Укекіре арамшөбі және онымен күрес шаралары



Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1. Жатаған укекіре туралы түсінік, морфологиялық ерекшеліктері
2.2. Укекіремен күресу негіздері
2.3. Жаңа технология бойынша күресу жолдары
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Жатаған укекіре( Acroptilon repens L)-көпжылдық, атпатамырлы, шөп күрдел гүлдер туысына жатады.
Қуатты тамыр жүйесі, топырақта 10 м тереңдікке жетеді, жатаған у кекіренің ерекшеліктері; ол қордағы ќоректік зат – инулинді тамырдың топырақтағы төменгі қабатына, жинақтауы және ќоректік заттарын (инулинді) топырақ баптаушы техникамен егіндікті өңдегенде, жатаған тамырының кесілген жеріне жылдам жеткізуі арқылы өсіп жер бетіне шығуы фотосинтез құбылысы арқылы тамырлануы сондықтан көптеген агротехникалық әдістерге төзімді болады, қайтадан өсіп жетіледі.
Көбейуі негізінен жеке тамыр бөлшектері және тұқым арқылы. Тұқым арқылы у кекіре жаңа аудандарға тарайды. Ауыл шаруашылық министірлігінің өсімдік қорғау және өсімдік карантині департаментінің мәліметі бойынша жатаған у кекіре республикада 3 млн гектар жерге тараған. Жатаған у кекіре басқан егіндіктерде өңім 30-50 пайызға төмендейді, ал құрғақшылық жылдары өнім 60-70 пайызға төмендейді . Жатаған у кекіренін тұқымдары басқа аудандарға суармалы жерлерде су аркылы, жануарлар, құстар, азық түлік және техника т.б. арқылы таралады.
Тұқымның іс жүзінде табиғи жағдайда таралуын тоқтату мүмкін емес. Сондықтан жатаған у кекіре бар ошақты уақытында тұқымы басқа жерлерге тарамай тұрғанда құрту керек.
1. Е.А. Соколов. Вредители запасов, их карантинное значение и меры борьбы. Оренбург 2004 год М. Қойшыбаев. Микроорганизм және егін өнімі. Қайнар баспасы, 1984ж
2. Методическое руководство по лабораторной карантинной экспертизе растительных материалов и почвы. Москва, 1980Қосымша әдебиет
3. Өсімдік қорғаудың орысша – қазақша анықтамалық сөздігі. Калымбетов Б., Тілменбаев Ә., Матбаев Б., Жанұзақов А. Алматы, Қайнар, 1977ж
4. Егін шаруашылығы, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және өсімдік қорғау салаларына арналған орысша-қазақша сөздік. Е. Белғара. Астана: Елорда, 2006ж

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Укекіре арамшөбі және онымен күрес шаралары

Орындаған:Омарова Алуа
Тексерген: Каламов Б.Х
Тобы: АГ-213

Семей 2015

Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1. Жатаған укекіре туралы түсінік, морфологиялық ерекшеліктері
2.2. Укекіремен күресу негіздері
2.3. Жаңа технология бойынша күресу жолдары
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Жатаған укекіре туралы түсінік, морфологиялық ерекшеліктері
Жатаған укекіре( Acroptilon repens L)-көпжылдық, атпатамырлы, шөп күрдел гүлдер туысына жатады.
Қуатты тамыр жүйесі, топырақта 10 м тереңдікке жетеді, жатаған у кекіренің ерекшеліктері; ол қордағы ќоректік зат - инулинді тамырдың топырақтағы төменгі қабатына, жинақтауы және ќоректік заттарын (инулинді) топырақ баптаушы техникамен егіндікті өңдегенде, жатаған тамырының кесілген жеріне жылдам жеткізуі арқылы өсіп жер бетіне шығуы фотосинтез құбылысы арқылы тамырлануы сондықтан көптеген агротехникалық әдістерге төзімді болады, қайтадан өсіп жетіледі.
Көбейуі негізінен жеке тамыр бөлшектері және тұқым арқылы. Тұқым арқылы у кекіре жаңа аудандарға тарайды. Ауыл шаруашылық министірлігінің өсімдік қорғау және өсімдік карантині департаментінің мәліметі бойынша жатаған у кекіре республикада 3 млн гектар жерге тараған. Жатаған у кекіре басқан егіндіктерде өңім 30-50 пайызға төмендейді, ал құрғақшылық жылдары өнім 60-70 пайызға төмендейді . Жатаған у кекіренін тұқымдары басқа аудандарға суармалы жерлерде су аркылы, жануарлар, құстар, азық түлік және техника т.б. арқылы таралады.
Тұқымның іс жүзінде табиғи жағдайда таралуын тоқтату мүмкін емес. Сондықтан жатаған у кекіре бар ошақты уақытында тұқымы басқа жерлерге тарамай тұрғанда құрту керек.
Бір өсімдікте жатаған у кекіренің тұқым беру түсімділігі 3 мың дәнге дейін жетеді, оның ішінде 50 пайызы өңгіштік қасиетін сақтайды. Толық піскен тұқым топырақта өңгіштік қасиетін 5 жылға дейін сақтайды және 25градус жылылықта, ылғалдылық 20 пайыз болғанда топырақтың механикалақ құрамына байланысты 2-5 см терендіктен өсіп шығады. Тұқымнан өсіп шыққан көгі 1,5-2 айдан ішінде 5-7 жапырақтан тұратын өсімдік құрайды. Одан әрі тік және көптеген көлденен тамырлар пайда болып топырақ қабатына сіңіп тарайды. Бірінші жылы у кекіре тұқым бермейді, тек екінші жылы тұқым береді. Өсімдіктің өсіп өңу кезенінде сабақ жуандайды, тамыр сабаққа айналады, бұл тамыр сабақтарда 35-60 см терендікте қысқы кезенге кету алдында көптеген қызғылт түсті бүршіктер салынады. Бір өсімдік бірінші жылы диаметрі 3-3,5 метр квадрат жерде шоғыр құрайды, ал тік тамырлары 1,5-2,0 м терендікке жетеді. Кекіре негізінен вегетативтік жолмен өздігінен көбейеді. Тамыр жүйесі тік және көлденен тамырлардан тұрады. Ал негізгі аналық тік тамырлардан әртүрлі терендікте көлденен тамырлар қалыптасады, бұл тамырларда өсіп-өңу бүршіктері пайда болады. Бұл бүршіктерден тамыр өркен побег сабақтары өседі. Осылайша жатаған у кекіренің ошақтары пайда болады, ощақтар бір мың квадрат метрге дейін тіпті егістікті жаппай басуға дейін жетеді. Кекіренің қаптау себептері - карантин ережесінің сақталмауы, ең негізгісі - кекіремен күресу жүйесі агротехникамен гербицидтерді арамшөптің биологиялық ерекшеліктерімен байланысты Қазақстанның әртүрлі климат аймақтарында дұрыс біріктіре қолдану қажет.
Агротехникалық әдістердің мақсаты тамырды ұсақ бөлшектерге бөліп, тамырдағы қөректік органикалық зат-инулиннін көбейуін азайту арқылы тамырдан қайтадан өсуіне жол бермеу.

У кекіремен күресу негіздері
Кекіремен күресудін негізі - топырақ өндеу жүйесі болып табылады. Егістікті орып алғаннан кейін қыршуыш арқылы қопсыту (2 немесе 3 рет 10-12 см тереңдікте) кекіре тамырың кесу арқылы ұсақ тамырлардың өсіп жер бетіне шығуына дейін қоректік заттарды пайдаланып үлгереді де, тамыр жер бетіне шықпай құрыйды. Қазақстанның Оңтүстік және Онтүстік Шыгыс жағдайында кекірені жою үшін институт ғалымдары үш ярусты культиватор жасады, культиватор бір уақытта кекірені үш түрлі тереңдікте (10-12 см; 14-16 см және 18-20 см) қыяды.
Қазақстан жағдайында егінді жинап алғаннан кейін кекіре қаптаған жерлерді КПГ-250 культиватор 10-12 см тереңдікте кекіренің тамырын қыяды. Кидришевтін Т және Баядиловтын О мәліметтері бойынша ұзындығы 8-10 см вегетативтік бүршіктері бар тамырлар күз-қыс кездерінде, тамырдағы қоректік заттардың азаюынан, неболмауынан жер бетіне шығаалмай құриды.
Егер кейбір тамыр бөлшектері жер бетіне шыққан жағдайда, үш түрлі тереңдікте культиватор КПГ-250 немесе КПЭ-3,8 А техникасымен 10-12, 14-16 және 18-20 см тереңдікте тамырды кесу керек. Пайда болған 4-5 см ұзындығы бар тамыр кесінділері жер бетіне шығып үлгірмейді, жойылады.
Кекіреде жазғы тыныштық кезендері болады, құрғақ, ыстық кезендерде, жер бетіне шыққан өскіндерде өсу және зат алмасу процесі төмендейді. Бұл кездерде гербицидтердің әсері болмайды, кекіренін жер бетіне шыққан бөлігі ғана құрайды, ал сабақ арқылы гербицидтердің тамырға жылжуы, яғни зат алмасу процесі жүрмейді. Сондықтан гербицидтерді күзге таман, кекіре қоректік заттарды тамырға жинай бастағанда беру керек.
Кекіре жарықты қалайды, көленкеде өскенде тұқым бермейді, өсу нашарлайды, бірақ тамырдағы қоректік заттар, таралу бүршіктері арқылы, жарық болған жағдайда тіпті бірнеше жылдан кейінде жанадан өскіндер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәлімі егіншілік аймағындағы арамшөптермен күресу шараларының ерекшеліктері
Паразитті емес арамшөптер
Ауыспалы егісте арамшөптерге қарсы химиялық және биологиялық күрес шараларын ұйымдастыру
Арамшөптердің аттары
Арамшөптердің биологиялық ереекшеліктері, таралу және олардың тіршілік жағдайларына бейімделуі
Арамшөптердің зиянды шегі
Ауыл шаруашылығы жерлерінде арамшөптердің өсімдіктердің пайда болуы
Жануарлар ген инженериясы. Топырақты өңдеу жүйелері
Ауыл шаруашылық дақылдарының карантинді зиянкестері
Жатаған укекіренің тамыр жүйесі
Пәндер