1С бухгалтерия бағдарламасы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: 1С бухгалтерия бағдарламасы

Орындаған: Оразбаева А. М. (ФН-305)

Тексерген: Искакова М. С.

Семей 2015 ж.

Жоспар:

Кіріспе

  1. Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы.
  2. 1С - бухгалтерия қағидасы
  3. Бухгалтерлік есепті 1С Бухгалтерия жүйесінде жүргізу
  4. Қорытынды
  5. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Кез келген кәсіпорынның бухгалтерлік есебін ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады.

Дербес ЭЕМ-нің дамуына байланысты кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп жүйесін автоматтандыру 90-жылдардан бастап есептеу орталығынан, жүйені автоматтандыру бөлімдерінен тікелей бухгалтердің жұмыс орнына берілді.

1С: Бухгалтерия 8. 2 программасы кәсіпорынды құрудан бастап қаржылық есептілікті құрастырғанға дейінгі бухгалтерлік есептің барлық бөлімшелерінің есебін толық қамтиды. Бұл - кәсіпорынның мүліктерін сәйкес анықтамалықтарға атаулары бойынша енгізу, кіріспе қалдықтарды талдамалы, жинақтамалы және сандық есеп негізінде шоттар бойынша енгізу, қалдықтар бойынша “Қалдық айналым тізімдемесін” және “Кіріспе баланс” алу болып табылады.

“Қазақстанға арналған 1С: Бухгалтерия 8. 2” программасы бұл - бухгалтерлік және салық есебін автоматтандыруға арналған әмбебап программа. Бұл программа негізінде мейлінше әртүрлі бизнес - қосымшаларды құруға және түрлендіруге мүмкіндік беретін “ 1С: Кәсіпорын 8. 2 ” жүйесінің икемді технологиялық тұғырнамасы жатыр.

1. Ежелгі Египетте, Месопатамиде, Вавилонда, Иранда шаруашылық есеп жүргізетін есепшілердің болғаны анық. Египетте - папирустарға, Вавилонда - қыш кестелерге жазбалар жазылған. Біздің уақытқа дейін келіп жеткен есеп регистрлары ретіндегі бос парақтар сол уақытта - ақ қалыптасқан. Шамамен 5-6 мың жыл бұрын бухгалтерлік есептің әдіс - тәсілдері пайдаланыла бастаған.

Ежелгі Греция мен Римде шаруашылық есеп жүргізідің деңгейі едәуір жоғары болды. Ағаш тақтайшаларға есеп жазып, оларды кодекс деп атаған. Шаруашылық қатынастардың болуы, адамзаттың дамуы өздігінен есептің дамуын қажет етті. Қажеттіліктен туындаған есеп жүргізудің ежелгі әдістері бүгінгі бухгалтерлік есептің негізін құрайды.

Орта ғасырдың соңында бухгалтер сөзі пайда болды. 1498 жылы Әулие Рим империясының императоры Максимилиан 1 алғашқы бухгалтер етіп Христоф Штехерді сайлады. Сол уақыттан бері есепті арнайы кітаптарда жүргізу қалыптасқан.

Бухгалтерлік есеп бойынша алғашқы кітапты 1494 жылы белгілі математик, монах Лука Пачоли жазды. Бұл кітап математикадан болатын, «Арифметика, геометрия сомалары, пропорциялар мен қатынастар туралы ілім» деп аталған.

Онда «Жазбалар мен шоттар туралы трактат» деп аталатын бөлім қосарлы бухгалтерияны жүргізудің тәсілдерін сипаттайды. Итальяндық қосарлы бухгалтерия есептің дамуына үлкен үлес қосты.

Ежелгі Ресейде есепті шіркеулер мен монастырларда жүргізді. Жазба кітаптарында мал саны, жер өлшемдері сияқты деректер болды. Петр І Ресейдегі есептің дамуына үлес қосты. Арнаулы мектептерде есеп жүргізетін адамдарды даярлап, есеп кітаптарын жүргізуді ұйымдастырды. Петр І мемлекеттің табыстары мен шығындарына ғана есеп жүргізіп қана қоймай, қазыналық зауыттарда да есеп жүргізуді талап етті. Одан кейінірек орыс тілінде бухгалтерлік есеп туралы баспа кітаптар шыға бастады. 1783 жылы бухгалтерлік есеп туралы «Коммерция және сауданың кілті, немесе бухгалтерия ғылымы, көпестер шоттарының шығуы » деген алғашқы кітап шықты.

Дербес ЭЕМ-нің дамуына байланысты кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп жүйесін автоматтандыру 90-жылдардан бастап есептеу орталығынан, жүйені автоматтандыру бөлімдерінен тікелей бухгалтердің жұмыс орнына берілді. Содан бері бухгалтерлік есеп, қазіргі экономика жағдайында кәсіпорындардың барлық меншік формалар мен мөлшерлерінің қаржы-шаруашылық қызметі жайлы ақпараттарын тіркеудегі, өндеудегі және сақтаудағы кәделі экономикалық пен болып отыр. Қазіргі кезде қазақстандық, шетелдік, ресейлік фирмалар ірі және шағын кәсіпорындарға бағытталған ең озық үлгідегі жаңа технологияға негізделіп жасалған кешендік бухгалтерлік программаларды ұсынуда. Мұндай өнімдерді жасаушы фирмалар АйТи, Галактика, Диц 1С:, Парус, Информатика, Инфрософт, Инфин, Инэк, КомТех+, Ланкс, ЛокИС, Цефей, Никос-софт, Гарант, Консультант+, Кодекс және басқалар әр түрлі кәсіпорындарға арналған талдау мүмкіндіктері мол кешендік бухгалтерлік программалар жасауға зор көңіл бөлуде. Мұндай программалар 1994 жылдан бастап дамыған: ЛУКА-ПРО, ГАЛАКТИКА, 1С: Бухгалтерия, ТСВ БУХГАЛТЕРИЯ, SOLOMON 4, NAVISION FINANCIALS, SCALA, Алтын, Business express (BE-2), Турбо Бухгалтер, Super Tree, KOMTEX және тағы басқалар жатады.

2. Кез келген кәсіпорында бухгалтерлік есепті автоматтандыру, онда бухгалтерлік программалар жүйесін жасау деген сөз. Қәзіргі уақытта сондай программалық жүйелерді жасауда, кәсіпорыннан өз күшімен программалық кешендер жасау емес, автоматтандыру мәселелерін тиімді шешетін дайын программалық өнімдерді сатып алуда. Алайда осындай программалар кәсіпорыннан барлық ерекшеліктерін (қызмет аясын, ұйымының көлемін, автоматтандыруға қойылатын талаптарды) қанағаттандыра алмайды, сондықтан олар параметрлік икемге келтіру үшін үлкен резервпен жасалады және программаның негізгі сипаттамаларын кеңінен түрлендіруге қосымша мүмкіндіктер береді. Осыған байланысты программалық кешенді нақты жұмыс жағдайына бейімдеу қажеттілігі туады.

Бухгалтерлік программалардың құрылымы икемді және ашық жүйелі болуы керек. Бұл бухгалтерлік есеп саласында болатын өзгерістерге байланысты кез келген уақытта үлгіге (бухгалтерлік формаға) өзгеріс енгізе алады деген сөз. Бұл талаптар автоматтандырылатын объектілердің қатаң параметрленуі және модульдік принцип бойынша іске асырылады.

Адамзат қоғамы сияқты, бухгалтерлік есеп те ежелден дамып келеді. Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған түрі енгізілген. Бухгалтерлік есепте қарапайымнан күрделіге қағидасына енгізілген 1 С бухгалтерия бағдарламасы жұмыс істеп дамуда. Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған нысаны - бүгінгі күннің талабына сай, электрондық есептеу машиналарын кеңінен пайдалануға негізделген. Бұл нысан есептік процессті бастапқы құжаттардан бастап, бухгалтерлік қорытынды есепке дейін кешендік автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жұмыс орнын қолдану мынандай мүмкіндіктерге қол жеткізеді:

  • есеп мәліметтерінің сапасы мен оперативтілігін жоғарылатады;
  • аралық ақпарат тасымаушыларды дайындауды қысқартады;
  • қол еңбегінің, қағаздың, өңдеудің шығындарын азайтуға жағдай туғызады.

Бухгалтерлік есепті автоматтандыру жүйесінде әртүрлі бағдарламалар пайдаланылады. Солардың ішінде ерекше орын алатын әмбебап бухгалтерлік бағдарлама - “1С Бухгалтерия”. Бұл бағдарлама қарапайымнан - күрделіге қағидасына негізделген. Оны қарапайым операциялар үшін де, есеп регистрлерін, бас кітапты, жекелеген қорытынды есеп нысандарын құру үшін де пайдалануға болады.

3. 1С «Кәсіпорын» жүйесі (8. 1 версия) 1С жүйесі қарапайым да күрделі бухгалтелік есеп программасы болып саналады, ол әр түрлі меншік формасында және әр түрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарда қолдануы мүмкін. Жүйенің жұмысы мынандай үш компонентке негізделіп жасалған:

  • «Оперативті»
  • «Бухгалтерлік есеп»
  • « Есептеу» компаненті.

Бухгалтерлік есеп компоненті кәсіпорынның шаруашылық қызметін қамтиды. Бұл шоттар жоспарын операциялармен проводкаларды және бухгалтерлік қорытнды есепті қамтамсыз етеді. Жинақтамалы шоттар бойынша көп өлшемді және көп деңгейлі есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Есептің қалған бөліктерінде, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар және басқалары оның қосымша бөлігі болып табылады, кейде олар пайдаланбауы да мүмкін. Есеп ақшалай да, заттай да жүргізіледі. Көп өлшемді талдамалы есеп қорытындыларын әртүрлі бөліктерде алуға мүмкіндік береді. Құжаттарды жүргізу кезінде бухгалтер проводкаларды қолмен немесе автоматты түрде енгізе алады.

Жүйенің негізгі мүмкіндіктері

− банк және касса есебі

− негізгі құралдар және материалдық емес активтердің есебі

− тауарлар есебі, өнімді өндіру және қызмет көрсету

− валюталық операциялар есебі

− ұйымдар мен алашақтармен, берешектермен, есеп беруші тұлғалармен өзара есеп айырысу есебі

− еңбекақы бойынша есеп айырысу

− бюджетпен есеп айырысу

− есептің басқа бөлігі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Семей – Шпалы» ЖШС-де «1С: Бухгалтерия 8.2» бағдарламасымен жұмыс
1С: бухгалтериядағы банк операциялар есебі
1С Бухгалтерия бағдарламасы туралы ақпарат
Бухгалтерлік есепті компьютеризациялау
1С бухгалтерия бағдарламасының қолданылуымен еңбек көрсеткіштерінің есебі
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Ақпараттық жүйенің құрылымы
Қойма операциялар есебі бойынша бухгалтерлердің жұмыс орнын автоматтандыру жүйесін өңдеу
“1-с бухгалтерия” бағдарламасы
Ұйым қаржысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz