Мақта дақылының өсіру технологиясы


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімМақта дақылының өсіру технологиясыБақша немесе мақта бітесі - Aphіs gossypіі Glov. Үлкен мақта бітесі-Acyrtosiphon gossypi Morv. Мақта қоңыр көбелегі-Heliothis armigera Hpm. Карадрина немесе кіші жер үстілік көбелек-Spodoptera exigua Hbn. Кәдімгі өрмекші кене-Tetranychusturkistani Ug. et. Nic. Мақта зиянкестеріне қарсы күрес шаралар жүйесі
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мақта егістігіне негізінен көпқоректі бунақденелілер зиян келтіреді. Оның жапырағы мен кеміргіш көбелектерінің (күздік көбелек, жоңышқа т. б. ) жұлдызқұрттары, ал генеративтік мүшелері мен мақта көбелегінің жұлдызқұртты бітелер, өрмекші кене қоректенеді. Біздің елде мақта дақылына негізінен көпқоректі насекомдар зиян келтіреді. Көктемде оның жаңа шыққан көгін шыртылдақ қоңыздар мен қара денелі қоңыздардың, тақтамұрттылардың личинкалары, күздік көбелектің жұлдызқұрттары және басқа зиянкестер зақымдайды. Оның жапырақтарымен шегірткелердің көптеген түрлері, шалғын көбелектің, мақта көбелегінің, карадриннің, жоңышқа көбелегінің жұлдызқұрттары бітелердің бірнеше түрлері, өрмекші кене және т. б. зиянкестер қоректенеді. Сабақтарының ішінде жүгері көбелегінің, құлқайыр күйе көбелегінің жұлдызқұрттары қоректеніп, тіршілік етеді. Генеративті мүшелерін мақта және шалфей көбелектерінің жұлдызқұрттары, бақша бітесі және өрмекші кене зақымдайды.
2. 1 Мақта дақылының өсіру технологиясы
Мақта (Cossypіum), қоза-құлқайыр тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл Мақта б. з. дейінОрта Азия республикаларында, Үндістанда, Иран, Қытай, Мексика, Перу аймақтарында өсірілген. Қазақстанда 1918 жылы Түркістан жерін суландыруға байланысты қолға алынды. 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаның биіктігі 1-1, 5 м. 1-2 негізгі бұтақтан 10-15 жанама бұтақша тарайды, одан кейін осы бұтақшаларға гүл мен қауашағы шығады. Гүлі жеке, ірі сары не ақ Мақта өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сабағы 90-130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек тәріздес. Жемісі 3-5 ұялы қауашақ, оның ішінде талшық, оның ортасында 20-40 мақта тұқымы болады. Мақтаның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан өсіріледі. Мақта - жарық, жылу, ылғалды көп керек етеді. Тұқымы 10-12C-та өне бастайды, 25-30C-та жақсы өседі, 0C-та үсікке шалдығады. Гүлдеу және пісу кезінде ылғалды көп керек ететіндіктен, суармалы жерлерде жоғары өнім береді. Облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара, Ордабасы, Отырар аудандарында, Арыс, Түркістан қалалық әкімдік аумақтарында Мақтаның орта талшықты нөмірлері (Қырғыз-3, С-4727, С-6524, 108-Ф) өсіріледі. ОҚО ауа-райына байланысты мақта сәуір-мамыр айларында толықтай егіліп бітеді. Шиті жерге түскеннен кейін жер құнарлылығы жақсы болса 5-10 күннің көлемінде жер бетіне шығады. Ал егер жер бетіне шықпай тұрып, жаңбыр жауған жағдайда, тез арада бетін тырнап шығу қажет. Себебі жердің беті қатып мақта тұншығып қалады. Мақта өсіп жетілемін дегенше, арам шөптерден тазалап, түрлі зиянкестерден қорғайтын химиялық заттар беріліп тұрады. Жылына 2 рет суарады.
2. 2 Бақша немесе мақта бітесі - Aphіs gossypіі Glov
Тең қанаттылар Homoptera отрядының бітелер Aphididae тұқымдасына жатады. Қазақстанның оңтүстік бөлігінде, соның ішінде мақта дақылы өсірілетін аймақтардың барлығында тегіс таралған. Полифаг, мақтадан басқа да көптеген өсімдіктерді зақымдайды. Тек партеногенетикалық жолмен дамиды.
Қанатсыз аналық бітенің ұзындығы 2 мм шамасындай, түсі жасыл-сары немесе күңгірт-жасыл, шырын түтікшелерінің түсі қара, түп бөлімі жуандау, мұртшалары ақшыл-сары, ең ұшындағы бунағы қара, құрсағында қара түсті дақ бар. Қанатты бітелердің бас, көкірек бөлімдері және түтікшелері күңгірт-қара түсті болады.
Қазақстан жағдайында зиянкес ересек біте күйінде арам шөптерде қыстайды. Ерте көктемнен бастап сол қыстап шыққан өсімдіктермен қоректеніп көбейеді де, мамырдың бас кезінде қанатты аналық бітелер мақта және бақша дақылдарына көшеді. Оларда жаз бойы личинкаларын тірі табу жолымен өсіп-өніп, вегетациялық мерзім ішінде 18 генерацияға дейін береді. Бір генерацияның дамуы 7-10 күнге ғана созылады. Сөйтіп, тез көбейіп, өсімдік бойында шоғырланып, яғни тығыз колония құрып, тіршілік етеді. Бітенің дамуы үшін ең үйлесімді температура 16-22 0 С аралығы. Бұдан жоғарғы температура бітенің дамуын тежейді. Сондықтан жаз ортасында оның саны азаяды. Бірақ күзге қарай өсіп-өнуі қайтадан өршіп, тез көбейеді.
Бітелердің көктемдегі қоректенуі мәдени өсімдіктің жалпы күйін әлсіретеді, өсуін едәуір баяулатады. Ал жазда олар көбінесе мақтаның генеративті мүшелерімен қоректенеді. Нәтижесінде зақымданған өсімдіктердің тұқым түйіні мезгілінен бұрын төгіліп қалады және бітелерден бөлінетін жабысқақ сұйық заттар ашылып келе жатқан мақта қауашағының талшықтарын ластап желімдейді. Ондай талшықтарды сапрофитті құрым саңырауқұлақтары мен бактериялардың дамуына қолайлы жағдай туады. Сөйтіп мақта талшықтарының сапасы төмендейді.
1-сурет. Бақша немесе мақтабiтесi
2. 3 Үлкен мақта бітесі-Acyrtosiphon gossypi Morv
Бұл зиянкес те тең қанаттылар (Homoptera) отрядының бітелер (Aphididae) тұқымдасына жатады. Партеногенездік аналық бітенің ұзындығы 4 мм жетеді, түсі жасыл, мұртшалары денесінен ұзынырақ, ал шырын түтікшелері дене ұзындығынан екі есе қысқа. Бақша бітесінен айырмашылығы - мақта өсімдігінің жапырағында немесе басқа мұшелерінде ірі колония құрып шоғырланбайды, бытыраңқы тіршілік етеді.
Әр түрлі өсімдіктердің сабағына салынған жұмыртқа фазасында қыстайды. Көктемде бітелер негізінен жабайы өсетін өсімдіктерде де өсіп-өніп, мамыр айының орта кезінде немесе маусым айының басында, қанатты ұаналықтары шыққан соң, мақта егісіне көшеді. Күзге дейін сонда өсіп-өнеді. Жылына 15 генерацияға дейін беріп көбейеді. Өсімдікті зақымдау сипаты және келтіретін зияндылығы жағынан бақша бітесіне ұқсас.
2. 4 Мақта қоңыр көбелегі-Heliothis armigera Hpm
Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera) отрядының түн көбелектері (Noctuidae) тұқымдасына жатады. Мақта өсірілетін аймақтардың барлығында тегіс таралған өте қауіпті зиянкес. Әсіресе Орта Азия республикалары мен Азербайджанда көп зиян келтіреді. Қазақстанның оңтүстік мақталы аудандарында оқтын-оқтын жаппай көбейіп тұрады. Полифаг-оның жұлдызқұрттары әр түрлі тұқымдастарға жататын өсімдіктердің 120-дан астам түрлерімен қоректенеді.
Көбелектің қанаттарының өрісі 30-40 мм, алдыңғы қанаттарының түсі қызғылт немесе жасылдау реңді сұрғылт, жиегінде қара-қоңыр түсті аспа бау тәрізді көлденең жолақ болады. Артқы қанаттары ақшылдау келеді де сыртқы жиегінде қоңыр жолақ және ортаңғы бөлімінде орақ тәрізді қара дақ орналасқан. Жұмыртқалары алғашында бозғылт-сары, кейіннен жасылдау, пішіні жарты шар тәрізді, диаметрі 0, 5-0, 5 мм. Жұлдызқұрттары даму барысында ақшыл-жасыл және сары түстен қызыл-қоңыр және күлгін-қара түске дейін өзгереді, басы көп дақтар бар сары, денесінде орналасқан қара-қоңыр түсті жалпақтау келеген 3 жолақ болады.
Дамуы аяқталып қалған жұлдызқұрттардың ұзындығы 35-40 мм. Қуыршағының ұзындығы 15-20 мм, түсі қара-қоңыр немесе қызғылттау қоңыр.
Мақта қоңыр көбелегі қуыршақ фазасында топырақ арасында 10 см тереңдікте қыстайды. Көктемде топырақтың температурасы 10 см тереңдікте 15-16 градусқа, ал тәулік бойынша орташа температура 18-20 С градусқа жеткенде қыстаған қуыршақтардан көбелектер ұшып шыға бастайды. Көбелектің негізгі көпшілігі 10-15 күн ішінде ұшып шығады, ал бұл процесстің жалпы ұзындығы бір айға және одан да ұзаққа созылады.
Көбелектер жұмыртқаларын алғашында өсімдіктің жапырағына кейіннен оның генеративті мүшелеріне бір-бірінен, кейде 2-3 данадан салады. Орташа өсімталдығы 500 жұмыртқа. Эмбрионалдық дамуы көктемде және күзде 4-12 күнге, ал жазда 2-4 күнге созылады. Бірінші генерацияның жұлдызқұрттары жоңышқа, нұт, темекі, жүгері, қызанақ дақылдары мен жабайы өсетін өсімдіктерде дамиды. Ал мақта өсімдігіне зиянкестің екінші генерациясы- көбелектері, оның
шанақтану және гүлдену
фазасының бас кезінде жұмыртқалайды. Оңтүстік Қазақстан облысының жағдайында мақта егісінде зиянкес вегетациялық бір маусым ішінде 2-3 генерация береді. Мақта көбелегінің жұлдызқұрттары бітеу гүлдің ішіндегі аналық және аталық мүшелерін жеп құртады. Ішіндегі тұқымдарымен қоректеніп мақтаның қауашақтарын да зақымдайды. Зақымданған қауашақтар түсіп қалады немесе жартылай ғана ашылады. Нәтижесінде талшықтар қысқа болып, сапасы төмендейді. Жұлдызқұрттардың әрқайсысы өз өмірі ішінде мақтаның бітеу гүлдері мен қауашақтарының орта есеппен 15 шақтысын құртады.
4- сурет Мақта қоңыр көбелегі-Heliothis armigera Hpm
Зиянкестің өсіп-өніп көбеюіне әсер етіп, сан мөлшерін реттеуде оның табиғи жауларының рөлі өте зор. Солардың ішінде ең маңыздылары: көбелектің жұмыртқалары мен жас жұлдызқұрттарына шабуыл жасап, оларды құртатын жыртқыш қандала- ориус, жұмыртқа паразиті-т рихограмма және жұлдызқұрттардың паразиті- габрабракон .
2. 5 Карадрина немесе кіші жер үстілік көбелек-Spodoptera exigua Hbn
Көбелектің қанаттарының өрісі 23-24 мм, алдыңғы сұрғылт-қоңыр, бүйрек тәрізді таңбаның түсі қоңыр, ал дөңгелек таңба тот басқан қызыл түсті болады, артқы қанаттары ақшылдау келеді. Жұмыртқалары маржандай құлпырған жасылдау сары, диаметрі 0, 5 мм. Жұлдызқұрттары ақшыл-жасыл түстен қоңырқай-сұр түске дейін өзгереді, бүйір жақтарында бойлай орналасқан қара жолақ болады. Олар дененің бауыр жағындағы ақшыл-сары, кейде қызғылт-сары жолақпен шектеседі. Жетілген жұлдызқұрттардың ұзындығы 25-30 см дейін жетеді. Қуыршағы сарғылт-қоңыр түсті, ұзындығы 13 мм. Карадрина Қазақстанның солтүстік аудандарында 2-3, оңтүстік аудандарында 3-4 генерация беріп көбейеді. Ол қуыршақ күйінде немесе жұлдызқұрт фазасында топырақ арасында қыстайды. Көбелектер наурыздың аяғы мен сәуірдің бас кезінде ұшып шығады. Бірінші ұрпақтың жұлдызқұрттары әдетте арам шөптерде немесе ерте көктеген дақылдарда дамиды. Көбелектер ымырт кезінде және түнде ғана белсенді тіршілік етеді, жасанды жарық көзіне жақсы ұшады. Зиянкестің өсімталдығы өте құбылмалы-әрбір ұрғашы көбелек 200-300 тіпті 2000 дейін жұмыртқа бере алады. Ол оның қосымша қоректенуінің қарқындылығына байланысты. Жұмыртқаларын топтап (250-ге дейін) қоректік өсімдіктердің жапырағына орналастырады. Бірінші генерацияның көбелектері жұмыртқаларын әр түрлі жабайы өсімдіктерге, ал келесі генерациялардың көбелектері жоңышқа, мақта және т. б. дақылдарға салады. Эмбрионалдық даму жаз айларында 2-4, күзде 10 күнге дейін созылады. Ал жұлдызқұрттардың дамуы жазда 2-2, 5 жетіге, күзде 3-4 жетіге созылады. Сол мерзім ішінде олар 4-5 рет түлеп, 5-6 личинкалық жастан өтеді.
Карадриннің жұлдызқұрттары алғашында бір-бірінен ажыраспай топталып тіршілік етеді де, кейіннен жан-жаққа таралып, жеке-жеке тіршілік етеді. Олардың өсімдікті зақымдау сипаты да өзгеше болады. Жас жұлдызқұрттар жапырақтың жүйкелеріне тимей жұмсақ тканьдерін ғана жейді. Ал ересек жұлдызқұрттар жапырақты ойып-ойып теседі немесе түгелдей жеп қояды.
5-сурет. Карадрина немесе кіші жер үстілік көбелек-Spodoptera exigua Hbn .
Карадриннің жұлдызқұрттары алғашында бір-бірінен ажыраспай топталып тіршілік етеді де, кейіннен жан-жаққа таралып, жеке-жеке тіршілік етеді. Олардың өсімдікті зақымдау сипаты да өзгеше болады. Жас жұлдызқұрттар жапырақтың жүйкелеріне тимей жұмсақ тканьдерін ғана жейді. Ал ересек жұлдызқұрттар жапырақты ойып-ойып теседі немесе түгелдей жеп қояды. Олар мақтаның сабағы мен генеративті мүшелерін де зақымдайды. Ауа райы ыстық болған кезде және түнде топыраққа, жердің жарығына, өсімдік қалдықтарының астына еніп жатады. Дамуы аяқталған соң жұлдызқұрттар топырақ арасында 3-5 см тереңдікте қуыршаққа айналады. Қуыршақ фазасының дамуы жаз айларында 1-2 жетіге, күзде 3-4 жетіге созылады.
2. 6 Кәдімгі өрмекші кене-Tetranychus urtica Koch
Акариформдылар- (Acariformes) отрядының өрмекші кенелер (Tetranychidae) тұқымдасына жатады. Өте кең таралған, әсіресе оңтүстік аймақтарда мақтаға және басқа дақылдарға қатты зиян келтіреді. Солтүстік аудандарда жабық орындарда өсірілетін өсімдікті зақымдайды. Аналық кененің дене пішіні сопақша ұзындығы 0, 43 мм, түсі сұрғылт-жасыл немесе сарғылт-жасыл, жазда бүйір жақтарында қара дақтары бар, қыста біркелкі сарғылт-қызыл болады, перитремнің соңғы бөлімі бұтақталмаған, 4 камералы. Еркегінің артқы жағы бірден кілт сүйірленген ұзынша болады. Жұмыртқасы шар тәрізді, жасыл реңді мөлдір, диаметрі 0, 14 мм, ұрықтың даму барысында күңгірттене келе, личинка шығар алдында құлпырған інжу тәрізді түске көшеді.
6-сурет. Кәдімгі өрмекші кене-Tetranychus urtica Koch
Ұрықтанған аналық кенелер мақта өсірілген егістік далаларда, солардың аралығындағы басқа учаскелерде, арық және жол жағаларында жерге түскен жапырақтардың, басқа да өсімдік қалдықтарының, топырақ түйірлері мен кесектерінің, ағаш қабығының астында және т. б. жерлерде қыстайды.
Көктемде орташа тәулік бойынша жылылық 7-10 0 С жеткенде кенелер қысқы ұйқыдан оянып, алғашында жабайы өсімдіктер мен ағаш-бұталардың жапырақтарын мекендейді де, кейіннен мақтаға көшеді. Жұмыртқаларын сол өздері қоректенген жапырақтарға бір-бірлпеп салады және сонымен қатар мекендеген жапырақтарының астыңғы бетін өте жіңішке өрмек жіпшелерімен шырмап тастайды. Өсімталдығы-әр аналық кенеге 100-120 жұмыртқадан келеді. Кененің бір генерациясының дамуы жазда 10-12 күнге созылады. Оның дамуы үшін ең үйлесімді температура 29-31 0 С, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы-35-55 пайыз. ОңтүстікҚазақстан облысында генерация беріп дамиды.
Кәдімгі өрмекші кене-өсімдіктердің әр түрлі тұқымдастарға жататын 200 шамасындай түрлерімен қоректене алатын көпқоректі зиянкес. Әсіресе мақта, соя, бұршақ, бүлдірген, қызылша, бақша және т. б. дақылдарға зиян келтіреді.
Кенелер мен олардың личинкалары мақта өсімдігі жапырағының астыңғы бетінде шоғырлана колония құрып тіршілік етеді. Қатты зақымданған жапырақтардың түсі қоңырқайланып қурап қалады. Ал мақтаның кейбір сорттарының жапырақтары кенелердің зақымдануынан қызғылт-қоңыр түске айналып, одан соң қурай бастайды. Жапырақтарының түсіп қалуы және зат алмасу процесінің бұзылуы салдарынан мақтаның бітеу гүлдері мен гүлдері түсіп қалады, қауашақтарының салмағы кеміп, талшықтарының сапасы төмендейді.
2. 7 Мақта зиянкестеріне қарсы күрес шаралар жүйесі
Агротехникалық шаралар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz