Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР :

  1. Ауыл шаруашылығының маңызы және оның Қазақстанда алатын орны.
  2. ҚР ауыл шаруашылығының дамуының негізгі бағыттары
  3. Пайдаланылған әдебиеттер.
  1. Ауыл шаруашылығының маңызы және оның Қазақстанда алатын орны.

Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.

Ауыл шаруашылығы - шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы - неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1, 3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2, 6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді

Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағындағы 149, 1 млн. га жер бар. Оның 25, 7 млн. га-сы егістік, 3, 6 млн. га-сы шабындық, 103, 5 млн. га-сы жайылым (1998) . Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру және ұжымшарлар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. Жерге байланысты құқықтық қарым-қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие, қаржы саясаты реформаланды, басқару механизмі жеңілдетілді. 1997 жылы Қазақстанда жалпы саны 72335 ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істеді. Оның 1847-сі шаруашылық серіктестіктері, 601-і акционерлік қоғамдар, 3714-і өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192-сі мемлекеттік кәсіпорындар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру меншік нысанын ғана өзгеріске ұшыратып қойған жоқ, сонымен бірге оларды жедел дамытуға, өндірісті қайта құруға, тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер тудырды. Ауыл шаруашылығы салалары бойынша жалпы өнім құны 305, 4 млрд. теңгеге жетті (1997) . Оның 41, 5%-і мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 1997 жылы 21843, 7 мың га, оның ішінде дәнді дақылдар 15651, 5 мың га болды. Бидай 11512, 2 мың га, күріш 85, 2 мың га, жүгері 69 мың га, қант қызылшасы 13, 6 мың га, мақта 103, 6 мың га, күнбағыс 223, 9 мың га, картоп 176, 3 мың га, көкөніс 87, 1 мың га, мал-азық дақылдары 5445, 6 мың га жерге егілді. Дәнді дақылдарының жалпы түсімі - 12, 4 млн. т құрады. Оның ішінде бидай 8955 мың т, күріш 255, 0 мың т, жүгері ұны 111, 2 мың т, қант қызылшасы 139 мың т, мақта 198 мың т, күнбағыс 66 мың т, картоп 1472 мың т, көкөніс 880 мың т. болды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының әр га-дан түсетін өнімділігі: дәнді дақылдардан 8, 7 ц, күріштен 30, 8 ц, қант қызылшасынан 126, 5 ц, мақтадан 19, 3 ц, күнбағыстан 3, 5 ц, картоптан 84, 1 ц, көкөністен 100, 6 ц болды. 1997 жылдың аяғында ірі қара малдың саны 4405, 7 мың (оның ішінде сиыр 2181, 8 мың), қой мен ешкі 10896, 6 мың, шошқа 881, 5 мың, жылқы 1101, 1 мың, құс 15858, 2 мың болды. Ет 1302, 1 мың т., сиыр сүті 3220, 4 мың т, жүн 32, 4 мың т мөлшерінде өндірілді

  1. ҚР ауыл шаруашылығының дамуының негізгі бағыттары

Тәуелсіздік алған жиырма бес жыл ішінде еліміз нарықтық экономиканы дамытуға барынша күшін салып келеді. Оған еліміздің алған жетістіктері, қарышты қадамдары, шыққан белестері дәлел. Экономиканың маңызды салаларының бірі - ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы - өндірістің негізгі саласы, агроөнеркәсіптің жетекші саласы болып табылады. Ауылдағы жұртшылықтың тұрмыс-жағдайының жақсаруының, экономикалық белсенді халық қатарындағы ауыл халқы үлесінің артуының, пайданың, рентабельділіктің жоғарлауының, ұлттық байлық пен экспорттың көбеюінің, еліміздің экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті, индустрияланған елдердің қатарына қосылудың, бір сөзбен айтқанда еліміздің экономикалық дамудың жаңа сатысына көтерілуінің тікелей жолы - ауыл шаруашылығы, оны дамыту жолдары деп ойламын.

Жалпы ауыл шаруашылығы дүние жүзінің барлық аумақтарында таралған. Оның 50-ден астам салаларында 1, 3млрд адам еңбек етуде. Қазіргі кезде дүние жүзінде экономикалық белсенді халықтың 45%-ы ауыл шаруашылығымен айналысады. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында ауыл шаруашылығы мәселелеріне де ерекше тоқталады. Мәселен, Елбасының 2013 жылғы « ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ -ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ» атты Қазақстан халқына жолдауына сәйкес Президент Үкіметке мынадай міндеттерді жүктеген болатын: «Мемлекетке астық саласын ұйымдастыру және біртұтас астық холдингін құру. Үкіметке мал шаруашылығының басқа салаларын, оның ішінде қой шаруашылығын, сондай-ақ жемазық өндірісі мен шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарламаларды жасауды қамтамасыз етуді айрықша тапсырған. Елбасының пікіріне мен де қосылам, ауыл шаруашылығы -материалдық өндірістің ең маңызды түрі, халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, ел тұрғындарын жұмыспен де қамтамасыз етудің бірден бір оңтайлы жолы.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығына көрсетілетін мемлекеттік көмектің көлемін арттыру мақсатында бірнеше бағдарламаларды жүзеге асыруда, Мәселен, «Агробизнес-2020» бағдарламасының нәтижесінде мамандар Агроөнеркәсіптік кешендегі субъектілер саны 4, 5 есеге көбейтпек. Бұл құжаттың басқа бағдарламаларға қарағанда ерекшелігі өте зор. Кедендік Одақты қоса алғанда, дүниежүзілік сауда ұйымына кірген күні бәсекелестіктің күшеюі салдарынан, елімізде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру міндеті тұр. Яғни, бұл бағдарламаның басты мақсаты - агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекеге қабілетті ету. Сондай-ақ 2013 жылдың ақпан айында ел үкіметі Агроөндірістік кешенді дамыту туралы бағдарламаны қабылдады. Ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруға ел қазынасынан 3 триллионнан астам теңге бөлінді. Бұл, көптеген жаңа кәсіпорындар ашуға бағытталған. Осылайша, 1, 8 млн. өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтарды ауылшаруашылығы саласындағы еңбекке жұмылдыру көзделген.

2014 жылы тиісті мемлекеттік қолдау көрсету арқылы агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру нәтижесінде:

- АӨК салаларын тұрақты дамыту;

- ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2007 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 2 есеге ұлғайту;

- жыл сайын ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндірісін 5 % -ға ұлғайту;

- ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін өсіру;

- отандық өнімнің ұлттық бәсекелік артықшылықтарын дамыту;

- инновациялық технологияларды еңгізу арқылы ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу бойынша қосымша қуаттылықтарды еңгізу;

- еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігі;

- 2014 жылы балық аулауды 350-400 тоннаға дейін ұлғайту.

- ауыл тұрғындарының мақсаттық топтарындағы 3, 5% -дық үй шаруашылықтарына шағын кредит беру;

- агроөнеркәсіптік кешен салаларының жұмысын басқаруда жоғары деңгейге қол жеткізу қамтамасыз етілетін болады

Ауыл шаруашылығы - өсімдік және жануар ресурстарын өңдеумен байланысты салалардың күрделі кешенін бере отырып, әлемдік шаруашылықтың маңызды бөлігі болып табылатыны белгілі. Ауыл шаруашылығының бұл саласы халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз етіп, бірінші қажеттіліктегі тұтыну тауарларын өндірумен әлеуметтік маңызға ие болып отыр. Экономикадағы аграрлық сала Ұлттық және аймақтық шаруашылықтар құрылымына әсер етеді.

Кез-келген елдің экономикасындағы ауыл шаруашылығының алатын рөлінің көрсеткіші ретінде экономикалық белсенді халықтың ішіндегі ауыл шаруашылығында жұмыс бастылық үлесін, сондай-ақ ЖІӨ-нің құрылымындағы ауыл шаруашылығының үлес салмағын қолданады. Әлемде жалпы экономикалық белсенді халықтың 40%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді, ал бұл шамамен 1, 1 млрд адамды құрайды. Дүние жүзілік банк мәліметтері бойынша, Қазақстанда аграрлық секторын инвестиция жұмсау тиімділігі мұнай өндіруден кейінгі екінші орынды алады. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне әлемдік бағалардың өсуіне байланысты, бұл салаға капитал құю тартымды болып, келеді. Бұған статистика да куә бола алады. Мысалы, 2005 жылы осы секторға инвестиция тарту 17, 3 млрд теңгені құраса, ал 2010 жылы олар 3 еседен артық, яғни 55, 9 млрд теңгеге дейін өскен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы аграрлық құқықтың қалыптасуы және аграрлық заңнаманың даму тарихы
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесі
Ауыл шаруашылығының басқарудың мәні
Ауыл шаруашылығы өндірісінде жерді пайдалануды құқықтық реттеу
Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылық жерлерінің құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайы
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы
Қазақстан Республикасында агро өндірістік кешенді дамытудың мемлекеттік құқықтық реттеу механизмі
Азық - түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етудегі ауыл шаруашылығының жекелеген салаларын ашу
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші - заңды тұлғалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz