғалім



Кіріспе
І. Қазргі қоғам және мұғалім
ІІ. Мұғалімнің қызметі және оған сипаттама
ІІІ. Педагогтік шеберлік
VI. Қазақстандағы кешегі, бүгінгі , ертеңгі білім беру.


Қорытынды

Әдебиеттер тізімі
Бұл рефераттың тақырыбы «Қазіргі көғам және ондағы мұғалім». Мұнда қарастырылатын жайт мектеп және мұғалім болып отыр. Оны үш тарауға бөліп қарауға болады. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру жғдайында, адам факторын жандандыру және ізгілікті демократиялық жан-жақты дамыған жеке адамын қалыптастыруда мұғалімнің алатын рөлін көрсету. Педагогикалық еңбектің ерекшелігіне сипаттама беру, мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптарды түсіндіру. Мұғалімнің мәртебесі шәкірттер үшін өте жоғары. Өйткені оқушыны алғаш мектебін ашқанда қабылдайтын да, алғашқы әріп пен есепті үйрететін де, соңғы мектеппен қоштасарда да шығарып салатын да осы қарастырайын деп отырған тақырыптағы мұғалім болып табылады.
Жалпы білім беру ісін қайта құру сонымен бірге оқу тәрбие жүйесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдірудің программалық міндетін шешу жас мамандардың кәсіби біліктілігіне, мәдениетіне, рухани кемелдігіне тікелей байланысты. «Халық мұғалімі – жасөспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы – баларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және аса қиын кәсіп, бұған өз өмірін арнаған адамнан тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын, балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адамдықты талап етеді» Мұғалім – адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық иесі. Тәрбие деген атаулы ұғымның пайда болғанынан бері бұл қызметтің ең беделді, әрі ең білгір адамдарға тапсырылатыны сондықтан. Осыға орай мұғалім – тәрбиешілердің еңбегіне қоғамда зор мән берілген.
1. Б. Р. Айтмамбетова, А. А. Бейсенбаева «Педагогика курсының лекциялары», Алматы – 1991
2. А. Ильина «Педагогика» Алматы – 1997
3. Қоянбаев «Педагогика» Астана – 1998
4. Әбдиев, Бабаев, Құдиярова «Педагогика» Алматы – 2004
5. Рувинский Л. В. «Мамандыққа кіріспе» Алматы – 1991
6. Абай атындағы Қазақ Педагогикалық Мемлекеттік Университеті «Педагогика» Алматы – 2003

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
І. Қазргі қоғам және мұғалім
ІІ. Мұғалімнің қызметі және оған сипаттама
ІІІ. Педагогтік шеберлік

VI. Қазақстандағы кешегі, бүгінгі , ертеңгі білім беру.

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Бұл рефераттың тақырыбы Қазіргі көғам және ондағы мұғалім. Мұнда
қарастырылатын жайт мектеп және мұғалім болып отыр. Оны үш тарауға бөліп
қарауға болады. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру жғдайында,
адам факторын жандандыру және ізгілікті демократиялық жан-жақты дамыған
жеке адамын қалыптастыруда мұғалімнің алатын рөлін көрсету. Педагогикалық
еңбектің ерекшелігіне сипаттама беру, мұғалімнің жеке басына қойылатын
талаптарды түсіндіру. Мұғалімнің мәртебесі шәкірттер үшін өте жоғары.
Өйткені оқушыны алғаш мектебін ашқанда қабылдайтын да, алғашқы әріп пен
есепті үйрететін де, соңғы мектеппен қоштасарда да шығарып салатын да осы
қарастырайын деп отырған тақырыптағы мұғалім болып табылады.
Жалпы білім беру ісін қайта құру сонымен бірге оқу тәрбие
жүйесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру мүмкін емес.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдірудің программалық міндетін
шешу жас мамандардың кәсіби біліктілігіне, мәдениетіне, рухани кемелдігіне
тікелей байланысты. Халық мұғалімі – жасөспірімнің рухани дүниесінің
мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы – баларды, өзінің үмітін,
өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және аса қиын
кәсіп, бұған өз өмірін арнаған адамнан тұрақты шығармашылықты, ойдың
тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын, балаларға сүйіспеншілікті,
іске шексіз адамдықты талап етеді Мұғалім – адамды
қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық иесі. Тәрбие деген
атаулы ұғымның пайда болғанынан бері бұл қызметтің ең беделді, әрі ең
білгір адамдарға тапсырылатыны сондықтан. Осыға орай мұғалім –
тәрбиешілердің еңбегіне қоғамда зор мән берілген. Сонымен, қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңінде адам тәрбиесі, бір жағынан,
қоғамның өзіне қажетті негізгі міндеті болуымен қатар, екінші жағынан,
қоғамның одан әрі алға дамуына мүмкіндік жасайтын жағдай болып табылады.
Сондықтан, бұл күндері тәрбие барған сайын қоғамдық өмірдің барлық саласына
еніп, жалпылық сипатқа айналуда. Қазірдің өзінде-ақ, біз адамдарға тәрбие
берудің үздіксіз жүйесін тұтастай бірлік процесі шын мәнінде қалыптастып
жатқанын көріп отырмыз. Мектеп және басқа әлеуметтік орындар өскелең
ұрпақты тәрбиелеу ісін қоғамдық тәрбие беруші барлық күштерді интеграциялау
арқылы жүзеге асыруда. Бұл орайда жаңаша ойлау жүйесіне негізделген қайта
құрудың күретамыры – мектепті гуманитарландыру және демократияландыру
еліміздегі барлық жаңару жолындағы мақсат міндеттермен ұштасып жатыр.
Сонымен, бүгіңгі таңда толғағы жеткен көптеген педагогикалық әлеуметтік
проблемалар қазіргі мұғалімнің ой-санасының жаңаруымен, жаңа міндеттерді
айқын түсінуімен, педагогтардың белсенділігімен, шығармашылық
қатынастарымен шешіледі.
Мұғалімнің қызметі өте күрделі әрі көп салалы. Мұғалім оқушының
жеке басының дамуын, қалыптасуын, білім беру мен тәрбие және оқыту процесін
басқарады. Сондықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары
педагогикалық шеберлік, идеялық шыныққандық, саяси-моральдік қасиет,
табанды ерік-жігер, парасатты мінез-құлақ талап етіледі. Мұғалімнің еңбегі
өте-мөте ептілікті, сезгіштікті, шыдамдылықты, әрі сергектікті талап етеді.
Мұғалім – бала жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі бірге
болудан, араласудан жалықпайтын және одан өзіне зор ләззат алатын адам. В.
А. Сухомлинский Мұғалімнің өміріндегі ең басты нәрсе не болып еді? Бұған
ойланып жатпастан-ақ, балаларға деген сүйіспеншілік деп жауап беремін -
деген. Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі қарым-қатынаста
болуымен және рухани араласуымен сипатталуында. Сондықтан мұғалімнің жалпы
мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы оның интеллектуалдық мүмкіндігі, ой-
өрісінің кеңдігі, рухани байлығы педагогикалық процесті тиімді
ұйымдастыруға зо ықпал жасайды. Өз бетінше ойлай білу, қиын динамикалық
жағдайларда жол таба білу – қазіргі заман мұғаліміне тән кәсіби бейне.
Ойлау процесінің әрдайым педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталуы,
білімдер комплексінің маңызды болуы, мұғалімнің кәсіби мінез-құлқы мен
әрекетіне өзіндік сипат береді. Бүгінгі мұғалім балаларға білім беруші ғана
емес, сонымен қатар олардың жаңадан ғана қалыптасып келе жатқан сана-
сезімін жоғары дәрежедегі рухани байлықтармен байытушы,балаларға қоғамдық
пайдалы еңбекке деген қажеттілікті аятушы, оларды өз бетінше жаңалық ашуға,
жаңалық жасауға үйретуші әлеуметтік белсенділігі бар жеке адамды
тәрбиелеуші. Сондықтан мұғалім оқушылардан осы қасиеттерді көру үшін, ең
алдымен, осындай жақсы жақтарды өз бойында тәрбиелеуі тиіс, Мұғалім еш бір
қажымайтын, өз ісін сүйетін, өзінің шығармашылық деңгейін әрдайым молайтып
отыратын мамандық иесі. Мұғалім жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде
кәсіптік деңгейі және ұстаздық тәрбиелігі жоғары болуы үшін педагогикалық –
психологиялық арнайы зерттеулер негізінде айқындалған педагог мамандығына
сай іскерлік пен дағдыларды меңгеруі тиіс. өйткені педагогтық іс- әрекет
өте динамикалық жүйе, оның өзіндік арнайы құрлымы бар. Олар бірнеше
бөліктерден тұрады: танымдылық, құра білушілік, камуникативтік(қарым-
қатынас), ұйымдастырушылық, хабарлама және зерттеушілік іскерліктер мен
дағдылар. Танымдық іскерлік ең алдымен жеке бастың интелектуалдық
мүмкіндігі, мамандық еңбегінің негізі болып саналады. Құра білу іскерлігі –
оқу-тәрбие жұмысын моделдеу, жоспарлау, композициялық материалдарды іріктеп
алумен сипатталады. Қарым-қатынас іскерлігі – бұл мұғалімнің педагогикалық
процестің барысында адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренуі. Хабарлау
іскерлігі – жеке педагогикалық іскерлік болып бөлінеді. Ұйымдастырушылық
іскерлік – бұл мұғалім еңбегінің бөлімбейтін үнемі жүріп отыратын маңызды
саласы. Зерттеушілік іскерлік - әрбір педагогикалық құблыстарғағылыми
тұрғыдан қарауды, ғылыми болжам жасауды, жобалау және эксперемент жүргізуді
жоспарлауды, сонымен қатар мұғалім озат тәжірибені де, өзінің тәжірибесінде
жинақтауды, оларды теориялық-практикалық негізде талдау жасауды және мектеп
өміріне ендіруді қамтиды.
Педагогикалық-кәсіптік қасиеттері – балаға деген ынта

Ықылас махаббат, педагогикалық еңбекке қызығу, психологиялық-
педагогикалық сезгіштік, байқағыштық, әділдік, талап қоя білушілік,
табандылық, ұстамдылық өзін-өзі басқара білу, қайырымдылық, мамандық
еңбекті сүйе білу. Қазіргі кезде мұғалім мамандығына қойылатын талаптың
бірі оның өзі тарапынан оқушымен, ата-аналар мен әріптестермен
демократиялық, гуманитарлық және жариялық принципті негіздерде қарым-
қатынас жасау педагогикалық ынтымақтастықты жүзеге асыра білу. Сонымен,
мұғалімнің өсіп жетілуі оның педагогикалық шеберлігіне байланысты. Ал
педагогикалық шеберлік мұғалімнің мектептегі оқу тәрбие жұмысы мен кәсіби
білімнің кешенді дайындығының негізі болып табылады.
Педагогикалық инциклопедияда: “Шығармашылық дегеніміз адамның
белсенділігі мен дербес іс-әректінің ең жоғарғы формасы”—деп анықтама
берілген. Ал адмның белсенді де дербес іс-әректін шегі жоқ алуан салалы.
Тұтас педагогикалық процесс мұғалім мен оқушы өзара тығыз байланысты іс-
әрекетпен сипатталады. Бұл жерде еске алтын нәрсе мұғалімнің қызметінің
ерекшелігі өсіп-дамып келе жатқан жас баланың ішкі жан дүниесін үнемі сезе
білуі. Сондықтан ешбір оқулық та, программа да мұғалім мен бала арасындағы
жанды ынтымақтастықты алмастыра алмайды. Бұдан туындайтын ой: бүгінгі
мектептегі педагогикалық процесте мұғалімді де, оқушыны да бірдей
шығармашылық позицияға қоятын педагогикалық ситуция туғызу. Шығармашылық-
бұл белгілі қатынас арқылы өзара байланысқан және өзара жағдайында
педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған қызметтің жүйесі.
Педагогикалық шеберліктің іске асуы байқалатын тәжірибені мақсатты және
белсенді түрде пайдалануға байланысты. Шеберліктің ең жоғарғы деңгейіне
жетудің жолы жан-жақтылықпен оның құрамына енетін педагогикалық
әрекеттердің бір-біріне ауысуы мен сипатталады. Басқа мамандық иелеріні
қарағанда мұғалімдердің өз білімдерін және жұмыс әдістерін жағңртып отыруы-
мамндық заңдылығы. Сондықтан мұғалім педагогикалық іс-әрекеттерді меңгеруі
тиіс. Жаңашылдық пен шығармашылық әрқашанда мұғалімдердің дәстүрі болды.
Қоғамдық өмірдің барлық жақтарын революциялық қайта құру дағдайында
педагогикалық шығармашылықтың да әлеуметтік мәні түбіріне өзгереді: ол
бұрынғыдан да жалпылық мәнге ие болады. Осы кезде В.А. Сухамлинскийдің
мектеп жетекшілеріне айтқан сөзін келтірген жөн: “Егер, сіздер,
педагогикалық еңбек мұғалімге қуаныш әкелсін десеңіздер, күнделікті сабақ
іш пыстыратын бір сарынды міндетке айналмасын десеңіздер, әрбір мұғалімді
шығармашылық еңбектің бақытты соқпағына түсіріңіздер”.
Қорыта келгенде осы жоғары да айтылған талаптардың бәрі бүгінгі
таңдағы мұғалімдерде болмауы тиіс. Өзара алдағы уақытта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану
Мұғалім және оның қазіргі қоғамдағы орны
Бала тәрбиесі үшін педагогикалық идеялар маңызы
Қазіргі таңдағы сабақты жүргізуде жаңа технологияларды қолдану
Бастауыш сынып оқушыларына оқу – тәрбие процесінде экологиялық тәрбие беру мәселелері
«Математика пәнін оқытуда СТО технологиясын пайдалану»
Тарихшы мұғалім әрекетінің құрылымы мен мазмұны
Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы
Тәрбиешінің тұлғалық қасиеттерін ұйымдастыруда әсерін анықтау
5-сыныптың «Ежелгі дүние тарихы» оқулығымен оқушылардың жұмыс істеуі
Пәндер