Электрокардиография


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Электрокардиография

Орындаған :Әпдірай Қ

Тобы: ВС-303

Тексерген : Мұратбаев Д. М.

Семей 2015 жыл

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

2. 1 Жүрек жұмысының көрсеткіштері

2. 2 Электрокардиография

2. 3 формасының жазылу түрлері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жүрек жұмысының көрсеткіштеріне жүректің систолалық және минуттық көлемі жатады. Жүректің систолалық немесе соққы көлемі дегеніміз - әр жиырылу кезінде сәйкес тамырларға жүректің ығыстырып шығаратын қанының мөлшері. Систолалық көлемнің шамасы жүректің өлшеміне, миокард күйіне және ағзаға байланысты. Салыстырмалы тыныштықтағы ересек сау адамның әр қарыншасының систолалық көлемі шамамен 70-80 мл- ді құрайды. Сөйтіп қарыншалар жиырылуы кезінде артериялық жүйеге қанның 120-160 мл көлемі келіп түседі.
Жүректің минуттық көлемі дегеніміз - жүректің өкпе өзегі мен аортаға 1 минутта ығыстырып шығаратын қанының мөлшері. Орташа минуттық көлем 3- 5 л құрайды.
Жүректің систолалық және минуттық көлемі қанайналымның барлық аппаратының қызметін сипаттайды.
Жүрек қызметінің сыртқы көріністері.
Жүрек қызметінің сыртқы көріністерінің (жоғарғы ұшының соққысы, жүрек тондары) берілген мәліметтері бойынша дәрігер жүрек жұмысы туралы жорамалдай алады.
1. Жоғарғы ұшының соққысы.
Қарыншалар систоласы кезінде жүрек солдан оңға қарай бұрылып, айналмалы қозғалыс жасайды. Жүректің ұшы (басы) көтеріліп, бесінші қабырғааралық аймақта кеудені (қысады) басады. Систола кезінде жүрек өте тығыз болады, сол себепті жүрек ұшының қабырғааралық аралықты қысуын көруге болады (көтерілуі, быртыю) . Жүректің жоғарғы ұшының соққысын анықтауға болады, сөйтіп оның шекарасы мен күшін анықтауға болады.
2. Жүрек тондары- жұмыс жасап тұрған жүректе пайда болатын дыбыстық құбылыстар. Тонның екі түрі бар: систолалық және диастолалық.
Систолалық тон . Осы тонның пайда болуына негізінен атриовентрикулярлы клапандар қатысады. Қарыншалардың систоласы кезінде атриовентрикулярлы клапандар жабылып, олардың жармалары (створкалары) мен оған бекітілген сіңір жіпшелерінің тербелісі І- ші тонды береді. Сонымен қатар І- ші тонның пайда болуына қарыншалар бұлшықетінің жиырылуы кезінде пайда болатын дыбыстық құбылыстар да қатысады. Өзінің дыбыстық ерекшеліктері бойынша І - тон- созыңқы және төмен.

Диастолалық тон қарыншалардың диастоласының басында протодиастолалық фаза кезінде, айшық клапандардың жабылуы кезінде пайда болады. Осы кезде қақпақшалар жармаларының тербелісі дыбыстық құбылыстардың көзі болып табылады. Дыбыстық сипаттамалары бойынша ІІ- ші тон қысқа және жоғары. Жүректің жұмысын онда пайда болатын электрлік құбылыстар бойынша да жорамалдауға болады. Оларды жүректің биопотенциалдары деп атайды және олар электрокардиографтың көмегімен алынады. Алынған биопотенциалдар электрокардиограмма деп аталады.

Жүрек қызметі.
Жүректің жиырылуы оның бұлшықетінде периодты түрде пайда болатын қозу үрдістерінің салдарынан болады. Жүректегі қозу онда жүріп жатқан үрдістердің әсерінен периодты түрде пайда болады. Осы құбылыс автоматия деген атқа ие болды. Миофибрилдары аз, эмбрионды бұлшықетті тінге ұқсас және саркоплазмаға бай айрықша (атипті) бұлшықетті тіннен тұратын миокардтың белгілі бір бөліктері автоматияға қабілетті.
Айрықша бұлшықет жүректе жүрекшелер қабырғасында қуысты көктамырдың аузының тұсында орналасқан синусты- жүрекшелі (синоатриалды) түйіншектен (жүректің ырғағын басқарушы) және оң жақ жүрекшенің төменгі үштен бір бөлігі мен қарыншааралық пердеде орналасқан жүрекше- қарыншалар (атриовентрикулярлы) түйіншегінен тұратын өткізгіштік жүйені құрайды. Осы түйіншектен жүрекше- қарынша шоғыры (Гис шоғыры) басталады. Жүрек басының бөлігінде жүрекше- қарынша шоғырының аяқтары (ұштары) жоғары қарай иіліп, қарыншалардың жұмысшы (жиырылғышты) миокардіне батырылған өткізгіш миоциттер тізбегіне (Пуркинье талшықтары) ауысады.

Жүрек қанды қолқа артериясы қантамырынан бөлінетін қантмырлардан алады. Жүрекке қан басқа мүшелермен салыстырғанда көбірек келеді, өйткені ол өмір бойы жұмыс атқарып тұрады жұмысының ерекшелігін анықтау үшін электрокардиография әдісі қолданылады. Жүрек бұлшықеттерінің жұмысын қисык сызық аркылы жазып алатын аспапты электрокардиограф деп атайды. Электрокардиограф арқылы жүректің бұлшықеттерінің жұмысы жазылған қисық сызық электрокардиограмма (ЭКГ) деп аталады. Жүректің бұлшыкеттері қанмен қамтамасыз етілмегенде (қан ұйып қалғанда) жүрек бұлшықеті өлі еттенуіне инфаркт миокарда шалдығуы мүмкін. Қанның үлкен және кіші шеңберінде айналу уақыты 23-27 секунд. Үлкен қанайналым шеңберінде қан барлық мүшелерге оттегі мен қоректік заттарды тасиды. Кіші қанайналым шеңберінде - қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газдан тазартылады.

Электрокардиография - жұмыс істеп тұрған жүректің электрлік потенциалдарын қабылдау әдісі. Жүректің қозуының болуын, таралуын және жоғалуын бақылауға мүмкіндік беретін үрдіс.

Электрокардиограмма құралы

формасының жазылу түрлері әр түрлі. Оның үш түрлі биполярлық тіркеу әдісі қолданылады. ЭКГ-нің ІІ станндарттық тіркелімінде 5 тісті болады: Р, R, Т -тістер электр өрісінен жоғары бағытталғын, Q, S - төмен бағытталған. Р- жүрек алдының қозуын көрсетеді, Q, R, S, Т тістер комплексі қарыншалардың қозуының (қарыншалар компексі) электрлік өзгерістерін көрсетеді. Тістер арасындағылар сегменттер деп аталады, ал сигменттің қасында орналасқан қатар- интервал деп аталады.

Электрокардиография жүректе қозудың таралу динамикасын бағалауға және ЭКГ-ң өзгеруі кезінде жүрек қызметінің бұзылуын жорамалдауға мүмкіндік беретін медицинада кең таралған диагностикалық әдіс болып табылады. Қазіргі кезде арнайы құралдар - электронды қүшейткіштері және осцилографтары бар электрокардиографтар қоланылады. Қисық сызықтар қозғалмалы қағаз жолағына жазылады. Бұлшықеттің белсенді қызметі кезіндегі және алыстағы зерттелетін объектіден

ЭКГ жазатын құралдар жасалған. Бұл құралдар- деп аталады және олар радиобайланыстың көмегімен ЭКГ-ны арақашықтыққа тарату принципіне негізделген. Осындай тәсілмен жарыс кезінде спортшылардың, ғарыштағы космонавтардың және т. б ЭКГ-сы тіркеледі. Жүрек қызметі кезінде пайда болатын электрлік потенциалдардың телефон сымдары арқылы беріліп, ЭКГ-ны пациенттен үлкен қашықтағы арнайы орталықта тіркейтін құралдар жасалған.

ЭКГ құнды диагностикалық аспап. Ол арқылы жүрек соғуы ырғағының (жүргізушінің) көзін, тұрақтылығын, және олардың жиелігін бағалауға болады. Осының барлығы түрлі аритмия диагностикасы үшін үлкен маңызға ие.

Электрокардиографияны өткізуге арналған көрсеткіштер:

  • Жүрек ауруына деген күдік және осы ауруларға қатысты жоғары тәуекел. Негізгі тәуекел факторлары: гипертониялық ауру, еркектер үшін - 40 жастан асқаннан кейінгі жас, темекі шегу, гиперхолестеринемия, басынан өткерген инфекциялар, жүктілік.
  • Жүрек аурулары бар аурулардың ахуалының нашарлауы, жүрек тұсында аурудың туындауы, демігудің дамуы немесе күшеюі, аритмияның пайда болуы.
  • Ішкі органдардың, эндокринді бездердің, жүйке жүйесінің аурулары, құлақ, тамақ, мұрын аурулары, тері аурулары және т. б. жүректің патологиялық процестерге қатысуына күдіктену.

Клиникалық-диагностикалық зертхана

Клиникалық-диагностикалық зертхана - дұрыс диагноз қою үшін және жасалып жатқан емнің тиімділігі мен дұрыстығын бағалау үшін қажетті кең ауқымды зерттеуді өткізуге мүмкіндік береді. Зертханады зерттеудің кең спектрі жүргізіледі: гематологиялық, биохимиялық, иммунологиялық, күкіртті зерттеулік, цитологиялық, қандағы гормондар құрамы, урогенитальді инфекциялар диагностикасы, простатаның функционалды жағдайына диагностика жасау.

C:\Users\Home\Desktop\fauna_4.jpg C:\Users\Home\Desktop\i(33).png

ЭКГ- ң қалыптасуы (оның тістері мен интервалдарының) жүректе қозудың таралуын және осы үрдісті білдіреді. Қозатын жүйенің бөліктері арасында потенциалдар айырмасы болған кезде, яғни жүйенің қандай да бір бөлігі қозып, екіншісі қозбаса, тістер пайда болып, дамиды. Изопотенциалды сызық қозатын жүйеде потенциалдар айырмасы болмаса, яғни барлық жүйе қозбаса немесе керісінше қозса, пайда болады. Тіркелген ЭКГ жүрекше мен қарынша жиырылғыш миокардының тізбектелген қозумен қамтылуын білдіреді.

Р тісі (сурет 5) жүрекшелердің қозуға ұшырағынын білдіреді және жүрекше тісі деген атқа ие болды. Әрі қарай қозу жүрекше-қарынша түйіншегі арқылы таралып, қарыншалардың өткізгіштік жүйесі арқылы таралады. Осы кезде электрокардиограф изопотенциалды сызықты тіркейді (екі жүрекше толығымен қозған, екі қарынша әлі қозбаған, ал қарыншалардың өткізгіштік жүйесі арқылы қозудың таралуы электрокардиографпен сезілмейді ( ол ЭКГ-ғы PQ сегменті) .

Жүрекшелерде қозу көбінесе жиырылғыш миокард бойымен көшкін түрінде синусты -жүрекше бөлігінен жүрекше- қарынша бөлігіне қарай тарайды. Жүрекше ішіндегі арнайы шоғырлар арқылы қозудың таралу жылдамдығы жүрекшенің жиырылғыш миокарды арқылы қозудың таралу жылдамдығына шамамен тең болғанда қалыпты болады, сондықтан жүрекшелердің қозумен қамтылуы көпфазалы Р тісімен кесінделеді.

Қарыншалардың қозумен қамтылуы қозудың өткізгіштік жүйенің элементтерінен жиырылғыш миокардқа берілуі арқылы жүзеге асырылады, бұл қарыншалардың қозумен қамтылуын айқындайтын QRS жиынтығының сипатының күрделілігін білдіреді. Осы кезде Q тісі жүректің төбесінің қозғанын, оң емізікше бұлшықетінің, қарыншалардың ішкі бетінің қозғанын білдіреді.

R тісі- жүрек түбінің және қарыншалардың сыртқы бетінің қозғанын білдіреді. Қарыншалар миокардының қозумен толық қамтылу үрдісі S тісінің қалыптасуы аяқталғанда аяқталады. Енді екі қарынша да қозып, ST сегменті қарыншалардың өткізгіштік жүйесінде потенциалдар айырмасының жоқтығы салдарынан изопотенциалды сызықта болады.

Т тісі реполяризация үрдісін көрсетеді, яғни миокард жасушаларының қалыпты мембраналық потенциалының қайта орнауын білдіреді. Осы үрдістер әр жасушаларда қатаң синхронды пайда болмайды. Осының салдарынан миокардтың әлі де­поляризацияланған бөліктері ( яғни теріс заряды бар) мен өзінің оң зарядын қалпына келтірген миокард бөліктері арасында потенциалдар айырмасы болады. Осы потенциалдар айырмасы Т тісі түрінде тіркеледі. Осы тіс ЭКГ-ң ең өзгермелі бөлігі. Т тісі мен келесі Р тісі арасындағы изопотенциалды сызық тіркеледі, өйткені осы кезде қарыншалар миокардында және жүрекшелер миокардында потенциалдар айырмасы болмайды. Жүрекшелер реполяризациясын білдіретін сәйкес тістің кескіні ЭКГ-да жоқ, себебі ол уақыт бойынша қуатты QRS жиынтығымен сәйкес келіп, олармен жұтылады. Әрбір Р тістің QRS жиынтығымен сүйемелденбеген кезінде, жүректің көлденең қоршауы кезінде жүрекшелердің реполяризациясын білдіретін жүрекше тісі Т (T-атриум) байқалады.

Қарыншалалардың электрлік систоласының жалпы ұзақтығы (Q-T) механикалық систоланың ұзақтығымен шамамен сәйкес келеді (механикалық систола электрлікк қарағанда біршама кеш басталады) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрокардиография жайлы
Электрокардиография жайлы мәлімет
Жүрек құрылысы
Жүрек қабырғасы
Электрокардиография туралы
Эйнтховен үшбұрышында жүректің электрлік осін салу
Жүректің өткізгіштік жүйесінің функциялары
Электрокардиограмманы тіркеу
КОПИЯ батырмасы
ЭКГ кеуделік бекітпелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz