Дін туралы түсінік



Жоспары

Кіріспе.

1. Дін туралы түсінік.

2. Діннің пайда болуы.

Негізгі бөлім

3. Әлемдік діндер.

4. Ислам діні . әлемдік діндердің бірі.

5.Ислам дінінің тарихы.

Қорытынды
Ата-аналарды құқығынан айырудың негіздері мен тәртібі
Ата-аналарды олардың ата-аналық құқығынан айыру ата-аналық парызын орындамағаны үшін қолданылатын айрықша және ең жоғары жауапкершілік шарасы болып табылады. Ата-аналық құқықтан айыруға заң негізінде және заңда белгіленген тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
Сол нысандарды қарастырып көрелік:
 Ата-аналардың ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтаруы, соның ішінде алимент төлеуден әдейі жалтаруы;
 Ата-анасының дәлелді себептерсіз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де ұқсас мекемелерден алудан бас тартуы;
Егерде ата-аналарының өтініші немесе келісімі бойынша күш-қуат не психикалық даму жағынан кемістіктері бар кәмелетке толмаған бала арнаулы мекемеде де психикалық стационарда жататын болса, ол ата-аналарын ата-аналық құқығынан айырудың негізі деп қаралмауы керек, өйткені ата-аналарының мұндай баланы толық мемлекет қамқорлығына орналастыруға құқығы бар;
 Ата-аналардың өздерінің ата-аналық құқықтарын теріс пайдалануы;
 Ата-аналарының балаларына қатыгездік көрсетуі, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасау, сондай-ақ олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасау. Балалардың жыныстық пәктігіне қастандық жасау қылмыстық жазаға тартылатын әрекет болып табылады;
 Ата-ананың тиісті медициналық қорытындыларымен дәлеледенген созылмалы маскүнемдікпен немесе нашақорлық аурумен ауруы;
 Ата-аналардың өз балаларының немесе жұбайының өмірі мен денсаулығына қасақана нұқсан келтіруі.
Ата-аналық құқықтан айыру баланың құқықтары мен мүдделерін басқа жолдармен қорғау мүмкін болмаған жағдайда қолданылатын қатаң жаза болып табылады. Тек сот қана ата-аналық құқықтан айырады.


Соттарда ата-аналық құқықтан айыру туралы істі қозғауға
құқығы бар тұлға.
«Неке және отбасы туралы» Заңның 68-бабына сәйкес ол ата-аналардың біреуі немесе оларды алмастыратын адам, яғни қорғаншы, қамқоршы, асырап алған ата-аналары), прокурор, кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау міндеті жүктелген органдар немесе мекемелер.
Өзге де мүдделі адамдардың немесе ата-аналық құқықтан айыруды талап етіп сотқа мәселе қоюға құқығы жоқ, бірақ бұл жөнінде прокурордың немесе құзырлы органдардың алдына жүгіне алатын органдар.
Пайдаланған әдебиеттер


1. Оспанов Қ.И.: «Құқық негіздері»; «Жеті жарғы», Алматы, 2006 ж.

2. «Қазақстан ұлттық энциклопедия» 7 том; «Қазақ энциклопедиясының»
Бас редакциясы; Алматы, 2005 ж.

3. «Мемлекет және құқық негіздері» оқулық; «Жеті жарғы», Алматы, 2001 ж.

4. Ибраева А., Әлібаева Г., Айтхожин Қ.: «Құқықтану» 10 сынып оқулығы; «Мектеп», Алматы, 2006 ж.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Дін - адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған
дүниеге, табиғатқа, өөзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы
мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы; адамзат
танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын
мифология, философия және ғылымнан ерекше өзіндік бір тұрпаты;
адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени
институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс. Діннің басты
белгісі – адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс
түріне сену және оны мойындау. Ислам философиясының түсіндіруінше,
дін дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім.
Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының
жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп,
оның ажырамас бөлшек екенін адам өз жүрегі арқылы сезетін болады.
Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы
Құдаймен байланысын орнату болса, ислам тұжырымдамасы бойынша,
рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы
махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп, шынайы
діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып
өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне
және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл
сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан,
имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін
жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі
себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын
түсіндіріп, танып білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік
жасайтын іс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды, болмысты толық
қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Діннің шығуы қазіргі ғылымның
зерттеулері бойынша 40 – 50 мың жыл бұрынғы палеолит (тас дәуірі),
яғни алғашқы қауымдық қоғамның салыстырмалы түрде жоғары деңгейдегі
даму кезеңіне жатқызылып отыр. Аталмыш кезеңнің мәдениет
ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылықта қолданылған
сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ, діни наным-сенімдердің
болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары
және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де
дәлелдейді. Діннің шығуы адам ақыл—ойында теориялық ойлау және ойдың
шынайы өмірден ажырау мүмкіндігінің пайда болуы деңгейімен де
байланысты. Адамзат тарихында өн бойында дін адам сенімінің сипатына
және халықты қамтуына байланысты сан түрлі күйде болады. Бірінші
жағдайда қатысты оның тотемизм, анимизм, натуризм, шаманизм, фетишизм,
политезм (көптәңірлі), монотеизм (біртәңірлі), деизм (әлемді жаратқан
соң, оның одан әрі дамуына араласпайтын, белгілі бір тұлға
кейпіндегі емес әлдебір бастапқы себепті мойындайтын ілім), т.б.
түрлері пайда болды. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау барлық
діндерге тән емес. Ол қазіргі діндерден, мәселен, ислам, христиан,
иуда діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты
қамтуы жөнінен діннің тайпалық – халықтық және ұлтаралық немесе
әлемдік түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар
мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік
ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық
конфессиялары, т.б. Діннің екі сипаты бар. Төменгісі – сыртқы, ғибадат
ету, ал жоғарғысы – имандылық. Имандылық барлық дерлік діндерге ортақ,
діннің ішкі мәнін білдіреді, сондай-ақ, ғибадатты да қамтиды,
адамның сыртқы және ішкі болмысын тәрбиелейді. Діннің имандылық
сипатын қабылдайтындар бүкіл болмыстың себебінің, заңдылықтарының бар
екенін толық түсініп, оларды танып-біліп, бойына сіңіріп және
бұлжытпай орындауға ұмтылады. Барлық діндердің ұқсастығы және негізгі
мақсаты – бір Жаратушыға деген сүйіспеншілікке жету және оның
мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани тазарып, жетілу. Олардың
ішкі мәнінде ғана емес, салт – рәсімдерінде де көптеген ұқсастықтар
бар. Дүние жүзі халқының дені, негізінен , әлемдік үш дінді ислам,
христиандық, будда ұстанады.Осы әлемдік діндердің бірі ислам дініне
тоқталып өтсек.
Ислам діні — бүкіл әлемге ортақ құндылық. Ол бір ұлтқа немесе тек
мұсылмандарға ғана жіберілген дін емес. Сондықтан, Құран Кәрімде қаратпа
сөздер ей, арабтар немесе ей, бәдәуилер деп айтылмайды, ей, адам
ұрпақтары, ей, адамзат баласы және ей, мүминдер деп жалпыға ортақ
атаулар ретінде қолданылады. Бұл-қасиетті кітаптың бүкіл адамзатқа, тіпті,
бүкіл жаратылысқа жолдауы екенін көрсетсе керек. Сондай-ақ, Құранда Алла
Тағаланың соңғы елшісі Мұхаммед Мұстафаны (с.ғ. у.) бүкіл әлемдерге рахмет
— мейірім пайғамбары ретінде жіберілгені айтылады.
Ислам діні — бейбітшілік пен татулықтың, келісім мен кешірімнің
діні. Ислам дінінде дінді күштеп мойындату жоқ. Бақара сүресінде дінде
зорлық жоқ деп, ашық айтылған. Сонымен қтар, Құран Кәрімде бір адамды
өлтіргеннің бүкіл адамзатты өлтіргенмен бірдей күнә екені айтылады. Ал,
ислам діні соғыс жағдайының өзінде ана мен баланың, жазықсыз жандардың жапа
шегуіне рұқсат етпейді. Міне сондықтан, Құран үкіміне бас иіп, исламның
әміріне мойынсұнатын мұсылманның террорист болуы мүмкін емес. Өйткені,
шынайы мұсылман жазықсыз пенденің қанын мойнына арқалау былай тұрсын,
тіпті, жаратылыстың әрбір мүшесіне Жаратқанның туындысы ретінде ерекше
құрмет сезімімен қарап, оған қылдай қиянат жасауға дәті жібермейді.
Құдайға шүкір, еліміз лаңкестік әрекеттерінен әзірше ада.
Тұрақтылықтың баянды болуы үшін мемлекеттік шараларды арттырған дұрыс.
Дегенмен, жаһандық сипат алған лаңкестікке қарсы күресу үшін мемлекеттік
қауіпсіздікті нығайту жеткіліксіз болып табылады. Сондықтан, әртүрлі
арандатуға жол бермес үшін жалпы жұртшылықтың діни сауатын арттыру керек.
Өйткені, шала сауатты адам өзгенің жетегіне оңай еретіні белгілі. Міне, сол
үшін, діннің қақтығыс құралы емес, татулық пен келісім кепілі екені Құран
мен ислам тарихы арқылы кеңінен уағыздалуы керек. Сонымен бірге, ең
бастысы, әлемдегі озбырлық пен зұлымдықтың, теңсіздік пен әлеуметтік
әділетсіздіктің алдын алу керек.
Бүкіл адамзатқа ортақ құндылық болғандықтан, исламда әлеуметтік
әділет пен теңдік жан-жақты қарастырылған. Ол — капитализм сияқты тек
кісіні, немесе, социализм сияқты тек қоғамды ғана негізге алмайды. Кісілік
қалып пен оның қабілеті мен мүмкіндіктеріне толық ерік берген ислам діні
кісінің бақыты мен жамағаттың жақсылығы арасында керемет үйлесім құрған.
Өйткені, Аллаға иман келтірген, жамағатпен намаз оқыған, бауырларымен бірге
ауыз ашқан, кедей көршісіне зекет берген немесе Қағбаны тауап етіп айналып
жүрген мұсылмандардың барлығы, түр түсіне қарамастан, бір үйдің балалары
сияқты, бәрі бір-бірімен бауыр болып кетеді. Бұл бауырластық дүниеқұмарлық,
пайдакүнемдік немесе қандай да болмасын саяси билік үшін құралған жасанды
идеология емес, жүректер үндестігінен және сенім бірлігінен туындағын
рухани бірлестік еді. Үмбет болған адам бір жүрек, бір тілек болып бір
адамдай, бір ұлттай қабысып, астасып кетеді. Сондықтан, басқа сенім
өкілдерінде үмбет сөзінің баламасы жоқ. Өйткені, мұсылмандар арасындағы
бұл бауырластық қасиетті кітаптан бастау алады. Құран Кәрімде: Шын
мәнінде, мұсылмандар туыс. Туыстардың арасын жарастырыңыз және Алладан
қорқыңыз, сізге мейірімі түссін деп айтылады. Сондай-ақ, Хазіреті Мұхаммет
пайғамбар (с.ғ. у.) хадисінде: Бір-біріңізге қастық қылмаңыз, бір-
біріңізді қызғанбаңыз, көкірек керіп, мақтанбаңыз. Әй, Алланың құлдары,
туыс болыңыз деп, өсиет айтқан.
Сондықтан, мұсылмандар бір-біріне кешіріммен, келісіммен және
түсіністікпен қарап, туыстығын арттыра түскен. Имандағы бірлік жүректердің
бірлігін қалайды, жүректердің бірлігі қоғамдық бірлікке ұласады. Сондықтан,
Алланың бірлігіне иман келтіріп, Қағбаға қарап сап түзеген мұсылмандар түр-
түсіне қарамастан, бір үйдің балаларындай бір-біріне бауыр болып кетеді.
Бұл бауырластық пайдакүнемдік немесе дүниеқұмарлық жолындағы жасанды бірлік
емес, жүректер үндестігінен туған туыстық. Иман етіп, үмбет болған адам бір
жүрек, бір тілек болып бір адамдай, бір ұлттай қабысып, ортақ мақсат
төңірегінде тұтасып кетеді. Пайғамбар хадисінде: Мұсылмандар бір-біріне
бір қабырғаның кірпіш-тасындай қолдау көрсетеді деп айтылады. Міне,
сондықтан, хадистерінде арап пен ажамның арасында айырмашылық жоқ екенін
және көршісі аш отырып, өзі тоқ болған кісінің кәміл мұсылман бола
алмайтынын ескерткен Хазіреті пайғамбар (с.ғ. у.) үмбетін терезесі тең
туыстыққа, шынайы бауырластыққа және әлеуметтік әділеттілікке шақырған.
Нәтижеде, мұсылмандар ақыреттік туысқа айналған.
Сондай-ақ, ислам діні, бай мен жарлының арасындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі діни түсінік
Діннің шығуы және алғашқы түрлері
Абай Құнанбаевтың философиясы, дін туралы ойлары
Діннің шығуы
Ежелгі түркілердің наным-сенім түсініктері
Шаманизм
Ежелгі түркілердің наным-сенімдері
Даналық
АЛҒАШҚЫ ДІНИ НАНЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘНІ
Философия және дүниетаным жайлы
Пәндер