Тұрғын үйдің техникалық жағдайын тексеру жұмыстарының жалпы ережелері және оларға қойылатын талаптар


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» факультеті

«Геодезия және құрылыс» кафедрасы

«5В072900 Құрылыс» мамандығы

СРО

Тақырыбы: «Тұрғын үйдің техникалық жағдайын тексеру жұмыстарының жалпы ережелері және оларға қойылатын талаптар»

Орындаған: Тынысбеков С. Е.

СТ-217

Тексерген: Уркинбаева Ж. И. .

Семей - 2015

Жоспар:

  1. Кіріспе.
  2. Тұрғын үйдің әр элементтеріне байланысты техникалық жағдайына қойылатын талаптар
  3. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ

Ғимараттарды және үй жанындағы техникалық пайдалану және күтіп ұстау жұмыстарына мыналар кіреді: техникалық қызмет көрсету, үйлерді тексеру, ғимарат бөліктері және жеке бөлмелердің инженерлік жабдықтау жүйесі, үй жанындағы аумақ құрылысы және көркейту элементтері, санитарлық тазалау, ғимаратты пайдалану және күтіп ұстауда нормативтік шарттарды қамтамасыз етуі, конструкциялардың және инженерлік жабдықтаудың (бөлменің температуралық және санитарлық режимі, лифтілердің және жалпы қолдану орындарының жарықталуы, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары) . Пайдалану мен күтіп ұстау шығындары ғимараттардың және үй жанындағы аумақтардың техникалық жағдайларын ескерумен жоспарлануы тиіс.

Техникалық жағдайды бағалау - ғимараттардың және имараттардың бүтіндей немесе зақымдалу дәрежелерін құру және құрылыс құралымдарының техникалық жағдайларының категорияларын жобамен немесе нормативтік құжатпен белгіленген нақты мәндерді қою негізінде сандық мәндерін бағаланатын белгілермен салыстыру.

Тұрғын ғимараттарға техникалық қызмет көрсету - ғимараттардың элементтерінің және берілген параметрлерінің ақаулық жағдайын, сонымен қатар оның техникалық құрылғыларының жұмыс режимін сақтау бойынша жұмыстардың кешені.

Ғимараттың құрылыстық конструкцияларын пайдалануға және техникалық жағдайына қойылатын талаптар

  • Іргетастар және үйасты қабаты бөлмелерінің қабырғалары

Іргетастарды және үйасты қабаты бөлмелерінің қабырғаларын келесі талаптарды қатаң сақтаумен пайдалану керек:

- ғимаратқа қосылған аланда жер беті суларын алып кететін құбырлар болуы керек;

- су әкететін астаулар қоқыстардан тазартылып кем дегенде 0, 005 еңісте болуы керек;

- үйасты қабаты қабырғаларында орнатылатын терезелер тротуарлар деңгейінен 15 см биік орналасуы тиіс;

- үйасты қабаты бөлмелері мен іргетастар арқылы өтетеін инженерлі коммуникациялар герметизирленуі және жылытылуы тиіс;

- үйасты қабаты бөлмелерінде орналасқан құбырлардан ағып кеткен сулар сол мезеттте құрғатылуы тиіс.

Пайдалану процесінде тиым салынады:

- іргетастар мен үйасты қабаты бөлмелерінің қабырғаларының тік және көлденең гиидроизоляциясы бұзылуы кезінде;

- талаптан тыс ағаштар мен өсімдіктер отырғызу;

- шөгулер пайда болған жағдайда;

- инженерлі құралдардың бұзылуы кезінде үйасты қабатын су алса;

- құралдардың астына қосымша іргетастар орнату керек, бекітілген жобадан тыс бөлмелердің биіктігін едендердің белгісін төмендету арқылы ұзарту;

- қазаңшұңқырлар, орлар қазу және басқа да ғимаратқа жақын (10 м дейін) арнайы жер жұмыстарын рұқсатсыз орындау;

- 10-15 см дейін биіктегіш орнатылған ғимараттың жанына топырақ себу;

- үйасты қабаты мен техникалық бөлмелерді арнайы келісімсіз тұрғындармен қолдану.

Тұрғын қорына қызмет көрсетуді ұйымдастыру келесі жағдайларды қамтуы тиіс:

- үйасты қабаты және техникалық бөлмелердің температура-ылғалдылық режимін, ол жер беті қоршау конструкцияларының конденсатының түсуіне әкеледі;

- үйасты қабаты және техникалық бөлмелердің қабырғаларында пайда болған жарықшақтарды жою, олардың дамуына жол бермеу;

- үйасты қабаты және техникалық бөлмелердің конструкцияларындағы дымқылды және топырақтардың сулануын жою;

- үйдің ішкі және сыртқы дренаждарының жұмыс істеуін қадағалау;

- үйасты қабаты және техникалық бөлмелерге кіру жерлерді таза ұстау;

Тасты іргетастарда және үйасты қабырғаларында (шойтас, ірі блокты және т. б. ) жоюды талап ететін келесі негізгі ақауларды кездестіруге болады: тік және қиғаш жарықшақтар, жергілікті шөгінділер, қалаудың қабаттануы және шойтасты іргетастарда бөлек тастардың құлауы, қыртыстану немесе темірбетонды панельдердің немесе сылақтың қорғау қабаттарының бұзылуы, үйасты қабырғасының ішкі беттерінің дымқылдануы. Іргетастардың зақымдануы немесе бұзылуының себептері негіздердің топырақ суымен шайылуы, топырақтың сумен қанығуы, конструкцияларға жабысып тұратын, жерасты сулардың агрессиялық әсері, гидроизоляцияның зақымдалуы.

Топырақтардың, іргетас конструкцияларының және үйасты қабырғаларының жағдайын зерттеу шурф жасау әдісімен жүргізу ұсынылады. Іргетастарды тексеру үшін лайықты мамандандырылған ұйымдардың мамандарын шақыру ұсынылады.

  • Сыртқы қабырғалар

Қабырғалардың жұмыс қабілеттілігін анықтау үшін алдымен сыртқы қабырғалардың бұрыштарын, сыртқы қабырғалардың ішкі қабырғалармен, жабындармен, жабындылармен түйіскен жерлерін, терезе блоктарының қабырғаға жапысқан жерлерін, үйасты қабаты бөлмелерінің дымқылдығын, астынғы қабаттардың температурасын қарап шығуы керек.

Қабырғаларды жөндеу кезінде бөлек бұйымдар көмегімен келесі жұмыстарды атқаруға болады:

- түсіп қалған кірпіштерді, тастарды қатайтып қалап, оларды жаңасымен ауыстыру;

- терезе және есік ойыстарын қатайту; ғимарат қасбетін ертіндімен сырлау қажет.

Толық жиналған ғимараттарды тексергенде үйдің ішкі қабырғаларына, сыртқы қабырғалардың тік және көлденең түйіскен жерлеріне, терезе арасындағы жапсарларға, шатыр асты жабындармен, қабырғаларына, сонымен бірге қаңқалардың қоршалған конструкциялармен түйіскен жерлеріне көп көңіл бөледі. Ірі панельді және ірі блокты ғимараттардың негізгі айтарлықтай кемістіктері болып, түйісулердің көп ауа жібергіштігі мен су өтушілігі, салмалы бөлшектердің тоттылыққа ұшырауы, сыртқы темірбетонды қабат арматураларының дұрыс қорғалмағаны болып табылды.

Ірі панельді және ірі блокты қабырғаларда жұмыстарды уақытында жүргізу керек:

- панельдерде жарықтарды жабу (жарылыстар, тесіктер) ;

- түйісулер мен жіктерде ауа өткізгіш жерлерді герметизациялау;

- мұзданған панельдерді жылыту;

- сыртқа шығып тұрған арматураларды тоттылықтан қорғау.

Ағаш үйлерді пайдалану кезінде келесі ақаулар пайда болуы мүмкін: ағаштың жәндіктермен желініп, шіруі, қабырғалардың тоңазуы, жоғары ауа өткізгіштік, бұрыштардың түсуі, сылақтың бұзылуы мен түсуі.

Осындай ақаулар көрінген жағдайда арнайы бөлімді қараған жөн «Ғимаратты техникалық пайдалану бойынша арнайы шаралар».

Қабырғалардың тоңазыған учаскелерін (сыртқы бұрыштары, сыртқы қабырға мен ішкі қабырға қиылысқан жерлерін, жабынды деңгейін) жылуды шығармайтын тиімді материалмен сыртынан көмкеру арқылы жылыту қажет.

  • Арақабырғалар

Арақабырғаларды тексерген жағдайда, олардың қабырғаға, жабындыға түйіскен жерлеріне, сонымен бірге жылу панелдерімен құбырларды жатқызуға көп көңіл бөлген жөн.

Тұрғын үйлердің арақабырғалар әсерінен пайда болатын көп дамыған ақауларға: қалтылдақ, конструкциялардағы жарықтар, жіктердегі жарықтар, арақабырғаларда пайда болатын тесіктер, құбырлармен арақабырғалар арасындағы дұрыс тығыздалмаушылық, әрлеу тақталарының түсуі, сылақтың жарылып түсуі, құбырлар орналасқан жерлердің дымдануы, жоғары дыбыс естушілік.

Қалтылдақты конструкцияға қосымша қысқыштар орнату арқылы жоюға болады.

Егер арақабырғалар ұсақ элементтерден тұрып ауқымды еңіс берсе, ал көлденең жіктерде жарықтар пайда болса, оларды жаңа элементтермен ауыстырған жөн.

Арақабырғалардағы, сонымен қатар тығыздалмаған арақабырға периметрлері бойынша тесіп өткен жарықшақтар пайда болса, онда олардың көршілес конструкциялармен байланысқан жерлерін кеңейту және герметикалық материалдармен немесе гипстік ерітіндіге былғанған қалдық талшықпен мұқият нығыздау қажет, содан соң екі жағынан ізбесті - гипсті ерітіндімен бітеу керек.

Орталықтандырылған жылыту жүйесінің құбырымен гильза арасындағы кеңістікті және жылыту панелдерінің периметрлері бойынша пайда болған жарықшақтарды асбесттен жасалған сыммен тығындау қажет, 10-15% асбест түйіршігін қосумен ізбес - гипстік ерітіндімен сүртіп тастау қажет.

  • Қасбеттер

Ғимаратты пайдалану кезінде келесі талаптарды сақтаған жөн:

- ғимараттың цоколды топырақ суларының ылғалдануынан қорғалуы тиіс;

- ғимараттың карнизі жұмыс істейтін жағдайда болуы тиіс;

- қасбеттің барлық шығып тұратын элементтері (белдеушелер, шығынқылар, парапеттер, терезелер мен қылқилар) цинкті темір жабыннан болуы керек және қабырғадан 50мм дейін шығып тұруы керек. Темір жабын өте мықты бекітілуі керек, коррозиядан сақталуы және боялуы тиіс;

- су ағатын құбырлардың деңгейі тротуардың деңгейінен 20-60см биік жатуы керек;

- су айдағыш құбырлар барлық талаптарға сай орнатылуы тиіс.

Тұрғын үйлердің қасбеттерінде пайда болатын негізгі ақауларға: бұзылу, сәулеттік бөлшектердің бұзылуы мен түсуі (карниздер, қылқилар, кронштейндер және т. б. ), қабаттасу, әрлеу, сырлау, бояу қабаттарының түсуі мен бұзылуы, сырлауда түсу жарықтары, әрлеу жіктерінде бояу беттерінің түсуі, герметизация түйістерінің бұзылуы, тот дақтары, шығынқы қабырғалардағы темір конструкцияларының бұзылуы мен тоттануы, су айдағыш құбырлардың бұзылуы, сонымен бірге жалпы беттің ластануы жатады.

Әрлеу тақталарымен сәулеттік бөлшектер бұзылған жағдайда, оларды ауыстыру қажет. Қасбеттің бұзылған жерлерін қайта қалпына келтіру керек. Жөндеу жұмыстарына дейін қорғаныс жұмыстарын 10. 2. 3 п. сілтемелеріне сай орындау керек.

Ғимараттың қасбетін әрқашанда шаңнан тазартып, жуып, материалына сәйкес бояп отыру керек.

  • Едендер

Едендерді пайдалану кезінде келесі талаптарды сақтау керек:

- цоколь жылуоқшаулауы мен техникалық еденасты техникалық түзу жағдайда болу керек (үй саңырауқұлақтардан құтылу үшін) ;

- еден тақтайларында табиғи желдету желдеткіш торлар немесе ірге бастырғылар жарықтары арқылы қамтылуы керек;

- едендердің конструкциясына ұзақ әсер ететін ылғалды жою шаралары қабылдануы тиіс;

- еденнің қорғау - әрлеу жабындары қалпына келтіріліп отыруы керек.

Пайдалану барысында пайда болатын ағаш едендердің негізгі ақауларына келесілер жатады: уатылу, кебу және бырысу, аймақтық шөгу, сықыр, қалтылдақтық, беттің тегіс болмауы, тақтай және паркетті едендердің шіруі, жабын негізінің қыртысталуы, бояу қабаттың бұзылуы.

Барлық зақымдалған паркеттің жабыстырғыштары жаңасына ауыстырылуы керек.

Жаңадан қаланған жабыстырғыштар тұрған еденнің деңгейінен 0, 5-1, 0мм жоғары жатуы керек. Жөндеу жұмыстары біткенен кейін жаңа жабыстырғыштар тізіліп, еденге жаппай циклевка жайылады.

Паркетті едендерді екі айда бір рет мастикамен қашау керек немесе арнайы тозуға төтеп беретін лакпен бояу қажет. Егер паркет жабыстырғышы негізгі битумді мастикамен жабыстырылса, еденді скипидарлы мастикамен қашау тиым салынады, себебі ол битумді ерітіп жібереді де, паркетті қарайтады. Мұндай едендерге тек сулы мастикаларын ғана қолдану керек.

Еден тақтайларын механикалық тозудан, ылғалдың зиянды әсерлерінен сақтау үшін оларды үш жылда бір рет майлы бояулармен бояған жөн болады.

  • Төбе және шатыр

Төбені тексеру кезінде конструкциялардың көтергіштігіне, шатырдың бүтіндігіне, оның қорғаныс қабаттарының жағдайына көңіл бөлуі керек.

Төбе конструкцияларының пайдалану барысында пайда болатын, жөндеуді талап ететін негізгі ақауларына келесілер жатады:

а) ағашты - итарқа түйісуінің бұзылуы, гидроизоляцияның бұзылуы, тас контрукциялардан мауэрлат бөлуші, итарқа астарының майысуы, мауэрлаттардың шіруі;

б) темірбетонды - бұйымдардың беттеріне бетонның бұзылуы, арматура қорғау қабатының жоқ болуы, арматура коррозиясы, жарылулар, шұңқырлар, қабаттану және т. б.

Шатырдың негізгі ақаулары:

а) болат тарақтардың және фальцтердің түйісулерінің әлсіреуі, су ағатын құрылғылардағы біртекті фальцтер, коррозия, тесіктер және құрт жеген тесіктер, бояудың қорғаныс мырыш қабатының бұзылуы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақтөбе облысы бойынша ғимаратты жоспарлау
Астана қаласы Нұрсая ықшам ауданындағы жер асты автокөлік тұрағы бар тұрғын үйді жобалау
Қонақ үй ғимаратын санитарлық тазалау
Құрылыстың геодезиялық негізі
“ҒИМАРАТТАРДЫ ЖӘНЕ ИМАРАТТАРДЫ ТЕКСЕРІП, СЫНАУ” ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Ғимараттарды техникалық жағдайларды бақылауда инженерлік-геологиялық факторларын қарастыру
ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Қазақстан банкілерінің тұрғын үй несиелеу саласындағы тәжірибесі
Тас қалау процесі
Көп пәтерлі тұрғын үйлерді тиімді басқарудың жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz