Жер жұмыстарына арналған машина механизмдерін таңдау. Олардың жұмыс жасау принциптері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
«Геодезия және құрылыс» кафедрасы
СРС
Тақырыбы: «Жер жұмыстарына арналған машина механизмдерін таңдау. Олардың жұмыс жасау принциптері. »
Орындаған: Аскарова Асель, СТ-309 тобы
Тексерген: Уркинбаева Ж. И.
Семей 2015
Мазмұны
I Кірспе
- Жер жұмыстарын өндіру әдісін таңдау
- Жер жұмыстарын гидромеханикаландыру
II Негізгі бөлім
- Жер жұмыстарын кешенді механикаландыру және автоматтандыру
- Жер жұмыстары технологиялық параметрлері
- Экскаватор түрлері
- Скреперлер
- Бульдозерлер
III Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Жер жұмыстары дегеніміз ғимараттар мен үймереттер жер асты биіктіктерін дайындау кезінде, олардың іргетастарын қалағанда су, жылу электр жүйелерінің құбырлау төсеу және сол сияқты құрылысқа арналған жерді жоспарлар жүйелеу кезінде атқарылатын жұмыстар жиыны.
Жер жұмыстарының технологиясына мынандай процесстер жатады:
- Жер бетін тегістеу
- Жердің өсімдік қабатын алу
- Жерді эксковатормен қазып көлікке тиеу
- Артық топырақты үйіндіге жинау
- Артық топырақты кері орнына төсеу
Жер жұмыстарының түрі 2-ге бөлінеді:
- Тұрақты
- Уақытша
Тұрақты ғимараттар салынып жатқан обьектілердің құрама элементтері болады және олардың дұрыс пайдалануға арналады. Оларға бөгет, канал, автомобиль және темір жолдардың оймалары мен үйінділері және т. б. жатады.
Уақытша жер жұмыстарына уақытша құрылыстарға инженерлік коммуникациялардың жер асты бөліктерін орналастыру үшін қазылады, шұңқырлар мен орлар жатады.
Жер жұмыстарын өндіру әдісін таңда у - ғимараттың атқаратын міндетіне, тұрғызу мерзіміне және жер массасын ойықтардан үйінділерге ең ұтымды ауыстыруды есепке алып топырақтар балансына және де топырақтар сипаттамасы мен құрылыстың мерзімдік жоспарына байланысты жүзеге асырылады. Жер жұмыстарын өңдірудің негізгі тәсілдері: механикалық, гидравликалық және жару. Жер жұмыстары өндірісінің тәсілдерін, жер қазатын машиналарды және топырақ тасымалдау үшін көлік түрлерін таңдау және дәлелдеу жұмыс өндірісінің жобасында жүзеге асырылады.
Жер жұмыстарын гидромеханикаландыру - жер жұмыстарын жүргізу жерді өңдегенде, тегістегенде, топырақ тасығанда және оны төсеген кезде суды пайдалану арқылы атқарылатын амал-әдістер.
Жер жұмыстарын кешенді механикаландыру және автоматтандыру.
Жер жұмыстарын кешенді механикаландыру деп технологиялық міндеті, техникалық деңгейі және өнімділігі бойынша өзара үйлестірілген ұтымды машиналар звеносы көмегімен негізгі және қосалқы процестерді орындауды атайды. Звенолар және жинақтың бөлек машиналары операцияларды жүйелі тәртіппен үздіксіз тасқынмен орындап біріңғай агрегат ретінде істейді.
Жинақты топырақты өңдеуге және тасымалдауға арналған бір немесе бірнеше жетекші машиналар және топырақты алдын ала қопсыту, тегістеу және тығыздау, жер бетін пішіндеу үшін қосалқы машиналар болады. Кейбір жағдайда бір машинамен бірнеше процестер орындалады: топырақты өндейді, ауыстырады, тегістейді және т. б.
Жетекші машина - экскаватор, скрепер, бульдозер және т. б. - жинақтың өнімділігін және белгілі шамада оның құрамын және жұмысты ұйымдастыруын анықтайды. Барлық машиналарды, ең алдымен жетекшіні, әбден толық пайдалану үшін қабылданған машиналардың негізгі параметрлері үйлестіріледі.
Машиналар жинағының құрамы жер ғимараттарының түріне, жұмыстың көлеміне, топырақтың сипаттамасына, деректі мерзімге және жұмыс өндірісінің жағдайына байланысты, соңғыға жататындар: өңдеу учаскелеріндегі жер массасын үйлестіру, топырақты тасымалдау қашықтығы, жер бедері, жыл мезгілі және басқалар.
Жинақ үшін машиналарды таңдағанда олардың қайсысын қайда тиімді пайдалануға сүйенеді. Мысалы, қазаншұңқыр және ұзын орлар өндегенде алдымен ойманың берілген енің және тереңдігін, топырақты түсіру тәсілін және жұмыс көлеміне сәйкес келетін өнімділіг қамтамасыз ететін машинаның негізгі техникалық параметрлерін есепке алады.
Тасқынның берілген өсімталдығы бойынша машиналар жинағының саны мына формуламен анықтауға болады
N Ж = J/Ө П
Мұндағы N Ж - машиналар жинағының саны; J - тасқынның өсімталдылығы; Ө П - машиналар жинағының пайдалану өнімділігі (жетекші машина бойынша) .
Жер жұмыстарын орындаудың бірнеше мүмкін варианттары болған жағдайда машиналар жинағының ең тиімді вариантын таңдау үшін техника - экономикалық көрсеткіштерін салыстырады, атап айтқанда: 1 м 3 жер жұмыстарына келтірілген үлес шығындар; 1 м 3 топырақты өңдеу еңбек сыйымдылығы және жұмыстың ұзақтылығы.
Құрылыстың жалпы алғанда және соның ішінде жер жұмыстарын орындау тиімділігін көтерген фактор процестерді автоматтандыру болады. Автоматтандырылған машиналарды (бульдозерлер, скреперлер, автогрейдерлер, тығыздағыш қондырғылар, тегістегіштер, көп шөмішті экскаваторлар және т. б. ) қолдану тәжірибе көрсеткендей жұмыстың құны арзандайды, еңбек өнімділігі артады және ең маңыздысы жұмыс сапасы елеулі жақсарады. Дегенмен автоматтық жүйелер жер жұмыстарын өңдеуге әзірше олардың жоғары күрделілігіне және жердің бедеріне, топырақтың физика - механикалық сипаттамаларына, гидрогеологиялық жағдайларға және т. б. қатысы бар кіргізетінхабардың көп құбылмалығына байланысты ойдағыдай даму алған жоқ.
Жер жұмыстарының құрамына - территория және алаңдарды тік тегістеу, қазандар мен орларды қазу, оларды қайтадан топырақпен толтыру, кейбір жағдайларда алдын ала қапсыту, суаруды төмендету кіреді.
Жер жұмыстарын атқару процесі топырақты өңдеу, оны тасымалдау, үйіндіге немесе атжалға салу және жер ғимараттарын өңдеуден тұрады.
Жер жұмыстары технологиялық параметрлері бойынша өзара үйлестірілген машиналар жинағымен орындалады. Оолар бір тасқынмен немесе бірнеше машиналар жинақтарымен орындалады және қатар немесе жүйелі істей алады. Әр жинақтарда жетекші машина ретінде экскаватор, скрепер, бульдозерлер қолданылады.
Жинақ құрамына эксковатормен бірге көлік құралдары, қазаншұнқырдың түбін тазалау және үйіндідегі топырақты тегістеу үшін бульдозерлер, үйіндідегі топырақты таптау үшін тығыздағыш машиналар кіреді.
Экскаватор топырақты қазып, жанындағы үйіндіге төгу немесе көлік құралдарына тиеу үшін қолданылатын жер қазатын машина. Бір шөмішті және көп шөмішті болып бөлінеді. Әскерде, негізінен, бір шөмішті Экскаватор окоп, блиндаждық шұнқыр, әскери техниканы жасыратын орындар, жол, аэродром салу үшін және т. б. міндеттерді орындау үшін пайдаланылады.
Көп шөмішті экскаватор - үзіліссіз жұмыс істейтін, тұйықталған шынжырлы экскаватор немесе роторлы доңғалаққа (роторлы экскаватор) орнатылған көп шөміштері бар жер қазатын машина. Оның рельспен жүретін, шынжыр табанды, адымдайтын түрлері бар. К. ш. э. біртектес және біршама жұмсақ жыныстарды қазуға және тиеуге пайдаланылады. К. ш. э-лардың жұмыс элементтерінің барлығы (қазу, кен массасын түсіретін орнына тасымалдау және оны көлік құралына немесе үйіндіге түсіру) бір мезгілде жүзеге асырылады. Ашық кен қазуда, негізінен, шынжырлы және роторлы К. ш. э-лар қолданылады. Роторлы және шынжырлы К. ш. э-лардың тиімділігі мынада: ол өзі тұрған деңгейден төмен де, жоғары да жатқан тау жыныстары массивін қаза алады. Олардың өнімд. сағатына 15 мың м3, массасы 13 мың т-ға жетеді.
Сурет-1. Бір шөмішті экскаватор
Сурет - 2. Көп шөмішті экскаватор
Қазаншұнқыр өңдеуі топырақты көлік құралына артып, тік күрекпен жабдықталған экскаваторлармен жүргізіледі. Экскаватор шөмішінің сыйымдылығы топырақтың сипаттамасына, жұмыс көлеміне және қазаншұңқыр терендігіне байланысты таңдап алынады.
I-III топтағы топырақтарда жұмыс көлемдері 10 мың дейін және IV топтағы 5 мың дейін пайдалануға шөміш сыйымдылығы 0, 5-0, 65 экскаватор, I-III топтағы топырақтарда жұмыс көлемі 10-25 мың дейін, IV топтағы топырақтарда жұмыс көлемі 5-тен 15 мың дейін - шөміш сыйымдылығы 0, 8-10 мың , үлкен көлемді жұмыстарда - 1, 25 мың экскаватор ұсынылады.
Скрепер (ағылш. scraper, scrape - қыру) - жер қыртысын қабаттар бойынша сыдыруға, тасымалдауға және төгуге арналған циклдік жұмыс атқаратын жер қазушы - көліктік машина. Скрепердің жұмысшы органы - сыйымдылығы 25 м 3 -ге дейін болатын шөміш. Скреперлердің тарту күшінің әсерімен (мысалы, элеватормен) жүк тиелетін, тракторларға тіркелетін, қос осьті тракторлар мен ауыр жүк тартушылардың (тягачтардың) негізіндегі жартылай тіркемелі және бір осьті ауыр жүк тартушылардың негізіндегі өздігінен жүретін түрлері болады.
Скреперлер - жер қазу, ор қазғыш машинаның бір түрі. Скреперлерді канал құрылысын салу, ор қазу және оның беткейлерін пішіндеу, сонымен қатар су қоймаларының топырақ қазу, тасымалдау, жер тегістеу жұмыстарын жүргізу барысында жиі қолданады.
Сурет-3. Скрепер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz