Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны
І Кіріспе
ІІ Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны.
2.1. Қайым зерттеуіндегі Абай текстологиясы.
2.1.1. Қайым Абай өлеңдерінің жанашыр жақыны
2.1.2.Қ.Мұхамедхановтың Абай шығармаларының текстологиясы саласында атқарған жұмыстары
2.1.3. Мұхтар Әуезовтың «Абай жайын зерттеушілерге» деген мақаласындағы өз пікірі
3.1. Қайым және қолжазба.
3.1.1. Әкесі туралы естелік
3.1.2. Ерте жасынан еңбекке араласқандығы жөніндегі қолжазба
3.1.3.Ерте жасынан еңбекке араласқандығы жөніндегі қолжазба
4.1. Қайым зерттеулерінің әдебиеттегі орны.
ІІІ Тұжырым
ІV Қорытынды
V Пайдаланылған әдебиеттер.
VІ Қосымша

Қайым Мұхамедханов – қазақ әдебиетінің абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы және Шәкәрім шығармаларын алғашқы насихаттаушылардың бірі, әрі жарыққа шығарушы, мұхтартанушы ғалым. Сондай-ақ, Қ.Мұхамедхановтың әдебиеттану саласындағы көптеген мақалалары қазақ әдебиетіндегі жаңа белесті айқындап, қазақ әдебиеті даму бағыттарын белгіледі. Ғалымның ғылыми еңбектерімен қатар ақындық, жазушы-драматургтық, аудармашылық таланты да ерекше көзге түседі. Сонымен, ақын, аудармашы, қазақ әдебиеті тарихы мен теориясын терең білетін ғалым, Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармашылықтарының білгір маманы, бір сөзбен айтсақ, нағыз энциклопедист.
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің көбі әдеби өлкетану бағытында болды. Қазақ әдебиетінде өлкелік әдебиет тарихының қолға алынып, зерттеле бастауына М.Әуезов ұйытқы болса, Қ.Мұхамедханов өзінің ғылыми шығармашылық жолында үнемі осы бағытты назарда ұстаған ғалым. Оның тарихи шындықты бұрмаламай, деректерді нақтылы дәлелдермен берген мақалалары 400-ден астам. (Ал, жалпы ғылыми еңбектерін есептесек 500- ден асады екен). Мысалы, «Халық ақыны Сапарғали Әлімбетов шығармашылығы жайында», «Мақы Шыңғысұлы Уәлиханов – алғашқы кәсіби қазақ суретшісі», «Қ.Еркебаев және С.Әлімбетов поэмаларындағы азамат соғысының батыр әйелдері Айқыз және Білісай бейнелері», «Тағы да Айқыз туралы», «І.Бораганский», «Қаракерей Қабанбай», «Бұқар жырау», «Шешен Сабыржан», «Сабыржан Ғаббасов» және тағы басқа мақалаларындағы тарихи тұлғалар ғалымның көркем шығармаларынан өз орнын алып жатты. Ал, «Абайдың бұрын жарияланбаған өлеңдері», «Түзелгені қайсы? Түсініктері қайсы?», «Қазақ әдебиетінің адал досы», «Саади Ширази», «Құдай деген сөзден құдай сақтасын» және т.б. мақалаларындағы әдеби-танымдық, тарихи ой-түйіндер көптеген ғалымдардың болашақ зерттеулерінің ғылыми діңгегіне айналды.
Қазақ әдебиеттану ғылымы, абайтану, өлкелік әдебиеттану, қазақ әдебиетіндегі текстология мәселелерін Қ. Мұхамедханов еңбектерінсіз елестету мүмкін емес. Бұл туралы белгілі әуезовтанушы ғалым Т.Жұртбай өзінің «Қайсар ғалым» (1989, «Жұлдыз») деген мақаласында: «Қ.Мұхамедханов – Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына түсініктеме жазған библиограф, Абай шығармаларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды зерттеген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұсқаларды, ел аузындағы өлең-жырды, әңгіме-аңызды қағазға түсірген фольклорист», – деп бағалайды. Ғалым ағаға берілген бұл бағадан шығармашылық еңбектерінің сан тарау, сан салалы екенін байқауға болады. Әсіресе, Абай шығармаларының тарихы мен текстологиясы туралы сөз еткенде, Қ.Мұхамедханов еңбектерін назарда ұстамау мүмкін емес.

1) «Абайтану және Қайым Мұхамедханов» Алмахан Мұхаметқалиқызы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан – Ресей университеті, «Абай» орталығының директоры, Астана қаласы, «Абай-ақпарат»;
2) Мұхамедханов Қ. Абай шығармаларының текстологиясы жайында.-Алматы, 2010.-164 б.
3) Мұхамедханов Қ. Абай кітабын алғаш шығарған Ілияс Бораганский.-Алматы,2009.-64 б.
4)«Қайымның қағидалары» мақаласы // Қазақ әдебиеті, №3, 16 қаңтар 2006 жыл
5)Абайдың інісі, Алаштың ірісі // Ертіс өңірі.- 2004.- 23 қыркүйек.26 б.
6)Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІІ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Алаш, 2005.
7)Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІІІ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Алаш, 2006.

ҚР Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Ғылыми жоба тақырыбы: Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны
Орындаған: Мұхаметжанова Арайлым
Топ: К-319 С
Тексерген: Жүндібаева А.Қ.
Семей қ, 2015 ж
Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны.
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны.
2.1. Қайым зерттеуіндегі Абай текстологиясы.
2.1.1. Қайым Абай өлеңдерінің жанашыр жақыны
2.1.2. Қ.Мұхамедхановтың Абай шығармаларының текстологиясы саласында атқарған жұмыстары
2.1.3. Мұхтар Әуезовтың Абай жайын зерттеушілерге деген мақаласындағы өз пікірі
3.1. Қайым және қолжазба.
3.1.1. Әкесі туралы естелік
3.1.2. Ерте жасынан еңбекке араласқандығы жөніндегі қолжазба
3.1.3.Ерте жасынан еңбекке араласқандығы жөніндегі қолжазба
4.1. Қайым зерттеулерінің әдебиеттегі орны.
ІІІ Тұжырым
ІV Қорытынды
V Пайдаланылған әдебиеттер.
VІ Қосымша
Кіріспе.
Қайым Мұхамедханов - қазақ әдебиетінің абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы және Шәкәрім шығармаларын алғашқы насихаттаушылардың бірі, әрі жарыққа шығарушы, мұхтартанушы ғалым. Сондай-ақ, Қ.Мұхамедхановтың әдебиеттану саласындағы көптеген мақалалары қазақ әдебиетіндегі жаңа белесті айқындап, қазақ әдебиеті даму бағыттарын белгіледі. Ғалымның ғылыми еңбектерімен қатар ақындық, жазушы-драматургтық, аудармашылық таланты да ерекше көзге түседі. Сонымен, ақын, аудармашы, қазақ әдебиеті тарихы мен теориясын терең білетін ғалым, Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармашылықтарының білгір маманы, бір сөзбен айтсақ, нағыз энциклопедист.
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің көбі әдеби өлкетану бағытында болды. Қазақ әдебиетінде өлкелік әдебиет тарихының қолға алынып, зерттеле бастауына М.Әуезов ұйытқы болса, Қ.Мұхамедханов өзінің ғылыми шығармашылық жолында үнемі осы бағытты назарда ұстаған ғалым. Оның тарихи шындықты бұрмаламай, деректерді нақтылы дәлелдермен берген мақалалары 400-ден астам. (Ал, жалпы ғылыми еңбектерін есептесек 500- ден асады екен). Мысалы, Халық ақыны Сапарғали Әлімбетов шығармашылығы жайында, Мақы Шыңғысұлы Уәлиханов - алғашқы кәсіби қазақ суретшісі, Қ.Еркебаев және С.Әлімбетов поэмаларындағы азамат соғысының батыр әйелдері Айқыз және Білісай бейнелері, Тағы да Айқыз туралы, І.Бораганский, Қаракерей Қабанбай, Бұқар жырау, Шешен Сабыржан, Сабыржан Ғаббасов және тағы басқа мақалаларындағы тарихи тұлғалар ғалымның көркем шығармаларынан өз орнын алып жатты. Ал, Абайдың бұрын жарияланбаған өлеңдері, Түзелгені қайсы? Түсініктері қайсы?, Қазақ әдебиетінің адал досы, Саади Ширази, Құдай деген сөзден құдай сақтасын және т.б. мақалаларындағы әдеби-танымдық, тарихи ой-түйіндер көптеген ғалымдардың болашақ зерттеулерінің ғылыми діңгегіне айналды.
Қазақ әдебиеттану ғылымы, абайтану, өлкелік әдебиеттану, қазақ әдебиетіндегі текстология мәселелерін Қ. Мұхамедханов еңбектерінсіз елестету мүмкін емес. Бұл туралы белгілі әуезовтанушы ғалым Т.Жұртбай өзінің Қайсар ғалым (1989, Жұлдыз) деген мақаласында: Қ.Мұхамедханов - Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына түсініктеме жазған библиограф, Абай шығармаларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды зерттеген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұсқаларды, ел аузындағы өлең-жырды, әңгіме-аңызды қағазға түсірген фольклорист, - деп бағалайды. Ғалым ағаға берілген бұл бағадан шығармашылық еңбектерінің сан тарау, сан салалы екенін байқауға болады. Әсіресе, Абай шығармаларының тарихы мен текстологиясы туралы сөз еткенде, Қ.Мұхамедханов еңбектерін назарда ұстамау мүмкін емес. Мәселен, Абайдың үш поэмасының бірі Әзім әңгімесі туралы Қ. Мұхамедханов өз ойын білдіреді. Ол шығарманың Абай қаламынан шықпағаны туралы айтады. Және оған бірнеше дәлелді пікірлер келтіреді де поэма Ырсайдың Ысқағы деген Абай айналасындағы ақындікі дейді. Бірақ, әлі күнге дейін бұл мәселеге үңіле назар аударып, зерттеген ғалымдар жоқ. Мұның өзі абайтануда алынбай жатқан белестердің мол екені мен Қ.Мұхамедхановтың ғылыми ой-тұжырымдарының терең де мағыналығын білдіреді. Бұл бір мысал ғана (Абай шығармаларының текстологиясы. 1959ж., 77-бетте). Абай өлеңдерінің текстологиялық зерттеулерінде де Қ.Мұхамедханов өзінің телегей білімі мен ғалымдық парасатын танытты. Ғалым Абайдың Сабырсыз, арсыз, еріншек, Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да, Сегіз аяқ, Қансонарда, Сап-сап көңілім, т. б. көптеген өлеңдерінің текстологиясымен қатар кімге арналғаны, қайда шыққанының тарихын да нақтылы, тың тұжырымдар арқылы дәлелдейді. Абай өлеңдер жинағының академиялық басылымдарында Қ.Мұхамедханов дайындаған түсініктемелерде де нақтылық пен ғылыми талдаудың жаңа қағидаларын көреміз. Бұл зерттеулер болашақ әдебиет теориясы мен әдебиет тарихын зерттеушілерге дайын зерттеу нысандары деуге болады. Сондай-ақ, ғалым Шәкәрім Құдайбердіұлының да шығармаларының текстологиялық жағынан дұрыс басылуына, өлеңдерінің хронологиялық дұрыс орналасуына арнап бірнеше мақала жазды. Сол мақалаларының өзі бүгінгі шәкәрімтану ғылымының жаңа белесінің тың парақтары болып ашылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесін анықтап, зерттеулеріндегі Абай текстологиясын таныту, ақынның естелік пен қолжазбаларымен танысу.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіндегі орнын таныту.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Қайым зерттеуіндегі Абай текстологиясы мәселесін қарастыру;
2. Қайымның жазған естеліктері мен қолжазбаларын зерттеу;
3. Қайым зерттеулерінің қазақ әдебиетіндегі орнын анықтау.

Кілт сөздер: текстология, Абай, Қайым, шығарма, өлең.
Қайым Мұхамаедханұлының ғылыми еңбегінің басты бағыты Ұлы Абайдың өлмес өшпес мол мұрасын зерттеумен байланысты. 1951 жылы қорғаған "Абайдың әдеби мектебі" кандидаттық диссертациясы, Абайдың ақындық айналасы, Абай шығармаларының текстологиясы жайында монографиялары әдебиеттану ғылымына қосылған маңызды туындылар. Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына арнап Республикалық Абай қоры шығарған 4 томдық "Абайдың ақын шәкірттері" және "Абай мұрагерлері" жинақтары да абайтанудағы төтенше жаңа құбылысқа айналды.
Қайым аға ұлы Мұхтардың сынынан өткен бірегей шәкірті еді. Ұстаз ұстанған идеялық танымын қарсыластарынан қорғау жолында тізерлеп өлгенше, тік тұрып өлуді артық көрді. Осы ерлігі үшін 25 жылға халық жауы атанып, тамұқтың отына да түсті. Бәрібір әділет жолы жеңді.
Қайым Мұхамедханұлы - ақын. 1938 жылы Жамбылдың әдеби қызметінің 75 жылдығына арналған республикалық ақындар сайысында "Жамбыл" атты толғауы бас жүлдені жеңіп алды, ал 1945 жылы Қазақ ССР мемлекеттік гимнінің авторы болуы ақынның шыққан биігін әйгілейтін межесі, ірі табысы.
Ғалымның ғылыми мақалаларының ішінде Бұхар жырау (1982), Махамбет шығармаларының текстологиясы (1986), Уәйіс Шондыбаев шығармаларының текстологиясы (1988), Ақын Шәкәрім (1988), Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов т.б. атап өтуге болады.
Жазушы Қайым Мұхамедханұлының драмалық шығармалары бір төбе. Драматургтың "Перне" (1944), "Майданнан майданға (1947), "Комиссар Ғаббасов" (1960), "Ер Білісай" (1974) атты туындылары - қоғамдық ортадағы түрлі тартыстарды көрермен назарына қалтқысыз жеткізген сүбелі дүниелер. Олар әркез республикалық, облыстық театр сахналарында қойылып келеді.
Қайым Мұхамедханұлы - түпнұсқа иесінің ойын тереңінен танып, тебірене толғайтын шебер аудармашы: У.Гаджибековтың "Аршин мал алан", Ш.Камалдың "Хажы әпенді үйленеді" пьесаларын , татар поэзиясының классигі Ғ.Тоқайдың өлеңдерін, сондай-ақ Н.Карамзиннің "Сормаңдай Лиза" хикаятын өлеңмен аударып, әдебиетіміздегі аударма жанрының дамуына үлкен үлес қосты.
Саналы өмірінің жартысынан астамын Семей педагогикалық институтында ұстаздық еңбекке арнаған Қайым ағаның бұл салада атқарған ісі де абыройлы, айрықша жемісті. Қайым аға 1938 - 1941 жылдары аталған институттың филология факультетінде оқып, үздік бағамен аяқтайды да, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына оқытушы болып қызмет істеуге хұқ алады. Қырық жылдан астам ақ ордамызда білім мен тәрбиенің дәнін егіп, адамгершілік нұрын төккен ұлы ұстаз қолынан қаншама ұрпақ сусындады.
Қазақ тарихымен, Абайдың ақындық айналасымен ұстазы Мұхтар Әуезов арқылы көмбеде жатқан көп сырды алдымен ашқан Қайым тарихшылар айтпаған ақиқатты алдымен айтты. Ақын жырларының құдірет күшін түсіну, түйсіну үшін сен де ақынның сырын, жұмбақ жанын ұғатын ұлағат иесі болуың керек. Ақындықтың дарын деңгейіне көтеріліп, сезімтал назымен, сөз сиқырының кілтін аша білген Қайым Абай өлеңдерінің жанашыр жақыны болды. Әдеби шығармалардың мәтінін (текстін) автордың қолжазбасы негізінде, сондай-ақ бұрынғы басылымдармен салыстырып, тексеретін сенімді деректер бойынша анықтайтын филология ғылымдарының саласы - текстология. Шығарма текстінің жаңылыс оқылған, қате басылған жерлері табылса, тиісті түзету енгізу қажеттігі.
Абай өлеңдерінің текстологиясы да осы бағытта туған. Өз қолжазбасы сақталмай басқалардың қолжазбасы арқылы жеткен шығарма, кейіннен әртүрлі дерек жазба негізінде жарияланып, текстологиялық тексеру жұмысын жүргізу қиындай түсті.
Сондықтан да Қайым үшін Абай шығармаларын жинау, оларды бастырудағы текст өзгешеліктерін зерттеу мен анықтаудың мәні үлкен болды.
Ақынның 1909 жылы басылып шыққан алғашқы өлеңдер жинағынан бастап:
1921 жыл,1922 жыл,1933 жыл,1948 жыл,1954 жылдардағы жарияланған өлеңдер тым асығыс, тым үстірт жасалғандықтан берілген түсініктерде қайшылық, қателіктер көп кездеседі. Ақын шығармаларының жазылу тарихы, қате басылып жүрген жеке сөздерді түп-нұсқасына келтіру жұмысы Қайым Мұхаметханов үшін аса жауапты жылдарға созылды.
1909 ж жарық көрген Абай жинағынан бастау алған Абай өлеңдерінің мың сексен алты сөзіне түзету енгізілді.
1945 жылы жарық көрген Толық академиялық жинақта:
Абай шығармаларының жыл мезгілдерін белгілеу, текстологиялық кемшіліктер негізінде академиялық жинақ дәрежесіне көтеріле алған жоқ - дейді Қайым Мұхаметханов.
Әдеби мұраны шынайы ғылыми тұрғыдан зерттеп, ғылыми талапқа сай толық жинақ ретінде қолымызға тигені 1959 жылы Қайымның Абай шығармаларының текстологиясы жайында атты еңбегі.
Абайдың күні бүгінге дейін дау туғызып келе жатқан кейбір сөздері нақты дәлелдермен зерттелді.
Абайды зерттеу мәселесін биік ғылыми дәрежеге көтере отырып, ол кезде Қазақстанда полиграфия базасының болмауы, баспасөз мамандарының жоқтығы, Абайдың алғашқы жинақтарының сапалы болып шығуын қамтамасыз ете алмағандығын айтады.
Петербург қаласында басылып жатқан Абай өлеңдерінің корректурасын Семейде отырып Кәкітай және басқа Абай балаларының жүргізуі осы қиыншылықтардың айғағы. Ескі араб әрпімен басылған жинақта таза қазақ сөздерінің дәлме-дәл берілмеуін сол сияқты грамматика ережелерінің сақталмауын еске алғанда Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағының көп кемшіліктермен шыққанын, түпкі нұсқаның дәл сақталмағанын көрсетеді.
Мүрсейіт ақын шығармаларын түгелдей Абайдың тура өз жазбасынан көшірген емес. Ол да ел аузындағы, қолжазба қалпындағы халыққа тараған Абай шығармаларының жинағын көшіріп жазған.
Сондықтан Абай шығармаларын баспаға әзірлеуде тек 1909 жылы шыққан кітаппен Мүрсейіт қолжазбаларын ғана текстологиялық негізге алу жеткіліксіз екенін түсінген Қайым, жоғарыдағы еңбектермен қатар Абай шығармаларын көшірген басқа адамдардың да қолжазбаларын пайдаланды.
Оразке Жандыбаев, Мәди Әсенов, Әкімал Мамырбаев, Сапарғали Әлімбетов, Әрхам Ысқақов, Рақымжан Машырқазов сияқты Абай өлеңдерін жадында сақтап келген адамдардың мағұламаттарымен салыстырды.
Ерекше көркемдік түр мен терең идеялық мазмұны қабысып жатқан Абай өлеңдерінің бөтен сөзбен былғанып тұрған жері болса зер салып үңіле қарап, айнытпай тапты. Аңғармаған адамды адастырып әкететін жазба деректерге аса сақтықпен қараған Қайым қара өлеңге қайыспай қарымды еңбек етті. Ақынның Алланың өзі де рас, сөзі де рас өлеңі 1954 жылғы жинақта:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті - дейді.
Өлеңнің соңғы жолына үңіле қараған Қайым мағына - мазмұн жағынан өлеңдік қисын жағынан да ойсырап, Абай сөзіне бөтен сөз араласып тұрғанын көрді. Осы өлеңнің келесі шумағындағы:
Осы үш сүю болады иманға гүл,
Иманның асылы үш деп сен тахиқ біл - деген жолдарымен салыстырады Абайдың өзіне сүйенген көреген ғалым.
Абайдың 1882 жылғы жазған Қансонарда бүркітші шығады аңға деген өлеңінде:
Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,
Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға.
Көре тұра қалады қашқан түлкі,
Құтылмасын білген соң құр қашқанға - дейді.
Осы жолдағы көре деген сөз өлеңнің мағынасын бұзып тұр. Осы өлеңге берілген түсініктемеде 1909 ж басылым бойынша алынды деп түсініктеме берілген. Шындығында олай емес екенін арабша жетік меңгерген Қайым араб әрібімен Кере тұра қалады - деп басылғанын дәлелдейді. Яғни дұрыс басылған сөзді зерттеушілер өздері бұрмалап жіберген.
Ақын бұл арада аспанға шығып алып, шүйілген қыраннан құр қаша бүргенмен құтыла алмайтынын білген түлкінің жанын қорғау үшін қайрат қылмақ болып кере, яғни керіліп тұра қалған жайын ақын дәл суреттеп отыр. Түлкі аңшыны көргенде тұра қалмайды қашады. Үстінен төніп келген бүркіттен қашып құтыла алмайтын болған соң кере тұра қалады. Қайым осылай дәлелдейді.
Әлі күнге дейін терең зерттеуді қажет ететін, ақынның жинағына 1933 жылдан бастап қана енген қарасөздері Қайым еңбектеріндегі жұлынды сала. Мүрсейіттен басқа да бірнеше адамдардың қолжазбаларында сақталған. Олардың ішінде бізге мәлім Дайырбай Қожанұлы мен Рақым Жандыбайұлының қолжазбалары. Ғақлия кітап деп аталатын қолжазбалардағы сөздерді салыстырғанда осы күнге дейінгі жинақтарда басылып жүрген тәртібі, әрбір сөздерінің соңынан жазылған уақыты дерексіз, дәлелсіз ой-жота берілген - дейді ғалым.
Бұл сөздерде де қолжазба мен жинақтар арасында текстологиялық қайшылықтар әлденеше рет кездеседі. Отыз алтыншы сөзінде Абай ұят туралы айтып келіп, шын ұят екі түрлі болатынын түсіндіреді. Онда; Біреуі - ондай қылық өзіңнен шықпай - ақ, бір бөтен адамды көргенде сен ұялып кетесің. Мұның себебі сол ұят істі қылған адамды есітгендіктен болады - дейді.
Қайымның көзіне түскен мұндағы бөтен сөз есіткендіктен. Абайдың айтып отырған ой-пікірінің мағынасын кетіріп, сиқын алып тұрған сөздің дұрысы есіркегендіктен болады деп түсіндіреді ғалым. Қолжазбада, Абай жинақтарында дұрыс берілген дұрыс сөз 1945, 1954 ж жинақтарда бұрмаланып басылған. Мұхтар Әуезов Абай жайын зерттеушілерге деген мақаласында өз пікірін айрықша қадап айтқан. Ол:
Абай сөзі деген сөз - бірақ сөз болса да Абайша шықса жарасар. Абайдың Абайлығы да сонда шығар. Осы Абай өлеңдерінің санын көбейтейік деп өзеурегенше бар сөзінің кенеуін кетірмейік. Абай сөзін көбейтеміз деп көбік етіп алмайық деген.
3.1. Қайым және қолжазба.
Кілт сөздер: Қолжазба, естелік, зерттеулер, ақын.
Қайым Мұхамедхановтың әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлының шаңырағы зиялылардың бас қосып кездесетін ордасы болды. Ауқатты әке Абай мұрасын қастерлеген. "Айқап", "Абай", "Қазақ", "Шолпан", "Сана", ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz