Резервуарларға қойылатын талаптар


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
«Геодезия және Құрылыс» кафедрасы
«5В072900 Құрылыс» мамандығы
«Құрылыс өндірісінің технологиясы 3» пәні
СРО №4
Тақырыбы:
Резервуарларға қойылатын талаптар
Орындаған: Байғалиева Ж. Қ.
СТ - 217
Тексерген: Уркинбаева Ж. И.
аға оқытушысы
Семей
2015
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Резервуарлық парктерге және мұнай базалары мен мұнай өнімдерін құю станцияларының резервуарларына қойылатын талаптар . . . 4
Мұнай өнімдерін сақтауға арнарлған резервуарларға қойылатын қауіпсіздік талаптары . . . 4
Резервуарларды электр мен найзағайдан қорғау талптары . . . 6
Қорытынды . . . 7
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 8
Кіріспе
Мұнай кәсіпшілігінде мұнайды жинау, дайындау, мақсатында мұнайды есепке алу, жинау және аз уақыт ішінде сақтау үшін арналған әр түрлі өлшемдегі ыдыстардың құрылысымен таныстыру. Мұнай резервуарлары деп - “шикі” және тауарлы мұнайды есепке алу, жинау және аз уақыт ішінде сақтау үшін арналған әр түрлі өлшемдегі ыдыстарды айтады. Бір жерде шоғырланған резервуарлар тобын резервуарлар паркі деп атайды. Тауарлы мұнай резервуарлар паркінің жалпы көлемі кез-келген кен орнының барлық өндіруші ұңғыларының екі тәуліктік жоспарлы өндірілген өніміне тең болуы керек.
Мұнай резервуарларын өртенбейтін материалдардан - металл немесе темір бетоннан - тұрғызады. Резервуарлар жер асты, жер үсті немесе жартылай көмілген болып келеді. Мұнайды жинау, сақтау және көлемін өлшеу үшін көпшілік жағдайларда болаттан жасалған цилиндрлік резервуарларды қолданады, ал бетоннан немесе темір бетоннан жасалған резсрвуарларды сирек қолданады. Кен орынның тауарлық парктерінде жазық немесс конустық жамылғысы бар, сыйымдылығы 1000-5000 м3 болатын резервуарлар түұрғызылады, резервуарлардың ортасына жамылғы қалқандары (щиттары) тірелетін орталық тірек орнатылады. Резервуарлардың конус тәріздес болып келген төбесі жиналған қардың салмағын, яғни сыртқы күштерді, ұстап қалады, ал резервуар ішінде вакуум пайда болған кезде оған карсы әсер етеді, және қалыңдығы 2, 5 мм-ден аспайтын болат жапырақтардан (листтерден) жасалады
Резервуарлар өзгешеленеді:
- Тағайындалуымен
- Орналастырылуымен
- Жасалу материалымен
- Резервуарлық парктерге және мұнай базалары мен мұнай
өнімдерін құю станцияларының резервуарларына қойылатын талаптар:
-су басу, көшкін, тас құлау әсеріне және басқа да бұзатын геологиялық
әсерлерге ұшырамайтын алаңда орналасуы;
-ауа райы жағдайына қарамастан, сақтау объектісіне жақын немесе тікелей орналасқан тұрақты орнатылған өртке қарсы жабдықтардың барлығына қол жеткізімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кірме жолдармен жабдықталуы тиіс.
1. Жобалық шешімдер резервуарларды тасымалданатын заттармен толтырудың қауіпсіз процесін және олардың босатылуын, газ кеңістігінде қысымның артуы мен төмендеуінен қорғауды, өртке қарсы іс-шараларды, оның ішінде пирофорлы қосылыстар түзілуінің, түпкі шөгінділер мен қоспаларын (мысалы, "тауарлық" су) алып тастаудың, газ-ауа тығындыларының жүргізілген құбыржолдардан резервуарларға түсуінің алдын алу шараларын көздеуі тиіс.
2. Резервуарлық парк, сорғы станцияларының резервуарлары мен сыйымдылықтары авария кезіндегі өнім ысырабы мен залалды барынша азайтуды және жақын орналасқан елді мекендердің, кәсіпорындардың, су объектілері мен көлік жолдарының аумағына төгілу мүмкіндігін болдырмауды ескере отырып, сақталатын өнімнің авариялық төгілулерін оқшаулау жүйесімен және жою құралдарымен орналастырылуы және жайғастырылуы тиіс.
3. Резервуарлық парктерді жарықтандыру үшін жобамен резервуарлық парктің опырылуы шектеріне тікелей орналасқан діңгектерде орнатылған прожекторлар көзделуі тиіс.
4. Дәнекерлеу және басқа да отпен істейтін жұмыстар үшін арнайы жабдықталған және белгілермен көрсетілген алаңдар көзделеді. Өрт жабдықтарына және өрт гидранттарына кірме жолдар мен өтпелер әрқашан бос болуы тиіс: өрт гидранттарына және өрт су айдындарына олардың орналасу орындарын тез анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіш жазбалар ілінуі тиіс. Түнгі уақытта өрт гидранттары мен су айдындарындағы көрсеткіштерге жарық түсірілуі тиіс.
- Мұнай өнімдерін сақтауға арнарлған резервуарларға
қойылатын қауіпсіздік талаптары:
- Резервуарды таңдау мұнай өнімінің сипаттамасына, көлеміне
тұтанғыштықты, өрт қауіптілігін, жарылыс қауіптілігін, буланғыштылығын, ұшқырлығын, уыттылығын ескере отырып, буланудан болатын мұнай өнімінің шығынын барынша азайтуды ескере отырып пайдалану шарттарына байланысты техникалық-экономикалық есептеулерге негізделуі тиіс.
Мұнай өнімдерінің ауамен тұтануының рұқсат етілетін шектері және мұнай өнімдерінің өрт және жарылыс қаупі бар қасиеттерінің басқа сипаттамалары осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
- Төгу-құю және сақтау кезінде барлық операцияларды ең жоғарғы
саңылаусыздандыруды қамтамасыз ету қажет. Мұнай базаларының және жағармай құю станцияларының жұмыс аймағында ауада зиянды заттардың мүмкін шектегі шоғырлануы осы регламенттің 2-қосымшасында берілген көрсеткіштерден аспауы тиіс.
3. Әрбір сорттың немесе марканың мұнай өнімдері жеке, оларға арналған жарамды, ішкі май-бензинді және буға төзімді қорғанышты жабынды, электр статикалық ұшқын қауіпсіздігінің талаптарын қанағаттандыратын резервуарларда сақталуы тиіс.
4. Резервуарларда мұнай өнімдерін қыздыру температурасы 90 0 С-тан аспауы тиіс және жабық ыдыстарда мұнай өнімдері буларының жарқ ету температурасы 15 0 С-қа төмен болуы тиіс. Мұнай өнімдерін қыздыру температурасына нәтижелерді журналға тіркеумен тұрақты бақылау орнатылуы тиіс.
5. Сорт ауысымы кезінде мұнай өнімдері сапасының сақталуын қамтамасыз ету үшін резервуардың тазалығы және оны толтыруға дайындығы 1510-84 МЕМСТ-қа сәйкес болуы тиіс.
6. Мұнай өнімдерін ыдыста сақтауды арнайы жабдықталған қоймалық ғимараттарда, қалқаның астында және ашық алаңдарда жүзеге асырады. Сақтау тәсілін климаттық жағдайларға, сақталатын мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттеріне, ыдыстың түріне байланысты қабылдайды. Тез тұтанатын мұнай өнімдерін, сондай-ақ мұнай өнімдерін ашық алаңдарда ағаш ыдыста сақтауға жол берілмейді.
7. Ыдыстағы жанғыш мұнай өнімдерін бір қабатты жерасты құрылыстарында сақтауға рұқсат етіледі. Резервуарлардың жалпы көлемі 2 м 3 дейінгі кәсіпорындарда жарқ ету температурасы 120 0 С-тан жоғары, 60 м дейінгі мөлшерде мұнай өнімдерін жанғыш материалдардан жасалатын жерасты құрылыстарында, осы құрылыстарды 0, 2 м-ден кем емес қалыңдықта топырақ қабатымен (нығыздаумен) көмілген және едені жанбайтын материалдардан жасалған жағдайда қоса сақтауға рұқсат етіледі.
8. Мұнай өнімдерін ыдыста сақтауға арналған алаңдар (ашық және қалқаның астында) қатты топырақты және су ағу үшін еңісті болуы тиіс. Алаңдардың периметрі бойынша тұйық үйінділеу немесе жанбайтын материалдардан жасалған биіктігі 0, 5 м қоршау қабырға, ал өту немесе алаңға жүру орындарында - пандустар көзделуі тиіс.
9. Тұтқыр мұнай өнімдерін төгу кезінде темір жол цистерналарында және құю кезінде резервуарларда қыздыру мен қотаруға ең аз шығын кетіретін температураға дейін қыздырады. Қыздыруға оңтайлы температураны анықтау үшін бастапқы деректерді таңдау төгу-құюдың нақты шарттарына, мұнай өнімдерінің және қоршаған ортаның температурасына, мұнай өнімдерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
10. Мұнай өнімдерін төгу-құюдың өздігінен ағуы кезінде қыздыруға оңтайлы температура теміржол және автомобильдік цистерналарға, кемелерге белгіленген мерзімдерде төгу-құюды қамтамасыз ету шарттарына байланысты анықталады.
11. Консервациялау және тарату кезінде технологиялық жүйеде жарылыс қаупі бар қоспалардың, сондай-ақ гидраттүзілімі немесе сұйықтардың қатуы нәтижесінде тығындардың түзілімін болдырмаудың шаралары көзделуі тиіс (инертті газбен үрлеу, үрлеудің тиімділігін бақылау және т. б. ) .
12. Қауіп мүмкін болса және мүлікке, тұрғындардың өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға зиян тудыру қаупі туындаса немесе туындауы мүмкін болса, авариялардың тәуекеліне азайтататын қосымша қауіпсіздік шаралары әзірленуі және іске асырылуы тиіс.
3. Резервуарларды электр мен найзағайдан қорғау талптары:
- Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен технологиялық
операцияларда статикалық электр разрядтарының қауіптілігін жою үшін мынадай шараларды көздеу қажет:
резервуарларды, цистерналарды, құбыржолдарды, деңгейін өлшеу және сынамалар алу құралдарын жерге қосу;
мұнай өнімдерінің өтімділігін арттыру үшін қосымдарды қолдану;
резервуарларға, кемелерге, автомобиль және темір жол цистерналарына ашық түсті мұнай өнімдерін құю жылдамдығын азайту жолымен статикалық электр зарядтары генерациясының қарқындылығын төмендету.
- Жерге қосу құрылғыларын статикалық электрден қорғау үшін
электр жабдықтары мен найзағайдан қорғауға арналған жерге қосу құрылғыларымен біріктірген жөн. Тек статикалық электрден қорғауға арналған жерге қосу құрылғыларының кедергісі 100 Ом-нан жоғары болуға рұқсат етілмейді.
3. Техникалық құрылғылар найзағайдың тікелей соққысынан және электр статикалық индукциядан қорғалуы тиіс.
4. Резервуарлар найзағайдың тікелей соққысынан былайша: резервуарлардың корпустары төбе металының қалыңдығы 4 мм-ден кем болғанда - жеке немесе резервуардың өзінде орнатылған жайтартқыштармен; резервуарлардың корпустары төбе металының қалыңдығы 4 мм және астам болғанда, сондай-ақ сыйымдылығы 200м 3 -тан кем жекелеген резервуарлар төбе металының қалыңдығына қарамастан - жерге қосқыштарға жалғастырумен қорғалуы тиіс.
5. Резервуарлардың жерүсті парктері үшін найзағайдың тікелей соққыларынан, найзағайдан қорғауды жеке тұрған жайтартқыштармен орындаған жөн; жобадағы негіздемеге сәйкес резервуарлардың өзінде орнатылған жайтартқыштармен қорғауға жол беріледі. 95. Металл қаңылтырмен ішінен қапталмаған жерасты темірбетонды резервуарлар парктер жеке тұрған жайтартқыштармен найзағайдың тікелей соққыларынан қорғалуы тиіс.
Қорытынды
Тік болатты резервуар - дөңгелек, тік төртбұрышты, шаршы формалы сұйық өнімдерді, көбінесе мұнай өнімдерін сақтауға, жинақтауға, әзірлеуге және есепке алуға арналған тік сыйымдылық. Егер резервуарлар 5-6 м тереңдікке салынса, онда оларды шаршы немесе тік төртбұрышты қылып жасайды.
- су басу, көшкін, тас құлау әсеріне және басқа да бұзатын геологиялық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz