Кәсіпкерлік түрлері



1. Кәсіпкерлік туралы қысқаша мәлімет.
2. Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік түрлері.
3. Формасы бойынша кәсіпкерлік түрлері.
4. Кәсіпкерліктің көлеміне қарай түрлері.
5. Қорытынды.
6. Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 жж.) мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: “Кәсіпкер болу – басқаның стегенін істемеу”. Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі. Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік технологиясы болады. Кәсіпкерліктің тұлғалары жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және мемлекет бола алады. Кәсіпкерлік нысандары шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.
1. Сәбден О., Тоқсанова А. “Шағын кәсіпкерлікті басқару” Алматы, 2001 ж.
2. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Р.Н., Табаев Т.П. “Экономикалық теория” Алматы: Қазақ университеті, 1999 ж.
3. Осипова Г.М. “Экономикалық теория негіздері” Алматы, 2002 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СОӨЖ

Тақырыбы: Кәсіпкерлік түрлері. 

Орындаған: Баймендинова Қ.Н.

Тексерген:  Есенбекова З.Ж.

Жоспары:

1. Кәсіпкерлік туралы қысқаша мәлімет.

2. Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік түрлері.

3. Формасы бойынша кәсіпкерлік түрлері.

4. Кәсіпкерліктің көлеміне қарай түрлері.

5. Қорытынды.

6. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кәсіпкерлік түрлері. 
1.Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің
басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі
Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 жж.) мән
берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: “Кәсіпкер
болу – басқаның стегенін істемеу”. Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар
құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Қазақстан
заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған
және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде
жүзеге асырылатын ынталы қызметі. Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң
оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және
қаржылық болып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі,
өзгешелігі, демек өзіндік технологиясы болады. Кәсіпкерліктің тұлғалары
жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, арендалық
ұжым, кооперативтері және мемлекет бола алады. Кәсіпкерлік нысандары
шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып
алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар
бола алады.
        2. Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.
      Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани
құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс
функциясы негізгі болып табылады.
      Коммерциялық кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтерді қайта сату
бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен
байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға
сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық
болып есептелмейді.
       Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып
табылады, сату-сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып
табылады.
       Делдалдық кәсіпкерлік – бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын
қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс
алады.
       Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде
ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің
ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Кәсіпкерлік түрлері
Өндірістік Коммерциялық Қаржылық Кеңес берушілік
-Жаңартпашылық; -Саудалы; -банктік; -жалпы басқару;
-Ғылыми-техникалық;-сауда-көтерме -сақтандыру; -әкімшілік жолмен
-тауар өндіру; сату; -аудиторлық; басқару;
-қызмет көрсету; -сауда делдалдық; -лизингтік; -қаржылық
-өндірістік тауарды-тауар биржалары; -биржа қорлары; басқару;
тұтыну; -қорларды
-өндірістік басқару;
қызметті өндіру; -маркетинг;
-ақпараттық; -өндіріс;
-ақпараттық;
технополис;
-арнайы
қызметтер;

3. Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде
екі белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі. Меншік формасына
байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді. Бұл екі
сектордың ұлттық экономикадағы үлес салмағы тұрақсыз: ұлттандыру кезінде
мемлекеттік кәсіпкерлік шекаралары кеңейеді, ал жекешелендіру оларды
тарылтады. Мемлекеттік кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы
жоғары, себебі, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан
қамқорлығында. Сонда да, жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бірқатар
артықшылықтарға ие: Түсімділігі жоғары қызмет сферасын таңдауға еркін,
Бизнес көлемі шектелмеген, Қатаң бағамен шектелмейді.
Кәсіпкерлікте үш түрді бөліп алады:
1. Жеке тұлғалар.
2. Серіктестік, жолдастық.
3. Корпорация, акционерлік қоғам.
Жеке кәсіпкерлік деп бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның
жауапкершілігі шектелмеген және оның капиталы көп емес– жеке кәсіпкерліктің
кемшіліктері осында. Оның артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі
ие, кез келген өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және
корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет
көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ юристердің,
дәрігерлердің т.б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.
Серіктестік деп екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналасатын
бизнесті айтады. Серіктестікке де табыс салығы салынады. Серіктестіктің
артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту
жеңіл. Кемшіліктері қатарына капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып
келе жатқан істе қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін,
мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма
табысында немесе зиянындағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады.
Серіктестік формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен
фирмаларды, қызмет сфераларын т.б. кіргізуге болады.
Корпорация деп бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар
жиынтығы аталады. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынща бөліктерге
бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация
акционерлік қоғам деп аталады. Корпорация табысынан корпорацияға салынатын
салық ұсталады. Кәсіпкерліктің акционерлік формасы Қазақстанда жиі
кездеседі. Корпорация артықшылықтарына мыналар жатады:
• Акциялар және облигациялар сату арқасында ақша капиталын тартуда
шектелмейтін мүмкіндіктер;
• Басқару функцияларын орындау үшін кәсіби мамандарды тарту;
• Корпорация қызмет етуінің тұрақтылығы, өйткені акционерлерінің
біреуінің қоғамнан шығып кетуі фирманың жабылуына ықпал етпейді.
Бизнесті корпоративті формада ұйымдастырудың кемшіліктеріне төмендегілер
жатады:
• Корпорация табысының акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін
бөлігіне екі жақты салық салу: бірінші рет корпорация пайдасының бір
бөлігі ретінде, ал екінші рет акция иесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанұялық кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Кәсіпкерлік қызмет түрлері
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Кәсіпкерлік түрлері туралы
Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері
Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау
Кәсіпкерлік. кәсіпкерлік түрлері
Кәсіпкерліктің қазақстандағы түрлері
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ
Пәндер