Темір жол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау.Басқа көлік түрлерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылаудың ерекшеліктері
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Темір жол көліктерімен жануарлардың барлық түрін тасымалдауда ветеринарлық.санитарлық бақылау
2.2.Жануарларды вагондарға арту, қабылдау кезіндегі ветсанбақылау
2.3.Жүру кезінде жануарларды ветеринарлық.санитарлық бақылау
2.4.Келу стансасында жануарларды ветеринарлық.санитарлық бақылау
2.5.Құстарды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері
2.6.Түбітті аңдарды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері
2.7.Жабайы жануарларды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері
2.8.Цирктік және зоопарктік жануарларды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері
2.9.Балықтарды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері
3.Әуе және су көліктерімен тасымалдау кезіндегі ерекшеліктері
4.Қорытынды
5.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қазақстан Республикасының ветеринария заңы бойынша темір жол, әуе, су, автокөлік арқылы тасымалдау тек қана жұқпалы аурулардан таза шаруашалықтардан алынған , клиникалық тексерістен өткен жануарлар ғана, ал табындық және қолданылатын жануарлар, диагностикалық зерттеулерден өңдеуден өткеннен соң жіберіледі.Басқа аудандарға сатылуға жіберілетін табындық жануарларды профилактикалық оқшауға қояды, ол мерзімде диспанцеризация өткізіледі, 3 күннен кем емес аралықта жануарлар кезіндегі азықтандыру режиміне бейімделу қажет, ал союға дайындалатын жануарларды 4-5 күннен кем емес аралықта транспорттық режимге ауыстыру керек. Темір жол, су, автокөлік, әуе жолдары арқылы жұқпалы аурулар кездескен шаруашылықтан әкелінген жануарларды тек клиникалық тексерістен өткізген соң тасымалдауға болады. Транспорттық ветеринариялық қадағалау тасымалдауға дейін жануарларды тексеріп қараудан өткізіп, келесі ауруға зерттеулер өткізілуін қадағалау керек.
1. Бегенова А.Б.,Жұмақаева А.Н., Майқанов Б.С. «Шекара және көліктердегі вереринариялық – санитариялық бақылау» Алматы, 2014
2. ҚР «Ветеринария туралы заңы» 10.07.2002 ж.
3. Даулетбаев К.Д.6 Акатов Ж.Б.,

Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Аграрлық факультет
Ветеринарлық санитария кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы:Темір жол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық - санитарлық бақылау.Басқа көлік түрлерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылаудың ерекшеліктері
Орындаған: Смаилова Б.Т.
Топ: ВС-203
Тексерген: Оразалиева С.Б.
Семей қаласы
2015 жыл
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Темір жол көліктерімен жануарлардың барлық түрін тасымалдауда ветеринарлық-санитарлық бақылау
2.2.Жануарларды вагондарға арту, қабылдау кезіндегі ветсанбақылау
2.3.Жүру кезінде жануарларды ветеринарлық-санитарлық бақылау
2.4.Келу стансасында жануарларды ветеринарлық-санитарлық бақылау
2.5.Құстарды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері
2.6.Түбітті аңдарды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері
2.7.Жабайы жануарларды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері
2.8.Цирктік және зоопарктік жануарларды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері
2.9.Балықтарды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері
3.Әуе және су көліктерімен тасымалдау кезіндегі ерекшеліктері
4.Қорытынды
5.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасының ветеринария заңы бойынша темір жол, әуе, су, автокөлік арқылы тасымалдау тек қана жұқпалы аурулардан таза шаруашалықтардан алынған , клиникалық тексерістен өткен жануарлар ғана, ал табындық және қолданылатын жануарлар, диагностикалық зерттеулерден өңдеуден өткеннен соң жіберіледі.Басқа аудандарға сатылуға жіберілетін табындық жануарларды профилактикалық оқшауға қояды, ол мерзімде диспанцеризация өткізіледі, 3 күннен кем емес аралықта жануарлар кезіндегі азықтандыру режиміне бейімделу қажет, ал союға дайындалатын жануарларды 4-5 күннен кем емес аралықта транспорттық режимге ауыстыру керек. Темір жол, су, автокөлік, әуе жолдары арқылы жұқпалы аурулар кездескен шаруашылықтан әкелінген жануарларды тек клиникалық тексерістен өткізген соң тасымалдауға болады. Транспорттық ветеринариялық қадағалау тасымалдауға дейін жануарларды тексеріп қараудан өткізіп, келесі ауруға зерттеулер өткізілуін қадағалау керек.
Темір жол көліктерімен жануарлардың барлық түрін тасымалдауда ветеринарлық-санитарлық бақылау.
Темір жол көлігімен ауылшаруашылық жануарлар мен құстардың барлық түрлерін (бағалы аңдарды, зертханалық, хайуанаттар бағының жануарларын, теңіз аңдарын, араларды, балықтарды қоса бұдан әрі құстарды) тасымалдауға ұсыну Жөнелтушінің қоса берген құжаттары деген бағанында көрсете отырып, жүк құжатқа қосымшамен және ветеринариялық қадағалау саласындағы тиісті уәкілетті органдар берген ілеспе құжаттар болған кезде жүзеге асырылады. Вагондап жөнелтілетіндермен жануарлады тиеу, түсіру кірме жоодарда жүргізіледі. Жануарларды тасымалдау алдында ветеринарлық бекеттің вет инспекторы 2-3 күн бұрын жүк жөнелтуші шаруашылығына барып, келесі шараларды өткізеді: аймақтық саулығын; құжаттардың дұрыс ресімделуін тексереді; жануарларды клиникалық қарап, термометрия өткізеді; азықтар, төсеніш, суару жабдықтарын, сапалы болуын тексереді; жолсеріктермен әңгіме кеңес өткізеді. Осы зерттеу нәтижелері бойынша акт толтырылып, жануарларды арту стансасына жөнелтуге рұқсат береді.
Жөнелтуші 3-5 күн бұрын жануарларды көліктік азық режиміне көшіреді. Жануарларды экспортқа әзірлеу 3-ай бұрын Экспортқа жөнелтілетін жануарлар мен құстарды таңдау, ветеринарлық өңдемелеу ережелеріне сәйкес өткізіледі.
ТМД және алыс шетелдерден келетін жануарлар ҚР жануарларды, жануартекті өнімдер мен шикізаттарды импорттау кезіндегі ветеринарлық санитарлық шаралар туралы нұсқаулыққа оқшаулау мен ветеринарлық өңдемелеу өткізіледі, бұдан соң одан әрі жүру құқы бойынша ветеринарлық куәлік беріледі. Инфекциялық жұқпалы аурулармен ауру, не күдікті жануарларды шет елдерінен енгізу, шығару және біздің ел арқылы транзиттеуге қатаң тыйым салынады. Жөнелтілетін жануарларға ветеринарлық куәлікті шаруашылықта жұмыс атқаратын ветеринарлық дәрігер жүк жөнелтушіге тапсырады.
Аға жолсерік шаруашылықтан азықтар мен төсеніштерді барлық жол бағытына жеткілікті етіп алуға міндетті.
Азықтар мен төсеніштерді тасымалдау үшін, бір вагон әр 10-16 вагондағы жануарларға есебінен беріледі, жануарларды күту үшін бір вагонға 1 жолсерік, ал асыл тұқымды жануарларға 2 жолсерік бір вагонға бекітіледі.
Жануарларды вагондарға арту, қабылдау кезіндегі вет-сан бақылау Жануарларды арту орны мен уақыты жайлы мәліметті алған соң көліктегі ветеринарлық санитарлық бекеттің ветеринарлық инспекторы келесі шаралар өткізеді: станса өкілімен және жөнелтушімен бірлесіп вагондар жарамдылығын тексереді; қажетті азық мөлшері анықталады; клиникалық қарау мен термометрия жүргізіледі.
Жануарларды және құстарды вагондарға арту, мал тиеу алаңы бар белгiленген стансаларда өткізіледі. Жануарларды тиеуге арналған жалпы қолданылатын алаңдардан немесе жануарлар тиеуге арналған баспалдағы бар алаңнан артуға рұқсат етiледi Онда тиегіштер, бүйірлік қабырғалары бар басқыштармен жабдықталып дайындалуы керек. Бірден автокөліктен артуға болмайды. Жануарлар және құстар арнаулы вагондармен, олар жетiспесе, жай жабық вагондарда тасымалданады (1-сурет). Артарға дейін жануарларды топтап, сұрыптайды; көлемі, салмағы, жынысы ескеріледі. Арту кезінде айқай-шу, ұрып-соғу болмауы тиіс, оны күндіз өткізген жөн, түнде толық жарық түсуі қамтылғанда артады.
