Көпжылдық шөптердің биологиясы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Көпжылдық шөптердің биологиясы

Тексерген : Сағындықов С. Н

Орындаған :Ешенова Ж. Д

Тобы : АГ-313

Курс :III

Семей 2015

Жоспары:

1. Шалғын және шалғынтану ғылымы

2. Көпжылдық шөптерге сипаттама

3. Көпжылдық шөптердің түрлері

4. Қорытынды

1. Шалғын - көпжылдық шөптесін өсімдіктердің, негізінен жеткілікті және артық ылғал жағдайындағы астық тұқымдас және өлеңтұқымдастардың басымдығымен сипатталатын белдемдік және интрабелдемдік өсімдіктер типі. Барлық шалғынға тән - оттылық пен шымның болуы. Материктік, жайылмалық, таулық шалғын болып бөлінеді.

Шалғындық жəне шалғынтану ғылымы табиғи өсімдіктерді, олардың қалыптасуын, дамуын, сыртқы ортамен қатынасын зерттейді. Табиғи өсімдік қауымдастықтары 7 топқа бөлінеді: ағаштар, бұталар, бұташықтар, көпжылдық шөптер, біржылдық шөптер, мүктер, қыналар. Республика аймақтарындағы ауа райы ерекшеліктеріне (t0, ылғал, жарық т. б. ) байланысты табиғи өсімдіктер қауымы қалыптасқан жəне де өсімдік түзіп өсіп-дамуына топырақ микробтары, жəндіктері, жабайы аңдар, құстар əсер етеді.

Шалғындық өсімдіктер арасында көпжылдық өсімдіктерді ерекше бағалаймыз және зерттейміз. Шалғындық өсімідктер дүниесінде шаруашылықтық маңызға ие біржылдық шөптер аз кездеседі. Орманды-далалы және далалық аймақтарда олардың маңызы жоқ, бағалы да емес. Тек қуаңшылық далаларда, шөлейттермен шөлдерде ерте, тез өсіп жетілетін раңтәріздес біржылдық астық тұқымдастар мен басқада өсімдіктер шүйгіні шаруашылық үшін үлкен маңызға ие және құнды көктемдік раңтәріздестер жайылымдарын түзеді.

2. Көпжылдық шөптер. Көпжылдық шөптер поликарпиялық өсімдіктер. Жер бетіндегі өркендері тіршілік етіу кезеңінің соңына қарай жыл сайын жойылып кетеді. Келесі жылы көктемде қайтадан өсіп дамйтын өсімдік бүршіктері жер бетінде сабақтың төменгі жағында, не болмаса жер бетіне жатқан тамырсабақтарында, жуашақтарында, түйнектерінде орналасады. Өсімдік биіктікігі бірнеше сантиметрден 3-5 метрге дейін (қамыс т. б. ) болады. Тіршілік ұзақтығы 2 жыл (түйе жонышқа), және 6-8 жылдан 20 жылға (шалғындық шөптер, еркек шөптер) дейін және де одан да көп жылдарға кететін бірқатар шөптесін өсімдіктер бар. Көпжылдық шөптер арасында тіршілік пішіні өзгеше топ - раңтәріздес(эфемероидтар) бар. Бұларға жуалар, баданалы қоңырбастар, қияқөлеңдер, қызғалдақтар жатады. Олар жуашықтардан, тамыр сабақтардан дамып жылдам өсу қарқынымен ерекшеленіп тіршілік кезеңін көктемде, -жазғы ыстық түскенше аяқтайдв. Эфемероидтар шөл және шөлейт аймақтарда көп тараған және көпшілік жағдайда жайылымның негізгі өсмдігі болцп саналады.

Қазақстанның орманды -далалық, далалық және таулы аймақтарында шабындықтарымен жайылымдарда көпжылдық шөптер өсімдік қауымының 80-87 пйызын құрады. Көпжылдық шөптер табиғи және мәдени екпе шөп түрінде шөптесін мал азығының негізгі түрі болып есептеледі. Егістікте көпжылдық шөптердің 100 шақты түрі өседі.

Табиғи мал азықты жерлерде негізінен астық тұқымдастықтар көп тараған ылғалды және батпақты жерлерде қияқ шөптер, ал аралас шөптер көп тараған күрделігүлділер және алабота тұқымдастары. Мал азықтық маңызы жоғары, шабындықтары мен жайылымдардың негізін құрайды.

Көптен егістікте себіліп келе жатқан астық тұқымдастарының(жима тарғақ, қылтықсыз арпабас, шалғындық атқонақ, шалғындық бетеге, еркекшөп, биік үйбидайығы) сипаттамалары «Егістікте мал азығын өндіру» бөлімінде келтіріледі.

Шалғындық қоңырбас (Poa pratensis L. ) - көпжылдық тамыр сабақты төменгі астық тұқымдас шөп сабағының биіктігі 40-60 см, түбінен көптеген қысқа өркендер шығады, ұрықтық өркендер аз. Тамыр шашақты, 1м тереңдікке дейін өседі . Гүлшоғыры -сіпсебас. Өсімдік негізінен жайылымдыққа пайдаланылады, пішендік өнімі орташа (2, 5-3, 0 т/га) . Мәдени түрге енгізілген сорттары бар . Табиғи мал азықтық өсімдік қауымдастықтарында кездеседі . Ылғалдылығы жақсы өзен алқаптарында, таулы жерлерде өседі.

Жайылымдық үйбидайық - төменгі сирек түпті көпжылдық астық тұқымдас шөп. Сабағының бишктігі 20-70 см. Өсімдік түбінде көптеген жапырақтар құрады. Гүл шоғыры-масақ. Өсімдік массасында жапырақ үлесі жоғары, сондықтаг онын мал азықтық сапасы және желінуі өте жақсы. Жайылымдық үйбидайық климаты жұмсақ және ылғалды шөлейт аймақтарында кездеседі. Құрғақшылдыққа және суыққа төзімділігі нашар. Су астында шыдамдылығы орташа. Жайымдылық үйбидайық топырақ құнарлығына және қарашірігіне талабы жоғары.

Үйбидайық -бағалы жайылымдылық өсімдік. Жылына 120-140ц /г дейін көк балауса беред. Ауа райының жақсы шыдап шөп қауымында көп жыл бойы сақталады. Жайылымдық азықтығы жоғары корнектілігі мен ерекшеленеді құрғақ затында шикі протеиін молшері 16-18 пайызға дейін болады. Жылына 2 рет орып, әр гектарынан 4-5 тонна өнім жинайды және шөп құрамында 3-4 жылға дейін сақталады.

Шалғындық түлкіқұйрық - көпжылдық -сиректүпті шөп. Сабағының бишктігі 7-80см, тамыры шашақты 80-100см тереңдікке дейін өседі. Гүлшоғыры жалған масақ, жоғары жағына қарай жіңішкерген сабағы жақсы жапырақтанумен шалғындық түлкіқұйрықтың өнімі және мал азықтық сапасы жоғары. Оны барлық малдар түрі сүисініп жейді. Өнімі әр гектарында 2, 5 -4, 5 тоннаға дейін жетеді. Шалғындықты жаз кезінде 3-4 рет жайылымға пайдалануға болады.

Жатаған бидайық -көпжылдық жоғары түпті тамыр сабақты өсімдік шалғындығының биіктігі 50-80см өзен алқаптарында 100-120см ге жетеді жайылымдық жерлерде ірі-қара жылқыларға жақсы, қой-ешкілер, түйелер жақсы орташа жиді. Гүлденгеннен кейін сабағы қатайып кетеді де, нашар жетіледі. Гүлденгенге дейінгі бидайық сапалы құнарлы пішен жиналады. Жатаған бидайықтың пішені жақсы қоректілігі мен және жетілуі мен ерекшеленеді.

Киік шөбі -көпжылдық шөптесін өсімдік далалық шалғындықтардың өсімдік қауымдастықтарында кездеседі. Өсімдік құрамында иісті эфир майы болуына байланысты таза күйінде мал жемейді, бірақта шөп қоспаларында желінуі жақсы.

Ақ соты -Көпжылдық төменгі қысқа тамырсабақты өсімдік, биіктігі-30-75 см. Тамыры шашақты, түбінде көптеген жапырақтар түзеді. Гүлшоғыры жайланған сіпсебас. Ақ суоты ылғал сүйгіш өсімдік, жауын-шашыны мол жылдарында жақсы өніп дамыйда. Су астында ұзақ шыдайды. Ақ суоты көбінесе орманды далалы аймақтарда өзен алқаптарында кең тараған. Себілген шөп құрамында 10 жылға дейін сақталады. Мал жайлығы, немесе орып алғаннан кейін жақсы алшын көгін береді. Малдың барлық түрі жақсы жиді көбінесе жайылымдыққа пайдаланады. Пішенге орған өнімі көп емес гектарына 2 тонна.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал азығын өндірудің алға қойған мақсаттары және агрономиялық негіздері
Ауыспалы егіс туралы түсінік
Шалғын шаруашылығы туралы жалпы түсініктер
Өсімдіктердің жапырақтану сипаты
Шабындық пен жайылымдық өсімдіктердің биологиясы
Ауыспалы егістегі алғы дақылдар
Ауыспалы егісті жобалау
Жерге орналастыруды жобалау
Ноқат өсімдігінің сорттары
Қан көбелектер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz