АД 35 Т1 балқымасының технологиялық касиеті


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1. АД 35 Т1 балқымасының жалпы мінездемесі

2. АД 35 Т1 балқымасының химиялық құрамы

3. АД 35 Т1 балқымасының технологиялық касиеті

4. АД 35 Т1 балқымасының дәнекерленуі

5. АД 35 Т1 балқымасының коррозияға төзімділігі

6. Ад 35 Т1 балқымасының механикалық қасиеті

  1. АД 35 Т1 балқымасының жалпы мінездемесі

АД 35 балқымасы құрылыстық және декоративтік материалдар ретінде кеңінен қолданылады. Бұл балқыманың кең қолданыс табуы келесі қасиеттеріне байланысты:

  • коррозияға төзңмділігі
  • технологиялықтығы
  • иілгіштігі
  • эмальдеуге, онодтауға ұшырау қасиеті;

Ыстық күйінде бұл балқымалар өте иілгіш болғандықтан одан құрлысы өте күрделі, жұқа қабырғалы тығыз болған жартылай фабрикаттар жасап шығарылады.

АД 35 Т1 балқымасы беріктендірілгеннен, жағылғаннан кейін де өте иілгіш болып келеді, сондықтан балқыманы жапыруға, сығуға, созуға және тағы басқа тәсілдермен пішінін өзгертуге болады.

АД 35 Т1 балқымасын органды-доғалы, нүктелі және роликті дәнекерлеумен дәнекерленеді. Бұл балқыма өндірістің әр-түрлі салаларында қолданылады. Балқымалардың беріктенгіштік қасиеті 1919-1920 жылдары Нансон және Гейлер еңбектерінде алғаш жазылған. Ең алғашқы балқыма 1923 ж Америкада Джеффрис және Аргермен патенттелінген. Al-Vg-Si жүйелі балқымалар көптеген елдерде әр-түрлі белгілеулермен, өндірісте кеңінен қолданылады және тереңдетіліп зерттелуде.

Қазіргі кезде алюмени балқымалары үшін аралас әріп-санды белгілеулер қолданылады.

АД 35 Т1 - 1350

«1» - негізгі металл алюмини

«3» - магни және кремний мен беріктендіріледі.

«5» - балқыманың реттік саны

«0» - маталл балқымасы деформациялық.

«АД» - әріптері кремний мен магнидің қоспасы бар алюмини балқымасы екендігін көрсетеді.

«Т1» - беріктендірілген және жасанды ескіртілген екенін білдіреді.

  1. АД 35 Т1 балқымасының химиялық құрамы.

АД 35 Т1 балқымасы өндірісте кең қолданыс тапты. Балқыманың химиялық құрамы МЕСТ 4784 - 74 пен 1-ші кестеде көрсетілген.

Балқыма маркасы: Балқыма маркасы
Mg: Mg
Si: Si
Cu: Cu
Mn: Mn
Cr: Cr
Аз мөлшердегі қоспалар: Аз мөлшердегі қоспалар
Балқыма маркасы: Fe
Mg: Cu
Si: Mn
Cu: Zn
Mn: Ti
Cr: Басқа-лар
Балқыма маркасы: АД 35 Т1
Mg: 0, 8-1, 4
Si: 0, 8-1, 2
Cu: -
Mn: 0, 5-0, 9
Cr: -
Аз мөлшердегі қоспалар: 0, 5
0, 1
-
0, 2
0, 15
0, 1

1-ші кесте. АД 35 Т1 балқымасының химиялық құрамы.

Құрамында 0, 5-0, 9% Мл бар АД 35 Т1 өндірістік балқымасы жасалу технологиясына тәуелді емес талшықты кристалданбаған құрылымға ие.

Құрамында Mg 2 Si фазасы және Mg 2 Si, Si көп болғанына қарамастан Al-Mg-Si жүйелі өндірістік балқымалардың ішіндегі бұл балқыма құрамында марганецтің көптігінен коррозияға төзімді болып келеді.

Al-Mg-Si жүйелі балқымаларда лигірлейтін қоспалардан басқа темір, мырыш, мыс және марганец аз мөлшерде кездеседі.

Мырыш аз мөлшерде (0, 2%) АД 35 Т1 балқымасының қасиеттеріне әсерін тигізбейді.

Мыс 0, 1%-дан көп мөлшерде АД 35 балқымасында кездеспейді, өйткені ол балқыманың кристаларалық коррозияға түсуін жоғарлатады.

