Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы ақпарат



1. Шағын кәсiпкерлiк деген:
2. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі мақсаты
3. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.
4. Мемлекеттiк қолдау мен дамытудың жүргізілуі
5. Жеке кәсіпкерлік туралы заң
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ол – кез келген ел эко­но­микасының негізі. Дамыған ел­дердің тәжірибелері көрсетіп отыр­ғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту эконо­миканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айт­қанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі мақсаты – олардың әлеуметтік- экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы мемлекеттің жаңаруының стратегиялық бағытын анықтайтын негізгі құжат болып танылды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан–2030» стратегиясының ережелеріне тұжырымдамалық баға бере отырып, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуына перспективті көзқарасын білдірді. Шағын бизнестің дамуы ел экономикасының дамуы. Республикамызда шағын бизнесті дамыту үшін мынадай шараларды жүргізу керек:
- салық салу базасын жетілдіру;
- салықтың түрлерін анықтауға қатысты салық заңдарына өзгерістер енгізу;
- қаржы операцияларын жүргізуге мұрындық болатын салық ставкаларын азайту және соған сәйкес тиісті салықты төлеуді жетілдіру;
- несие беру мерзімдерін ұзарту және аймақтық мәні зор шағын өндірістік кәсіпорындар үшін пайыздық ставкаларды төмендету арқылы отандық өндірістерді ынталандыру және сапасы төмен арзан қолды тауарларды тасып әкелуге тосқауыл қою;
- шағын бизнесті несиелендіру механизмдерін жетілдіру үшін лизингтік несиелерді, венчурлық қаржыландыру, факторинг, сонымен бірге, кепілдік қорларды құру және өзара несиелендіруді қалыптастыру жолдарын ұсынамыз.
1. Ақтөбе облысы статистика департаментінің 2013 жылы жарияланған статистикалық материалдарының тізбесі
2. Назарбаев Н.Ә. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы // Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. – Астана: Елорда, 2005 ж

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке
кәсіпкерлік туралы заң

Орындаған: Толымханов
Н.С.
Тексерген:  Есенбекова
З.Ж.
Тобы: МШ-409

Семей 2015
Жоспар:

1. Шағын кәсiпкерлiк деген:

2. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі мақсаты

3. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.

4. Мемлекеттiк қолдау мен дамытудың жүргізілуі

5. Жеке кәсіпкерлік туралы заң

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ол – кез келген ел
эко­но­микасының негізі. Дамыған ел­дердің тәжірибелері көрсетіп
отыр­ғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту эконо­миканы
нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айт­қанда, салалық және
өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа
жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге
енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап
қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар
үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне
айналады.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі мақсаты – олардың әлеуметтік-
экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру
мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету. ҚР Президентінің Қазақстан-2050
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан
халқына Жолдауы мемлекеттің жаңаруының стратегиялық бағытын анықтайтын
негізгі құжат болып танылды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылдың 14
желтоқсанындағы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан–2030
стратегиясының ережелеріне тұжырымдамалық баға бере отырып, Қазақстанның
2050 жылға дейінгі дамуына перспективті көзқарасын білдірді. Шағын
бизнестің дамуы ел экономикасының дамуы. Республикамызда шағын бизнесті
дамыту үшін мынадай шараларды жүргізу керек:
- салық салу базасын жетілдіру;
- салықтың түрлерін анықтауға қатысты салық заңдарына өзгерістер енгізу;
- қаржы операцияларын жүргізуге мұрындық болатын салық ставкаларын азайту
және соған сәйкес тиісті салықты төлеуді жетілдіру;
- несие беру мерзімдерін ұзарту және аймақтық мәні зор шағын өндірістік
кәсіпорындар үшін пайыздық ставкаларды төмендету арқылы отандық
өндірістерді ынталандыру және сапасы төмен арзан қолды тауарларды тасып
әкелуге тосқауыл қою;
- шағын бизнесті несиелендіру механизмдерін жетілдіру үшін лизингтік
несиелерді, венчурлық қаржыландыру, факторинг, сонымен бірге, кепілдік
қорларды құру және өзара несиелендіруді қалыптастыру жолдарын ұсынамыз.
Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемле­кеттік саясаттың
басым бағытта­рының бірі болып табылады. Ел басшылығы ол істі табысты
жүзеге асырудың мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуын
айқындайтынын жақсы түсінеді. Атап айтқанда, Қазақстан Респуб­ликасы
Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсан айындағы Қазақстан-2050
стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан
халқына Жолдауында атап өтілгендей шағын және орта бизнеске қолдау
көр­сетудің жүйелі іс-қимылдары баян­дала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан
әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген. Шағын және орта бизнестің дамуының
бірден-бір шешу жолы болып оларды қаржылық ресурстармен, яғни, несиемен
қамтамасыз ету болып табылса, оларды несиелейтін екінші деңгейдегі
коммерциялық банктердің жағдайына да тоқталған дұрыс. Бүгінгі күні отандық
банктеріміздің барлық капиталының мөлшері әлемдегі ірі банктердің
капиталынан жүз есе кем екендігін ескеретін болсақ, онда банктерге ең
алғашқы кезекте өздерінің ресурстарын нығайту қажеттілігі туып отыр.
Әрине,қазіргі уақытта қатаң нарықтық экономика аясында өзін-өзі сақтандыру,
өзін-өзі көрсете білу, бәсекелестікке төтеп беру үшін банктер тарапынан
біраз жұмыстар жасалуы қажет. Ал, коммерциялық банктердің шағын бизнесті
несиелеу механизімі мәселелеріне әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын
әдістемелік нұсқауларды ендіру керек. Ал коммерциялық банктер экономиканың
нақты секторын несиелеуі ұлттық экономиканың өсуіне қосқан үлесі болмақ.
Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттіктерінің шаруашылық өмірі үшін
әрі тиімді де пайдалы.
Осылайша, мемлекет бүгінгі күні кәсіпкерлік қызмет субъек­тілерінің нарық
экономикасының толыққанды қатысушысы ретінде өз қызметтерін жүзеге
асыруларына қажетті жағдайды қамтамасыз етіп отыр. Шағын және орта
кәсіп­орын­дармен жұмыс істетуді көздей­тін жалпыұлттық институттар
құ­рылуда. Шағын және орта бизнеске атаулы қолдау көрсетуді жүзеге асыратын
арнаулы Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қоры құ­рылып, табысты жұмыс
жүргізуде. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін бес мемлекеттік бағдарлама
қабылданып, жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар
жасауға және бизнестің билікпен арадағы іс-қимыл­дары­ның жаңа моделін
құруға бағыт­талған “Жеке кәсіпкерлік туралы” Қазақстан Республикасының
Заңы қабылданды. Кәсіпкерлердің бел­сен­ділігін ынталандыруды көз­дейтін
айтарлықтай салықтық жеңілдіктер заңдық деңгейде қарастырылды. Оның
сыртында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және салық салуды жақсарту
жөнінен үлкен жұмыстар атқарып­ жатыр. Мәселен, осылайша сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес, шағын және орта бизнесті жеделдете дамыту шаралары
жөнінде бағдар­ламалар әзірленіп, салық заңына түзетулер енгізілуде.
Мемлекетке елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі
ынталандыру үшін алда бірқатар міндеттерді ше­шуге тура келеді. Жоспарлы
түрде, заң жүзіндегі бастамалар арқылы және қазірде күшінде тұрған
мем­лекеттік бағдарламалар шеңберін­де шағын және орта кәсіпкерліктің ІЖӨ
құрылымын­дағы үлесінің айтарлықтай артуына қол жеткізіп, сол арқылы
мемле­кеттің эконо­микалық және саяси тұрақтылығы­ның берік іргетасы – орта
тапты нығайту қажет. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың 2012 жылғы жолдауында кәсіпкерлікті –ұлттық экономиканың
жетекші күшін жан-жақты қолдау үщін келесідей алғы шарттарын айқындап
берді. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең
аз дегенде, екі есе өсуге тиіс. Біріншіден, біз адамға ол үшін мемлекет
барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде
жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына
жағдай туғызуымыз керек.Іскерлік мәдениетінің деңгейін көтеру мен
кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен. Ол үшін төмендегідей
шаралар қажет:
Шағын және орта бизнестің бірлестіктер мен кооперацияларға ұмтылысын
көтермелеу, оларды қолдау мен көтермелеудің жүйесін жасау.Жергілікті бизнес-
бастамаларды көтермелеу және мейлінше аз, бірақ қатаң реттеу есебінен ішкі
нарықты дамыту.Бизнеске жасанды бөгеттер тудыратын мемлекеттік шенеуніктер
үшін жаңа, әлдеқайда қатаң жауапкершілік жүйесін енгізуді қарастыру.· Жаңа
жағдайларды, соның ішінде біздің Еуразиялық экономикалық кеңістікке
қатысуымызды, алда Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіретінімізді ескере
отырып, отандық кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру және олардың
мүдделерін қорғау мен ілгерілету үшін қажетті барлық шараны қабылдау.
Мемлекеттік саясат шағын және орта бизнестің жұмыстың айқын жағдайларында
шағын бизнес үшін тапсырыс беруші және “локомотив” рөлінде бола алатын
әртараптандырылған, қаржы жағы­нан тұрлаулы ірі кәсіпорын­дар­мен
ынтымақтастық үшін әкім­шілік және нормативтік алғышарт­тар туғызуды
көздеуі тиіс. Қоғамдық мүдделер мен пайда табатын қызметті үйлестіретін
бір­неше ірі өңірлік холдингтер құруға болады. Мемлекеттің қатысуымен
құрылатын мұндай жекеменшік корпорациялар – өңірдің Әлеумет­тік дамуы мен
кәсіпкерлігінің қоры немесе корпорациясы – өңірдің даму мүдделері
тұрғысынан актив­терді басқара алады, жобаларға бастамашы болып, қосымша
инвес­тициялар тарта алады. Олардың қызметінің басты бағыты – өңірде пайда
табатын ұзақ мерзімді негізде шағын және орта кәсіпорындардың тауарлары мен
қызметтеріне деген сұранысты туғызу.Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
бағыттарының бірі – мемлекеттің қаржы-несиелік және инвестициялық климат
жасау және несиелеу жүйесін жетілдіру басты мәселелер болып саналады. Шағын
кәсіпкерлікті қаржы-несиелік және инвестициялық тұрғыдан қолдау мынадай
жолдармен жүзеге асырылады:
- Екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерліктің өндірістік секторына
жергілікті және республикалық бюджеттің, сондай-ақ мемлекет кепілдік
берген, мемлекеттік емес сыртқы қарыздардың есебінен, заңдарда белгіленген
тәртіппен несие беруі;
- Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беруді, сондай-ақ несие алған
кәсіпкерлердің міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету үшін, аймақтарда
қалыптасатын кепілдік қорлар есебінен екінші деңгейдегі банктерді
ынталандыру тетігін әзірлеу;
- Тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте аталған мақсатқа
қаражат көзделген жағдайда жобаларды екінші деңгейдегі банктермен қоса,
бюджеттен қаржыландыру;
- Қоғамдардың өзара несие беру және өзара сақтандыру қызметін ұйымдастыру
тетіктерін әзірлеу.
Қазіргі кезде Республикада жаңа ашылған кәсіпорындарды несиелеудің
құралдары мен обьектілері әлі де дамымай келеді. Бұл лизингтің, кейстық
несие, франчайзинг, факторинг және басқалары. Шағын бизнес әлі күнге шейін
банктердің қызығушылық сферасынан тыс қалуда. Осыған байланысты оларды
лизингтік несиелер, сақтандыру, франчайзинг пен факторингті дамыту және
қолдаудың басқа дәстүрлі түрлерінің маңызы зор.Шағын бизнесті қаржы-
несиелік және инвестициялық қолдауды қамтамасыз ету мамандандырылған
институттарды дамыту мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы несие
беру шарттары мен рәсімдерін белгілей отырып, олардың мақсатты топтарын
қаржы-несиелік қамтамасыз етудің деңгейлі схемасын енгізуді
көздейді.Айналым қаражаты мен өтімді кепілдің жетіспеушілігімен ұштасқан
бизнестің неғұрлым күрделі және жауапты кезеңінде тұрған кәсіпкерлерді
қолдау мақсатында шағын кәсіпкерлікке несие берудің кепілді жүйесін жасау
үшін жағдай жасалады. Осы жүйе несиені өтеу қабілетсіздігі жағдайында
шығындардың орнын толтыру жолымен несиелік мекемелермен тәуекелдерді
бөлісуге және өміршең жобаларды жүзеге асыруға ниет білдірген, бірақ
жеткілікті қамтамасыз етілмеген немесе несие беруші банктің талаптарын
қанағаттандыра алатын несие тарихы жоқ кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.
Бұл мәселе шағын кәсіпкерлерліктің салалық құрылымын жетілдіру, бастапқы
капиталды қаржыландыру арқылы перспективалы қайта өңдеуші өндірістерді
дамыту қажеттігіне байланысты ерекше маңызды.Белгілі бір тәжірибесі бар
және қызметтің жаңа бағыттарын игеру үшін жоғары технологиялы жабдықтар мен
қосымша капиталға мұқтаж кәсіпкерлер үшін қаржылық қолдаудың жаңа
құралдары (лизинг, венчурлық қаржыландыру және басқалары) іске қосылады.
Лизингтік құрылымдарды дамыту мен венчурлық құрылымдарды құру жаңа
өндірістердің пайда болуына және дәстүрлі қаржыландыру көздерін тарта
алатын кезеңге дейін өндірістерді қалпына келтіруге ықпал етеді.Бұдан
басқа, екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне:
- несиелер беру рәсімдерін және онымен байланысты шығыстарды;
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Шағын кәсіпорындарға қаржылай және қолдау көрсету
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әрекет етуші жүйесі
Қазақстан Республикасында кәсіпорындарды колдау
Мемлекет пен бизнес
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы
КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
ОҚО-ның кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің Қазақстан \Республикасына индустриалық-инновациялық 2003-2015 жж даму стратегиясы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту туралы ақпарат
Оңүтістік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті мемлекеттік мекемесі туралы жалпы мәліметтер
Пәндер