1-сурет. Мал тасымалдайтын вагон.
Стансада жұқпалы ауру не күдікті жануар анықталғанда, барлық жануарлар тасымалдануына тыйым салынады, олар шаруашылыққа қайтарылады немесе белгіленген тәртіпте сойылуы үшін еткомбинаттарына жіберіледі. Әдетте теміржол 2 малторлары бар вагондармен қамтиды, ал қалғанын жөнелтуші шаруашылық жабдықтайды, ал асыл тұқымдылар тасымалданса, қабырғаның ішкі беткейлерін сабандармен қымтайды.
Жануарлар және құстар жай жабық вагондармен тасымалданса, вагондарға тасымалдауға керек құрал-жабдықтары темiр жолмен немесе жүк жiберушi (жүк алушы) келiсiмiмен жабдықталады.
Құстарды тасымалдау темiр бүтiн торларда немесе торсыз тасымалданады, сол кезде құстарды арту екi қабатты жүргiзiледi, тек үстiндегi қабаттың еденiне су өтпейтiн болуы керек.
Жануарлар және құстарды тиеуге жуылған, дезинфекцияланған вагондар берiледi. Талаптарға сәйкеспейтін вагондарға жануарлар артылмайды.
Жануарлар мен құстарды тасымалдауға вагондардың дұрыстығын, жарайтынын мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторы анықтайды. Улы заттар мен минералды тыңайтқыштар тасымалдаған вагондар қайта өңделмесе, оларға мал артуға рұқсат етiлмейдi.
Жiберiлген малдарға, құстарға, араларға және өсiру, тiрi балыққа, балық өсiретiн материалдарға, ұрықтандырылған уылдырықтарға, жүк жiберушi мiндеттi түрде, бақылаудағы жүктердiң шыққан жерiнен, аумақтық ветеринариялық мекемесi берген ветеринариялық куәлiктi көрсетедi. Ветеринариялық куәлiксiз мал және құс тасымалдауға жiберiлмейдi. Ветеринариялық куәлiк әрбiр вагонға бөлек берiледi, оны тасымалдау құжаттарына қосады. Егер жүкті жүк жiберушiмен бiр стансаға және бiр жүк алушыға жолдаса, бiрнеше вагонға бiр куәлiк берiледi. Бұл кезде ветеринариялық куәлiк бiр құжатқа қосылады да, ал басқаларына белгi қояды. № Ветеринариялық куәлiк..., № жол құжатына..., № вагонға....
Жануарлар және құстар шетелге жiберiлгенде, ветеринариялық куәлiк әрбiр вагонға берiледi.Ветеринариялық куәлiк тиелетiн стансаға көрсетiлетiн болса, ол берiлген күннен бастап үш тәулiкке жарамды болып саналады.
Егер ветеринариялық куәлiктiң уақыты мерзiмiнен асып кетсе, тасымалдауға малдарды қабылдау мәселесiн, мемлекеттiк ветеринарлық қадағалау ветеринариялық инспекторы шешедi.Бал араларын, сонымен қатар өсiруге және акклиматизациялауға арналған шаяндарды, тiрi балықтарды, ұрықтандырылған уылдырықты тасымалдау, нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес атқарылады.Станса бастығы, жүк тасушы мен мемлекеттiк ветеринарлық қадағалау мекемесіне мал мен құсты тиеуге 24 сағат уақыт бұрын хабар бередi. Мемветқадағалаудың ветеринариялық инспекторы малдарды зерттеуді тек қана күндiзгi уақытта жүргiзедi.
Жануарлар және құстар станса бастығы тағайындаған уақытта стансаға жеткiзiлiп, тиеуге дейiн бүкiл вагондар ветеринарлық инспекторымен қаралуы керек.
Жануарлар мен құстарды тиеуге рұқсат етiлсе, ол туралы ветеринарлық куәлiкке белгi қойылады, ал тиеуге тыйым салынса, ветеринарлық куәлiктiң алынғаны туралы акт жасалынады, бұл туралы станса бастығына хабар берiледi. Тиеуге ветеринарлық инспекторы тыйым салса, жүк жiберушi мiндеттi түрде 2 сағаттан кейiн тиеуге жiберiлмеген жануарларды және құстарды станса аумағынан алып кетуi керек.
Бір төрт діңгекті вагонға арту нормасы жануар түріне, жасына, көлеміне, салмағына байланысты анықталады.Асыл тұқымды жануарларды арту нормасы жүк жөнелтушінің көліктегі мемветқадағалау орындарымен келісімі бойынша өзгертіле алады.
Жылқыларды вагондарда көлденең бойы қатар бастарымен есiкаралық кеңiстiкке қарай орналастырады. Жолсерiк жүріп тұруы үшiн ортаңғы қатарда шеткi қатарға қараған бiр жылқыға аз орналастырылады. Жылқылар тек қана тағасыз түрде тасымалданады. Қысқа бағыттар болса, рационнан дәндесін азықтар алынады. Iрi қара мал вагонда ұзын бойы және көлденең түрiнде орналастырылады. Көлденең бойы артылғанда, тиеу алдында вагонның көлденең қабырғасының алынбайтын тақтайына бұрандамен мал байлауға темiр шығыршықтар жапсырылады, 1-2 малға бiр шығыршық. Вагонның екi басына, әрқайсысы екi тақтайдан құралатын, вагонның алынбайтын тақтайына, вагонға көлденең, вагонның беткi қабырғасына тiреп сөрелер орнатады. Iрi қара мал тиелiп болғаннан соң, есiк жақтауларына тор қойылады.
Iрi қара малды көлденең орналастырылғанда вагонды жылқыларды орналастырылғандай жасалынады, тек есiкке қойған тақтай орнына тор қойылады. Қой, ешкi, шошқа және iрi қара малдың төлдерi вагондарға бос артылады.
Вагондарға бұқа мен сиырды, қой мен қошқарды, шошқаның ұрғашысы мен аталығын және жануарлар мен құстың әр түрлерiн бiрге тиеуге болмайды.
Егер жануар мен құстың әр түрлi жыныс және түрiмен тасымалдауға бөлек вагондар болмаса, оларды мiндеттi түрде мықты шарбақпен бөлiп тасымалдайды.
Бұзау, қой, ешкі, шошқалар, қашарлар бос артылады. Шошқаларды қыс уақытында сыртқы ауа температурасы 25°С төмен болса, ал жаз уақытында үлкен семiз шошқалар салмағы 100 кг масса, ауа температурасы 25°С жоғары болса тиелiнбейдi және тасымалданбайды.
Ұсақ жануарлар тор жәшiкте бiрнеше қабатта тасымалданады.
Сойылатын малдарды көбіне көлденең орналастырады. Ірі малдар вагондарда байланып тұруы керек.
Үстiңгi тор мен төбенiң және вагонның қабырғасының аралығы 0,2 м болуы керек. Жәшiк пен торлар қабырғаны бойлап орналастырылып, ортасынан малдарға қарау, жүру және ауа ағымы болуы үшiн орын қалдырылады. Тор және жәшiктердiң түбi бүтiн болып және тиелген соң жақсылап бекiтiлуi керек.
Жабайы жануарлар мен аңдарды вагондармен тасымалдау темiр жолмен шарт бойынша мемлекеттiк ветеринарлық қадағалаумен және жүк жiберушiнiң келiсiмiмен тасымалданады.
Бағалы аңдар, олардың түрлерiне қарамастан темiр жол немесе мықты ағаш, есiгi темiрмен торланған торларда тасымалданады. Тор есiктерi мықты есiктiң иегiмен және құлыпқа жабылуы керек.
Жеткiзудiң белгiленген уақытына байланысты, жүк жiберушi мал мен құсқа жеткiлiктi түрде жол бойына азықпен және төсенiшпен қамтамасыз етедi
Қыс уақытында ауаның сыртқы температурасы 15°С төмен болса, қыспақ, барда, сүрлеммен жануарларды азықтандыруға болмайды.
Жүру кезінде жануарларды ветеринарлық-санитарлық бақылау. Жөнелту стансасы жолсеріктерге жүру құқығы бойынша куәлік береді, ал жөнелтуші жол бағыттық журнал береді, онда жануарлар қайдан, қайда бара жатқаны, азықтар мөлшері, өзге мәліметтер жазылады. Уақыт бойынша арту нормасы 1-1,5 сағат, вет маманы арту актін тиісті формада, жөнелтуші мен арту стансасы өкілдері және аға жолсерік қатысуымен толтырады, актіге жолсеріктер тізімі және оларға бекітілген вагондар нөмері тіркеледі. Бір данасын көліктегі ветбекеттінде сақтайды, екінші данасын жолсерікке тапсырады, ол оны келіп жететін стансада табыс етеді. Мемлекеттік көліктегі ветеринарлық бекет қызметінің ветеринарлық инспекторы диспетчерлік қызмет арқылы жануарлар бар вагондардың жылдам қозғалуын талап ете алады.
Жемшөп пен төсенiш мал және құстармен бiрге вагондарда тасымалданады және олар жемшөп сөрелерiне немесе вагонның есiк аралық кеңiстiгiне салынады. Жемдер (сұлы, ұн, ұн қалдығы, жарылған жем) қапқа, ал шөп пен сабан буылған түрiнде салынады.Жануарлар тиелген вагондарды төбеден жiбергенде, оларды итергенде, бұл жұмыстар аса сақтықпен жүргiзiлуi керек. Станса қызметкерлерi жануарлары бар вагондардың жолсерiктерiн таратудың басталуын немесе вагондарды итеру жұмыстары болатыны жөнiнде ескертуi керек.Жаз уақытында жануарларды жолда тәулiгiнде 2 мезгiл, ал қыс уақытында 1 реттен кем емес суарады, аз мөлшерде жиі суарып отырған жөн. Темiр жол мекемелерi белгiленген стансаларда мал суаруға су беруi керек. Су беретiн және осы жөнiнде қызмет көрсететiн стансалардың тiзiмiн қызмет жүк иесi және жүк тасымалдаушының (темiр жол мекемесi) арасында келiсiледi.. Шошқалар су тапшылығына аса сезімді, сондықтан вагонда су қоры болуы керек. Су температурасы 9-150С шамасында болуы тиіс. Бұзаулар мен шошқаны суық сумен суаруға тыйым салынады. Ветмаманы су қабылдау стансаларында барлық жабдықтар бүтін болғанын қадағалауы керек, әйтпесе поезд кешігіп қалуы мүмкін. Стансадан су қабылдамай аттанған жағдайлар жайлы бастығына хабар етеді.
Су қабылдау стансаларында және транзиттерде ветмаманы жануарларды клиникалық қарап отырады, нәтижелері веткуәлікте және журналға (малды тіркеу) тіркеледі. Жолсерiктерiмен жол бойы вагондарды тазалау, темiр жол мекемесi бастығының бекiткен стансаларында жүргiзiледi.Вагондарды тазалау жөнiнде қызмет көрсететiн стансалардың тiзiмiн жүк артушы мен жүк тасымалдаушының (темiр жол мекемесi) арасындағы келiсiм бойынша жасалынады. Поезд жүріп келе жатқанда қиды лақтыруға тыйым салынады. Төсеніш ретінде сабан, торф, ағаш үгінділері қолданыла алады, құм қолдануға болмайды. Жануарларды жолда 2-3 рет нақты белгіленген уақытта азықтандырады. Қыста -150С кезінде жом, барда, сүрлем беруге болмайды.
Ауру жануарлар байқалған сәтте және жануарларды ерекше жағдайда тасымалдаған уақытта жол бойында вагондарды нәжiстен тазалауға тыйым.
Жол бойында егер өлген ауру, нашар мал және құстар болса, мемлекеттiк ветеринарлық қадағалаудың ветеринарлық инспекторы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қолданады. Жолда жануарды союға тыйым салынады.
Станса аумағынан мал мен құстың өлекселерін алып тастау мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау инспекторының қадағалауымен iстелiнедi. Жануарлар және құстар тиелген вагондарды тоқтатқанда немесе мал түсiрiлгенде, жалпы үлгiдегiдей акт жасалады және ветеринариялық инспекторының хаттамасымен бiрге, акт тасымалдау құжаттарына қосылады.
Жануарлардың өлекселерін түсiретiн стансалар тiзiмiн мемлекеттiк ветеринарлық қадағалаудың келiсiмiмен, магистральдiк темiр жол жүйелерiнiң операторы анықтайды.
Келу стансасында жануарларды ветеринарлық санитарлық бақылау.Келіп жету стансасына келген соң, жануарларды ветмаманы қарап, веткуәліке нәтижелерін тіркейді. Түсірілген асыл тұқымды жануарлар күйі жайлы акт толтырылады. Жануарларды қабылдаушыға көліктегі ветбақылау мамандары қарап, қорытынды жасаған соң жібереді де, стансадан 12 сағат ішінде алып кетеді.Жануарлар мен құстар тиелген вагондар стансаға түсiрiлуге келсе, онда станса бұл жөнiнде мемлекеттiк ветеринарлық қадағалаудың ветеринарлық инспекторына және жүк алушыға немесе экспедиторлық компанияға, егер жүк солар арқылы тасымалданса, хабар бередi.
Жануарлар мен құстар мемветқадағалау ветинспекторымен түсiрiлуге белгiленген мерзiмде зерттелуi тиіс. Жалғыз келген мал мен құс стансада ветеринарлық бақылау бекетi болса тексерiледi, болмаған жағдайда жүк алушыға тексерусiз берiледi.
Жануарлар мен құстар түсiрiлiп болған соң, жүк алушы нәжiс пен төсенiштiң қалдықтарын вагонның есiкаралық кеңiстiгiне жинауға мiндеттi (3-санаттық вагондардан басқа). Вагондар нәжiс үйiлгеннен соң, санитариялық өңдеуге жiберiледi.Келiп жатқан вагондардың санының көптiлiгiне және жергiлiктi жағдайларға байланысты нәжiс және төсенiш қалдықтарын жинау үшiн станса бастығы жүк алушының сұрауы бойынша қосымша уақыт белгiлей алады. Бұл уақыт жаз айында 30 минут, ал қыс айында 1 сағаттан аспауы керек.Егер орнатылған тәртiпке қарай карантин туралы хабарландырылса, темiр жол бастығы мал мен құсты белгiленген тәртiпке байланысты тиеуге және тиеуін шегеру туралы хабар бередi. Жануарлар мен құстарды басқа жерге жiберуге ҚР АШМ ветеринария мекемесінің келiсiмi керек.Жануарлар мен құстарды шетелден алып келу және шетелге шығару тек қана белгiленген талаптарға сай, экспортер мемлекеттiң ветеринариялық мекемелердiң берiлген ветеринариялық құжаттарымен (ветеринарлық куәлiк немесе ветеринарлық сертификат) келуi тиiс.Станса бастығы мал мен құстардың келгенi туралы хабар берген соң, сырттан келген, сыртқа шығатын және транзиттегi мал мен құсты шекара және көлiктегi аумақтық басқармасының шекаралық ветеринарлық бекетiнiң ветеринарлық инспекторымен зерттейдi. Зерттелген малдар және құстарға шекарадағы ветеринарлық бекетiнiң ветеринарлық инспекторымен сыртқа шығатын жүкке ветеринарлық куәлiк орнына ветеринарлық сертификат берiледi, ал сырттан iшке тасымалданса, онда ветеринариялық сертификат орнына ветеринарлық куәлiк берiледi. Ветеринариялық сертификат немесе ветеринариялық куәлiк жол құжаттарына қосылады.Шекаралық ветеринарлық бекеттiң ветеринарлық инспекторы жануарлар мен құстарды зерттеу, ветеринарлық құжаттарды беру, кедендiк қарау уақытына сәйкес болуы керек.Тексеру кезінде ауру және жұқпалы ауруға күмәндi жануарлар мен құстар табылса, ветеринарлық жiберу құжаттарында көрсетiлген мәлiмет дұрыс болмаса немесе бұл құжаттар мүлдем болмаса, шекарадағы ветеринарлық бекеттiң ветеринариялық инспекторы станса және кеден өкiлдерiмен бiрге акт жасап, ал мал мен құстарға шекарадағы ветеринарлық бекеттiң ветеринарлық инспекторы нұсқауымен ветеринарлық-санитарлық шаралар қолданады.
Құс, түбітті аңдар, жабайы жануарлар, аралар, тірі балық пен шаяндарды тасымалдау кезіндегі ветеринарлық бақылау.Құстарды тәулігіне 3 рет азықтандырады, бір басқа тәулігіне 1-1,5л су қажет. Төсеніш ретінде сабан не ағаш үгінділері қолданылады, төсенішті күнде жаңартып отыру керек. Жүру кезінде құс ауырып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz