Абылай ханның тарих сахнасына шығуы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 3

  1. Абылай ханның тарих сахнасына шығуыЖоңғария мен Цинь империясы қатынастарындағы Абылай ролі . . . 6Абылай билігінің нығаюы және оның хан сайлануы . . . 8
  2. Абылай ханның Ресей және Қытаймен қарым-қатынасы. Абылайдың ұлы көршілері Ресей және Қытаймен жүргізген сыртқы саясаты . . . 10
  3. Қорытынды . . . 16
  4. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 18

Кіріспе

XV ғасырда көшпелі өмір сүрген Әбілқайыр хандығынан бөлініп шыққан Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған топ жетісуға бет алды. Жержаннаты жетісуға қоныстанған қазақтар өздерінің еркінде тәуелсіз бейбіт өмірді қалаған ел ретінде қазақ хандығын құрды.

Қазақ хандығы уақыт өткен сайын көркейіп кемелденді,

территориясы ұлғайды. Мемлекет Қасым, Хақназар, Есім хандар тұсында Орталық Азиядағы қуатты елге айналды. Халық саныда көбейіп ел көркейді. XVII ғасыры мен XVIII ғасырдың басы елде мамыражай өмір болды. Бірақ 1634 жылы құрылған Жоңғар әскерй феодалдық мемлекеті қазақ жеріне шабуыл жасауын күшейте бастады. XVII ғасырдың соңғы шйрегімен XVIII ғасырдың басында хандық билік құрған Тәуке тұсында мемлекетте біраз уақыт тыныштық орнап, ел бейбіт өмір сүрді. XVIII ғасырда жоңғар шабуылы елге зор ауыртпалықтар, күйзелістер туындатты. Бүтін бір елді ойрандаған жоңғарлар қазақтың қолындағы бар байлығын асыраған малын айдап әкетті. XVIII ғасырда қазақ тарйхында «Ақтабан шұбырынды» «Алқакөл сұлама» сынды ауыр оқйғаларымен күйзеліс ретінде қалды. Бұл кезеңде еліміздің даңқты батырлары-Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Баян сынды ел, жер қорғаған елімдеп еңіреген ерлер дүнйеге келді. Ел басына күн туып, ерлердің басына сын түскен қйын қыстау кезеңде қазақ халхының даңқты ұлдары ерлігін көрсетіп жан аямай күреске шықты. XVIII ғасыр қазақ елінің басын қосып, мықты орталықтанған мемлекет құруға тырысқан Абылай сұлтанның еңбегі ерен. Ұлы көршілеріміз айдаһардай айбатты Қытай, Аюдай ақырған Ресей қазақ халқын тәуелсіз ұстай білген хан Абылайдың дипломатиялық таланты ерекше көрінді. Жоңғар феодалдарының шабуылдары әдетте аяқ астынан болып, бейбіт халықтың құтылуына мүмкіндік болмады. Қазақтар атамекендерін тастап бас ауған жаққа ығыса бастады. Қазақ батырлары жоңғарлардың шапқыншылығына қарсы табан тірескен қатты күрес жүргізді. Жоңғарлардың шабуылын көріп біліп отырған Ресей империясы да кең байтақ қазақ жерін иелінуге ұмтылды. Еліміздің солтүстік аймақтарында патша үкіметін бекіністері қаптап кетті. Қиын сәт туғанын сезген оңтүстіктегі өзбек хандықтары да өз пайдасына ұмтылып оңтүстік аймақтарға тиісе бастады. Еділ қалмақтарымен башқұрттары да патша жасқтарын айдап салумен онсызда

қалжыраған қазаққа тісін батырды. Қазақ халқына қиын уақыттар туып, елдің тоз- тозы шығып бытырай бастады. Абылай хан бастаған қазақ әскерә де жоңғарларға мықты тойтарыс берді. Әсіресе, кіші жүздің ханы Әбілхайыр хан қольасшылық жасаған шайқастар жеңістермен аяқталса да, таққа таласқан қазақ сұлтандары бір байламға келе алмады. XVIII ғ. 50 жылдары қуатты жоңғар мемлекетінде дағдарыс туды. Қонтайшы Қалдан Сереннің өлімінен кейін елде билікке таласқан феодалдар қырқысы басталды. Бұндай сәтті кезді Қытай мемлекеті өз пайдасына шешіп әлсіреген жоңғар хандығын басып алды. Бұл кездегі қуатты мемлекет қазақ еліне өз құқайын көрсеткісі келген жоңғар хандығы мәңгілікке тарих сахнасынан кетті. Географиялық жағынан қыспағында болған, сонымен бірге Ресей Цинь империяларына да Абылайдың басты мақсаты қазақ мемлекетінің дербестігін сақтауы еді. Дипломатиялық шараларды шебер пайдаланған Абылай Тарбағатай таулары Алтай сеңгірі Зайсан көлінің шығысына қарай жатқан тарихи қазақ жерлерін халық мүддесі үшін қайтадан қайтаруда қыруар күш жігер жұмсалды. Абылай бар мүмкіндікті Цинь әулетімен қайшылықтарды жоюға тату тәтті бейбіт өмір құруға бұрынғы қазақ жерлерін қайтаруда нақты нәтижелерге жетті. Жалпы Абылай хан туралы еліміздің тәуелсіз жылдарында зерттелу дәрежесі барынша кеңейді.

Асылбеков, Әбжанов Ә. Әбдәкімов, Ж. Арықпаев сынды белді тарихшыларымыз шығарған кітаптарда Абылай ханға арналған тараулар мен бөлімдер бар. Абылай ханның дана саясаты мен әккі дипломатиясы, көрші екі ұлы елге де тәуелді болмай тәуелсіздігін сақтай алуы оның кореген қасиетінде. Қазақ халқының даңқты ұлы ел басына күн туғанда өз орнынан табыла білген дара қолбасшы Абылай замандастарын таңдандыра білді.

Орыс тарихшысы Левшиннің өзі былай деген: Қазақтың ең беделді ханы Абылай өте қу саяси позиция ұстанды, бір мезгілде Ресейге де Қытайға да дипломатиялық қабілеттерін көрсете білді. Абылай қазіргі қазақ жерін біртұтас біріктіре білді, бір орталыққа бағынған қуатты хандық билікті қалыптастыра білген қазақтың даңқты ұлдарының бірі.

Міржақып Дулатов өзінің Абылай деген еңбегінде нақ солай деп жазады. Шәкәрім өзінің «Уәлибақының ұрпаңғы» деген зерттеуінде Шарыш пен жекпе- жектен кейін Абылайдың

Әбілмәмбет ханның шақырылғанын жазады. Әбілмәмбет ханның ұсынуымен Абылай, Шақшақ Жәнібектен батасын алып хан деп жариялады. Оның жорамалдауы бойынша бұл шамамен 1735 жылы болған. Қазақ деректемелерінде Абылайдың билікке келуі осылайша баяндалады. Қалай дегенмен де Абылай 30- шы жылдардың аяғынан бастап елдің саяси өмірінде тағдырлы соғыспен бейбітшілік проблемаларын шешкен көрнекті тұлғаға айналды. Сол арқылы Абылай бүкіл күш қайратын жоғарғы билікті нығайтуға және қазақ хандығын ұзаққа созылған саяси дағдарыстан шығаруға бағыттады. Қазақ руларының Абылай төңірегіне топтасуы оның Жоңғарияға қарсы белсендіде нысаналы қимылдауына көп жағынан көмектесті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Йасауи жолының ұзақ ғасыырларға созылған тарихы
Хандық дәуір әдебиетінің құрылуы қарсаңындағы қоғамдық - әлеуметтік, саяси жағдай
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер
Ежелгі қазақ тарихы пәнінен дәрістер
Жыраулар шығармаларындағы ел тағдыры.
Тарихтан сабақ алмасақ
Қазақ қоғамындағы батырлар институты
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Қазақ хандығының құрылуы және оның нығаюы
Қазақ сөзінің этнонимі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz