Дискреттік модельдер. Теоретико-графтық программалау. CASE- технологиясы. Детерминделген модельдер


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Автоматика және электротехника кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Дискреттік модельдер. Теоретико-графтық программалау. CASE- технологиясы. Детерминделген модельдер.

Орындаған: Ершікенов М. Е

Топ: ФИКТ ВТ-305

Тексерген: Қожахметова Д. О

Семей 2015

Кіріспе

1. Дискреттік модельдер

2. Теоретико-графтық программалау

3. CASE- технологиясы

4. Детерминделген модельдер

Пайдаланған әдебиеттер

Қазіргі таңда кез-келген адамның қызмет ету облысында қай дәрежеде болмасын модельдеу тәсілдері қолданбайды деп айтуға болмайды. Әсіресе, ол әртүрлі ӛндірістермен және жүйелермен басқару негізіне, яғни онда келіп түсетін ақпараттардың негізінде қабылданатын шешімдер жатады. Қазіргі кезде компьютермен модельдеу және талдау имитациялық модельдерді қолдануға негізделген ақпараттанудың қарқынды дамып келе жатқан бағыты болып табылады және экономикада, ӛнеркәсіпте, экологияда, қойнауларды пайдалануда және басқа да адам қызмет ететін салаларда кеңінен қолданылады. Физикалық табиғаты әртүрлі объектілерді модельдеу ғылыми танымның бір тәсілі болып табылады, ал модельдерді құру үрдісінің негізгі заңдылықтары таным теорияларының әртүрлі бӛлімдерінде зерттеледі. Модельдеу әдістері басқару теориясы негізінде жатыр және осы ғылымның қолданбалы бӛлімдерінде кеңінен пайдаланылады. Берілген бағытта бейімделе басқаруы мақсатында негізделген математикалық модельдерді құру мәселелері ерекше орын алады. Имитациялық модельдеудің негізгі артықшылықтарының бірі, онымен зерттелетін күрделі жүйелер тәнді элементтерден тұра алатындығы. Мысалы, олардың бірі үздіксіз әрекетті болса, екіншісі дискретті бола алады. Екіншіден бұл элементтер кӛптеген күрделі мәнді ауытқулардың әсеріне ұшырауы немесе оларды ӛтіп жатқан процестер ӛте үлкен жаңа шиеленіскен ӛрнектермен бейнеленуі де мүмкін. Мұндай модельдеу ешқандай арнайы құралдар мен қондырғылар жасауды қажет етпейді. Модельдеу қоршаған болмысты зерттеудің негізгі әдістерінің бірі және қызметтің барлық салалары мамандарының ғылыми және практикалық қызметіндегі құрал болып табылады. Модельдеудің мақсаты қасиеттері мен сипаттамаларын зерделеу, сондай-ақ жобаланатын және нақты жүйелердің тәртібін болжау болып табылады, оларды тікелей зерттеу мақсатқа сәйкес емес немесе қандай да бір себептер бойынша мүмкін емес. Қазіргі уақытта компьютер - модельдердің іске асырудың барлық белгілі тәсілдерін қамтитын, әмбебап құрал. Ақпараттық технологиялардың екпінді дамуының, модельдеуге ұшыратылуы мүмкін процестердің күрделілігі деңгейін күрт жоғалтқанына күмән жоқ. Компьютерлік моделдеудің мәні құбылыстың, обьектінің, жүйенің процестің сандық және сапалық сипаттамаларын практикалық қызметте пайдалану үшін жарамды түрде алудан тұрады.

Модель - нақтылы объекттің немесе объектті құрайтын бӛлшектердің ӛзгеру заңдарын, олардың байланыстарын бейнелейтін құбылыстардың тұрпайланған аналогы болып саналады. Модельді құру және оны талдау - модельдеу деп аталады. Модельдеу барысында экономикадағы, ӛндірістегі, қаржы салаларындағы, қызмет кӛрсету жүйелеріндегі кӛптеген проблемалардың шешімдері табылады. Модельдеу арқылы жасалған жоспарларды, жобаларды, ұсыныстарды тексеруге, ӛзгертуге болады. Есептеуіш математика және имитациялық модельдеу есептерін шешу үшін MatLab программалық - математикалық жүйесімен сипатталады. MatLab пакеті цифрлық есептеулер мен алынған нәтижелерді кӛрсетушілікке арналған компьютерлік ортаны білдіреді. Ол цифрлық талдау, матрицалармен операциялар жүргізу және уақытша сигналдарды талдау үшін тиімді құрал болып табылады. MatLab пакетін типтік қолдану - әмбебап сандық есептеулер, алгоритмдерді макеттеу, автоматтық басқару жүйелерін талдау және синтездеу, статистика және сигналдарды цифрлық ӛңдеу. Бұдан басқа, матрицалық операциялардан басқа, яғни матрицалардың айналуы және бӛлінуі, меншікті векторларды және меншікті мәндерді табу, MatLab пакетіне регрессияны есептеу, сандық интегралдау құралдары кіреді. Оның кӛмегімен сызықтық емес және дифференциялық теңдеулерді шешуге болады. Қазіргі уақытта MatLab - ең қуатты және кӛп пайдаланатын пакет. MatLab практикалық әзірлемелер үшін де, теориялық зерттеулер үшін де қолданылады. Пакет есептеулердің ӛте жоғары жылдамдығын және алынған нәтижелердің дұрыстығы мағынасында үлкен сенімділікті иеленеді. Есептеулердің кӛпшілігі дәстүрлі программалаусыз жүргізіледі, MatLab арнайы функциялардың үлкен жинағымен қамтамасыз етіледі. Пакетте кірістірілген тіл іске асырылған, оның синтаксисі Си тіліне ұқсас. Пакет нұсқасына байланыссыз, MatLab екі командалық және программалық режимде жұмыс істейді. Командалық режим математикалық және графикалық функциялардың үлкен жинағы бар қуатты калькуляторды білдіреді. Сонымен бірге команданы орындау нәтижесі бірден дисплей экранында кӛрсетіледі. Программалық режим арнайы Си-тәрізді программалау тілінің кӛмегімен командалардың тізбектілігін жазу мүмкіндігін береді. Windows-қа арналған MatLab Windows-тың барлық келісімдеріне бағынады. Сондықтан барлық терезелер (командалық та) - графикалық және графикалық ақпаратты шығару үшін бір мезгілде бірнеше терезе, сондай-ақ программаларды редакциялауға арналған терезені ашу мүмкіндігі бар болады. Программадан шығу үшін командалық терезені жабу қажет. Қазіргі уақытта MatLab пакетінің мүмкіндіктерін кеңейту бойынша кӛп мамандар жұмыс істейді, және ол үнемі жаңа программалармен (функциялармен) толықтырылып отырады. Оның негізінде қызметтің әр түрлі облыстарына арналған арнайы пакеттер құрылады, мысалы Simulink (Math Work фирмасы) пакеті - имитациялық модельдеуге арналған программа. Simulink маңызды қасиеттері - бұл MatLab жүйесінің интеграциясы ғана емес сонымен қатар басқа да кеңейтілген пакеттер жиыны болып табылады. Simulink бағдарламалық құралы - визуалды-бағытталған бағдарламалар тілі болып саналады. Барлық жұмыс кезеңдерінде, әсіресе модель жүйелерін дайындау кезінде пайдаланушы әдеттегі бағдарлама мен жұмыс жасай алмайды. Қазіргі уақытта Simulin құрамының SimPowerSystems электртехникалық құрылғылар мен жүйелердің қажетті пакеттері болып саналады. Дискретті модельдеу дискретті шамада болатын процесстерді сипаттауға үшін қызмет етеді (табиғатта ол тіптен жоқ) . Үздіксіз модельдеу жүйедегі үздіксіз процесстерді жоюға мүмкіндік береді, ал дискретті-үздіксіз шамалар объектіден үздіксіз де сонымен қоса дискретті шамалардың үлесін бӛліп алуға келетін жағдайларда қызмет етеді. Объектнінің бейнеленуі формаға тәуелділігімен қоса мынадай екі түрге ойша немесе нағыз модельдеу деп бӛле аламыз. Ойша модельдеу кӛп жағдайда объектілерді модельдеудің жалғыз ғана тәсілі болып қала береді, ӛйткені олар берілген уақыт интервалында мүлдем шығарылмайтын, немесе оның физикалық құрылуына мүмкіндік беретін жағдайлардың жасалынбауынан. Мысалы, ойша модельдеудің базасында микроғаламның кӛптеген жағдайлары анализделінілуі мүмкін, яғни олар физикалық тәжірбиелерге оңай жасалына салмайды. Ойша модельдеу мынадай түрлерде шығарылуы мүмкін: кӛрсеткіштік, символдық және математикалық модельдеулерде. Кӛрсеткіштік модельдеулерде адамның нақты объектілерді елестету базасында әртүрлі кӛрсеткіштік модельдер құрыла бастайды, олар процесстер және елестердің бейнеленуін, объектіде ӛндіріліп жатады. Гипотетикалық модельдеу негізінде зерттеушілерге нақты объектідегі процесстердің жүргізілуі және де сол жайындағы заңдық түсініктер пайда болады, яғни олар объекті жайындағы зерттеушілердің біліктілік деңгейін сипаттап және зерттеліп отырған объектінің кіріс және шығыс аралығындағы байланысты нақты кӛрсете отырып анықтайды. Гипотетикалық модельдеу формальді модельдерді тұрғызу үшін ол объекті жайындағы ақпататтың аз болған кезінде қолданылады. Ал аналогтық модельдеу әртүрлі деңгейлердегі аналогияның қолданылуына негізделеді. Ең жоғарғы деңгей болып кӛптеген қарапайым объектілерді орналастыруға орынның жеткіліктілігіне сейкес болатын толық аналогия болып табылады. Дискреттік-оқиғалық модельдеу - оқиғалардың үзіліссіз табиғатынан абстракциялануды жəне модельденетін жүйелердің негізгі оқиғаларын ғана қарастыруды ұсынатын модельдеу тəсілдемесі. Дискреттік-оқиғалық модельдеу неғұрлым дамыған жəне жаппай қызмет көрсететін логистикалар мен жүйелерден көлік жəне өндірістік жүйелерге дейін - қосымшалардың аса үлкен аясына ие. Модельдеудің осы моделі өндірістік үдерістерді модельдеу үшін көбірек дəл келеді. Оны Джеффери Гордон 1960 жылдары негіздеген болатын.

Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.

Кейс технологиясы (ағылшынның сasе-портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.

Кейс-технология арналған материалдар түрлері мыналар:

1. Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқужоспарындағы пәндер бойынша әлектрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге

2. Жұмыс дәптері.

3. Анықтама.

4. Оқу, аудио, бейне материалдары.

5. Бақылау және емтихан материалдары.

Қашықтықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:

- курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;

- пайдаланушыға ыңғайлы құрылым - мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.

- Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ. Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.

- Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады.

- Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM) .

- Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.

- Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.

Кейс технологиясы
Кейс -стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі(метод конкретных учебных стиуаций») xx ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.
Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т. Б. Салаларда жемісті қолданылуда. Қазір кейс-стади амал-тәсілін педагогикалық оқыту үрдісіне енгізу әдіс-тәсілдерін: Л. Барис, В. А. Ясвин, К. Кристенсен, Э. хансен, М. В. Коротков, М. В. Кларин, А. И. Наумова, А. М. Зобина, М. С. Керимбаева, В. А. Канн-калик, Н. Д. Никандров, Б. Н. Киселева, И. В. Липсина, Г. А. Полонский, Д. Экинсон, И. Уилсондар қарастыруда.
Кейс амал-тәсілінде басты назар оқушылардың ұсынылған реальды немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т. б. Шәкірттің жекетұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады.
Демек, мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану - қазіргі білім беру талабына оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі.

Кейс амал-тәсілдерін пайдалануда мына мәселелер:
1) Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын жетілдіруге алдын-ала дайындалған мәтіндер не тапсырмалар беру;
2) Микротоптардың басшыларымен өздерінің ойларын бөлісу, бірге талдау, басшының оқушылар түсінбегенде микросабақтар өту;
3) Сыныптың бірнеше микротоптарға бөлінуі;
4) Әрбір топтың өзінің басшысы болуы;
5) Мұғалім бағыт-бағдар беруші, бақылаушы рөлінде ойнауы ескеріледі. Сонымен қатар кейстік амал-тәсілде жағдаяттарға байланысты мынадай бес түрлі пікірсайыс ұйымдастырылды:
1) Мұғалім оқушыға қарсы сұрақ береді.
2) Мұғалім-оқушыдан өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды.
3) Оқушы-оқушы рольдік ойындар да қолданылады.
4) Мұғалім оқушыдан өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды.
5) Оқушы-оқушы пікірталасады.
Кейс бірыңғай ақпараттық кешен болғандықтан, ол үш түрлі бөлімнен тұрады:
1) кейс дайындау бөлімі
2) нақты жағдаяттар бөлімі
3) кейске кіретін қосымша тапсырмалар.
Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс мынадай кезеңдер бойынша дайындалды.
1-кезең. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың мақсатын айқындау.

2-кезең. Кейсті түзуге материалдар жинау. Сыныптағы оқушылар саны және олардың қазақ тілі пәнінен білім деңгейлері мен сөздік қорының көрсеткіші;
3-кезең. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды жинақтау;
4-кезең. Сабақтың қай кезеңінде кіргізуге болатынын болжау;
5-кезең. Оқушылардың күтілетін нәтижені болжау;
6-кезең. Нәтижеге қол жеткізу үшін кейсте кемшіліктерді жою.
7-кезең. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды қазақ тілі сабағына енгізу.
Кейс амал-тәсілдері қолданылған сабақтарда сыныпты төрт адамнан тұратын микротоптарға бөлдік. Олар:
1. Сарапшы - әрбір топтың өзінің сарапшысы болады. Сарапшының міндет микротоптарға қатысып отырған оқушылардың жауаптарын қорытындылау. Керек болса, микросабақтар өту. Оқушылар жауаптарының дұрыстығы не бұрыстығы сарапшыға тексертеді.
2. Жол сілтеуші - бұл-тапсырманы басқалардан ерте шығаратын, әдетте жақсы оқитын оқушы. Ол оқушылар жауап таба алмай жатқанда, дұрыс жолды айтады.
3. Баяндаушы - бұл тапсырмада берілген мәтін не басқа жағдаяттарға еніп, басқа оқушыларға түсіндіреді. Өзі ойнап тұрған образдың жүрісін, қимылын, ым-ишрасын айнытпай салу арқылы дұрыс жолды сілтейді. Мысалы, доп жайлы жұмбақ жасырылғанда, доптың келбетін салу керек.

4. Қарсы сұрақ қоюшы - бір оқушы басқа оқушылардың айтқан пікірлеріне келіспей әдейі сұрақ қояды. Бұл сұрақтарға басқа оқушылар жауап берулері қажет. Бұл оларды өз пікірлерін басқа біреуге дәлелдеуге үйретеді. Кейс сабақтарында берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыруға, олардың диалогттік және монологтік сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Оқушыларға тәрбиелік мағынасы жоғары ұлттық педагогика элементтері бар шешендік сөздер, мақал-мәтелдер үйретілді. Кейс технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы мұнда оқушы - өздігінен ізденетін, алдарында тұрған проблеманы шешетін субъект.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дискреттік модельдер. Теоретико-графтық программалау. Реинжиниринг. Детерминирленген модельдер
Модельдеу,дискретті,теориялық.Case технологиялар
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІН ҚОРҒАУ
АЛГОРИТМНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. АВТОМАТТАР ТЕОРИЯСЫ
Есік-терезе жасау цехының тапсырыс қабылдау жұмысын автоматтандыру
Графтар теориясы
Нақты жұмыс кезеңдер немесе осы кезеңдердің есептерін шешуде қолданылатын технологиялар
Электрондық оқытушы құралдар
Информатика пәні бойынша электрондық оқыту кешенін дайындау
Case - технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz