Қазакстанда саяси философияның қалыптасу және дамуы



1. Қазакстанда саяси философияның қалыптасу және дамуы
2. Саяси элита және саяси жетекшелі
3. Саяси сана және саяси идеология
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақтың алғашқы философы, әлеуметтанушысы. Математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Тархан әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрген. Ол екінші Аристотель атанған. Барлығы 160-тан астам трактат жазған. "Бақытқа жету жолдары", "Саясат туралы", "Азаматтық саясат" деген еңбектері бар.
Әл-Фараби басқару түрін екіге бөлген:
1. Қайырлы - халықты бақытқа апарады.
2. Қайырымсыз - мұнда теріс әрекеттер болады. Әл-Фарабидің айтуынша адам бақытты болуға лайықты, сондықтан сол ол бақытын табуға тиіс. Оған ол тынымсыз еңбек арқылы ғана жетуге болады дейді. Ұлы дана халықтар достығын қолдады.
Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі — Жүсіп Хас-хаджиб Баласағұни (1021-1075). Ол - ақын, философ, қоғам қайраткері болған. "Құтадғу білік" (Құтты білік) деген дастаны бар. Ол түрік тілінде жазылған. Мұнда адамның тағдыры, қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың санасы, әдет-ғұрпы, т.с.с берілген. Өмірден әділ заңды, еркіндікті аңсаған.
Қазақ халқының, тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Олар Қасым, Есім, Тәукехандар, "Қасымханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған.
Ал Тәуке хан "Жеті жарғы" деп аталған қазақ әдеп-ғұрып заңдарының жиынтығын жасады. Мұнда құқықтық тәртіп деп мемлекеттік құрылымының негізгі принциптері айқындалды. Ол "халық кеңесі" мен "Билер кеңесін" тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырады. Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды.
Қазақтың белгілі ойшысы-ШоқанУалиханов (1835-1865). Ол ғалым. ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, зерттеуші. Халықты патша-шенеуліктері мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылықтарынан қорғауды, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасауды өзінің мақсат-мүдесі деп білді. Шоқанның ойынша, халықты қанаудан құтқару үшін билікті жою керек, сонда ғана халық бақытты болады. Қазақ еліндегі тәртіпті өзгертудің жолдарын іздеді. Қоғамдық құрылыстың жаңартудың жолы ретінде реформаны таңдады. "Сот реформасы жайындағы хат" деген еңбек жазды. Сол реформаны іске асыру үшін көп зерттеулер жүргізген.
1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003
2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001
3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005
4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002
5.Рахметов Қ. Саясаттану. А., 2005
6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007
7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

СРО

Тақырыбы : Қазакстанда саяси философияның қалыптасу және дамуы
Саяси элита және саяси жетекшелі
Саяси сана және саяси идеология

Орындаған: Сейтказыева Д.
ПТ-311
Тексерген: Кенжебулатова А.М.

Семей 2015 жыл
Жоспары:
1. Қазакстанда саяси философияның қалыптасу және дамуы
2. Саяси элита және саяси жетекшелі
3. Саяси сана және саяси идеология
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазакстанда саяси философияның қалыптасу және дамуы
Қазақтың алғашқы философы, әлеуметтанушысы. Математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Тархан әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрген. Ол екінші Аристотель атанған. Барлығы 160-тан астам трактат жазған. "Бақытқа жету жолдары", "Саясат туралы", "Азаматтық саясат" деген еңбектері бар.
Әл-Фараби басқару түрін екіге бөлген:
1. Қайырлы - халықты бақытқа апарады.
2. Қайырымсыз - мұнда теріс әрекеттер болады. Әл-Фарабидің айтуынша адам бақытты болуға лайықты, сондықтан сол ол бақытын табуға тиіс. Оған ол тынымсыз еңбек арқылы ғана жетуге болады дейді. Ұлы дана халықтар достығын қолдады.
Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі -- Жүсіп Хас-хаджиб Баласағұни (1021-1075). Ол - ақын, философ, қоғам қайраткері болған. "Құтадғу білік" (Құтты білік) деген дастаны бар. Ол түрік тілінде жазылған. Мұнда адамның тағдыры, қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың санасы, әдет-ғұрпы, т.с.с берілген. Өмірден әділ заңды, еркіндікті аңсаған.
Қазақ халқының, тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Олар Қасым, Есім, Тәукехандар, "Қасымханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған.
Ал Тәуке хан "Жеті жарғы" деп аталған қазақ әдеп-ғұрып заңдарының жиынтығын жасады. Мұнда құқықтық тәртіп деп мемлекеттік құрылымының негізгі принциптері айқындалды. Ол "халық кеңесі" мен "Билер кеңесін" тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырады. Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды.
Қазақтың белгілі ойшысы-ШоқанУалиханов (1835-1865). Ол ғалым. ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, зерттеуші. Халықты патша-шенеуліктері мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылықтарынан қорғауды, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасауды өзінің мақсат-мүдесі деп білді. Шоқанның ойынша, халықты қанаудан құтқару үшін билікті жою керек, сонда ғана халық бақытты болады. Қазақ еліндегі тәртіпті өзгертудің жолдарын іздеді. Қоғамдық құрылыстың жаңартудың жолы ретінде реформаны таңдады. "Сот реформасы жайындағы хат" деген еңбек жазды. Сол реформаны іске асыру үшін көп зерттеулер жүргізген.
Саясатқа ат салысқан тұңғыш ұстаз - Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) халықты дүниеге "дұрыс көзқараспен" қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойған.
Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнаған. 1887ж. Ырғызда 20 адамдық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп ашқан.
Қазақ даласының ғұлама ойшылы - Абай Құнанбаев (1845-1904). Ол қазақ халқының мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік- керектігіне назар аударды. Ол адамның "ақыл, ғылым, қайрат" арқылы жоғары дәрежеге көтеріліп, асқақтайтындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады.
Қазақ жерінде саяси сананың дамуына XIX ғасырдың аяғы XX ғ. басында пайда болған алғашқы зиялылар қауымы да ықпал етті. Оларға: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Б.Қаратаев, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтерді жатқызуға болады.
Қазақ - ойшыл, философ халық. Қазақ халқы ойшыл, не айтса да мәселенің байыбына жетіп барып айтатын, сөздің түйініне мән берген халық. Бейпіл ауыздарды, аузына не келсе соны сөйлей беретіндерді әсте жаратпаған. Халқымыздың тағы бір ерекшелігі естігенін қағып алып, бұлжытпай қайталай білген. Бұл сірә қазаққа ұлы дала, ұлан байтақ, алып сахара сіңірген игі қасиет болса керек. Ен далада сөйлесетін ешкім таппаған қазақ кейде бір төбенің басына шығып алып, жападан-жалғыз отырып, ертелі-кеш әрілі-берілі бара жатқандарды байқап, ойға шомып, өзімен өзі сырласып, ал әңгімелесетін кісі тап болса қуанып, айтқан сөзіне құлақ құрышын қандырып отырған. Мұның өзі тіпті бүкіл көшпелі халықтардың, оның ішінде қазақтардың да жадында сақтау қабілетін арттырғанға ұқсайды. Оның тағы бір себебі - адам миының кіршіксіз таза болып, көптеген қажетсіз стрестердің әсерінен, түрлі керексіз ақпараттардың әсерінен аулақ болғандығы. Әлбетте жадында сақтауы, суырып салып бір - екі ауыз өлең айтуы қазақтардың ми құрылымының ерекше қалыптасуынан болмас керек. Ол күнделікті дағдыға, дархан дала сіңірген қасиетке байланысты. Ел арасында күні бүгінге дейін 500 - 600 адамның аты-жөнін, бала-шағаларына дейін атап-атап беретіндер жиі кездеседі. Ал кейбіреулер одан да көп білген. Мәселен, Түп-тұқияннан өзіме шейін деген кітапта Қазыбек бек өзі Бәдібектің 42-ұрпағы екенін, ал өзіне дейінгі 87 атаның аттарын атайды. Осыларды есте сақтаудың көшпелілердегі ең тиімді себепкері - шежіре. Ол жылнама емес. Қазақ шежіресінде үлкен мән бар. Қазақтар бір-бірімен танысқанда, сұрау қойып, тыңдап отырған адам, егер шежіре білсе пәленнің пәлен деген баласынан болдың ғой - деп әркімнің алыс-жақындығын ажыратқан. Сондықтан, әрбір адам өз руын, оның толып жатқан буындарын, оның бөлінуін жақсы білуге тиіс болған. Қазақ халқы Қазан төңкерісіне дейін ғасырлар бойы ру-ру, ауыл-ауыл болып көшіп-қонып отырған. Көшкенде кез-келген жерге емес, белгілі өзінің мекені, ата жерін жайлаған. Бұл да рулық тәртіптің санада сақталуына себепкер болған.
Қазақтың шежірешілдігін, тарихшылдығын ұлттық қасиет деуге болады. Бұл, әрине ерекше, артық жаратылғандықтан немесе артта қалған жабайылықтан емес. Қазақ халқының шежірешілдігін, тарихи санасының сергектігін, ең алдымен, оның ұзақ ғасырлар аясында көшпелі өмір салтта болуымен сабақтастырған жөн. Ал, салт атты көшпелілер өркениетінің Еуразия ойкүмегінде үш мың жылдық тарихы бар. Біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдан біздің заманымыздың XVIIІ ғасырына дейінгі еуразиялық далада бір ғана өндіріс тәсілі болды. Ол - көшпелі мал бағушылық еді. Мұндай өмір салтпен қазақ халқы ХХ ғасырдың табалдырығын аттады. Яғни, адамзат тарихындағы ең ұзақ базистік өмір салты, ең ұзақ формацияны Еуразия көшпелілері бастан кешті.
Рас, осындай ұзақ дамудың, жетілудің сатыларымен өткен қазақ халқының қаладағы да, даладағы да қазіргі шым-шытырық құбылыстар, айқай-шу, жағымсыз дыбыстар, түрлі кездесулер, ақпарат тасқыны миға қосымша жүк, салмақ салатындығы белгілі. Содан барып мидың шығармашылық қабілеті шектеліп, ал жаттап алу, білгенін бұлжытпай сақтап қалу жағы азая бермек.
Қазақ өзін атамекеннен, атамекенді өз болмысынан ажыратпаған. Сүйіспеншіліктің осы қос түрі мекендес кеңістікте қабаттасқанда, қазақ өз құдыретімен тілдескендей мамыржай алаңсыз жүрген. Ол туған жер мен туған ел біртектес ұғымды, мәнді білдірді. Бәлкім осыдан келіп елі кеткен жер жетім, жерінен айырылған ел жетім деген сөз нақыштанып, күш алған шығар. Қазақ елі үшін қай кезеңде де елі мен жерінің тұтастығын қызғыштай қору мәселесі күн тәртібінен түсіп көрген жоқ. Бұдан ауыр да күрделі мәселе болған да емес. Ал басына күн түсіп, табиғат апатынан немесе сырт жаулардан ығысқан кезде қазақтың көкірегін кернеген ой жалқы болды. Оны А.Байтұрсынов былайша деп жеткізді:
Қазағым, жерің қайда атамекен,
Қазақ, қазақ болғалы мекен еткен.
немесе
Қысқарып жер кеткен соң өрісіміз,
Қалды ғой жатақ болып қайран елдер.
Қазақтың дүние мен адам туралы толғамдары атакәсіпке - мал шаруашылығына қарай қарқындады. Мал шаруашылығы мекен-жайға бейімделді, шаруашылықтың ыңғайына қарай қоныс аударылды. Көшпелі қауым жағрапиялық аяны тек бір-ақ бағытта, мал өсіру бағытында ғана кеңітті. Оның тіршіліктен түйгені - мал шаруашылығын табиғат заңдылығына бейімдеу, сондай-ақ еңбек бөлінуіне сай этникалық ынтымақтастық құрудан кейін қалмау. Малды өсіріп-өндіру үлкен оқиға, табыс пен жетістік көзі. Шаруашылықтың осы түрін жетілдіру арқылы халық өз тағдырын өзі билеуге ұмтылды, белді күштермен ықпалдасты.
Осы құдыретпен қазақ өз әрекетін өлшеген. Осы тәртіппен даланың қазақ деген иесі және оның сөздерінің жүйесі қалыптасқан. Әлеуметтік қажеттіліктен философияның жаңа түрлері туды, олар ұлағатты ұғымдарда жаңғырды. Жаңарған идеялар мен қағидалар дүйім жұртты түйінді мәселелерді шешуге жұмылдырды. Ұлағаттылық дегенде шындықпен үйлесуді, адамгершілікпен бірлесуді, ұлылықпен тұлғалануды айтамыз. Ұлағаттылық - болысу мен келісудегі тапқырлық жеке бас танытатын құндылық. Оған халқымыз пір тұтқан Қазыбек бидің киелі сөзі де дәлел: Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтыпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз.
Қазақ халқының тарихи тағдыры өте ауыр, трагедиялы беттерге толы. Олай болуы қазақ елінің орналасу ортасына байланысты. Тағдыр қазақ халқына ұлан-байтақ, саналуан байлықтарға толы жер сыйлағанмен, ол жерді Қытай, Ресей, Жоңғария, Монғолия сияқты отаршыл империялармен көрші етті. Жүздеген жылдар бойы қазақ этносы осы отаршыл елдермен күресу үстінде болды. Асқан ерлік күрес, қазақ халқының үлкен шығындары жағдайында қазақ этносы сақталды.
Қазақ халқы бұралаң жолдардан өтті. Өз жерін, мекенін сыртқы жаулармен қиян-кескі күрестерде ерлікпен сақтап қалды. Халық өз басына қауіп-қатер төңген сын сағаттарда ар-абыройын сақтай білді, даналық пен ұстамдылық танытты. Жау жағадан, бөрі етектен алған сәттерде халық даналары ұлт бірлігін ұштай білді. Ортақ жауға қол ұстасып бірге аттанып, өз тағдырын, өз тарихын жасай білді.
Қазақ рухының төл қасиеттері де осында. Өйткені қазақ қол қосылса күш өсер қағидасын қадір тұтқан, өзінің кім екендігін шыдамдылықпен, қайсарлықпен басқаға танытуға ынталанған. Сөйтіп, қазақ өз болмысын бейнелейтін символдарды, ұғымдарды жаңғырту арқылы өз тұлғасын сомдай түсті.
Қазақтың өзінің қасиетті қара шаңырағында отырған ежелгі жұрт екені даусыз. Елдің еркіндігін сақтау үшін талпынған тайпалық одақ, қасқа қатал, досқа адал ұлыс, ел үшін ерлікпен күрескен қазақ деген қауымның негізгі тұлғасы мен ұйытқысы болып келген болатын. Қазақтың жақсы қасиеттері көп: жақынын жаттай сыйлайды, қанына тартпай тұрмайды, туыстық, ынтымақ, бірлік дегенге ұмтылады. Мұны қоштамасқа дәтіңіз жоқ. Сонымен қатар қай тұста артық та кетіп жатады.
Нарық өңіріне қаз тұрып, тәй-тәй басып, жаңа өмір үшін құмырсқадай қыбырлап, әрекеттеніп жатқан кезде аташежіре мен атакәсіптен ұғынарымыз да, үйренеріміз де мол. Қазақтың пейілі қандай кең болса, мекені де сондай кең. Қазақстанның жерінде 9 Италия немесе 98 Бельгия мемлекеті сыйып кетеді. Қазақ халқының өкілдері ешқашан материалдық жағдай үшін ата-мекенін, жерін тастап кетпеген. Қазақ өмірінде басқа бір мемлекетте тұрмыс деңгейі жоғары екен деп эмиграцияға кету мүлдем болмаған көрініс. Бұл жағдай ата-бабасының жеріне деген қазақ қанының ылғи қайнап тұратынын көрсетсе керек.
Бірақ шынын айтсақ, қазақ халқының әлсіреген, босаңсыған уақыттары да болған. Оған мысал: кезінде қасиетті ата-мекеніне қару-жарақ сынайтын полигондар, химиялық зауыттар мен комбинаттарды салуға рұқсат берген. Бұл алданғанымыз еді. Шынын айтсақ, осының бәрі ұлттық қырағылығымыздың да, сезіміміздің де біраз бәсеңсігенін көрсетті.
Тарихи тұлғалардың саяси ой-пікірлері. Қазақ халқы қисынды, дәлелді сөйлеуді тәуір көреді. Ол әр уақытта сөздің парқына мән берген. Сөзге сөзбен жауап бермесең, сөздің атасы өледі - деген қазақ не болса да таусылып, түбіне жетпей тоқтамайтыны белгілі. Біздің мақал-мателдеріміз тұнып тұрған философия. Сондықтан да шешендеріміз сөзін дәлелді, уәжді ету үшін әманда мақал-мәтелдерге жүгініп отырған. Асылы шешен, дәлелді, қисынды сөйлеу қазақ халқы арасында ерте заманнан дәстүрге айналған. Тіпті біздің заманымызға дейінгі VII - VI ғасырлар шамасында көшпелі скифтер арасынан шыққан данышпан Анахарсис бабамыз ертедегі Афиныға барып, дәлелді, қисынды сөйлеп, түрлі ұлағатты іс-әрекеттер жасау арқылы күлі әйгілі гректерді таңқалтырып, әулие атанған. Анахарсистің өмірлік көзқарасы, дүниетанымы күдікке құрылған. Осы жерде ғалым-философтың мына бір түйінді пікірін мысалға келтіре кеткен жөн: Сенімге негізделген дүниетаным әмәнда шектеулі - ол - көпшілік, тобыр үшін керек. Ал Анахарсис сенімге құл болмаған. Ол тәңірге табынған. Оның болжамынша, тәңірге сыйыну - сенім емес, дін емес, ол - адам мен табиғаттың арасындағы үйлесімділікті мойындағандық. Тәңірді мойындау адам еркін шектемейді. Тәңіріні, керек десеңіз, табиғаттың синонимі деп те қарауға болады.
Ұлы ғұлама Анахарсис скифияның кең даласына сыймай білім іздеп, ғылым қуып Грекиядан бірақ шығады. Оның алғашқы ат басын тіреген үйінің иесі әйгілі ғұлама Солон болса керек. Солон жолаушыдан жөн сұрауға есіктегі құлын жұмсайды. Қонақ: Қожайыныңа айт, Скифтің сайын даласынан өзіңмен дос болуға Анахарсис келіп тұр, -- деп хабарлауын өтінеді. Сонда Солон скифтік дананы сынамақ болып: Әдетте досты адам өз Отанынан іздемей ме? деген сауал қойыпты. Анахарсис оған кідірместен: Ендеше Солонға өз Отанында неге дос іздемеске -- деп тапқырлық танытыпты. Бұған сүйсінген Солон көп ұзамай онымен дос болып кеткен екен.
Сол Солон біздің ұлы бабамызды Грекияның ғұламаларымен таныстырады. Ол әділдігімен, білімділігімен, шыншылдығымен, даналығымен, туралығымен, ізденімпаздығымен елге танылады. Арада талай жылдар, ғасырлар өткенде де Эллада жұрты кеменің зәкірін ойлап тапқан бабамызды әйгілі жеті ғұламаның қатарында атап жүрді. Кейде бұл санаттан шығып қалған күннің өзінде оның есімі Диоген, Биант, Солон, Хилон, Периандр, Фалес, Аристодем, Пифагор сияқты әйгілі грек ғалымдарымен қатар аталады. Басқасын былай қойғанда, гректердің біздің бабамызға ескерткіш орнатып, тұғырына Басқа пәле тілден дегендей қанатты сөз жазуы тегінен-тегін болмаса керек.
Анахарсис бар ғұмырын Грекияда өткізбеген. Бұл елден іздегенін тауып, аларын алып, білім, ғылым бұлағынан мейірі қанған ғұлама еліне, кіндік қаны тамған жеріне қайтып оралады. Өнерлі өркениетті елден алған өнегесін ата жұртқа жаймақ болады. Елдің заң жүйесін реформалауға ниеттенеді. Бұған өзінің Скиф бауырлары көнбейді. Ақырында данышпан бабаны қандас туыстары атып өлтіреді. Байғұс бабамыз көз жұмар сәтінде: Элладада мені ақылым сақтаса, туған жерімде қызғаныш деген қызыл иттің құрбаны болдым-ау, -- деп өкінген екен. Ғұламаның грек тілін білгені даусыз. Бірақ түркі тілін білмеді деген әбестік. Өйткені ол түрік тілінде сөйлейтін Скифияда туды, мәйіті де сонда қалды. Бұл кезде және түркі Әліпбиі, жазуы болмады деп тағы айта алмаймыз. Өткені түркінің жазу мәдениетінің болғандығын Орхон-Енисей ескерткіштері әлдеқашан дәлелдеп берген ғой. Ендеше бұл жазуды, бұл тілді Анахарсис білмеді деуге аузыңыз бармайды. Олай болса өз дәуірлерінің теңдесі жоқ алыптар болған Анахарсистың, Майқыбидің, Иоллығтегіннің, Жүсіп Баласағұнның, Ахмет Яссауидың, Абайдың мұралары, философиялық дүниетанымы осы арнада - түрік тілі арнасында келіп тағы бір тоғысады екен.
Арада XXV ғасыр өтсе де Анахарсистың әңгімелері мен ғибратнамалары қазақтың бүгінгі әдет-ғұрыптарына айнымай ұқсайды. Кезінде Анахарсисты Платон мен Аристотель де өте жоғары бағалаған. Керек десеңіз, формальдық логиканың негізін салған Аристотель де өз ілімінің кейбір принциптерін сол Анахарсистен қалған үлгіден үйренген деген де пікір бар.
Әлемдік ой-пікір тарихында еміс-еміс көрніс берген Анахарсиспен қатар Абарис сияқты дана, абыз бабамыздан да ұлттық ақыл-ойымыздың бастау алатындығын айтпасқа болмайды.
Қазақ халқында мұндай ойшылдық дәстүр ежелден келе жатыр. Асылы әрбір халықтың өзіндік ой тұжырымдары, мақал-мәтелдері, дүниетанымы болады. Демек, дүниеде өзіндік саяси ой пікірі жоқ ешбір халық болмақ емес. Әрине түрлі жағдайға байланысты біреуінде ол жоғары дамыған, белгілі дәрежеде жүйеленген, ал енді біреуінде саяси ойлар бір жүйеге келтірілмеген, жинақталмаған, шашыраңқы күйде кездеседі. Сондай халықтар қатарына қазақ халқында жатқызуға болады. Бұдан келіп, қазақ жерінен жүйелі саяси ой-пікір айтқан данышпандар мүлде шықпаған деп айта алмаймыз. Ел басына күн туған тарихтың небір қысылтаяң кезінде халық өз ортасынан қол бастаған батыр, от ауызды, орақ тілді шешен, ел бастаған көсем, билер мен саясаткерлер шығарып отырған. Сол қасиетті бабалар сапында ғұлама ғалым Әл-Фарабидің өзіндік лайықты орны бар. Ол Х ғасырда аты бүкіл әлемге жайылып, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанады. Әбу Нәсір Әл-Фараби Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Отырарда дүниеге келген. Бірақ өсіп, ірі ғылым дәрежесіне жеткен жері - араб елдері. Ол ұрпақтарына 160 - тай философиялық трактат жазып қалдырған.
Фарабиден екі ғасыр бұрын дүниеге келген Қорқыт ата да үлкен данышпан ойшыл философ болған. Оның туып-өскен және дүние салған жері - қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы.
Қоқыт ата туралы сөз еткенде мына бір қызық жайды айтпай кетпеске болмайды. Аңыз кейіпкері әйгілі Қоқыт баба мен Екінші Түрік қағанатының негізін қалаушы Тоныкөктің бір адам екендігін жазушы Қойшығара Салғараұлы салыстырмалы тарихи деректер арқылы дәлелдеп шыққан. Жазушының атауында ол Тоңюкөк деп айтылады. Мұндай жаңалықты жазушы түгіл, кәсіпқой тарихшыларымыз да ашпағаны өтірік емес. Тосын жаңалық, қазақ тарихын байыта, кемелдендіре түскен өзіміздің атақты Түрік қағанатының шынай мұрагері екенімізді дәлелеп беретін жаңалық қой бұл.
Қоқыт атаның шығармалары бүкіл Шығыс елдеріне кеңінен тараған. Оның Кітаві деде Қорқыт атты еңбегі Ватикан мұражайында сақталып, 1952 жылы Римде жарық көрген, 1958 жылы түрік тілінде Анкарада басылып шақты. Оның өлеңмен жазылған шығармалары данышпандық, филосифиялық ойлар мен толғауларға толы. Ел арасында Қорқыт ата айтыпты деген мақал-мәтелдер көп. Мәселен, Ескі мамық бөз болмас, кәрі дұшпан дос болмас немесе Шөлді жердің отын киік білер, сулы жердің қадірін құлан білер деген сияқты.
Қазақтың дана, әрі ойшылдарының бірі - Асан қайғы. Ол XV ғасырда Батыс Қазақстанның жерінде өмір сүрген. Асан қайғы көптеген нақыл сөздердің, саяси ой-толғаулардың иесі. Мәселен, таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады, таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады деген философ жыраудың сөздері көп нәрсені аңғартады. Ол Алтын Орданың ыдырап, Дешті қыпшақтың орынына бірнеше ұсақ хандықтардың пайда болуын уайымдайды. Асан қайғы елдің бастан кешіп отырған тұрмысына қанағаттанбайды, ренжиді. Ол малға жайлы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ философиясының пайда болу туралы ойшылдардың көзқарастары
Қазакстанда саяси философияның қалыптасуы және дамуы
Қазақы дүниетанымның алғышарттары
Қазақ философиясының даму ерекшеліктері
Миф және дін
Философия мен мәдениет
Орыс философиясы жайында
Философияның даналық және адамзат қоғамының дамуы
Философия, оның пәні. Философия тарихы
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер