Жұмыс орындарында шаңдылық көздері. Шаңның адамға және қоршаған ортаға әсері



1. Шаң туралы жалпы түсінік
2. Шаңның жіктелуі
3. Шаңның физикалық . химиялық қасиеттері
4. Шаңның организмге әсері
5. Өндірістік шаңның зиянды әсері
6. Шаңның адам ағзасына әсері
Әр түрлі минеральдық, өсімдіктік, жасанды және синтетикалық шикізаттарды шығару, өңдеу көлемінің үздіксіз өсуі, материалдардың жаңа түрлерін жасау т.б. қатты материалдарды ұсақтау процесстерінің қарқындылығын көтерудіталап етіп отыр, ол өз кезегімен, аэрозольдер отынның алуандаған көлемін жағуының (көмірді, мұнайды, газды т.б.), және де өнеркәсіптік кәсіпорындарының ауаға шығарыстарының нәтижесінде осы елді мекендердің атмосфералық ауасына түсуде.
Өндірістік шаң неғұрлым кең тараған кәсіптік зияны болып келіп, өнеркәсіптердің әртүрлі салаларында еңбек етуші көптеген жұмысшылар оның әсеріне душар болып отыр. Өндірістік шаң, өндірістік ортаның жағымсыз факторы ретінде өнеркәсіптің барлық салаларында және ауыл шаруашылығында кездесуіне байланысты, осы проблема өте өзекті болып отыр.
Шаңның этиологиялық үлесі кәсіптік сырқаттар, кәсіптік патологиялар ішінде бірінше орынды алып отыр. Қазіргі таңда шаңдық этиологиядағы сырқаттарды (пневмокониоздарды) тудырушы өндірістік аэрозольдердің шамамен 60-тай түрлері бар. Сонымен қатар, ауаның мөлдірлігін төмендетіп, күн радиациясының жер бетіне және жұмыс бөлмелеріне түсуін азайтады, жұмыс орындарының жарықтануын нашарлатады, өсімдіктердің өсуін тежейді, өнеркәсіптік орталықтарында тұмандарды жиілетіп,тұрғындардың тіршілігінің санитарлық жағдайларын бұзады.
1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл
2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Алматы, Мектеп, 2002.
3. Хакімжанов Т.Е. “Еңбек қорғау”(ЖОО үшін оқу құралы) Алматы 2008ж.
4. Қазақ энциклопедиясы.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Педагогика факультеті

СӨЖ№4

Такырыбы: Жұмыс орындарында шаңдылық көздері. Шаңның адамға және қоршаған ортаға әсері

Тексерген: Жуманова Г.Т
Орындаған: Нұрланқызы Гүлден
Тобы: П-409

Семей 2015

Жоспар:
1. Шаң туралы жалпы түсінік
2. Шаңның жіктелуі
3. Шаңның физикалық - химиялық қасиеттері
4. Шаңның организмге әсері
5. Өндірістік шаңның зиянды әсері
6. Шаңның адам ағзасына әсері

Әр түрлі минеральдық, өсімдіктік, жасанды және синтетикалық шикізаттарды шығару, өңдеу көлемінің үздіксіз өсуі, материалдардың жаңа түрлерін жасау т.б. қатты материалдарды ұсақтау процесстерінің қарқындылығын көтерудіталап етіп отыр, ол өз кезегімен, аэрозольдер отынның алуандаған көлемін жағуының (көмірді, мұнайды, газды т.б.), және де өнеркәсіптік кәсіпорындарының ауаға шығарыстарының нәтижесінде осы елді мекендердің атмосфералық ауасына түсуде.
Өндірістік шаң неғұрлым кең тараған кәсіптік зияны болып келіп, өнеркәсіптердің әртүрлі салаларында еңбек етуші көптеген жұмысшылар оның әсеріне душар болып отыр. Өндірістік шаң, өндірістік ортаның жағымсыз факторы ретінде өнеркәсіптің барлық салаларында және ауыл шаруашылығында кездесуіне байланысты, осы проблема өте өзекті болып отыр.
Шаңның этиологиялық үлесі кәсіптік сырқаттар, кәсіптік патологиялар ішінде бірінше орынды алып отыр. Қазіргі таңда шаңдық этиологиядағы сырқаттарды (пневмокониоздарды) тудырушы өндірістік аэрозольдердің шамамен 60-тай түрлері бар. Сонымен қатар, ауаның мөлдірлігін төмендетіп, күн радиациясының жер бетіне және жұмыс бөлмелеріне түсуін азайтады, жұмыс орындарының жарықтануын нашарлатады, өсімдіктердің өсуін тежейді, өнеркәсіптік орталықтарында тұмандарды жиілетіп,тұрғындардың тіршілігінің санитарлық жағдайларын бұзады.
Шаң, сонымен қатар, өндірістік жабдықтарының бүлінуіне, бөлмелердің, ғимараттардың ластануына келтіріп, өзінің шығарыстарымен бірге алуандаған кұнды материалдарды әкетеді, елді мекендердің топырағын ластайды. Шахтылық, шаң жоғары концентрацияда қопарылыстардың себебі болуы мүмкін.
Қазақстан жағдайында өндірістік аэрозольдер көмір шахталарында, қазбаларды ашық шығару өндірістерінде, қара және түсті металлургия кәсіпорындарында, энергетикалық кешендерінде т.б. ең көп тараған кәсіптік зиян болып отыр.
Өндірістік жағдайларындағы шаңдарды зерттеу (көздерін және шаңның түзілу себептерін, олардың гигиеналық сипаттамасын), физиологиялық ауытқулар мен кәсіптік аурулардың этиологиясындағы шаңның ролін анықтау және жұмысшыларды одан қорғау бойынша шараларды тұжырымдау сұрақтары еңбек гигиенасы бөлімшесінің санитарлық дәрігерінің ағымды санитарлық қадағалау саласындағы жұмысының маңызды бөлігін алады.
Шаңның жіктелуі

Аэрозольдер - ол дисперстік ортадан (негізінде ауадан) және ауада қалқымалы күйде болатын көптеген ұсақ, қатты және сұйық бөлшектерден тұратын дисперстік фазадан құралған аэродисперсті жүйелер, Өндірістік шаң осындай каллойдық жүйелердің бірі болып келеді.
Өндірістерде қатты заттардың дисперленуі көптеген технологиялық процесстерде болуы мүмкін.
Қопаруда, соғуда, тегістеуде, кесуде, ұнтақтауда, жонуда т.б. көптеген операцияларда. Осының нәтижесінде шаңның түзілуі өндірістерде ең көң тараған процесс болып отыр.
Өнеркәсіптік шаңдарды жіктеу оның жаратылу тегіне, шаң бөлшектерінің өлшемдеріне және адам ағзасына әсер ету сипаты бойынша жүргізіледі (1кесте)
Түзілу механизмі бойынша аэрозольдер дезинтеграция аэрозольдеріне және конденсация аэрозольдеріне бөлінеді.
Дезинтеграция аэрозольдері - олар қатты заттарды ұнтақтауда пайда болады (басқаша-ұнтақтау аэрозольдері деп атайды). Дисперстік фаза бөлшекерінің формалары әрқашанда дұрыс (біркелкі) болмайды, олардың өлшемдері әрқилы-ультрамикроскоптіктен бастап өлшемдері айтарлықтай бөлшектерге дейін.
Конденсация аэрозольдері - олар балқытылған заттардың буларының конденсациясында пайда болған аэрозольдер. Олардың бөлшектерінің формалары көбінесе домалақ немесе дұрыс кристаллдық түрде болады. Металл буларын ауада салқындатуда металлдардың және олардың тотықтарының конденсация аэрозольдері пайда болды. Металлдардың хлорлық тұздарының ауада ыдырауында және гидролизінде күрделі бу-газ-аэрозольді қоспалары пайда болады, мұнда дисперстік фазасы элементтердің тотықтарының қатты бөлшектерінен және тұз қышқылы тұмандарының бөлшектерінен тұрады, ал дисперстік орта-ауадан, будан, хлордан және ауадағы оттегімен және су буларымен реакциясында түзілген басқа қоспалардан тұрады.
Жаратылыс тегі бойынша шаңдар - органикалық, бейорганикалық және аралас деп ажыратылады.
Органикалық шаңдар - табиғи жануарлық текті (сүйек, жүн, тері) немесе өсімдік текті (ағаш, мақта, зығыр, ұн, қант т.б.) және жасанды-пластмасса, резина, смолалар, бояулар және басқа синтетикалық өнімдерінің шаңдары.
Бейорганикалық шаңар - минералдың (кварцтік, силикаттық, асбестік, цементтік, фарфорлық т.б.) және металлдық) мырыш қорғасын, сынап, темір, марганец, хром т.б.) шаңдары.
Түзілу әдісі бойынша
Жаратылу тегі бойынша
Дисперстігі бойынша
Әсер ету сипаты бойынша
1. Дезинтеграция аэрозолдері
1. Органикалық 1.1. Өсімдіктік 1.2. Жануарлық 1.3. Жасанды
1. Ірі дисперстік-көзге көрінетін, 10 мкм жоғары. 2. Орташа дисперстік-микроскопиялық, 0,25 тен 10 мкм дейін. 3. Ұсақ дисперстік ультрамикроскопиялық, 0,25 мкм төмен.
1. Тыныс алу органдарының арнаулы сырқттару (пневмокониощдар, шаң бронхиттері)
2. конденсация аэрозольдері (буланудағы жәнесоңынан конденсацияланудағы)
2. Бейорганикалық 2.1. Минералдық 2.2. Металлдық 3. Аралас 3.1. Минералды-металлдық 3.2. Органикалық және бейорганикалық

2. Арнаулы емес сырқаттар. 2.1. Терінің 2.2. Көздің 2.3. Өкпенің (пневмониялар, туберкулез, рак т.б.)

Араласты шаң түрлеріне металлургия кәсіпорындарында, химиялық және басқа өндірістерінде түзілуші шаңдарды жатқызады. Олар өздерінің құрамы бойынша араласты болып келеді. Мысалы: топырақ шаңы минералдық және органикалық компоненттерден тұрады, өсімдік текті шаңның құрамында минералдық қоспалардың бөлшектері болады, металладр мен қоспаларды өндіру және өңдеу өндірістердегі шаңның құрамында минералдық және металлдық қоспалары болады.
Дисперстігі бойынша шаңдарды былай ажыратады:
1. Ұсақ дисперсті және ультрамикроскопиялық (өлшемдері 0,25 мкм дейін);
2. Орташа дисперсті немесе микроскопиялық (өлшемдері 0,25 тен 10 мкм дейін);
3. Ірі дисперсті (өлшемдері 10 мкм жоғары).
Шаң, көптеген бөлшектерден тұратын жүйе ретінде, ең бірінші кезекте, дисперстік дәрежесімен сипатталады, яғни дисперстік фазадағы бөлшектердің өлшемдері мен аэрозольдің көлеміндегі олардың меншікті салмағымен.
Шаңдардың дисперстік дәрежесі оларың құрамындағы бөлшектердің ауада өзін қалай ұстауын анықтайды.
Мысалы, түтіннің құрамындағы бөлшектердің өлшемдері 0,01 ден 0,1 мкм дейін, яғни молекуланың өлшеміне жақын, сондыұтан олардыңбөлшектері броундық қозғалыста болады. Осының нәтижесінде, бөлшектердің соқтығысу ықтималы жоғары болып,олар коагуляцияланып өлшемдері маңызды ұлғайып, Ньютонның (егер бөлшектер үлкен болса-өкпіндеу арқылы) немес Стокстің (егер бөлшектер үлкен болмаса - біралыпты жылдамдықпен) заңыына сәйкес шөгеді. Түтіндерден басқа аэрозольдердің конденсацияларының флокуляциялану және олардың кангломеранттарының шегу қабілеті бар.
Шаңның тыныс алу органдарында ұсталып қалуы мен оның ішінде таралуы шаңның дисперстігіне байланысты. Бөлшектердің өлшемі ұлғайған сайын, олардың тыныс алу органдарында ұсталып қалуы мен оның ішінде таралуы шаңның дисперстігіне байланысты. Бөлшектердің өлшемі ұлғайған сайын, олардың тыныс алу органдарында ұсталып қалуының жалпы пайызы өсе түседі. Мұнда, алвеолаларда 5 мкм өлшемнен төмен, әсіресе 1-2 мкм бөлшектер ұсталынып қалады. Керісінше, жоғағы тыныс жолдарында ұсталып қалған бөлшектердің пайызы, олардың өлшемдері ұлғайған сайын өсе түседі.
Өкпелердегі шаңды лимфа жүйелері арқылы шығаруда шаң бөлшектері өлшемінің маңызы өте зор. Мысалы: ультрамикроскопиялық шаңдар (өлшемі 0,1 мкм төмен) альвеолардан шаңдық клеткалары арқылы лимфа жүйелерімен жеңіл әкетіліп, лимфа түйіндерінде ұсталмай, өкпелерден шығарылады. Ал 1-2 мкм өлшеміндегі бөлшектер, керісінше, лимфа аппараттарында ұсталып қалуына бейімді келіп, олардың пневмокониялық әсерін неғұрлым жоғарылатады. Кварц шаңдарымен жүргізілген арнаулы сынақтардың нәтижелері 1-2 мкм өлшемдегі бөлшектердің фиброгендік әсері өте жоғары екендігін көрсетіп отыр.
Қазіргі таңда гигиеналық тұрғыдан ең тиімдісі ретінде Н.А. Фукстің ұсынған жіктемесі қабылданған, ол азды-көпті шамада аэрозольдердің маңызды физикалық-химиялық ерекшеліктерін ескерген.
Н.А. Фукстің терминологиясы бойынша нағыз шаңға (тозаңға) дисперстігіне байланыссыз, қатты бөлшектердің дезинтеграция аэрозольдері жатады, ал түтіндерге қатты дисперсті фазадағы конденсация аэрозольдер жатады, ал тұмандарға - олардың пайда болу тегіне және дисперстігіне байланыссыз, сұйық дисперстік фазадағы барлық аэрозольдер жатуы керек (табиғи немесе жасанды су тұмандары).

Өндірістік аэрозольдердің физикалық-химиялық қасиеттері

Өндірістік шаң, көптеген бөлшектерден тұратын жүйе ретінде, шаң бөлшектерінің ауада өзінің қалай көрсетуін, және де олардың адам организміндегі тағдарын, олардың организмге әсерін анықтаушы қасиеттер жиынтығымен сипатталады.
Шаңның химиялық құрамы оның организмге тигізетін әерінің жан-жақтығын көрсетеді.
Пневмокониоздардың пайда болуына қатысты, химиялық құрамы бойынша қауіпті келетін шаңдарына қос тотықты кремний шаңдары (әсіресе оның кристаллдық модификациясы) силикаттардың (әсәресе кремний қышқылының), көмірдің, басқа металлдардың (аллюминий т.б.), практика жүзінде, ерітілмейді де тыныс алуында тыныс органдарының терең бөлімдерінде тұрып қалып патологияларды тударыды, мұнда маңызды орынды өкпелерде дәнекер тінінің өсуі, яғни фиброздық өзгерістердің дамуы алады. Осы тұрғыннан неғұрлым агрессивтісі болып кристалданған бос кремний диоскидінің (кварцтың) және басқа модификациядағы шаңы саналады.
Фиброгендік шаңдардың агрессивтігі олардың еру қасиетіне тікеле байланыста болмайды.
Мысалы аморфты кремнийдың ерігіштігі кварцқа қарағанда биік келеді, бірақ соңғысының фиброгендік белсендігі едәуір жоғары.
Байланған кремнийдиоскиді, көптеген силикаттардың құрамдық бөлігі болып, бірақ олар силикоздарға қарағана едәуіржеңіл етеді. Міне сондықтан шаңдағы кремнеземдердің қандай түрлерінің болуын білу шаңның кониоздық қауіптігін дұрыс бағалау үшін өте маңызды. Шаңда бос қос тотықты кремний көп болған сайын силикозбен сырқаттану ауырлығы едәуір өседі, сондықтан шаңның құрамындағы бос кремнеземнің санын анықтау міндетті болып келеді. Шаңның дисперсті фазасындағы дәл сол бос қос тотықты кремнийдің мөлшерін ескеріп, жұмыс бөлмесіндегі ауадағы шаңның құрсатталатын мөлшерінің гигиеналық нормативі белгіленеді.
Байланған қостотықты кремний силикатоздарды тудыратын болғандықтан, ол да араулы әдістермен сандық анықталуы керек. Кристалды крғмнеземнің модификациялары рентгеноструктуралық талдау көмегімен анықталады.
Өсімдік және жануар текті көптеген шаңдар (шөптердің, мақтаның, зығырдың, бидайдың, ұнның, сабанның, ағаштардың, әртүрлі тұқымдарының, әсіресе қарағайдың, жібектің, жүннің, терінің, қауырсындардың, канифольдың шаңдары) олардың құрамында шаңның табиғатына тәне химиялық заттардың және саңырауқұлақтар мен макроорганизмдердің болуына байланысты маңызды аллергендік әсерін тигізеді.
Ерігіш шаңдар тыныс алу жолдарында ұсталып, сіңеді де, қанған түсіп, соңынан олар химиялық құрамына байланысты организмге әсерін тигізеді. Мысалы, қант шаңдары, қорғасынның, мыстың, кадмийдың және басқа металдардың шаңдары улық әсер береді; кейбір бейорганикалық және органикалық қоспалардың шаңдары (хром, берилий, урсол) аллергиялардың және арнайы патологиялық ауытқуларды дамуына келтіреді.
Аэрозольдің дисперстік фазасының массасы (салмағы). Қалқымалы бөлшектердің массасы-ауаның көлемдік бірлігіндегі олардың салмағы-шаңның зиянды әсерінің қауіптігін сипаттаушы негізгі көрсеткіші болып саналады. Қазіргі уақытты мына жағдай толығымен дәлелденген: ауаның көлемдік бірлігіндегі шаң бөлшектерінің мөлшерін (санын) ғана ескеріп, шаңмен байланысты кәсіптік аурулардың туу қауіптік дәрежесін анықтауға болмайды. Гигиеналық бағалаудың бірінші және негізгі шарты болып ауаның көлемдік бірлігіндегі (1м[3]) оның салмағын анықтау саналады, өйткені дәл сол шаңның массасы тыныс алу органдарында патологиялық процесстердің дамуына келтіреді. Ауадағы шаң бөлшектерінің мөлшері (саны) қанша болғанымен, бірақ егер олардың суммарлық салмағы (массасы) аз болса, патологиялық процесс өріс алмайды. Ауадағы шаңның салмағы рұқсатталатын гигиеналық нормативтерден төмен болса оның ешқандай зияндығы жоқ. Керісінше, жоғары салмақты концентрациядағы тіпті инертті шаңның өзі зиянды болып келеді. Сол себептен өндірістегі шаңды гигиеналық бағалау негізіне, профессор Е.В. Хухринамен ғылыми тұжырымдалған, ауаның шаңдануын анықтауда салмақты әдіс алынған.
Шаңның электрлік қасиеттері. Шаң бөлшектерінің электрлік зарядталуы диспергирленуші заттардың электрондық құрылымына байланысты. Зарядтардың бөлшектердің беттерінде түзілуі олардың температураларының өзгеруіндегі (пироэлектричество), және де оларды механикалық қысудағы (пъезоэлектричество) кристаллдардың электрленуімен байланыст.
Шамамен барлық шаң бөлшектері оң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыс орындарында шаңдылық көздері. Шаңның адамға және қоршаған ортаға әсері жайлы мәлімет
Жұмыс орындарында шандылық көздеріШанның адамға және қоршаған ортаға әсері туралы ақпарат
Шанның адамға және қоршаған ортаға әсері
Қауіпті заттардың организмге әсерінің деңгейін жіктеу
Қауіпті кластарыдың нормалары
Өндірістік санитарияның маңызы мен міндеттері
Өндірістік мекен-жайларға және жұмыс орындарға санитариялық-гигиеналық талаптар Өндірістік гигиена және санитария
Жайрем кен - байыту комбинатының жұмыскерлер денсаулығына өндіріс факторларының әсері
Арнайы бетондар
Өндіріс қалдықтарының тірі ағзаларға әсері
Пәндер