Темір аз мөлшерде (0, 3%) балқыманың механикалық қасиеттеріне әсерін тигізбейді. Балқыма құрамында темір мөлшері көбейгенде оның иілгіштік қасиеті төмендейді және бұйымдардың бетіндегі анодты қабықшалар анық болмайды.

Al-Mg-Si жүйелі балқымалар термиялық өңдеумен ьеріктендірілетін балқымалар қатарына жатады. Бұл балқымалар жасанды және табиғи ескіру кезінде беріктендіріледі. АД 35 балқымасында ескіру процессі дуралюмин балқымаларына қарағанда шапшаң жүреді, әсіресе суытылғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда.

Al-Mg-Si жүйелі барлық өндірістік балқымаларды ортақ термиялық өңдеумен өңдеуге болады: қыздыру температурасы 520-530 0 С, жасанды ескіру температурасы 160-170 0 С, ұсталынатын уақыт 10-12 сағат. Осындай термиялық өңдеуден кейін балқыманың беріктігі ең үлкен мәніне δ В , δ о. г тең болады, ал иілгіштігі δ қанағаттандырылған күйде болады.

Табиғи ескірген күйінде балқымалар ауыр атмосфералықжағдайда жұмыс істейтін бұйымдар жасау үшін қолданылады, өйткені бұл бұйымдар жоғарғы коррозиялық төзімділікті қажет етеді.

Балқыма маркасы: Балқыма маркасы
Жағдайы: Жағдайы
δВ, кг/мм2: δ В , кг/мм 2
δо. гкг/мм2: δ о. г кг/мм 2
δ, %: δ, %
Балқыма маркасы: АД35 Т1
Жағдайы: Т1
δВ, кг/мм2: 33
δо. гкг/мм2: 28
δ, %: 10

Кесте 2. АД 35 Т1 балқымасынан жасалған бұйымның механикалық қасиеттері.

3. АД 35 Т1 балқымасының технологиялық касеттері.

АД 35 балқымасы суық және ыстық күйінде деформацияға ұшырайды. 450-500 0 С температурада қысыммен өңдеуде балқымалардың иілгіштігі жоғары болып келеді.

Бұл балқымалардан құрылысы өте күрделі жұқа қабырғалы тығыздалған жартылайфабрикаттар жасауға болады. Үлкен дағдарыс суу жылдамдығына байланысты АД 35 Т1 балқымасынан жасалған жартылай фабрикаттарды престе өндеу арнайы суытусыз жүзеге аспайды. Престе беріктендірілген бұйымдардың беті ақшыл және жылтыр болуы бұйымның бетін қымбат өңдеуден өткізуін шектейді.

4. АД 35 Т1 балқымасының дәнекерленуі.

Al-Mg-Si жүйелі балқымаларын дәнекерлеу кезінде кристалды сырықтар қалыптасады. Жарық пайда болу коэффициенті АД 35 балқымалары үшін 50-60%.

СВА К5 отырғызу сымын қолданғанда балқымалардың сырық түсу қасиеті лезде төмендейді (0-20% ке дейін) . Бұл сыммен дәнекерленген қосылыстың негізгі металмен салыстырғанда беріктігі, коррозияға төзімділігі өзгермейді. Отырғызу сымымен дәнекерленген балқыма қосылысы түрлі түсті анодтағаннан кейін сыртқы келбеті нашарлайды. Дәнекерленген қосылыс негізгі материалға қарағанда қоңыр түсті болып бөлініп тұрады. Сондықтан балқымаларды декоративті заттар жасағанда материалдың сыртқы келбетін нашарлататын сымнан басқа материалдарды пайдаланған жөн, немесе флюссыз біріктіру машиналарын қолдану керек.

Аргонды - доғалы дәнекерлеу.

Аргонды - доғалы дәнекерлеу - қорғағыш газ ретінде аргон қолданылатын доғалы дәнекерлеу. Аргонды - доғалы дәнекерлеу дәнекер қосылстың сапасын жоғарлату үшін қолданылады. Қосылыстың сапасы доғаның сыртында қорғағыш аумақ жасаудың әсерінен өседі.

Аргонды-доғалы дәнекерлеуде вольфрамнан жасалған балқымайтын және балқитын электрод пайдаланылады. Балқымайтын вольфрам электродпен дәнекерлейтін органды-доғалы дәнекерлеу екіге бөлінеді:

  1. Қолмен дәнекерлеу
  2. Автоматты дәнекерлеу.

Бұл дәнекерлеу қалыңдығы 3 ммм-ден аспайтын металдар үшін қолданылады. Көбінесе металдар тік полярлы тұрақты тоқпен дәнекерленеді. Тік полярлы дегеніміз - оң полюс бұйымда ал теріс полюс электродта.

Диаметрі 3 мм Вольфрам электродты қолданғандағы берілетін тоқ:

  • тік полярлы 140-280 А
  • айнымалы тоқта 100-160 А
  • кері тек 20-40 А.

Кері полярлықта доғаның кернеуі өседі, доғаның жануының тұрақтылығы азаяды, электродтың беріктігі лезде төмендейді және оның қызуымен шығыны өседі.

Кері полярлы доғаның осы қасиеттері оны дәнекерлеу үрдісінде қолдануға жарамсыз екенін көрсетеді.

Кері полярлы доғаның маңызды технологиялық қасиеті бар. Ол жұмыс істегенде дәнекерленетін металл бетінен әр түрлі қалдықтарды, кірлерді кетіреді. Бұл құбылыс былай түсіндіріледі: кері полярлықта дәнекерленетін металл беті оң зарядталған аргонның ауыр иондарымен атқылануының салдарынан қалдықтар қабықшасын бұзады, ал катодтан шыққан электродтар бұзылған қабықшаны жояды. Кері полярлы тұрақты тоқта Волфрам электродтың тұрақтылығы төмен болғандықтан дәнекерлеуде айнымалы тоқ пайдаланылады.

Қолмен дәнекерлеуді бұрышын алдыға қаратып көлбеу жанғышпен жүзеге асырады. Бұйымның бетіне түсірілген көлбеулік бұрышы 70-80 0 - ты құрайды. Ал отырғызу сымын 10-15 0 көлбеулікпен береді. Суып жатқан металды қорғау үшін тоқ қосылғаннан кейін 10-15 секунд өткен соң газ беруді тоқтатады.

Нүктелі дәнекерлеу.

Нүктелі дәнекерлеуді жұмсақ және қатты режимде өткізеді. Жұмсақ режим кіші тоқ тығыздығымен (70-160 А/мм 2 ), салыстырмалы аз қысымда (15-40 МПа) циклдің ұзақтығымен түсіндіріледі. Ал қатты режим керісінше тоқтың үлкен тығыздығымен (160-400 А/мм 2 ) тоқтың үлкен қысымымен (150МПа-ге дейін) және циклдің уақытының аздығымен (0, 1-0, 5 сек) түрлендіріледі.

5. АД 35 балқымасының коррозияға төзімділігі.

Al-Mg-Si жүйелі балқымаларының коррозияға қарсыласуы өте жоғары. Материал күйіне тәуелсіз балқымалардан жасалған жартылайфабрикаттар коррозиялық жарылуға түспейді. Жасанды ескіртілген балқымада жалпы коррозияға қарсыласуы оның құрамына байланысты. Құрамында марганецпен хромның мөлшері көп болса коррозияға төзімділік соғұрлым жоғары болады, ал құрамында мыс, темір және Mg 2 Si көп болса керісінше коррозияға қарсыласу төмен болады. Коррозияға қарсыласу үшін балқыма құрамында мыс 0, 1%, темір 0, 3%-тен аспауы тиіс. Өндірістік балқымалар ішіндегі коррозияға ең төзімді балқыма ол АД 35 балқымасы. Оның құрамында 0, 5-0, 9% марганец болғандықтан коррозияға өте төзімді болып келеді.

Қолданылу саласы.

АД 35 балқымасы +50 ÷ -70 0 С температура аралығында жұмыс істейтін және коррозияға қарсыласумен ылғалды теңіз ортасында жұмыс істейтін орташа беріктікті бұйымдар жасауға қолданылады. Мысалы гидропландардың дөңгелектерінің барабанын, тік ұшақ бөлшектерін жасауға қолданылады. Сонымен қатар АД 35 балқымасы кеме жасау және азаматтық құрылыста қолданылады.

6. АД 35 Т1 балқымасының механикалық қасиеті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТҚК санын анықтау
Технологиялық үрдісті автоматтандыру жағдайы
Сусыз карналлит, құрғатылған карналлит, скн пеші, карналлитті хлоратор, анодты хлоргаз, мұнайлы кокс, жылулық, материалдық байланстар
Асинхронды қозғалтқыш
Өндірістік учаскелердің ауданын есептеу
Өндіріске төлемдер құрамы
ОҚ Қазавтосервис ЖШС жылжымалы құрамының агрегаттарды жөндеу учаскесінің технологиясын жетілдіру
Күшейткіш элементтер туралы жалпы түсінік
Көлік техникасына ТҚК және жөндеуді басқару
«Бек-сервис» ЖШС жылжымалы құрамына ТҚК мен жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz