Жарма дақылдары және олардың сапасын анықтау жолдары



1. Жарма дақылдарына сипаттама.
2. Жарманың тағамдық қасиеті.
3. Жарма дақылдарының түрлері.
4. Жарманың сапасын анықтау жолдары.
5.Қызылорда облысында күріш жармасы мен қауыздылығының мөлшері.
6. Пайдаланылған әдебиеттер.
Жарма - дақыл тұқымдастарға жататын бидай, арпа, сұлы, тары, күріш, жүгері және қарақұмық дәнінен алынатын дәндердің жалпы атауы.
Жарма ретінде бұршақ тұқымдастарлық (бұршақ, фасоль, жасымық, ірі бұршақ) дәндерін де пайдаланады.Жарманың тағамдық қасиеттері жоғары және балалар мен науқас адамдар үшін ерекше жұғымды. Жарма крахмал мен өсімдік белогының негізі болып табылады. Сонымен бірге жармада аз мөлшерде витаминдер, минералды заттар бар. Қазіргі кезде жарма өндіруге арналған механикаландырылған кәсіпорындар бар. Олар дақылдарды ботен қоспадан тазалап, өлшемдері бойынша іріктеп, қабығы мен қауыздарынан арылтып жарма дайындайды.
1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы Қаз.Сов.энцикл.Бас ред.,
2. Можаев Н.И., Әрінов Қ.К., Нұрғалиев А.Н., Можаев А.Н. Өсімдік шаруашылығы (оқулық), Ақмола, 1993.
3. Әрінов Қ.К., Можаев Н.И., Шестакова Н.А., Ысқақов М.Ә., Серікпаев Н.А. Өсімдік шаруашылығы практикумы (оқу құралы) Астана, 2004.
4. Т.Саудабаев, А.Қадырғалиев, Л.Шалдыбаев. Жармалық дақылдар. Алматы, Қайнар, 1985
5. Жүргенов Ж.С.. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы. Алматы. – Агроуниверситет. 2009.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы
Мемлекеттік Университеті

БАӨЖ
Тақырыбы: Жарма дақылдары және олардың сапасын анықтау жолдары.

Орындаған: Қаппасова С
Тобы: АГ-313 с
Курс: ІІI
Тексерген: Байгаринова Р.М

Семей 2015
Жоспар:
1. Жарма дақылдарына сипаттама.
2. Жарманың тағамдық қасиеті.
3. Жарма дақылдарының түрлері.
4. Жарманың сапасын анықтау жолдары.
5. Қызылорда облысында күріш жармасы мен қауыздылығының мөлшері.
6. Пайдаланылған әдебиеттер.

Жарма - дақыл тұқымдастарға жататын бидай, арпа, сұлы, тары, күріш, жүгері және қарақұмық дәнінен алынатын дәндердің жалпы атауы.
Жарма ретінде бұршақ тұқымдастарлық (бұршақ, фасоль, жасымық, ірі бұршақ) дәндерін де пайдаланады. Жарманың тағамдық қасиеттері жоғары және балалар мен науқас адамдар үшін ерекше жұғымды. Жарма крахмал мен өсімдік белогының негізі болып табылады. Сонымен бірге жармада аз мөлшерде витаминдер, минералды заттар бар. Қазіргі кезде жарма өндіруге арналған механикаландырылған кәсіпорындар бар. Олар дақылдарды ботен қоспадан тазалап, өлшемдері бойынша іріктеп, қабығы мен қауыздарынан арылтып жарма дайындайды.
Тағамдық қасиеті.
Жарманың тағамдық қасиеті жоғары және жұғымды калориялы болады. Ол балалар мен ауруға шалдыққан адамдарды тамақтандыру үшін ерекше қажет. Бұлар углевод (крахмалдың) пен өсімдік белоктарының негізі болып табылады. Жармала аз мөлшерде витаминдер мен калий (кальций, калий, магний, фосфор, темір) тұздары болады. Жармадан ботқа, үзбе кеспе (клецки), котлет, құймақ, пудинг, биточка, запеканка т.б. тағамдар дайындайды. Жарманы шағындал супқа қосады және басқа тағамдарға пайдаланады. Сөкті, тарыны ақтал, қауызынан тазартыл алады. Тазаланған сөк арнайы өңделген тары дәні -- жоғары, бірінші және екінші сортқа бөлінеді. Сөк сіңімді болады әрі тез піседі. Сөктен кебіртек және қоймалжың ботқа, фарш, запеканка т.б. тағамдар әзірлейді. Кейбір сөктің ашқылтым дәмі болады. Оны кетіру үшін тарыны қайнаған суға әбден жуады.
Жарма дақылдарының түрлері.
Қарақұмық жармасы

Қарақұмық жармасын буланған немесе буланбаған қарақұмық дәнінен алады. Құрамында жеңіл сіңетін белоктар, крахмал мол болады. Қарақұмық майы басқа жармалардың майымен салыстырғанда сақтауға төзімді келеді. Қарақұмық жармасының белоктары басқа қосылыстармен алмастыруға болмайтын амин қышқылдарына бай. Өңдеу тәсілдері мен дән сапасына қарай қарақұмық жармасы мына сорттарға бөлінеді: ұнтақталмаған қарақұмықтың дәнінен тұратын тұтас жарма және тез пісетін жарма. Үнтақталған қарақұмық дәні тез піседі. Сұрыпталған жарманы бірінші және екінші сортқа бөледі. Ал ұнтақ жарма сортқа бөлінбейді. Жармалан қоймалжың ботқа, запеканка, биточка әзірлейді, ал сұрыпталмаған жарманы дербес тағам түріндегі көбіртек ботқа, сонымен бірге гарнир, фарш, жарма нан ретінде пайдаланады. Өңдеу тәсілдеріне қарай күріш ақталған, ажарланған және уатылған түрге бөлінеді.
Күріш жармасы

Ақталған күріш -- арнайы машинамен өңделіп талқандалған күріш дәні. Бұлай өңделген күріштің беті бұдыр болады. Арнайы машинамен өңделген таза күріш жоғары, бірінші және екінші сортқа ажыратылады. Ақталған күріштің дәні тұтас болады. Үнтақталған күріш жармасы -- ұнтақталған күрішті арнаулы машиналарда өңдегенде алынатын жанама өнім. Күрішті сұйық, қою және тәтті тағамдарға, гарнирге т. б. самса сияқты тағамдар әзірлеуге пайдаланады. Гарнир, палау, самса сияқты басқа тағамдарға және пудинг дайындау үшін ақтал ған күріш пайдаланылады, өйткені ол пісірілген кезде онша езілмейді. Үнтақталған күріштей сұйық және қоймалжың сүт ботқасын, суппюре, сонымен бірге биточка мен котлет жасау пайдалы. Күріш жақсы пісу үшін алдымен салқын суға шайқау керек. Күріштің дәні езілмеу үшін оны қайнаған тұзды суға салу керек. Арпа жармасының түктелген және түктелмеген екі түрі болады. Ақталған жармалық дәні ірі болады. Дәннің ірілігіне қарай ақталған арпа жармасы бес түрге бөлінеді. (Ұнтақ жарма сіңімді келеді, әрі тез піседі. Жарманың бұл түрінен қоймалжың ботқа, котлет, запеканка т.б. әзірленеді. Ірі жарманы супқа салып, ботқа да пісіреді. Түктелмеген арпа жармасы ұнтақ, формасы әр түрлі болады. Бұл жарманы дайындағанда түктелмейді, сондықтан онда клетчатка көп болады. Арпаңың жармасы сортқа бөлінбейді. Үнтаңталған дәнінің ірілігіне қарай оның үш нөмірі болады. Бұдан ботқа пі сіре ді.
Сұлы жармасы

Сұлы жармасы құрамындағы белок пен май мөлшері жағынан дақыл тұқымдастар дәні-нен дайылдалатын жарма арасында бірінші орын алады. Сұлыдан: буланған дәні бүтін және жаншылған жарма дайындайды. Сондай-ақ геркулес үлпегі мен талқан жасалады. Сұлы жармасын супқа салады, суп пюре т.б. тағам дайындауға пайдаланады. Буланып, уатылмаған сұлы жармасын түктеу арқылы дайындайды. Жаншылған сұлы жармасы жеңіл сіңеді, әрі тез піседі. Геркулес үлпегін буланып, жаншылған және келтірілген жоғары сортты түктелген сұлы жармасынан алады. Ол оңай әрі тез піседі. 10 -- 15 минут ішінде бұдан сіңімді және дәмді ботқа дайындауға болады. Талқан -- сұлы дәнін арнайы өңдеуден өткізіп алынатын жоғары сапалы нәрлі тағам. Талқаннан диеталық және балалар тағамдарыл дайындауға болады. Оның құрамында организмге пайдалы, май тәрізді органикалық зат -- леңитин бар.

Бидай жармасы

Бидайдан манный, полтава және артек жармасы дайындалады. Манный жармас ын сапалы бидайдан дайындайды. Басқа жармамен салыстырғанда манный жармасыида клетчатка мөлшері аз болады (0,4%-тен аспайды). Осы қасиетіне байланысты диеталық және балалар тағамын дайындауға пайдалы. Манный жарманы сұйық тағамға себуге болады, одан қою тағам (ботқа, құймақ, запеканка, биточка, котлет) және тәтті тағам (пудинг, суфле, мусс) дайындалады.
Полтава жармасы
Полтава жармасын қатты бидай сортының дәнінен алады. Ол үшін дәнді қабықтан (қауыздан) тазартады. Ол ақталған арпа жармасына ұқсас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бидай жармасының технологиялық сұлбасы
Ұн технологиясы
«Тамақ өнімдерінің және шикізаттың сапасын бақылау және бағалау» Дәннің биохимиялық бағасы
Жарма технологиясы
Жарма
Жаншылған сұлы жармасы
Күріш жармасы технологиясы
Ұннан жасалған кондитер өнімдері
Дәнді бұршақ дақылдардың сипаттамасы
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
Пәндер