Әлемдік тілдер.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері



1.Әлемдік тілдер.
2.Сөйлеу тілі мен кітаби тіл.
3. Әдеби тіл.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері.
Әлемдік тілдер. Антикалық Еуропада латын тілінің бүкіл Еуропа халықтарына канондық тіл болғаны сияқты, араб тілі де ислам діні тараған аудандар үшін канондық тіл болған, 17-18 ғасырларда жер шарының әр түрлі аймақтарына кең тараған испан, француз, неміс тілдері болса, 19 ғасырда мұндай дәрежеге ағылшын тілі, 20 ғасырда орыс тілі көтеріліп отыр.Бірақ бұл тілдер халықаралық деп аталғанымен, олардың ешқайсысы да әлемдік тіл болған жоқ.Алайда, бұл бағыттағы ізденістер толассыз жүріп жатыр.Сондай ізденістің нәтижесінде бірнеше жасанды, көмекші тілдердің жобасы ұсынылды.Солардың ішіндегі ең елеулісі - волапюк, эсперанто деп аталатындар.Мұның алғашқысы - әлемдік тіл деген мағынаны білдіретін ағылшынның вола, пюк деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Жасанды тілдер ішінде көптеген елдерде тарап, кең етек алған қазіргі түрі эсперанто деп аталады.
Сөйлеу тілі мен кітаби тіл. Бұлардың екеуі де бір ғана этникалық бірлік тілінің жеке көріністері, олар бөлек – бөлек тілдер емес, тіл біреу – ақ, сондықтан оларды тіл демей, стиль, яғни сөйлеу тілі стилі, кітаби стиль деген жөн.Дәстүрге айналған атауды бұзбау үшін ғана «тіл» деп отырмыз. Сөйлеу тілі дегеніміз әдеби тілге жататын бейресми жағдаятта қолданылатын, сөйлеушілердің тікелей қатысуымен жүзеге асатын машықты (спонтанды) сөз.
Қарым-қатынастың бейресмилігі, жағдаятқа тәуелділігі, машықтылығы сөйлушілердің әлеуметтік ролі, психологиясы, эмоциялық күйі сөйлеу тілінің құрылымдық сипатының күрделі екенін танытады. Сөйлеу тілінің эмоционалды-экспрессивті бояуы қанық болады және осымен байланысты интонациясы бай ым, ишара тәрізді бейвербалды таңбалар тілдік таңбалармен жарыса жүреді.
Сөзде редукция, эллипсистердің болуы сөйлеу тілінің табиғатына тән. Осылар арқылы нақты тілдік ситуацияда сөз құрылымы басы артық сөздерден арылып отырады. Мысалы:-Мынаны алсам ба? Жоқ, мынау тәуір сияқты. Бұл жерде тілдік емес жағдаят – кітап дүкені, әңгіме кітап жайында. Алайда нақты жағдаяттан тыс сөздің не жайында болып жатқанын түсіну қиын. Сондықтан коммуникациялық құрылым тілдік емес жағдаят және тілдік жағдаят деген негізгі екі бөліктен тұрады. Тілдік емес жағдаят сөйлеу тілінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Сөйлеу тілінің өзіне тән фразеологиялық бірліктері бар. Сондай-ақ сөйлеу тілінде кітаби тілге тән лексиканың элементтері, терминдер, шетелдік сөздер, диалект, жаргон элементтері кездесіп оырады. Бұл сөйлеу тіліндегі тақырып алуандылығымен байланысты. Бейресми жағдайда коммуникатор күн райы, спорт, кәсіпке қатысты тақырыптарды тілге тиек етіп, бірінен екіншісіне оңай көшіп отырады.
1. Уәли Н. Сөз мәдениетінің ғылыми-теориялық негіздері. Алматы, 2007.
2. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев М. Қазақ тілінің стилистикасы. Оқулық. – Алматы: «Дәуір», 2005 – 256 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Әлемдік тілдер.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері

Орындаған: Тарпамбай Ә.С
Тексерген: Самекбаева Эльмира Мақсұтқызы
Қя-319 с

Семей-2015 ж

1.Әлемдік тілдер.
2.Сөйлеу тілі мен кітаби тіл.
3. Әдеби тіл.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері.

Әлемдік тілдер. Антикалық Еуропада латын тілінің бүкіл Еуропа халықтарына канондық тіл болғаны сияқты, араб тілі де ислам діні тараған аудандар үшін канондық тіл болған, 17-18 ғасырларда жер шарының әр түрлі аймақтарына кең тараған испан, француз, неміс тілдері болса, 19 ғасырда мұндай дәрежеге ағылшын тілі, 20 ғасырда орыс тілі көтеріліп отыр.Бірақ бұл тілдер халықаралық деп аталғанымен, олардың ешқайсысы да әлемдік тіл болған жоқ.Алайда, бұл бағыттағы ізденістер толассыз жүріп жатыр.Сондай ізденістің нәтижесінде бірнеше жасанды, көмекші тілдердің жобасы ұсынылды.Солардың ішіндегі ең елеулісі - волапюк, эсперанто деп аталатындар.Мұның алғашқысы - әлемдік тіл деген мағынаны білдіретін ағылшынның вола, пюк деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Жасанды тілдер ішінде көптеген елдерде тарап, кең етек алған қазіргі түрі эсперанто деп аталады.
Сөйлеу тілі мен кітаби тіл. Бұлардың екеуі де бір ғана этникалық бірлік тілінің жеке көріністері, олар бөлек - бөлек тілдер емес, тіл біреу - ақ, сондықтан оларды тіл демей, стиль, яғни сөйлеу тілі стилі, кітаби стиль деген жөн.Дәстүрге айналған атауды бұзбау үшін ғана тіл деп отырмыз. Сөйлеу тілі дегеніміз әдеби тілге жататын бейресми жағдаятта қолданылатын, сөйлеушілердің тікелей қатысуымен жүзеге асатын машықты (спонтанды) сөз.
Қарым-қатынастың бейресмилігі, жағдаятқа тәуелділігі, машықтылығы сөйлушілердің әлеуметтік ролі, психологиясы, эмоциялық күйі сөйлеу тілінің құрылымдық сипатының күрделі екенін танытады. Сөйлеу тілінің эмоционалды-экспрессивті бояуы қанық болады және осымен байланысты интонациясы бай ым, ишара тәрізді бейвербалды таңбалар тілдік таңбалармен жарыса жүреді.
Сөзде редукция, эллипсистердің болуы сөйлеу тілінің табиғатына тән. Осылар арқылы нақты тілдік ситуацияда сөз құрылымы басы артық сөздерден арылып отырады. Мысалы:-Мынаны алсам ба? Жоқ, мынау тәуір сияқты. Бұл жерде тілдік емес жағдаят - кітап дүкені, әңгіме кітап жайында. Алайда нақты жағдаяттан тыс сөздің не жайында болып жатқанын түсіну қиын. Сондықтан коммуникациялық құрылым тілдік емес жағдаят және тілдік жағдаят деген негізгі екі бөліктен тұрады. Тілдік емес жағдаят сөйлеу тілінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Сөйлеу тілінің өзіне тән фразеологиялық бірліктері бар. Сондай-ақ сөйлеу тілінде кітаби тілге тән лексиканың элементтері, терминдер, шетелдік сөздер, диалект, жаргон элементтері кездесіп оырады. Бұл сөйлеу тіліндегі тақырып алуандылығымен байланысты. Бейресми жағдайда коммуникатор күн райы, спорт, кәсіпке қатысты тақырыптарды тілге тиек етіп, бірінен екіншісіне оңай көшіп отырады.
Сөйлеу тілінің өзіне тән нышанын көрсететін лексика-фразеологиялық бірліктері бар. Сөйлеу тілі стилінің лексика-фразеологиялық құралы әртекті болса, ресми ісқағаз тілінің, ғылыми стильдің лексика-фразеологиялық құралы біртекті.
Сөйлеу тілінде сөздің синтаксистік орны кейде қатаң сақтала бермейді. Қайталаудың, сұраулы, лепті сөйлем түрлерінің, эмоционалды-экспрессивті бірліктердің молынан кездесуі сөйлеу тілі үшін қалыпты нәрсе. Алайда көркем әдебиет тілінде де мұндайлар көп кездесуі ықтимал. Бірақ негізгі коммуникациялық мақсат басқа. Көркем әдебиет стилінде сөзді бедерлеу арқылы әсер ету көзделсе, сөйлеу тілінде сөзді бедерлеу мақсаты көзделмейді. Сөйлеуші бір нәрсеге, затқа, құбылысқа жеке адам ретінде өзінің ой-пікірін, сезімін қоса білдіріп отырады. Ал публицистикалық мәтінде журналист өзінің ғана емес, белгілі бір ұжымның, партияның, әлеуметтік, топтық, қоғамдық қозғалыстың пікірін білдіріп отырады.
Сөйлеу тілі - әдеби тілдің функционалдық ерекше бір түрі. Әдеби тілдің басқа функционалдық түрлері кодификацияланған негізде болса, сөйлеу тілінің кодификацияланбаған ерекшелігі оны өзге функционалдық стильдерден өзгешелейтін және оларға қарама-қарсы қойылатын айырым белгісі болып табылады.
Кодификация деген термин сөздіктерде, грамматикада тіркелетін, көрсетілетін жазбаша және ауызша мәтін түзу кезінде сақталуға міндетті нормалар дегенді білідіреді. Мысалы, бейресми жағдайда мен ойлаймын (менің ойымша), кітап алуға барғанем (кітап алуға барған едім); жел соғып, күн жауат (жел соғып, күн жауады) бұлай сөйлеуге болады, бірақ жазуда, шаршы топ алдындағы сөзде менің ойымша, кітап алуға барған едім; жел соғып, күн жауады деп қолдану - кодификацияланған нұсқаның талабы. Ал сөйлеуші сөйлеу тілі нормасына тән осы ерекшеліктен бейхабар болса, оларды кез келген жерде (жазуда, сөйлеуде) талғаусыз қолдана береді.
Сөйлеу тілінің тілдік және тілдік емес негізі белгілері бар. Сөйлеу тілінің дайындықсыз жүзеге асатыны, спонтанды, үйреншікті қасиетке ие құрылым екені оның тілдік емес белгісіне жатады. Ал кез келген мәтіннің жазба нұсқасы ой жіберу, ой жүгірту арқылы жазылады, яғни аз да болса, дайындықты керек етеді.
Сөйлеу тілі коммуниканттар арасында бейресми тілдік қарым-қатынаста қолданылады. Үй іші, көше, таныс, жора-жолдас, көрші-көлем т.б. арасындағы сөз бейресми коммуникацияға жатады.
Сөйлеуші мен тыңдаушының бетпе-бет, жүзбе-жүз сөйлесуі - сөйлеу тілінің тілдік емес негізі белгілерінің бірі. Бұл жерде сөйлеуші ғана белсенділік танытып қоймайды, тыңдаушы да белсенді болады. Тыңдаушы вербалды (иә, солай, әрине, жақсы т.б.) және бейвербалды кинемалық таңбалар (бас изеу, бас шайқау, таңырқау, қол сермеу т.б.) арқылы сөйлеушіні қоштап отырады. Сөзді қоштау, қош алу арқылы тыңдаушы сөз желісінің үзілмей, жалғаса беруін қамтамасыз етіп отырады.
Сөйлеу тілінің тағы бір аса маңызды белгісі пресупозициялық, аялық біліммен байланысты. Сөйлеу тілі әдетте бірін-бірі білетін, жағдаятпен таныс коммуниканттар арасында қолданылады. Сөйлеуші мен тыңдаушыға ортақ жағдаят пресуппозицияға негіз болады. Сөйлеуші мен тыңдаушыға ортақ жағдаят пресуппозицияға негіз болады. Ал пресуппозиция сөйлеуші мен тыңдаушының арасындағы ойға қатысты едәуір сөздің редукцияланып, ықшам түрде айтылуына мүмкіндік береді.
- Алдың ба?
- Алдым, ертең ұшатын болдым.
Бұл айтылымда коммуниканттарға белгілі сөз арқауы (предметі) редукцияланған. Сөз субъектісінің ұшаққа билет алғаны, Ақтауға ұшатыны коммуниканттарға белгілі жайт. Сондықтан белгілі жайттардың беймәнделіп (деактуализациясын) қолданылуы сөйлеу тіліне тән норма деуге болады. Сөйлеу тіліндегі беймәнделім құбылысы тілдесушілердің (коммуниканттардың) бірін-бірі түсінісуіне ешбір нұқсан келтірмейді. Ал белгілі жайттардың редукцияланбай айтылуы көбіне-көп тыңдаушыны мезі етіп жібереді.
Сөйлеу тілінің тілдік ерекшеліктері. Сөйлеу тілінде боп, кеп, бересашы, күн жауат, бартын, барат, айтат, кеп қапты т.б. дыбыстық құрамы жағынан ықшамдалған бірліктер жиі қолданылады. Кодификацияланған мәтінде бұл тәрізділер қатеге есептелгенмен, сөйлеу тілі үшін норма. Сондай-ақ сөйлеу мәтінінде әлгідей сөздердің толық нұсқасы да қолданылады. Алайда жалпы әдеби нормаға тән бірліктердің қолданылуы сөйлеу тілінің статусына нұқсан тигізбейді.
Сөйлеу тілінің тағы бір тілдік ерекшеліктерінің бірі - тұрпат, меже тұрғысынан ықшамдалған бірліктердің мәтінде ұзына бойы қолданылуы шарт емес, сондықтан ықшам нұсқа мен толық нұсқа алма-кезек қолданыла береді. Бұл қасиет сөйлеу тіліне тән еркіндікті білдіреді: кеп кеттікеліп кетті, жел соғатжел соғады.
Әрине, мағыналық блоктар белгілі бір тілдік бірліктер арқылы, олардың тіркесі арқылы санада қалыптасады. Тілдік бірліктердің комбинациясы сөйлеушінің аялық білімін, пікірін, танымын, ой өрісін, эмоциялық күйін, тілек-талабын т.б. білдіреді. Бұл - сөйлеушінің тілдік компетенциясына, құзыретіне байланысты.
Тілдік құзырет ұғымы - коммуникативтік өзара әсер етудің орталық ұғымы. Тілдік құзырет тілді білу дегенге саяды, ал тілді білу дегеніміз тиісті ойды әртүрлі тілдік амал-тәсілдермен еркін жеткізе білу; белгілі бір тілде айтылған сөздің мәнін біліп, сентенциясын, тұспалын аңғару; ұқсас тұлғалардың мән-мағынасын ажырата білу; сырт тұлғасы әртүрлі құрылымдардың, бірліктердің ортақ мазмұнын аңғара білу; құрылымы дұрыс сөйлемдерді тілдік тұрғыдан қате сөйлемдерден ажырата білу.
Коммуникативтік құзырет (компетенция) тілдік қарым-қатынастағы әлеуметтік мәдени нормаларды және стереотиптерді білу дегенге саяды. Коммуникативтік құзыреті жоғары адам әртүрлі деңгейдегі бірліктердің мағынасы мен сол элементтердің өзара тіркесіндегі мағынасын білумен бірге мәтін деңгейіндегі әлеуметтік өлшемдерді, мысалы, тіл қатудың әртүрлі формаларын қолдана алады. Белгілі бір оқиға өзінің бағасын шынайы түрде бере отырып, оған тыңдаушы тарапынан жауап реакция туғыза алады.
Бұл тұста сөйлеушінің әртүрлі коммуникативтік жағдаяттарда паронимдер, фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді, мәтіндік клишелерді, прецедентті мәтіндерді т.б. білуінің мәні айрықша. Бұлар тілдің әлеуметтік нормаларын меңгерудің жоғарғы көрсеткіштері.
Сонымен, тілдік қарым- қатынас ойдағыдай болу үшін сөйлеуші тыңдаушыға тек жалаң фактілерді ғана айтып қоймау керек, тек ақиқатты айту жеткіліксіз, сонымен бірге жанама ақпараттар беру қажет. Сөз ішіндегі, сөз арасындағы ирония, юмор, символ, образ, пардокс т.б. тыңдаушыны бейжай қалдырмайды, тілдесушілердің өзара түсіністігіне жол ашатын жанама тәсілдерге жатады.
Бетпе-бет айтылған сөздің мәні, дауыс кідірісі, сөдің қарқыны, сөйлеушінің бет-әлпетіндегі құбылыстар, ым мен ишара бетпе-бет сөйлесуде сөз мазмұнын, құрылымын толықтырып отыратын маңызды элементтер болып табылады.
Қарым-қатынастың тілдік дүниеліктердің қалыптасуына көп жағдайда тілдік емес факторлар ұйтқы болады. Тілдік емес факторлар көзқарас, әрекет, жай-күй, эмоция, білім, сенім т.б. мәнділіктерден тұрады. Осымен байланысты тілдік қарым-қатынастың ойдағыдай болуы немесе сәтсіз аяқталуы сөйлеушінің тек тілдік формаларды талдауына тәуелді емес. Диалогтің ойдағыдай өтуі лингвистикалық және лингвистикалық емес факторларға байланысты.
Диалогтегі сәттілік пен сәтсіздік а)коммуниканттардың әлеуметтік-стереотиптік ерекшеліктеріне; ә)коммуниканттардың аялық біліміне; б)коммуниканттардың құзыретіндегі жақындыққа, я болмаса алшақтыққа; в)коммуниканттардың жыныс, жас, тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты жайттарды ескеруескермеуден болуы ықтимал.
Диалогтің өрбуіне немесе үзілуіне коммуниканттардың көңіл күйі де ерекше әсер етеді; бөгде адамның қатысуы да диалогтің өрбуіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Бөтен коммуникативтік орта сөйлеушілер үшін қолайсыздық туғызады. Тілдік қатынас өз деңгейінде болмайды да, сөйлеушілердің шығармашылық қабілеті шектеліп қалады. Қарым-қатынастың тепе-теңдігі (паритеттілігі) сақталмаған жағдайда диалог ойдағыдай өрбімей қалады.
Диалог сөздің өрбуіне, нәтижелі болуына кесірін тигізетін нәрсе - орынсыз ескерту жасау, сөзді орынсыз бұзу, орынсыз сұрау қою, орынсыз көп сөйлеу, айтылғанды орынсыз қайталау т.б.
Кітаби - жазба тіл болу үшін жазудың, баспа орнынаң болуы шарт.Бұларсыз кітаби - жазба тіл болмақ емес.Сөйлеу тілі мен кітаби - жазба тіл этникалық бірлік тілінің екі түрлі көрінісі, екі түрі дедік. Кітаби тіл . 16-17 ғасырлардан бастап 20 ғасырдың басына дейін қазақ қоғамы мәдени дүниесінде ауызша төл әдеби тілмен қатар және бір әдеби тіл өмір сүрді. Ол - бірқатар түркі халықтарына ортақ ортаазиялық жазба әдеби тіл - түркінің жергілікті (қазақтың), кейінірек 19 ғасырдың соңғы ширегінде кітаби тіл атанған түрі. Мұның қолданылу аясы төл әдеби тілден басқа болды. Ауызша қазақ әдеби тілі көркем әдебиет пен заң-сот (билер сөздері) ісі, шешендік өнері сияқты салаларға қызмет етсе, түркілік жазба тіл ресми қағаздар мен хат түріндегі (эпистолярлық) жанр, мұсылманша діни әдебиет және ғылым салаларында қолданылды. Қазақтан шыққан тұңғыш тарихшы Қадырғали Қосынұлы Жалаиридің Жами ат- тауарих деп аталатын шежіресі 16 ғасырдың соңында (1602 ж. жазылып біткен) қазақ тілі белгілері айқын көрінген қазақшаның ескі түрі шағатай тілінде жазылған. Сондай-ақ қазақтың хан, сұлтан, старшиналарының көбінесе Россия империясының әкімшілік орындарына және ішінара бір-біріне жазысқан әр түрлі сипаттағы қатынас қағаздары мен хаттары жазба түркіні пайдаланды. Бұл құжаттар 1940 ж. профессор М. П. Вяткин жариялаған (Материалы по истории Казахской ССР. т. 4.- М.-Л., 1940) материалдарға қарағанда, қазақтық түркінің өзіне тән стильдік, грамматикалық, орфографиялық белгілері болды. Түркі жазба әдеби тілінде бірнеше ғасыр бойы қалыптасқан ресми-қатынас қағаздары стилі қазақ топырағында туған (жазылған) осы салаға жататын құжаттардын тілінде еркін пайдаланды. Мысалы, ғизатлу, хур- матлу, ғали кә әли уа ғали жәғәли, Сізнің ғали хазретлеріңіз сияқты үлгілер, лексика жағынан шағатайлық хайрон олдым (болдым), кіріфтар олынмыш (болған), йазған ердім (едім), ошбу (осы), кібік (сияқты), йузденді- рмек (сырт айналу), бәңә асыл олыңды (маған тиді) сияқты тұлғалар, халық тіліне енбеген араб- парсы сөздері молынан қолданылды. Әсіресе жазба әдеби тілде грамматикасы мен емлесі жағынан түркілік кітаби дәстүр көбірек орын алды. Мысалы, есімшенің -ған жұрнақты тұлғасының орнына -мыш жұрнақты түрі, кәмілдікті білдіру үшін дүр(оңайдүр, еф кәміз бардүр) түрін жиі қолдану, етістіктің 3 жағынан көпше түріне -лар қосымшасын айту (йасадылар, айталар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік тілдер туралы ақпарат
Әлемдік тілдер жайлы
Әлемдік тілдер.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері жайлы
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Ежелгі дәуір тіл білімі
Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және пәні. Дәрістер кешені
Көркем әдебиетті аударудың теориялық негізі
Ағылшын тілінің қалыптасу тарихы
Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздер
Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет тілдің нұсқалары) туралы
Пәндер