Жүгеріні өсіру технологиясы жайлы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
БАӨЖ
Тақырыбы: Жүгеріні өсіру технологиясы.
Орындаған: Шуленова М. Қ.
Тексерген: Татенов А. Б.
Топ: ТЖ - 305
Семей - 2015
Жоспар
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі
- Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері
- Жүгерінің өсіру технологиясы.
- Егістікті күтіп-баптау іс-шаралары.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жүгері
- азық түліктік және малазықтық дақыл.
Африка, Үнді және Шығыс Азия елдерінде негізгі тағамдық дақыл болып саналады. Сондықтан, тағамдық өсімдік ретінде әлемде бидай мен күріштен кейін үшінші орын алады. Қонақ жүгері алуан түрлі мақсатта пайдаланылатын дақыл. Дәні-малдың бағалы азығы, құрама жем, крахмал, спирт және қант өнеркәсібінде шикізат. Қонақ жүгерінің 100 кг дәнінде 119 азықтық өлшем, ал көк балаусасында-23, 5, сүрлемінде-22, 0, пішенінде-49, 2 азықтық өлшем болады. Қонақ жүгері дәнінде 15 пайызға дейін протин, лизинге бай, қантты сорттарында 10-15 пайызға дейін қант бар, одан қою шырын алынады. Перспективалы қант беруші дақылдар қатарына жатады.
Қонақ жүгері отаны Африка болып есептелінеді. Біздің арамызға дейін 3 мың жыл бұрын Үнді және Қытай елдерінде өсірілген, ал Орта Азия мемлекеттерінде 2, 5 мың жыл бұрын белгілі болған, Ресейге 17 ғасырда әкелінген. Дүние жүзіндегі егіс көлемі48 млн. га, дән өнімділігі-14, 2 ц/га. ТМД елдерінде қонақ жүгеріні 150 мың гектарға өсіреді, орташа өнімділігі-15 ц/га. Республикадағы егіс көлемі ағын, бірақта перспективалы дақылдар қатарына жатады.
- Жүгерінің өсіру технологиясы.
Жүгерi Қазақстанда өсiрiлетiн аса құнды дақылдар қатарына жатады, өйткенi ол дән және сүрлем үшiн де егiледi.
Дәнге арналған жүгерi, көбiне Қазақстанның суармалы аймақтарында өндiрiледi. Агротехникалық шаралар тиiмдi қолданылса, суармалы жерлердегi тыңайтқыш еңгізiлген жүгерi егiстiгiнiң гектарынан 120- 130 ц дән және 900-1000 ц көк балауса жинауға болады.
Жүгерiнiң тамыр жүйесi қомақты болады және жан-жағына жайылып өсетiн болғандықтан топырақтағы қоректiк элементтердi басқа астық дақылдарынан гөрi жақсырақ әрi ұзақ мерзiм пайдаланады. Қоректiк заттарды пайдалануының аса жауапты кезеңi 5-7 жапырақ пайда болғаннан шашақтанғанға дейiнгi мерзiм. Осы кезде жүгерi, ғалымдардың зерттеуiне қарағанда, әрбiр күнде топырақтың бiр гектарына 6-7 кг азот, 2 кг фосфор және 10-12 кг калий элементтерiн пайдаланады (П. Г. Найдин) . Бұл мерзiмде жүгерi өсiмдiгi өзiне қажеттi барлық қоректiк заттардың 30-35 пайызын ала алады. Осы кезде топырақта қоректiк элементтер, әсiресе фосфор жетiспесе, өсiмдiктiң сабақтануына терiс әсерiн тигiзедi. Жүгерi көктеп шыққаннан 3-4 жапырақ пайда болғанға дейiн қосымша фосформен еңгізудiң мол өнiм алу үшiн маңызы бар. Бiр тонна жүгерi дәнi тиiстi қосымша түсiмiмен шамамен 30-35 кг азот, 10-13 кг фосфор, 40-42 кг калий, ал бiр тонна көк балауса 2, 0- 2, 5 кг азот, 1, 0-1, 2 кг фосфор және 4, 0-4, 5 кг калий пайдаланады. Жүгерiге қолданылатын тыңайтқыш мөлшерi топырақтың қоректiк заттармен қамтамасыз етiлу деңгейi мен жоспарланған өнiм мөлшерiне байланысты. Алмаспалы калий мөлшерi орташа (1 кг топырақта 300 мг К2О), фосфорға, азотқа, қарашiрiндiге кедей ашық боз топыраққа азот, фосфор және калий тыңайтқыштарын қолданудың тиiмдiлiгi өте жоғары болады (94-кесте) .
Егер бiр кг топырақта жылжымалы фосфор мөлшерi 50 мг жоғары болса, фосфор тыңайтқышының тиiмдiлiгi байқалмайды. Жылжымалы фосфор мөлшерi төмен, алмаспалы калий жоғары ашық қара қоңыр топыраққа N 120-150 P60 еңгізу жүгерiден мол өнiм алуды қамтамасыз етедi. Жүгерi егiстiгiне органикалық тыңайтқышты қолданудың маңызы зор. Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк институтының мәлiметтерi бойынша ашық қара қоңыр топыраққа егiлген жүгерiден, гектарына 10 т көң бергенде 10, 4 ц, ал көңдi минералдық тыңайтқыштармен бiрге пайдаланудан (10 т көң +N 60 P60 K60 ) 16, 1 ц қосымша дән жиналды. Жүгерiге қолданылатын тыңайтқыш мөлшерi алғы дақыл түрiне қарай да өзгертiлiп отырады. Егер жүгерi дәндi дақылдардан кейiн егiлетiн болса, топыраққа тыңайтқышты мол беру керек, ал көпжылдық шөптерден кейiн егiлетiн болса, азот тыңайтқышын азырақ, ал калий мен фосфорды көбiрек қолданған дұрыс.
Қазақстанның солтүстiгiнде далалық және қуаң далалық астықты аймақтарында жүгерi мал азығы үшiн өсiрiледi. Жүгерi көк балаусасының түсiмiн арттыру үшiн мұнда алдымен органикалық және минералдық тыңайтқыштарды үйлестiрiп немесе бiрге қолдану керек. Мысалы, Солтүстiк Қазақстанның қуаң далалық аймағында (Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Ақмола облыстары) қара және күңгiрт қоңыр‚ қара топырақтарына N 60 P60 K60 бергенде гектарынан 36-48 центнер, ал 20 тонна көң қолданғанда 41-53 центнер қосымша көк балауса алынды. Оңтүстiк қара топырақты өңiрде жүгерi егiсiне еңгізiлген фосфордың толық мөлшерi оның өнiмiн жоғарылатады, ал азотты көбiрек мөлшерде қолданудан аз өнiм алынады. Солтүстiк Қазақстанның карбонатты қара топырағына гектарына 60 кг азот еңгізгенде, жүгерiнiң көк балауса өнiмi 49 центнерге артты. Фосфор мен калийдi және азот, фосфор, калий тыңайтқыштарын бiрге қолданғанда гектарына 51-116 центнер қосымша өнiм алынады.
Тәлiмi егiстiкке жүгерiге барлық тыңайтқыштарды топырақ жыртар алдында беру керек. Суарылатын егiстiкке жүгерiге көң, фосфор, калий тыңайтқыштарын толық, азоттың жылдық мөлшерiнiң 70% сүдiгер жыртар алдында, ал азоттың 30% 5-7 жапырақ пайда болғанда үстеп қоректендiру арқылы бередi.
Жүгерi өзiнiң өсуiнiң бастапқы кезеңiнде қосымша фосфор қорегiн қажет етедi. Осыған орай түйiршiктi суперфосфаттты тұқым себерде ұяға еңгізу (гектарына 15-20 кг Р 2О5 есебiнде) ұсынылады. Бұл тәсiлмен еңгізiлген фосфор тыңайтқышы оның тамыр жүйесiнiң қаулап өсуiне, сабақтары пайда болып тез пiсуiне әсер етедi. Жүгерi егiсiне микротыңайтқыштарды қолданудың да маңызы үлкен. Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк институтының (Э. И. Шлавицкая) зерттеулерi бойынша, жылжымалы фосфор мөлшерi өте жоғары топыраққа егiлген жүгерi өсiмдiгi мырыш элементiнiң тапшылығын сезiнедi. Жүгерi егiстiгiнiң әр гектарына 2, 5-4 кг мырыш бергенде қосымша өнiм 13-26 пайызға, мырыш тұзының 0, 3-0, 5 пайыздық ерiтiндiсiн 4-6 жапырақ пайда болғанда бүркiп үстеп қоректендiруден өнiм 15-пайызға артты.
Сонымен жүгерi егiстiгiне минералдық және органикалық тыңайтқыштар қолданумен қатар мырышты микротыңайтқышты пайдалану өнiмдi арттырады әрi оның сапасын жақсартады. Жалпы жүгерi дәнi мен көк балауса құрамындағы ақуыз шамасын жоғарылату үшiн дән салғанда және сүрлемдiк жүгерiнi жинаудың алдында екi апта бұрын мочевинаның судағы 20-30% ерiтiндiсiмен үстеп қоректендiру ұсынылады.
2007 жылғы алғашқы он жүгері өндіруші елдер










Морфологиялық сипаттамасы:
Қонақ жүгері дақылы Қоңырбастар тұқымдасына жатады. Көптеген түрлерінен біздің елімізде егілетіні кәдәмгі қонақ жүгері және малазығы үшін өсірілетін судан шөбі.
Қонақ жүгерінің тамыр жүйесі шашақты, жақсы жетілген, топырақтың 2, 5 м. Және одан да терең қабатына бойлап кетеді. Сабағының биіктігі 2 м, ал суармалы жағдайларда 3-5 м дейін, іші бос өзекшемен толтырылған.
Гүл шоғыры - шашақ, ұзындығы 15-60 см, әрбір тармағының соңында екі масақша отырады, оның біреуі- қос жынысты, ал екіншісі- аталық, гүлденгеннен кейін түсіп қалады. Негізінен айқас тозаңданатын дақыл.
Дәні -қабақты немесе жалаңаш, пішіні-дөңгелек, жұмыртқа тәріздес, бояуы-ақ, қоңыр, сары, бурыл. 1000 дән массасы 25-45г. Бір шашақты 1600-3500 дән болады.
Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері : Қуаңшылыққа, ыстыққа төзімді дақыл. Трансппирациялық коэффиценті 150-200. Жылу сүйгіш өсімдік. Қысқа мерзімдегі үсіктен өліп қалуы мүмкін. 30-35°С температурада жақсы өсіп дамиды, 40°С дейін ыстықты көтереді. Вегетация дәуірінде қажетті температура жиынтығы 2250-2500° С. Жарық сүйгіш және қысқа күн өсімдігі. Топырақ талғамайды, барлық топырақ типтерінді өсе береді, бірақта жоғары өнімді жақсы жылынатын, бос және ауа өткізгіштік қабілеті жоғары топырақты жерлерде қалыптастырады.
Өсіру технологиясының ерекшеліктері: Ауыспалы егістіктегі орны, бірінші кезекте, өсіру бағытына байланысты. Қонақ жүгеріні далалық және малазықтық ауыспалы егісте орналастырады.
Тыңайтқыштар жүйесі: Көптеген зерттеушілер қонақ жүгері егісіне органикалық және минералдық тыңайтқыштарды берудің тиімділігін көрсетеді.
Топырақ өңдеу жүйесі: Қонақ жүгері дақылы ылғалы жеткіліксіз аудандарда өсірілетіндіктен, топырақ өңдеудің негізгі мақсаты-ылғалды максималды жинау, сақтау және үнемдеп пайдалануға және арамшөптерді жоюға бағытталуы тиіс. Көктемгі топырақ өңдеу жүйелерінде ерте көктемгі танапты тырмалау және тұқымды себер алдындағы культиватциялау.
Себу тәсілі мен мөлшері: Қонақ жүгерінің өнімділігі әрбір өсімдіктің жеке түсімінен және өсіру жағдайына байланысты болады. Сондықтан, белгілі көлемдегі өсімдіктермен саны мен олардың орналасу тәсілін дұрыс анықтаудың іс-саналық маңызы зор. Сол себепті дақылдың қолайлы тәсілі мен оңтайлы мөлшерін анықтау өнімділік қалыптастырудың басты факторлары болып есептеледі.
Жүгеріні жан-жақты пайдалану.
Азық-түлік мақсаттар үшін бүкіл әлем бойынша астық оның жалпы түсімі 20-25% пайдаланылады. Қазіргі уақытта ол ұн, жарма, жүгері, соның ішінде 500-ден астам түрлі негізгі және жанама өнімдер бастап жүзеге асырылады. Жүгері ұны нан-тоқаш және кондитерлік өнеркәсібінде пайдаланылады. Сонымен қатар, астық жүгері - тамаша шикізат крахмал материалдық, сыра қайнату, рух және консервілеу өнеркәсібі. Жүгері, бір жерді жыртатын дақыл ретінде жақсы прекурсорлардың болып табылады, маңызы зор. Дұрыс күтім өрісі оған арамшөп таза кейін. Жетекші жемшөп дақылдарының - жүгері, біздің саласында сүрлемге негізінен өсіріледі. Жеке шаруа қожалықтарының өсіру технологиясымен, сүтті балауыз Пісіп cobs жасыл массасының жоғары шығымдылығы алады. Алайда, оның егін бүкіл аумағы әлі жоғары емес төмен бағалауын сүрлемді массасын қоректенеді. Астық жүгері - жемшөп өндіру үшін таптырмас компонент, азық-түлік, медициналық, микробиологиялық, химиялық және басқа да өнеркәсіп салалары үшін бағалы шикізат. Вегетациялық жүгері барысында қоректік заттардың көп мөлшерін тұтынады. Оның өсу мен даму бойынша өзінің күшін қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылады, сондықтан, болып табылады. оның Саздақты және гумус бай құмды топырақ, ең қолайлы. Ол жайылма жерлерді жақсы өнім береді, бірақ жер асты суларының жақын отырып батпақты бағыттарын төзбейді.
Егістікті күтіп-баптау:
Сепкеннен кейінгі тырмалау, қатараралықты өңдеу, өсімдікті арамшөптер, аурулар мен зиянкестерден химиялық жолмен қорғау. Қонақ жүгері танаптарында кешенді тырмалау. Осы шараның әсерінен танаптағы 65-70пайыз арамшөптерді құртуға мүмкіндік туады.
Дақылдың вегетация кезеңінде КРН-4, 2 культиваторымен 3 рет қатараралық өңделеді: Бірінші 7-8 жапырақ пайда болғанда 8-10 см тереңдікке, екінші- одан кейін 7-10 күннен соң, 6-8 см тереңдікке, ал үшінші-түтіктену сатысының алдында 4-6 см тереңдікте жүргізіледі.
Суару:
Қазақстанның оңтүстігінде қонақ жүгері танабын 3-4 рет суарады. Бірінші суғару өсімдіктің қарқынды өсу кезеңінде екінші-түтіктену кезеңінде минералдық тыңайтқыпен үстеп қоректендірумен бірге, үшінші- шашақтану кезеңінде, ал төртінші-дән толысу кезеңі.
Арамшөптермен, аурулар және зиянкестермен күресу үшін рұқсат етілген химиялық препараттарды толықтырады.
Өнімді жинау: Биік бойлы қонақ жүгері сорттарын тұқымға СМ-2, 5 комбайнымен алдымен шашағы кесіліп, бастырылады, ал содан кейін сүрлем жинаушы комбайнымен- малазықтық массасы жиналады.
Басқа да астық тұқымдастар секілді піскен жүгері дәні өте қоректі келеді, оның құрамында: көмірсу, ақуыз, май, калий, фосфор, магний, кальций т. б. минералдық тұздар, витаминдер бар. Азықтық жүгері дәнінен ұн, әртүрлі жарма, ал жүгері жармасынан - жүгері үлпілдегі, үлпек дән және қытырлауық «таяқша» алынады. Жүгері үлпілдегі, үлпек дәні және қытырлауық «таяқша » - қосымша баптаулы қажет етпейтін дәмді тағам. Организмге жақсы сіңеді. Оны үш мезгілгі аста: шай, суп, қуырылған нан қосылған сорпа, компот, шырын, кисель, простокваша, айранмен т. б. жеуге болады. Ол әсіресе балаларға пайдалы (ыстық сүтке қосып береді) . Қант себілген жүгері үлпілдегі мен тәтті қытырлауық «таяқшаны» ет-женді және тез толатын адамдарға, сондай-ақ қант диабетімен ауыратындарға жеуге болмайды. Жүгері үлпілдегін, «таяқшаны» үлпек дәнді құрғақ жерде сақтаған жөн. Егер үлпілдек жұмсаңқырап кетсе оны духовкаға салып келтіреді. Дымқыл тартқан үлпілдек тез көгеріп, жеуге жарамайды.
Жүгері үлпілдегінен жасалған шелпек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz