Қазіргі дәуір және әдебиет теориясы. Ж.Аймауытовтың драмалық шығармалары


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Қазіргі дәуір және әдебиет теориясы. Ж. Аймауытовтың драмалық шығармалары.
Тексерген: Еспенбетов А. С.
Орындаған: Серікбай Е. Б.
Семей, 2015
Жоспар :
- Қазіргі дәуір әдебиетіне жалпы сипаттама.
- Әдебиет теориясына сипаттама.
- Жүсіпбек Аймауытов өмір жолы, шығармашылығы.
Орыс жазушыларының қысқаша сындарына қарағанда біздің ескі, ауызша әдебиетіміз бай, өрнекті, түрі, тарауы көп кестелі, қысқасынан айтқанда, қазақтың даласы секілді кең, келешегі керікті, үлкен, жалпы түрік әдебиетінің ішінде үлкен өpic алатын әдебиет секілді көрінеді. Бірақ осы жазушылардың айтуына қарағанда, жазба әдебиетіміз әлі іргесі нығаймаған, беті анықталып ашылмаған, белгілі түрге түсіп қалыптанбаған майысқақ, сынғақ әдебиет деп саналғандай. Бұл мәселе туралы бізде өз жазушыларымыздың бір жерге қойылған пікірі, бір қалыпқа тоқтаған сыны әзірше жоқ. Бірақ өткен күннің әдебиетін еске түсіргенде, ескіліктен сол белгіні қалдырып кеткен адамды ойлағанда, айтылған өлең, жыр, тақпақ, мәтелдердің ауыздан шыққан кезін ойлағанда, бәріміз де өткен күннің. өнеріне ішімізден бас игендей боламыз, сөзі қалған кісінің атын құрметпен атағандай боламыз. Сөзінен туатын мағынасын, ішіндегі қайратты рухы, сыртындағы кестесі мен келісімі өзін еріксіз елеткендей болады. Біз ескі әдетімізді сүйеміз, сүюіміз дәлелсіз емес. Құрметтейміз, құрметіміз орынсыз емес. Себебі, әдебиетімізде өзге жұрттың ауызша әдебиетінде жоқ нәрселер табылып отыр. Ауызша әдебиет бір заманда тәртіпті жазба әдебиеттің қызметін атқарғандығы білініп отыр. Сол міндетін ұққандықтан ауызша әдебиет өз өрісін кеңейтіп әкеткенін көріп отырмыз. Сол ескі сездің ішінде ескі қазақ өмірінің әрбір дәуірі, әрбір мезгілі және әрбір жеке-жеке суреттері де айтылған. Мұның үстіне жазба әдебиетте, классические произведениелерде, кездесетін үлгілі мінездер - типтер, ел ішіндегі айрықша таптардың өзгеше психологиясы да дәл айтылған жерлер бар. Бұның бәрі құрғақ сөз болмас үшін, төмендегіше дәлелдерді көрсетпекшімін. Мысалға қазақ өміріндегі бақташылық салтты көрсететін атақты «Қозы Көрпеш - Баян» өлеңін алайық. Мұнда бақташылықтан адамға жұғатын теріс мінез, сараңдық (отрицательная черта) «тоқсан мың жылқы айдаған бай болса да, үйінде сілкіп салар сырмағы жоқ» Қарабайдың мінезінен көрінеді. Қарабайдың мінезі, әдебі, өміріндегі мақсаты өлеңнен бастан аяқ көрінеді. Қарабай - Пушкиннің Скупой рыцарының қазақтағы айқын тұрған типі. Бұған қарсы қойылған сол өлеңдегі. байдың үлгісі, мінездісі - Сарыбай. Бұл да өлеңде бүтін адам болып көрінеді. Бұлардан соңғы тағы сол өлеңдегі өзгеше қызық тип - Қодар. Қодарда малшының ең жақсысы қандай болмағы көрінеді, мал бағушы елдің арман қылған бақташысы, қиял қылған қайратты азаматы көрінеді. Бірақ осымен бірге ең мағыналы жері Қодардың пішінінен адам баласындағы ойсыздық, шолақтық, тар ғана бір бетпен, . малмен бірге мал болып кеткен білімсіздік, надандық. көрінеді. Өлеңші бұл жерде Қодардың пішініне қарап тұрып, қазақ қалпындағы жалпы кемшілікке күлгендігі білінеді. Жасырын мазақ, ащы мысқыл сезіледі. Осы секілді шебер көрсетілген үлгілі типтер «Қозы Көрпеште» біреу ғана емес, әлденеше.
Бұл турасынан айтылатын толық сөзді кейінге қойып, екінші мысалдарға келейік. Қазақ әдебиетінің өрнектілігіне толық дәлелдер батырлар елеңінде де бар. Қазақ батырлары бәрі бір қалыпқа соққандай барған жерін қырып келіп, жойып келетін, үнемі жолы болып отыратын, хазірет Әли Сейтбатталша батыр емес. Бұларда қазақ мінезі түгел бар деуге болады. Қазақ батырларындағы мақсат - алдыменен қаншыл болу. Бұның мысалы: Қобыланды, Ер Тарғын. Қобыланды - атаны, руды, туысты бел қылған батыр.
«Атадан туған атасыз, атасын сөйлеп не етесіз, анадан туған некесіз, некесін сөйлеп не етесіз . . . » - дегені қазақтың ұғымы, қазақ тәрбиесінің ісі . . .
Қора толған қойымды
Аш бөріге тастадым.
Азу тісі балғадай
Жас бөріге тастадым . . . -
дегені бақташы қазақ батырының сөзі. Қобыланды, алдымен, қара қазақ; екінші, елшіл болып көрінеді. Және жауы қазақ емес, жат болады. Сондықтан бұньң жолы болғыш.
Екінші, мұның қарсысындағы - Ер Тарғын. Бұл - қазақтың бірлігі кетіп, азған заманының батыры. Арысы мұсылман, берісі қазақ ішінен жау тауып, ұйтқы бұзған, шепті жарып, шеңбер бұзған батыр. Сондықтан мұның жолы болмайды. Қазақтың жәй сылбыр мінезді салғырт батыры:
Атадан кескекті туған аюмын,
Кескілеспей басылман.
Кілегей қара бұлтпын,
Кенет жаумай ашылман.
Түтедей сүйегім қалғанша,
Дұспаным, саған бас ұрман,
Балуан, сұлтан, батыр хан,
Қыларың болса, қылып қал.
Күндердің күні болғанда
Бас кесермін, жасырман . . .
Әуелі туысынан бастап сөйлейтін тәкаппар, нағыз қазақ бұл сөзінен көрінеді. Қазақ батырының барлығының жайынан айтатын сөз. Бәрі де - өзге батырлыққа айналдырған салқын қанды, дене қайратынан да жан қайратын артық бағалаған батырлар. Сондықтан бұлардың ортасынан орта ғасырдың рыцарына ұқсаған Тарғын сияқты әйелшілі болса, оның жолы болмаған.
Біздің әдебиетіміздің бізге сүйкімді жерлері осындай ірі жерлерінде, ірі қалпымен өзге жұрттікіне ұқсамай, таза қазақтікі болып шығатындығында. Біздің ауызша әдебиеттің бұдан басқа түрлеріне, ұсақ тарауларына келгенде, алдымыздан көзді қуантып, жайнап шығатын асыл тас сияқты қымбатты бұйымдары басқа жерде де бар.
Сол ауызша әдебиетте қара сөзбен айтылатын аңқаулықтың исі аңқыған қарапайым ертегімен катар, Сарыарқаның «ақ көде малға шүйгін шөбі, кір жуып, кіндік кескен жері, көлеңкелі ағашы, қоңыр желіне» шейін шеберліктің орамына кіргенін көреміз.
Тайлақтың енді аман. бол, қалған елі,
Арқаның сен де аман бол, қоңыр желі . . .
Нәзік сезімді әйел заты Ай, Таңсықтың аузына туған елі, өскен жерімен қоштасарда, ел қиялының салған сөзі - осылар. Қазақ даласында ақындықтың тәтті сұлулығынан қой баққан қотыр тайлы тазша бала, жар басында жарты лашықтағы сақау қатынға шейін құр қалмағандықтан, ел еркесі батыр да, жұрт тұрғысы бір төре де құр болмаған. Сондықтан өлеңмен айтқан билік, жырмен айтқан өсиет, тақпақпен айтқан дау бір кезде «татуды араз, жақынды жат қылуға» жараса, бір кезде іріген елді біріктіріп, іріткішінің шіріген сөзін саф қылуға жараған. Хан, қара, би, төре, аламаншыл батыр, жетекшіл қарашы - бәрі де айырмасыз кестелі, сырлы сөздің қадірін білімге ұстартып, зейіні ашылған европеецтен кем білмеген.
Ескі қазақ баласы, шынында, туған жерде өлеңмен қарсы алынып, өлеңмен шығарып салынатын болған. Бұл қазақ рухына анық сіңген мінез еді. Сондықтан қазақтан шыққан ту ұстар адамдардың бәрі де өмірінде кез келген ірі істердің бәрінің жанынан ақын рухы мінген тұлпары - өлеңменен желдіртіп өткенге ұқсайды
Ол замандағы қазақтың өміріндегі кез келетін қиын асу, тар кезеңде жорыққа аттанып, жасанған жаудың қарсысына бару болса, Абылайдың үлкен соғысының біріне бара жатып, керей Жәнібектің өзіне берген батасы мынау:
Қарулы мылтыққа жолықтыр,
Құрсаулы жауға жолықтыр,
Ел сасқандай,
Етек басқандай,
Абылайдың сарт . . . ашқандай күнге жолықтыр, -
деген. Бұл - асау қанды батыр, тайғақ кешу, тар жолда еліне еңбек сіңіруді қиял қылған елшіл аламан сөзі.
Ел өміріндегі үлкен өлім - атақты басшылардың өлімі болса, онда да шамырыққан көңілдің шерін сыртқа шығарушы өлең болған.
Абылай өлім халінде жатқанда айтқан Бұқар жырау сөзі мынау:
Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай,
Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай,
Үш жүздің баласынан үш кісі айтсам,
Қалар да ма екен, жаның-ай!
Осы бір ауыз өлеңдегі мағына қанша? Мұнда - Абылайдың жауынгерлігі, жолы болып, кезенген жауын көп жеңгендігі, елді билеуге шеберлігі, тентек бұзықты тыя білгендігі, ел ішіне тыныштық орнатқандығы, сол үшін үш жүздің баласының оған деген тілегі, құрметі түгел көрінбей ме? Аз сөзде көп мағына осыдан артық бола ма?
Әр адамның өз басына кез келген қиын күн - өлім; күні болса, оны да өлеңмен қарсы алып және елім халіне лайықты зарлы сарынмен ән шығарып кеткен адамдар біреу ғапа емес .
Сыбан Сабырбай ақынның өлерде шығарған өлеңі мен әні қазақ даласында әлі күнге даланың мұңлы күйінің бірі болып күңіреніп жүр.
Мінеки, бізге ескі әдебиетімізді сүйгізетін себептер осы айтылған секілді мысалдардан туады.
Рас, өткен күннің әдебиеті біздің сүюімізді тілемейді. . Сүюімізбен семірмейді де түрленбейді. Жек керуімізбен жоғалып та кетпейді. Ескі әдебиеттің түрлерін білу, бетін ұғу, ағымына түсіну - біздің өзіміз үшін керек. Бүгінгі әдебиетке белгілі жол салып, дұрыс бағыт береміз дегенде, жалпы қазақ әдебиетінің өткен күнін, бүгінгі. қалпын әм келешегін де түгел түсіну керек. Сонда ғана, әрбір жазушы ақиқатқа жақын сөйлеуі де мүмкін.
Сондықтан мен бұл мақаланы қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі деп атасам да, бүгінгіні сынға салу үшін ескілікті айтпау, әдебиеттің басын айтпау, бізге атадан қалған дәулетті айтпау лайықсыз болғандықтан туып отыр. Ескіліктен жоғарыдағы айтылған қысқаша мағлұматпен тоқтап, енді жаңа жазба әдебиетке келеміз.
Бұл күнге шейін қазақтың жазба әдебиеті жайынан сөз жазушылардың көбі біздің жазба әдебиетіміздің. басы Абайдан басталады деп есептейді. Бұл пікір суретті художественная литература ретінен қарағанда дұрыс болса да, әдебиет тарихының ретімен қарасақ, үлкен. адасқандық болады.
ХХ ғасырдың бірінші жарымындағы қазақ әдебиетінің аса ірі өкілі, социалистік реализм әдебиетінің ту ұстаушыларының бірі С. Мұқанов қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу істеріне аса қомақты үлес қосты. Жазушының әдебиет тарихына қатысты зерттеулерін іштей жіктесек, ХУ111-Х1Х ғасырлардағы қазақ әдебиеті, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті болып келеді. Сәбит қазақ әдебиетінің тарихын ХУ111 ғасырдан бастап зерттеген. Оның себебін осыған дейінгі ақындардың аттары жөнді сақталмағандығымен, «белгілі дәуірде жасаған ақын бар, ол ақынның белгілі шығармасы бар ғасыр қазақ әдебиетінің тарихында ХУ111 ғасыр» болғандығымен түсіндіреді. Сонан соң бұл дәуірдің әдебиетін «қазақ халқының тәуелсіздігін қорғау жолындағы күресін сипаттайтын әдебиет» деп анықтаған.
Қазақта жазба әдебиет Абайдан көп бұрын басталған. Бұл есепке, көбінесе, дін мақсұтымен жазылған қиссаларды кіргізбесек те, айтыс өлеңдерді кіргізбеуге болмайды.
Наурызбай мен Тілеуқабақ қызының айтысуы, Біржан мен Сараның айтысуы бір жағынан, ауызша әдебиетке кірсе, бір жағынан, жартылап келіп жазба әдебиетке кіреді.
Тегінде, қазақтағы айтыс өлеңдер - өзге жұрттың әдебиетінде кез келмейтін, біздің әдебиеттің байлығына дәлел болған айрықша бір түрі.
Айтыс өлеңдерінің ерте күндегілері, ауызша әдебиетке кірсе де, бергі замандағы айтыстың ішінен ұзақ әңгіме тудыратын Наурызбай мен Біржан - Сара сияқтылары жазба әдебиетке кіреді. Екі кісінің айтысуынан, немесе екі кісінің жайынан туатын әңгімелер ертерек уақытта ағылшын әдебиетінде Грандисон, Ричардсон, Достоевскийдің, уақыттарында туылған. Орыстардың «Бедные люди» деген кітабында бар. Мұндай әңгімелерді эпистолярный роман деп атаған. Біздің айтыстардың көбі - осы эпистолярный роман түріндегі өлеңдер.
Сондықтан жазба әдебиеттің әуелгі басына бұл өлеңдер кіруі тиіс. Одан беріде жазба әдебиеттің өз міндетін ұға бастап, қазақ тұрмысындағы кем-кетікті қолға ала бастағаны да Абайдан бұрын басталады. Бұл жағынан қарағанда, Абайдың алдындағы адамдар деп Шортанбай, Алтынсарин, Мәшһүр Жүсіп әм Нарманбеттерді алу керек.
Бұл адамдардың кейбірінің Абайдан жасы кем болғандығын есеп қылуға болмайды. Бәрінің жазған сөздеріндегі бетті, белгіні, сарынды еске алу керек. Осы соңғы екі сипатынан қарағанда, әлгі төртеуі қазақ әдебиетінің көшпелі дәуірінің ақындары деп саналуға тиіс.
Көшпелі деп ауызшадан жазбаға қарай көшкенін айтамыз. Мана сол замандағы ой ойлаған адамдардың ойында болған өзгерісті, сөздерінен туған жаңа күйді айтамыз.
Әдебиеттегі бұл көшпелі дәуір қазақтың жалпы тұрмысындағы, тарихындағы көшпелі дәуірмен жалғасып келеді. Қол ұстасып қатар келді, егіз болып туды деуге болады. Қазақты патша саясаты билеп алған, қол-аяғын байлап бағындырып алған, жерін алып, өзінің төрелерін қазаққа ұлық қыла бастаған, отаршылдық әрекетін күшейте бастаған, дінінен айыра бастаған уақытына келеді.
Сыртқы өмірдің осы сияқты себептерінен қазақтың ойына уайым араласқан, көңілі жабығып, қайғы басқан, сөзінен, өлеңінен, әнінен бұрынғы билік, еркелік, еркіндіктің бәрі де арыла бастап, оның орнын арман, зар-шер, қайғы басқан.
Сондықтан әдебиеттегі көшпелі дәуір де осындай мұңды күйден құралған. Осы ретпен қарағанда Шортанбай жазған «Зар заман» - әдебиеттегі, тарихтағы көшпелі дәуірдің зор айнасы. Бұл өлеңнің ішінде қазақ тұрмысына жанасқан кемшіліктің айтылмағаны жоқ деуге болады. Патша ұлығынан бастап, қазақтың өз ішіндегі берекесіздігі, бұрынғы мінезден айырылып бара жатқандығы, жоғалтып, жастарының азып бара жатқандығы барлығы да зарлы сарынмен айтылып өтеді:
Заман қайтып оңалсын,
Адам қайтып қуансын,
Жанарал болды ұлығың.
Майыр болды сыпайың.
Айырылмайтын дерт болды,
Кедейге қылған зорлығын. .
Тілмәшті, көрдік биіңдей,
Дуанды көрдік үйіңдей.
Абақты тұр қасыңда,
Қазылып қойған көріңдей.
Байлар ұрлық қылады,
Мал көзіне көрінбей.
Билер жейді параны,
Сақтап қойған сүріңдей . . . -
деген жоғарғы сөздерге дәлел.
Осы сияқты ел уайымының бір жыршысы - Нарманбет. Бұл бүгінгі күннің қайғысы қажытқандықтан, өткен күнің. қызығын көксейді. Бұл да сол күнгі елдің әдеті болатын:
«Сарыарқа, сарқыраған суық қайда?
Түнде шық, күндіз мұнар буың қайда?
Найзағай жарқ-жұрқ етіп нөсер құйған,
Көк жасыл кемпірқосақ туың қайда?. . ».
Бүгінгіге қанағаттанбаудың себебінен бұл күнгі табиғатқа да ырза болмағандық - сол көшпелі дәуірдің сүйегіне сіңген мінезінен туып отыр.
«Сандалтып Сарыарқаны-алды, мұжық,
Қолынан келер де жоқ, өнер де жоқ,
Баласы байғұс қазақ қалды мыжып».
Айла құрығандықтан ең болмаса қазақты ұрсу да сол заманға хас мінез.
Осы сияқты қайғы, уайымның сарыны Ыбырай Алтынсарин өлеңдерінде де кездеседі. Бірақ мұнда алдыңғылар сияқты шексіз уайым болса, сонымен араласқан жалпы дертпен ем іздеудің талабы, да бар. Аурудың емі мынау деп, ашып айтып бір нәрсені шешіп бермесе де, бірде дінді, бірде оқуды, бірде таза адамшылықты ем қылып ұсына бастаған Алтынсарин.
Көшпелі дәуірдегі ақындардың бәрінің жайынан айтатын сөз - бұлар өз заманының бел баласы. Олардың заманы - қараңғыда сипалап сенделудің, қиналудың заманы. Ел дертіне не нәрсенің ем екенін білмей, бірі дінді, бірі ескілікті жақтап, бірі орыс ұлығын жамандап, бірі қазақты жамандап, түпкі дертті таба алмай, жалпақ адасқан заман.
Сондықтан ол дәуірде күншығыстың діни дерті - религиозный мистицизм де байқалады, ұлтшылдық та сезіледі, болымсыз өнершілдік те көрінеді.
Бірақ осылардың ешбірі де жеңген емес: бір жерге тоқтаған тілек жоқ, бір қалыпқа түскен бет жоқ. Әр жерде әркім өз ауруымен қиналуда, ыңыранып зарлануда болған.
Мінеки, көшпелі дәуірдің айрықша мінезі - осы. Сондықтан ол мезгіл көшпелі дәуір деп аталады. Бірақ ол дәуірдің ақындары жазба әдебиеттің басы екендігі даусыз. Себебі, бұлардың өлеңінде ел тұрмысының бұрынғы айтылып жүрген жалғыз қызығы мен желігінен басқа, тұрмыстағы негізгі дерт, негізгі себептер айтыла бастаған. Ел күндегі өмірі, күндегі сезімі, күндегі ойыменен әдебиет шеңбері ішіне кіре бастаған. Ұлттық дамудың әдебиеттегі рухани тамырларын үзіп тастау мақсатымен жүзеге асырыла бастаған пролетарлық мәдениет бағытына қарсы Мағжан 1924-1926 жылдары «Алқаның» бағдарламасын дайындады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, Ж. Тілеулин, С. Дөнентаев, М. Әуезов, С. Сәдуақасов, Е. Омаров, С. Қожанұлы, Е. Алдоңғарұлы, Ж. Сәрсенбіұлы сияқты қазақтың біртуар алашшыл азаматтары қолдаған бағдарламада да бұрындары қазақ халқының бай әдебиеті болғандығын дәлелдей түскен. Мағжан әдебиеттің деңгейі қоғамдық дамумен тікелей байланысты болуына орай феодалдық дәуірде өмір сүрген қазақ халқының әдебиеті де төмен деген пікірдің сыңаржақ екендігін айта келіп, «техника мәдениеті тіпті төмен болғанымен», «өзінше терең әдебиеті болған һәм бар» деп дәлелдеді. Дәлелге «кешегі Мұрат, Махамбет, Базар, Шортанбай, Ақан сері сықылды ақындардың елдің мұңын, зарын, ой-қиялын жырлай білген шын жыраулар екенін» алға тартты. Осында ол қазақтың ұлы ақыны Абайдың поэзиясын аса жоғары бағалады. Абайды әдебиеттің басшысы дегенде, осындай кейінгі дәуірді еске алып айтамыз. Қазақ әдебиетіне Абай кіргізген жаңалық көп. Абай - қазақтағы суретті, сұлу сөздің атасы, терең де сырлы, кең мағыналы кестелі өлеңнің атасы. Қазақ елеңіне үлгі, өрнек берген, түрін көбейтіп, қалыбын молайтқан - Абай. Ол қазақтың ішінен оқушы тапқан.
Әдебиетке, өлең-жырға бұрыннан орнаған теріс пікір, теріс ұғымның бәрін жоғалтып, жұрттың ойын тәрбиелеген.
Бұдан соңғы бір үлкен қызметі - қырдағы қалың қазаққа Европа мәдениетінің есігін ашқан. Орыстың Пушкин, Лермонтов, Крыловтарын қазаққа танытушы - Абай.
Мәдениетті жұрттың ысылған тілімен айтқан тәтті күй, нәзік сезімдерін Абай қазақтың дүкен көрмеген жалпақ тілімен өзіндей тәтті қылып, сезімді қылып айтып берген. Сондықтан Абай қазақ оқушысының ойымен қатар сезімін де тәрбиелеген. Қазақтың тіліне Абайдың сіңірген еңбегінің арқасында, бұл тілдің барлық байлығы, орамдылығы, өрнектілігі табылған.
Абайдың барлық өлеңі - қазақтың сол күшті тілінің ішінен туған асыл құрыш, қырдағы қалың қазақтың осы күйге шейін сөйлеп жүрген жалпақ тілінің жемісі, соның сыр мен сымбатын көрсететін айнасы. Бұл - Абайдың қазақ тіліне істеген қызметі.
Абайдың өлеңін ішіндегі мағынасы мен беттеген бағыты жағынан қарағанда, көшпелі дәуірдің өлеңдерінен айырылатын жері - мұнда сүлдері құрыған зар да, әлі құрыған уайым да жоқ, оның орнында қазақ өмірінің қом-кетігін түсінген көзі ашықтық бар, дәлелдеп, ауруын тауып, емін айтқан ширақтық бар. Бұрынғыдай әр нәрсені ем керген далбасалықтың орнына, Абай қазақтың жасына білім жарығына ұмтыл дейді, кәрісіне малыңды дұрыстан бақ дейді, атқа мінген жақсыларына елді іріткіге салмай, адал еңбек қыл, қарызыңды атқар дейді. Қазақтың өміріндегі кемшіліктің қайсысына болса да, Абай өз емін айтып кеткен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz