Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері. Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі сараптама


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері. Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі сараптама
Орындаған: Қажыбекова Н
Тексерген: Кәріпбаева Ш
2015 жыл
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері . Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуде таным теориясы деп атайды. Философия негізгі мәселесін дұрыс немесе бұрыс шешуге байланысты екі түрлі таным теориясы (материалистік және идеалистік) қалыптасты. Сонымен бірге адамның дүниені танып - білу мүмкіндігін жоққа шығаратын бағытты - агностицизм деп атайды. Бұл теорияға орай əлем шынайы, адам санасынан тыс жасайды, бірақ оны танып білуге болады. Таным - бұл қоршаған болмыстың, оның элементтерінің белсенді ақыл-ой жəне көңіл-күй іс-əрекеттері мен олардың нəтижесі, яғни білім; жалпыланған теория, заңдар мен ғылыми ұғымдардың санада бейнеленуі. Шындық пен нақты болмысты танудың диалектикалық жолы - тікелей байқап, сезуден бейнақты ойлауға, одан практикаға өту. Тікелей байқау процесінде, яғни түйсік, қабылдау, шынайы болмысты белсенді зерттеу арқасында қандай да құбылыс не заттар жөнінде түсініктер пайда болады. Осы түсініктер негізінде қорытындылар жасалады. Бейнақты (абстракт) ойлау əрекеті танымға түскен құбылыстардың жалпы белгілерін анықтауға, түсінік, пікір, ұғымдарды игеруге, зат не құбылыстар арасындағы мəнді, қажетті де тұрақты байланыстарды ашып, заңдар мен заңдылықтарды өрнектеуге мүмкіндік береді. Таным теориясы оқу танымына тікелей қатысты. Білім игеру əрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті - табиғат, қоғам жəне адамның психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына өткізу. Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады. Алайда таным мен оқу ортасында болатын маңызды ерекшеліктерді ескермеу мүмкін емес: • таным -бұл қоғамдық-тарихи категория. Көптеген ғасырлар бойы ғалымдар табиғат, қоғам жəне адам ақыл-ойының біршама заңдылықтарын ашты. Яғни ғалымдар жаңалықты тұңғыш күйінде таниды, сондықтан да ондай таным толық болмайды. Ал оқу процесінде оқушылар бұрыннан белгіліні жаңалық деп қабылдайды, ғылым жинақтаған түсінік, ұғым, деректерді игереді. Олар өздері үшін бұрыннан белгілі шындықты қайтадан ашқан сияқты болып, шəкірттердің жас мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне орайластырылған, дидактикалық бейімге келтірілген əрі қарапайымдастырылған материалдарды меңгерумен айналысады. Сонымен бірге, оқу барысындағы таным міндетті түрде, мейлі тікелей не жанама, мұғалім болуын керек қылады, ал ғалым тұлғааралық қатынастарды көбіне қажет етпейді. • жаңалықтар ашуға арналған таным процесі ұзақты кезеңдік ғылыми ізденістерді қажет етеді. Ал оқу процесінде белгіліні қайтадан ашып, игеру жолы қысқа əрі мұғалім шеберлігімен жеңілдетіледі; • таным процесі материалдық не рухани нысандарды қабылдауды талап етеді де, ал олардың шынайылығын практика дəлелдеуі тиіс. Оқу барысында мұғалім білім игеру процесі бөліктерін ауыстыруы жəне оны практикалық ептілік, дағдылармен кезектестіріп немесе біріктіріп жүргізуі мүмкін. Сонымен, таным мен оқу процесі арасында қаншалықты ортақтастық болса, соншалықты айырмашылық та бар. Оқу процесі оқушының психикалық іс- əрекеттерінде жүріп жататын заңдылықтар негізінде өзіне ғана тəн ішкі қисындылық (логика) бойынша орындалады. Гносеология гректің гносис - таным, логос - ілім деген сөздерінен шыққан. Шетелдік әдебиетте бұл терминмен қатар эпистемология грекше епистема - білім деген сөз термині қолданылады. Бұл терминмен әдетте олар ғылыми таным теориясы дегенді білдіреді. Таным - адам санасын дамытудың негізі болып табылады. Танымның субъектісі деп тарихи нақтылы қоғамды, сонымен бірге топтар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдарды айтуға болады. Субъект өз табиғатын қызметінде таным объектісі ретінде қарай алады. Танымның объектісі ретінде табиғатты, қоғамды және қоғамдық қатынастарды атау қажет. Олар таным объектісіне субъектінің өндірістің, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы айналады. Осыдан келіп, объект - субъект, субъект - объект қатынастарының таным процесіне алатын орны, жалпы практикалық табиғатын, даму процесін қарастыруда ролі ерекше екенін көреміз. Таным процесінің диалектикасы белгілі бір тарихи дәуірде өндірістің, ғылымның даму дәрежесінен білімдеріміздің шағындығы мен мәңгі дами беретін обьективтік шындықтың шексіз күрделілігінің, ұшан-теңіз көптігінің арасындағы қайшылықтан көрінеді. Бұл қайшылық біздің білімдерімізді кеңейтетін, тереңдететін және анықтап отыратын ғылымның үсті - үстіне жаңа табыстарға жетуі формасында үнемі шешіліп, жеңіп алынып отырады, бірақ ешқашан да толық жоғалып кетпейді. Мұны танымның субьектісі мен обьектісі арасындағы шешуші қайшылық дейді. Ол үнемі практика негізінде шешіліп, онан басқа формада қайта пайда болып отырады. Сондай - ақ таным процессінін диалектикасы адамның танып білуінің субьективтік формасы мен обьективтік мазмұны арасындағы бірлік пен қайшылықтан да айқын көрінеді. Біздің түйсіктеріміз, қабылдауларымыз, түсініктеріміз және ұғымдарымыз бен теорияларымыз - бұлар обьективтік дүниенің субьективтік образдары, практикалық қызметтің формалары. Таным процесінің диалектикасы мынадан да көрінеді: ғылымның дамуы үшін логикалық жағынан дәлелдеу және практикада тексеру жолымен ақиқатты анықтауға мүмкіндік беретін пікірлердің күресі. Айналадағы дүниені тану - күрделі, қайшылықты процесс, оған шындықты белсенді, творчествалық бейнелеудің белгілі бір жүйелілігі мен өзара байланысы болып табылатын әртүрлі формалар кіреді. Сезімдік таным дегеніміз - сезім мүшелері: көру, есту, сезіну және басқалар арқылы жүзеге асырылатын танып - білу. Сезім мүшелері дегеніміз - ол біздің айналамыздағы дүние жайындағы мәліметтер санамызға келіп кіретін бірден - бір қақпалар болып табылады. Сондықтан таным процесінің қандайы да болсын материалдық заттардың сезім мүшелеріне ықпал етуі нәтижесінде туатын әсерлерден басталады. Сезімдік таным негізгі үш формада: түйсіктер, қабылдаулар және елестету арқылы жүзеге асырылады. Сезімдік таным тек заттар мен құбылыстарды тікелей қабылдаумен ғана танып қоймайды. Сыртқы заттардың сезім мүшелеріне алуан түрлі әрекет етуі нәтижесінде адамның миында белгілі - бір іздер сақталып қалады. Онан әрі бұлар еріксіз немесе әдейі жандануы және адамның бұрын қабылдаған заттарының нақты образдарының тууына физиологиялық негіз болуы мүмкін. Бұл образдар елестету деп аталады. Танымның тұтас күрделі процесінде бейнелеудің сезімдік және логикалық формалары «таза» түріде, жеке, бір - бірінен оқшау түріде көрінбейді. Олар бірігіп, бір - бірімен қабысып, өзара бір-біріне еніп тұрады. Таным ісінің қандайына да болсын белгілі - бір дәрежеде сезімдік, эмпириялық элементтер де, сол сияқты рационалды, теориялық элементтер де кіреді. Таным процесі сезімдік және рационалдық жақтардың диалектикалық бірлігі. Танымның эмпириялық және теориялық деңгейлерінің бір - бірінен мынандай айырмашылықтары бар: оларда зерттеліп отырған объект әртүрлі жағынан қарастырылады, білім әртүрлі әдістер арқылы табылады, оны белгілейтін әртүрлі логиклық формалар. Эмпириялық деңгейде қарапайым пайымдауға қолайлы объектінің сыртқы байланыстары мен қатынастары қарастырылады, тәжірибеден тікелей индуктивтік әдіспен алынған эмпириялық білімнің логикалық формасы ретінде жеке фактіні бейнелейтін жеке ой пікірі, ол білім жаңа теорияны құраудың эмпириялық негізі болады. Эмпириялық деңгейде құбылыс дәрежесіндегі заңдылықтар анықталады. Таным құбылыстан мәнге, бірінші реттегі мәннен екінші реттегі мәнге т. с. с. қарай қозғалады. Сөйтіп, таным заттың ішкі мәніне қарай шексіз тереңдей береді. Ал теориялық деңгейде біздер заттың ішкі байланыстары мен заңдылықтарын, қайшылықтары мен заңдарын ашамыз. Мұны эмпириялық білімді теориялық жолмен өңдеу, белгілі бір принцип бойынша синтездеу арқылы табамыз. Теориялық білімнің логикалық формасы өзара іштей жинақталған абстракциялар жүйесі болып табылады. Зерттеліп отырған объектінің теориясын құру және қолдану танымның теориялық деңгейінің мақсаты. Эмпириялық білімге қарағанда теориялық білімнің қолдану аясыөте кең. Танымның эмпириялық және теориялық деңгейлері өте тығыз байланыста. Дүние және онымен ұдайы қатынастағы адам үнемі дамуда, қозғалыста болатыны белгілі. Оның заңдылықтарын дәлірек және толығырақ бейнелеу үшін ғылыми таным да үнемі даму мен қозғалуда болуы қажет. Ал материялық дүниенің дамуы белгілі бір заңға бағынады және қайшылықты сипатта болады. Сондықтан таным процесі де қайшылықты және дамуда. Қайшылықтың пайда болуы, шиеленісуі және шиеленісуі - даму процесі дегеніміз осы. Қайшылық проблемалық ситуация дегенді тудырады, ал оны шешу ғылыми танымды одан әрі дамытады. Ақиқат - танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы кун тәртібіне қойылады. Шын мәнінде, ақиқат дегеніміз субъекті мен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жатқан әлеуметтік тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол объективтік. Объективтік ақиқат деп қоғамдық адам түсінігінде, білімдегі субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті. Сонымен ақиқат дегеніміз объективтік пен субективтік диактекикалық бірлігі. Танымның даму барысында белгілі бір объекті жөніндегі біздің біліміміз тереңдей туседі, сөйтіп, оның субъективтік жағы азайып отырады. Білім объектіге дәлірек сәйкес келеді. Дегенмен білімнің объективтік және субъективтік жақтары ылғи бірлікте болады. Егер объективтік ақиқат бар болса, онда оны білдіріп отыратын адамның тусінігі сол ақиқатты бірден, толығымен, тұтасынан абсолютті түрде білдіре алмай, тек шамамен салыстырмалы турде ғана білдіреді. Бұл жерде салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқаттың арақатынасын көреміз. Зертеліп отырған объекті жөніндегі толық емес білімді салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді абсолюттік ақиқат деп атайды. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат әлеуметтік, тарихи процесс ретіндегі объективтік ақиқаттың көрініс сәттері. Объективтік ақиқат салыстырмалы-абсолюттік формада ғана өмір сүреді. Абстрактілі ақиқат жоқ, ақиқат барлық жағдайда нақты ақиқаттың нақтылығы объекті жөніндегі барлық түсініктердің, абстракциялардың синтезінде, бірлігінде. «Құбылыстың, шындықтың барлық жақтарының жиынтығы және олардың (өзара) қатынастары міне ақиқат осылардан құралады» Қазіргі заманғы идиалистер ақиқаттың ғылымға қарсы бірсыпыра өлшемдерін айтып жүр. Бұлардың қатарына мыналар жатады: Мах пен Авенариус дейтін эмпириокритиктердің «ойды үнемдеу» принципіне үнемі ойланатын болса сол ақиқат қолайлылық пен пайдалылық принципі. А. Пуанкеренің, Э. Леруаның конвенционализм принципі шартты келісімге сай келсе, сол ақиқат пікірлердің ақиқаттығы тек тілдің қалай болса солай таңдап алынған ережелерін сақтаумен ғана байланысты деп есептейтін неопозитивистер де бұл мәселеде, шынына келгенде, конвенционализмнің позициясын ұстайды. Олар сол сияқты тексеру принципін де ұсынып оны біздің айтқандарымыз бен пікірлеріміздің сезімдік мәліметтерге, түйсіктерге сәйкес келуі деп түсінеді. Ақиқаттың өллшемі жөніндегі осы көзқарастың негізгі келістігі мынада: олар образдың санадан тыс және оған тәуелсіз өмір сүретін объектімен үйлесуі жайында мәселе көтермейді. Сонымен, табиғатты және қоғамды танудағы ең басты принцип - адамдардың әлеуметтік қызметінің мәнін ашып, оның сан қилы қасиеттерін, түрлері мен формаларын, қоғамдық қатынастар мен сананың арақатынасын анықтау қажет. Адамның әлеуметтік мәні қанша бай, терең болса, адам қызметі де сонша көп түрлі болып келеді
Акселерация - зерттеулер мен түсініктер.
«Акселерация» терминінің өзіне жетпіс жылдан астам уақыт болды - оны 1935 жылы неміс дәрігері Е. М. Кох ұсынған болатын. Бұл сөзбен (латын тілінен «жылдамдату» дегенді білдіретін) балалар мен жасөспірімдердің құрдастарымен салыстырғанда бойының, салмағының және кейбір басқа өлшемдерінің ұлғаюы аталған болатын. Акселерация құбылысы АҚШ-та, Европада, Азияда, Россияда байқалады, қалаларда ауылдық жерлермен салыстырғанда күштірек көрініс береді. Оның кеңінен таралуы ғалымдарға акселерация құбылысын қазіргі заманғы адамның дамуына тән қақын ретінде қарауға мүмкіндік береді. Организмнің өсіп, даму заңдылықтары балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсіп, дамуы үшін, қоршаған орта факторларын гигиеналық нормаландырудың теориялық негізі болып табылады. Бұл заңдылықтарды білу, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің дәрігеріне жеке органдар мен жүйелердің баланың әртүрлі жас кезеңдерінде бүтін организм ретінде қызмет етуін, оның қоршаған ортамен байланысын анықтауға және осы жағдайдың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Акселерация - жасөспірімдердің денесінің дамуының уақыттан бұрын, тез қарқынмен үдеп жүруі; балалармен жас өспірімдердің жыныстың жетілуінің өсуі мен дамуының күрт жылдамдануы. Планетаның магнит денесінің кернеуі төмендеген кезде жануарлардың көптеген түрінің денелерінің салмағы мен көлемінің ұлғаюы. Акселерацияның ең айқын көрнісі ержеткен балалардың денесінің өздерінің ата-аналарының денесімен салыстырылғанда іріленуі Ю. К. Бабанский акселерацияны балалардың денесі мен психикасының аса ерте дамуы деп анықтады. Акселерацияның басты мысалдары ретінде: жаңадан туған балалардың салмағы мен бойының өсуін (зерттеу кезіне (1979 ж. ), орта есеппен 1-2 кг-ға және 4-5 см-ден жоғары (сол жүз жылдықтың 30-жылдары) . тістерінің уақытынан бұрын шығуын және олардың тұрақты тіске ауысуын (1-2 жылға) скелеттің мерзімінен бұрын сүйекке айналуын (20-ғасырдың 20-30 жылдарымен салыстырғанда 2-3 жылға ерте) өткен ұрпақтармен салыстырғанда жалпы бойының 8-10 см. -ге өсуін. мектп жасындағы балалардың бойының өсуі, ерте жыныстық жетілуін (ұлдарда 11-12 жаста) мысалға келтіруге болады.
Бұл белгілерді өз жұмыстарында Ю. Е. Вельтищев пен Г. С. Грачева келтірген, И. М. Воронцов және А. В. Мазурин сондай-ақ акселерация жалпы өмір ұзақтығының өсуіне және екі жыныстағы ересек адамдардың репродуктивті кезеңіне байланысты екенін көрсеткен
Бала дене бітімінің даму көрінісі
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы
Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары(кризис), даму процесін тездету мүмкіндіктері әрқилы түсіндіріледі.
Кең тараған тұлға теорияларының әрқайсысында тұлғаның даму мәселесі өздігінше қарастырылады. Мысалы, психоаналитикалық теория даму деп адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механизмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Қырлар теориясы (теория черт) бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалыптасады, олардың туындау, қайта түзілу және тұрақтану процестері биологиялық емес заңдылықтарға бағынады. Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесін адамдардың белгілі тұлғааралық өзара әрекеттерінің қалыптасу жолдары ретінде түсендірсе, гуманистік және басқа феноменологиялық теориялар оны “ Мен” деген түсініктің қалыптасуымен ұштастырады.
Дегенмен, тұлғаны барлық теориялар позициясынан шоғырланған, біртұтас етіп қарастыру тенденциясы бар.
Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалды. Олар таза күйінде өмірде кезпегенімен адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді ( 1 кестеде көрсетілген) .
Психологтарға үйреншікті ой бойынша тұлға әлеуметтік ортада өмір сүріп, тәрбиеленуі кезінде дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші араласу тәжірибесін бала сөйлемей тұрып-ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі субъективті тәжірибе жинайды. Ол тәжірибе тұлғаның ажырамас бөлігі. Осы процесс, сондай-ақ кейін индивидтің әлеуметтік тәжірибесін белсенді жандандырылып әлеуметтену деп аталады.
Тұлға дамуының кезеңдері (Э. Эриксон бойынша)
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz