Жеміс өсімдіктерінің өсу және жеміс салу заңдылықтары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: Жеміс өсімдіктерінің өсу және жеміс салу заңдылықтары
Орындаған:Оспанов Архат
Топ:АГ-213
Тексерген: Мухаметжанова О. Т
СЕМЕЙ 2015
Жоспар
Кіріспе
Өсу, даму және жеміс алу заңдылықтары
Негізгі бөлім
2. 1. Жеміс өсімдіктерінің өсу және жеміс салу заңдылықтары
2. 2. Жемісті өсімдіктердің өсу және жеміс салу кезеңдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Өсімдіктің өсуі және дамуы - өсімдік ағзасының қалыптасу негізіндегі маңызды тіршілік үдерістері, оның нақ және өздік дамуы (онтогенезі) . Өсу - ағза құрылымындағы жаңа жарандылармен (жаңадан пайда болған элементтермен) байланысты. Оның көлемі мен салмағының кері қайтпастай артуы. Осы анықтаманың екінші бөлігінің іссанадағы маңызы өте зор, себебі өнім және оның қалыптасу барысы (жолы), ең соңында сызықтық, көлемдік және және жасушалардың тіршілік әрекетінде, құрылымы мен қызметінде салмақтық көрсеткішке байланысты болады.
Даму (М. Х. Чайлахян, 1982) - өсімдіктің немесе жекелеген мүшелердің, ұлпалардың пайда болған сапалы өзгерістер. Өсімдіктің өсу қарқыны, құрғақ зат жиналуы сияқты, ең әуелі тұрақты түрде, гүлдеудің басталғанынша арта береді де, одан кейін, ағзаның биологиялық қартаюының куәсі ретінде кемуі басталады. Өсуді реттеуде, өсімдіктегі алмасу реакциялары кезінде пайда болатын өсіргіш заттар мен нуклеин қышқылы үлкен рөл атқарады. Соңғы, жасушаның бүкіл тірі құрылымының негізін құрастыратын ақуыздардың түзіліуінде өте маңызды рөл атқарады. Өсімдіктің өсуі мен даму үдерістері морфогенезбен, яғни мүше қалыптастыру үдерістерімен байланысты.
Жеміс өсімдіктерінің өсу және жеміс алу заңдылықтары
Жеміс және жидек өсімдіктерінің жеміс салуы және оның ұзақтығы да әртүрлі. Жемісін кеш байлайтын өсімдіктер, жемісін ерте байлайтындармен салыстырғанда, ұзағырақ тіршілік етеді.
Келтірілген мәліметтерде бір жеміс ағашы (бүлдірген, таңқурай, қарақат, қарлыға, шабдалы және т. б. ) жемісін айтарлықтай ерте сала бастаса (2-3-ші жылдары), екіншілері орташа мезгілде жеміс байлайды (тәттішие, алхоры, алманың кейбір сұрыптары (4-8 жылдары) . Жеміс және жидек өсімдіктерінің жеміс салуға кірісу мезгілінің және тіршілігінің ұзақтығы 63 Тұқымдықтар Жеміс байлауының басталуы Бақтың (отырғының) ұзақ өміршеңдігі (жылдары) Екпе көшеттердің (отырғызғаннан кейінгі жылдары) Клондық даралар- дың (отырғызғаннан кейінгі жылдары) 1 2 3 4 Бүлдірген 1-2 2 4-5 Таңқурай - 2 10-15 Қарақат - 3 12-15 Қарлыға 3-4 3-4 15-20 Шабдалы - 3-4 15-20 Өрік 6-9 3-6 20-30 Шие 4-9 3-8 20-30 Тәттішие 6-15 4-6 25-30 Алхоры 6-11 4-6 20-30 Алма 8-10 5-15 30-70 Алмұрт 10-20 7-10 50-80 Шаттауық (орман жаңғағы) 6-10 4-6 60-80 Грек жаңғағы - 8-15 100-ге жуық Талшын 15-20 4-10 200-300 шілері (алмұрт, грек жаңғағы, талшын) тіпті кеш (8-12 жылдары) байлайды да, жемісін кеш байлайтын тұқымдықтар саналады. Алғашқы жемісін байлау өсімдіктің тұқым қуалаушылық ерекшелігіне ғана байланысты емес, сонымен бірге табиғи жағдайлар мен агротехникаға да тәуелді. Бір сұрып ауа райы құрғақ және жазы ыстық аудандарда, ылғалды және салқындау аудандармен салыстырғанда, жеміс байлауын 2-3 жыл ерте бастайды. Құнарлы әрі ылғалы мол топырақтар, құнарлылығы төмендеу және құрғақтау топырақтарға қарағанда жеміс байлауды біразырақ кешеуілдетеді. Ағаштың жеміс байлауының басталуы айтарлықтай деңгейде телітушіге де байланысты. Айталық, алманың кейбір сұрыптары өсімталдығы шамалы парадизкаларда көзшеленгеннен (ұластырғаннан) кейін жеміс байлауын 5-8-жылы бастаса, өсімтал (бойшаң) телітушідегілері 12-18-жылдары бастайды. Алғашқы жеміс байлауын арнаулы тәсілдердің (өркендерді шырпу және сақиналап тілу, қабығын сақиналау немесе бұтақтарын белбеулеу) әсерімен жеделдетуге болады. Өсірілетін өсімдіктер өзінің тіршілік уақытында жемістерін біркелкі салмайды. Жас шағында мөлшерінің артуына байланысты оның жеміс байлауы да молаяды. Тіршілігінің екінші дәуірінде бөрікбасы айтарлықтай тұрақты болғандықтан, өсімдік ең жоғары өнімін береді. Тіршілігінің үшінші кезеңінде, қартаюы басым бола бастағанда, жеміс салуы бірте-бірте кеми береді. 64 Өсімдіктің жеміс байлау ерекшеліктері бүршіктердің жандануына және өркен жайғыштығына байланысты. Жемісті дақылдарда жемістерінің үш түрлі орналасуы кездеседі (Ю. В. Крысанов, 1997) . 1. Үстіміздегі жылдағы жасыл өркендерде (беке, таңқурай, қожақат, лимон, құрма, грек жаңғағы, інжір) . Гүлдеуден бұрын өркендер жайылуы тиіс болатындықтан, бұл топқа жататын өсімдіктер, әдетте, кеш гүлденетіндер болып саналады. Гүлдеудің қарқындылығы, гүлдеу жүретін өркендердің өсу қуатымен анықталады. 2. Өткен жылдағы өсінділерде (сүйекті тұқымдықтардың басым бөлігіне тән өсінді өркендерде, жемістік шыбықшаларда және жемістік бұтақшаларда, апельсинде, мандаринде, пістеде, алманың Коричный полосатый сияқты түртегінде) . Оңтайлы ұзындықта (30-40 см-ге дейін) олардың өсуі мен жеміс салуының арасында физиологиялық теңдік қалыптасады да, тұрақты өнімінің негізі болып табылады. Өсінділердің көлемі оңтайлы шамадан төмендегенде өсімдіктер дүркін-дүркін өнім байлауға бейімделеді. Бұл жеміс байлау бөрікбастың шетіне қарай ауысуымен және жемістік бұтақтардың қысқара түсуімен байланысты. Көп жылдық жемістік бұтақтарда басымырақ - жемістіктер мен жемістік бұтақшаларда (алма мен алмұрттың сұрыптарының басым бөлігінде) . Оларда орташа өсуді, бөрікбастың аса қою болмайтындығын, жоғары өнімділікті белгілейді. Жоғары өнімділіктің нәтижесінде оларда жеміс салудың мерзімділігі жақсы білінеді. Алманың кейбір сұрыптарында жеміс салу ұзын, қысқа да жемістік құрылғыларында жүреді. Бұл сұрыптар жемісін ұдайы беруімен сипатталынады, бірақ бөрікбасын айтарлықтай қоюландыруға бейімді.
Жеміс байлайтын бұтақтардың түртегі, бүршіктердің жанданғыштық ерекшеліктері - маңызды сұрыптық белгі болып саналды да, олар отырғызу сұлбасын таңдауды, бөрікбас пішінін, өсу дәуірлеріндегі қырқу ерекшеліктерін анықтайды. Жемісті ертерек салуы және өнімділіктің артуы жапырақтарының ауданының артуының жеделдігіне байланысты болады. Бір гектардағы жапырақтардың оңтайлы ауданы - 40-50 мың м2 . Егер 1м2 жапыраққа 1-1, 5 кг жеміс келсе, осындайда бір гектарға 60 т биологиялық өнім келеді - жапырақтардың ең жоғары өнімділігі 1, 2-1, 5 метрлік жапырақ қалыңдығында байқалады. Жемісті дақылдардың тез жеміс салғыштығының негізі - ол биіктігі 3-4 метрлік және бөрікбасының диаметрі 3-5 м, аз көлемді өсімдіктер. Жоғары өнім алудың қажетті жағдайына гүлдеу, тозаңдану және ұрықтану үдерістерінің бір қалыпты жүруі жатады. Түрлік және сұрыптық ерекшеліктеріне, ауа райына және агротехникаға байланысты гүлдеудің жекелеген кезеңдері әртүрлі мезгілде басталады және аяқталады. Кейбір жемістер көктемнің басында гүлдей бастаса (орман жаңғағы), екіншілері (тұқымдықтардың басым бөлігі) біршама кешірек, үшіншілері (шетен, беке) тіпті кешірек, төртіншілері (лимон, апельсин) бүкіл өсінді кезеңі бойы гүлдейді. 65 Гүлдеу мезгіліне қарай жемістік тұқымдықтарды жуықтап мынадай ретпен орналастыруға болады: фундук, бадам, алхоры, тәттішие, қара өрік, шие, алмұрт, алма, беке, мушмула. Бірақ климаттық және басқа да жағдайларға байланысты бұл рет біршама өзгереді: мысалы, бадам шабдалыдан кейін, шие мен алма бір мезгілде гүлдеуі мүмкін. Алманың, алмұрттың сұрыптары және басқа тұқымдықтар да бір мезгілде гүлдейді және осы белгілері бойынша ерте гүлдейтін, орташа мерзімде гүлдейтін және кеш гүлдейтін болып бөлінеді. Бір ағаштың (алма немесе алмұрт) жемісті бүршіктері, бөрікбаста орналасу орны бойынша бір мезгілде ашылмайды. Әдетте, алдымен ересек жемістік бұтақтардың бүршіктері ашылады, кейін жастауы, соңында жемістік бұтақшалар мен шыбықшалар гүл жарады. Төмендік бұтақтардың жемістік бұтақшалары, жоғарыларына қарағанда ертерек гүл жарады; оңтүстік беткейде, солтүстікке қарағанда ертерек. Бір гүл шоғырындағы бір шанақ ертерек, келесісі кешірек ашылады.
Мысалы, алманың шатыр гүлінде ортаңғы жоғарғы шанақ гүл жарады, алмұрттың қалқан гүлінде - ең төменгісі. Бір жемістік бүршіктен әртүрлі тұқымдықтарда пайда болатын гүлдер саны да әртүрлі болады: бір (беке, шабдалы, өрік, бадам), екі (алхоры), үштен сегізге дейін (алма), үштен он бірге дейін (алмұрт), бірнеше ондаған, кейде жүздеген гүл. Бір ағаштың шанағы бір уақытта ашылмайтындықтан гүлдеу кезеңі төрт бөлікке бөлінеді: 1) гүлдеудің басы (ашыла бастаған алғашқы гүлдер байқалады) ;
2) толық гүлдеудің басталуы (өсімдіктердегі бүкіл шанақтардың 25% ашыла бастағанда) ;
3) толық гүлдеудің аяқталуы (өсімдіктердегі шанақтардың 75% гүлжапырақшаларын шашқанда) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz