Пестициттердің қоршаған ортаға әсер Қолдану шаралары мен зардаптары



1. Ауылшаруашылығын химияландырудың қоршаған ортаға әсері.
2. Пестицидтерді классификациялау.
3. Пестицидтерді классификациялау
4. Пестицидтерді қолдану кезіндегі сақтық шаралары.
5. Пестицидтерді қолданудың зардаптары
6. Агрохимикаттар және қоршаған орта.
7. Әдебиеттер тізімі
XX ғасырдың екінші жартысында ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлер үздіксіз айналымға түскендіктен, сапасы төмендей бастады. Әсіресе химияландыру науқаны күшейіп, оның зардабы адамдар арқылы біліне бастады. Бұл экологиялық жағдайлар дүниежүзінің көптеген мемлекетінде жаппай сипат алды. Статистика мәліметтері бойынша жыл сайын дүниеге келген сәбилердің 11,2%-і физикалық жағынан нашар және ақыл-есі кем туатыны анықталған. Дүниеге келген 100 мың баланың әрбір 11-12 мыңы онкологиялық ауруларға ұшыраған.
Ауыл шаруашылығында химияны қолдау 1960-1990-жылдары өзінің биігіне шықты. Егер де 1960-жылдары адам басына шаққанда 5 кг химиялық өнім келсе, ал 1990-жылдары ол 35 кг-ға жеткен. Бұл химиялық заттарды қолданудың еселеп өскенін көрсетеді. Яғни, ауру қарқыны 1960-жылдары 0,74%-тен 1990-жылы 30%-ке дейін өскен. 1990-1999-жылдары ауыл шаруашылығында химияны қолдану біздің республикамызда бәсеңдей бастады. Оның көптеген факторлары бар. Бұл жағдай біршама экологиялық таза өнім алуға жол берген, екінші жағынан барлық дақылдардың түрінен алынатын өнім азая бастады. Мәселен, Қазақстанда 1990-жылы 67,2122 мың т минералды тыңайтқыштар, оның ішінде 42,3% азот, 55,4% фосфор және 2,3% кальцийдің үлесіне тиген. Органикалық тыңайтқыштар 22445,3 мың т жеткен. Ал, 1999-жылдары бұл көрсеткіштер 4-5 есеге кеміген.
Пестицидтерді қолдану 1990-жылдары еліміздің жерінің 20,9 млн гектарын қамтып, 1999-жылдары оның көлемі 8,0 млн гектарға кеміген. Бұл факторлар ауыл шаруашылығына залықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына түрліше әсер етті.
Пестицидтер – зиянкес тірі организмдерге қарсы қолданылатын химиялық препараттар. Химиялық препаратты құрамы мен құрылымына қарай хлорорганикалық, фосфорорганикалық, сынапорганикалық, мырышорганикалық, мочевина өнімдері, теонисті қосылыстар, мыс препараты, фенол өнімдері, күкірт, оның қосылыстары деп жіктейді.
1. Г.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева «Экология». Алматы-2002,б.
2. А.Биғашев, Р.Білдебаева «Қазақстан топырағы және оның экологиясы», А., 1995.
3. Ж.Ақбасова, Г.Ә.Сайнова «Экология», А., 2003.
4. Ж.Жатқанбаева «Экология негіздері», А., 2004.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындығы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Пестициттердің қоршаған ортаға әсер
Қолдану шаралары мен зардаптары

Тобы:АГ - -413
Орындаған:Нұршайықов Б.
Тексерген:Қаламов Б.Қ.

Семей 2015ж

ЖОСПАР
1. Ауылшаруашылығын химияландырудың қоршаған ортаға әсері.
2. Пестицидтерді классификациялау.
3. Пестицидтерді классификациялау
4. Пестицидтерді қолдану кезіндегі сақтық шаралары.
5. Пестицидтерді қолданудың зардаптары
6. Агрохимикаттар және қоршаған орта.
7. Әдебиеттер тізімі

XX ғасырдың екінші жартысында ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлер үздіксіз айналымға түскендіктен, сапасы төмендей бастады. Әсіресе химияландыру науқаны күшейіп, оның зардабы адамдар арқылы біліне бастады. Бұл экологиялық жағдайлар дүниежүзінің көптеген мемлекетінде жаппай сипат алды. Статистика мәліметтері бойынша жыл сайын дүниеге келген сәбилердің 11,2%-і физикалық жағынан нашар және ақыл-есі кем туатыны анықталған. Дүниеге келген 100 мың баланың әрбір 11-12 мыңы онкологиялық ауруларға ұшыраған.
Ауыл шаруашылығында химияны қолдау 1960-1990-жылдары өзінің биігіне шықты. Егер де 1960-жылдары адам басына шаққанда 5 кг химиялық өнім келсе, ал 1990-жылдары ол 35 кг-ға жеткен. Бұл химиялық заттарды қолданудың еселеп өскенін көрсетеді. Яғни, ауру қарқыны 1960-жылдары 0,74%-тен 1990-жылы 30%-ке дейін өскен. 1990-1999-жылдары ауыл шаруашылығында химияны қолдану біздің республикамызда бәсеңдей бастады. Оның көптеген факторлары бар. Бұл жағдай біршама экологиялық таза өнім алуға жол берген, екінші жағынан барлық дақылдардың түрінен алынатын өнім азая бастады. Мәселен, Қазақстанда 1990-жылы 67,2122 мың т минералды тыңайтқыштар, оның ішінде 42,3% азот, 55,4% фосфор және 2,3% кальцийдің үлесіне тиген. Органикалық тыңайтқыштар 22445,3 мың т жеткен. Ал, 1999-жылдары бұл көрсеткіштер 4-5 есеге кеміген.
Пестицидтерді қолдану 1990-жылдары еліміздің жерінің 20,9 млн гектарын қамтып, 1999-жылдары оның көлемі 8,0 млн гектарға кеміген. Бұл факторлар ауыл шаруашылығына залықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына түрліше әсер етті.
Пестицидтер - зиянкес тірі организмдерге қарсы қолданылатын химиялық препараттар. Химиялық препаратты құрамы мен құрылымына қарай хлорорганикалық, фосфорорганикалық, сынапорганикалық, мырышорганикалық, мочевина өнімдері, теонисті қосылыстар, мыс препараты, фенол өнімдері, күкірт, оның қосылыстары деп жіктейді.
Ал, осы химиялық препараттарды қолдану сипатына қарай: акарицидтер (кенеге қарсы), альгицидтер (су балдырына), антисептиктер (микроорганизмдерге), инсектицидтер (насекомдарға), нематацидтер (құрттарға қарсы), гербецидтер (арам шөптерге қарсы) деп жіктейді.
Жоғарыда аталған пестицидтер мен гербицидтердің әсер ету нысанына қарай жаппай әсер ететін және белгілі бір зиянкесті немесе арамшөпті ғана жоятын түрлері бар. Сол сияқты, кейбір химиялық препараттар насекомдарды, кеміргіштерді немесе қансорғыш жәндіктерді өлтірмей, үркітіп жіберетін түрлері бар. Оларды - репелленттер дейді. Ал, енді бір түрлері керісінше зиянкес организмдерді өзіне еліктіріп жинап алады. Оларды - атрактанттар дейді. Бұл да зиянкестерден қорғану жолдарына жатады.
Пестицидтерді классификациялау
Пестицидтерді химиялық табиғатына және потагенді қасиетіне қарай (адам мен жылы қанды жануарларға қатысты) гигиеналық, химиялық және өндірістік деп бөледі.
Гигиеналық жіктеу кезінде пестицидтің өзінің нысанына уыттылығы және ортадағы айналымдары ескеріледі. Қауіптілік деңгейі удың күшіне, тұрақтылығы мен сіңірімділігіне байланысты болады.
Улылық күші оның әрекет ету дозасына қарай анықталады. Оның организм массасына қатысты - мгкг, мл, немесе мм3 өлшемі алынады. Препараттың қауіпті дозасы тәжірибеде организмдерді өлтіру күшіне байланысты анықталады. Мәселен, препарат қолданған тәжірибелік организмдердің 50 пайызы өлген жағдайы алынады. пестицидтерді улығына қарай күшті, орташа және қалыпты деп бөледі.
Пестицидтер организмдерге сыртқы орта, қоректену, тыныс алу мүшелері арқылы әрекет етеді.
Пестицтерді жіктеген кезде ыдырау жылдамдығына қарай өте тұрақты (ыдырау мерзімі 2 жыл); тұрақты (0,5-1 жыл); орташа (1-6 ай) және тұрақсыз (1 ай) деп жіктейді.
Пестицидтердің организмге ену сипатына қарай ішек-қарындық, контактылық, фумигантты және жүйелі әсер етушілер деп бөлінеді. Біріншісінде олар қорек арқылы еніп, зиянкесті өлтірсе, контактылық кезінде организмнің сыртқы терісі бүлініп өледі. Ал, фумигантты улар тыныс жолдарын, жүйелі түрінде бүкіл организмді тұншықтырып өлтіреді.
Изинтицидтер мен акарицидтер өте көп қолданылады. Оның көбісі фосфор органиканың қосылыстар (48%), содан соң карбанин қышқылы өнімдері (14%) және хлороорганикалық қосылыстар (11%), қалғандары басқа химиялық қосылыстарды түзеді. Соңғы жылдары практикада инсектицидтерге және акарицидтерге - хлорофос, метофос, карбофос, метатеон, фозалон, фосфамит, демия, т.б. қолданылып жүр. Олардың бәрі дәнді-дақылдар, бидай, картоп, жеміс-жидек, көкөністерге қарсы қолданылады.
Аталған химиялық препараттардың бәрі жалпы қоршаған ортаға, тірі организмдерге және адамға өте қауіпті заттар. Олар азық-түлік құрамында жинақталып, айналымға ұзақ түсіп отырады. Ал, кейбір түрлері табиғи ортада өзгерістерге ұшырап, ыдырап жатады. Әсіресе, теофис өте қауіпті. Оны ТМД елдері қолдануға тиым салуға келісілді.
Карболинді өнімдерге - севин, тирам, цинет, т.б. жатады. Бұл препараттар - жеміс-жидек, арам шөп, техникалық дақылдар, астық тұқымдастар, т.б. қолданылады. Яғни, фосфорорганикалық уларға қарағанда, зияны аздау деп есептеледі.
Хлороорганикалық қосылыстарға ДДТ, ГХУГ, полихлорпинен, алурин, эфирфульфат, т.б. жатады. Кейбіреулеріне өндірісте қолдануға тыйым салынған (ДДТ), бұлар әсіресе ДДТ - барлық зиянкестерге қарсы қолданылатын препаратқа айналған. Өйткені, ДДТ өте арзан, әрі өте улы препарат ретінде табылған. Тіпті, медицинада да қолданылған. Мәселен, ДДТ табиғатта өте тұрақты, оны 115-120% қыздырғанда ыдырамайтын қасиеті бар. Оның ыдырауы 8-12 жылға созылып, табиғатта ұзақ айналымда жүріп, тіршілік атаулыға өте қауіпті екені кейінірек белгілі болады. Сондықтан ДДТ-ны 1970-жылдан бастап қолдануға тыйым салынған.
Соңғы жылдары практикада ДДТ препаратының жаңа түрлері шықты, оның химиялық құрамының ыдырауы бойынша тез жүретін қосылыстары қолданылуда. Бұлар табиғи ортада тез ыдырайды және тірі организмдерге зияны шамалы деп танылған. Олар: Полихлорофен, гексахлоран, гамма-изомер, ГХЦГ, теодан, дихлор.
Фулгицидтер - ауыл шаруашылығында өсімдіктердің саңырауқұлақ ауруларына қарсы қолданылады. Оның цинеп, поликарбацин, диатин, М-45, т.б. түрлері бар.
Гербицидтер - арам шөптерге қарсы қолданылады. Өндірісте оның бірнеше қосылыстары мен түрлері бар.
Соның негіздері - мочевина, чокарбамин, хлорланған және бензоинденген қышқылдар. Гербицидтер арам шөптерден басқа организмдерге әсері аздау болғанымен, кейбіреулері қауіпті болып келеді.
Пестицидтерді қолдану кезіндегі сақтық шаралары

Пестицидтер құрамына және сипатына қарай - түйіршік, сузпензия, имульсия, аэрозоль, фумиган деп бөлінеді. Мәселен, дуст порошок тәрізді.
Пестицидтерді практикада қолдану өте күрделі әрі арнайы біліктілікті, экологиялық білімді және тәжірибені талап етеді. Оны қабылдаудың мерзімі, мөлшері алдын-ала жоспарланып, қолдануды агроном-эколог немесе өсімдік қорғау мамандары жүзеге асырады. Өйткені, әрбір химиялық препараттың өзіне тән қасиеттері, әсер ету аясы бар. Оның бәрі мемлекеттің стандарт пен сертитфикациялау мекемелері, экологиялық сараптау орындарының, өсімдік қорғау институтының, мемлекеттің қауіпсіздік комитетінің бақылауында болады.
Препараттарды қолдану үшін оны білумен қатар, қолданылатын өсімдіктердің де биологиясын, экологиясын білу шарт. Сонымен қатар, препаратты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГЕОЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Экологияның адам денсаулығына кері әсері
Ауа - өмір арқауы
Пестицидтердің қолдану регламенті
Пестициттердің қоршаған ортаға әсері
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дайындайтын сиыр сүтіне үйлестірілген гост стандартының ерекшеліктері
Жер мониторингі ақпаратын алу мен пайдалану әдістері
Диплом алдындағы тәжiрибе есебі
Астық түйірі және дәнді дақылдар
Пәндер