Эмбрионженерия пайда болуы. Қазақстан жануарлар биотехнологиясы

Эмбриоинженерия және эмбриондарды трансплантациялау
Эмбриондарды реконструкциялау
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
2. Эмбриондарды реконструкциялау
1.Биология ғылымдарының жаңа жетістіктері арасынан мал эмбриоииженериясының биотехнологиялық әдіс ретінде қолданылуы және болашақтағы мүмкіндігі бүкіл әлем ғалымдарын аса қызықтырады. Эмбриоинженерия – организмнің жатырдағы дамуының ерте кезеңіне әсер ету арқылы эмбриоидарды генетикалық құрастыру. Мұндай, алдын ала көзделген генетикалық жоспарға сәйкес малды алу мал шаруашылығында кең қолданбаса да, оның болашағы орасан зор, тіпті кейбір бағыттары, мысалы, мал эмбриондарын трансплантациялау немесе клонын көбейту ңазіргі кездің өзінде коммерциялық негізге қойылған. Эмбриоинженерия әдістерінің кез келгені биотехнологиялық бағытқа ие бола алады, ал олардың негізін эмбриондар, трансплантациясы құрайды. Трансплантация (көшіру, тасымалдау) деп генетикалық тұрғыдан жоғары бағалы аналық малдың (донордың) бірнеше эмбриондарын басқа аналық малдардың (реципиеттердің) жыныс жолына тасымалдауды түсінеді.
Негізгі әдебиеттер:
1.Б.Бегімқұлов Молекулалық генетика және биотехнология негіздері. Алматы, «Білім» 1996.
2.Дж.Уотсон, Дж.Туз,Д.Курц.Рекомбинантные ДНК.М.Мир, 1986г.
3.А.Сассон Биотехнология:свершения и надежды Москва “Мир” 1987 г.
4.Маниатс Т.Фрич Э.Дж.Сэмбрук. Методы генетической инженерии.Молекулярное клонирование.М.Мир 1984г.
5.Инге-Вечтомов С.Г.Введение в молекулярную генетику.М.Высшая школа,1983г.
Қосымша әдебиеттер:
6.Новое вклонировании ДНК.Методы / Под ред. Д.Гловера.М.Мир, 1989г.
7.Льюин Б.Гены.М.Мир, 1987г.
8.Мобильность генома растений /Под ред.Б.Хон и Е.С. Деннис.М.Во “Агропромиздат” ,1990г
9.Пирузян Э.С. Основы генетической инженерии растений.М Наука,1988г.
10.Созинов А.А. Ақуыздың полиморфизмі және оның генетика мен селекциядағы маңызы. М. Наука. 1985 ж. 272 бет.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: ----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тексерген. Нұржанова К.Х.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Орындаған. Айтқазинова А.Д.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Топ. ОЗ-207

Семей 2015ж.

Эмбриоинженерия және эмбриондарды трансплантациялау
2. Эмбриондарды реконструкциялау
1.Биология ғылымдарының жаңа жетістіктері арасынан мал эмбриоииженериясының биотехнологиялық әдіс ретінде қолданылуы және болашақтағы мүмкіндігі бүкіл әлем ғалымдарын аса қызықтырады. Эмбриоинженерия - организмнің жатырдағы дамуының ерте кезеңіне әсер ету арқылы эмбриоидарды генетикалық құрастыру. Мұндай, алдын ала көзделген генетикалық жоспарға сәйкес малды алу мал шаруашылығында кең қолданбаса да, оның болашағы орасан зор, тіпті кейбір бағыттары, мысалы, мал эмбриондарын трансплантациялау немесе клонын көбейту ңазіргі кездің өзінде коммерциялық негізге қойылған. Эмбриоинженерия әдістерінің кез келгені биотехнологиялық бағытқа ие бола алады, ал олардың негізін эмбриондар, трансплантациясы құрайды. Трансплантация (көшіру, тасымалдау) деп генетикалық тұрғыдан жоғары бағалы аналық малдың (донордың) бірнеше эмбриондарын басқа аналық малдардың (реципиеттердің) жыныс жолына тасымалдауды түсінеді.
Алғаш рет эмбриондарды трансплантациялау туралы хабар 1890 жылы Хип қояндарға ұрықтанған аналық жыныс клетканы тасымалдап, көжектер алғаннан кейін алынды. Алайда, бұдан кейінгі көп жылдар бойында эмбриондарды тасымалдау идеясын мал тұқымын жақсарту мақсатына қолдануға оншалықты мән берілмеді. Сондықтан біздің ғасырымыздың жетпісінші жылдарына дейін эмбриондарды трансплантацнялау әдісі тек зерттеу мақсатына ғана қолданылды. Жетпісінші жылдардың бас кезеңінен бастап мал эмбриондарын трансплантациялау проблемасы ғалымдар мен мал шаруашылық мамандарын қызықтыра бастады. Қазіргі кезде ғылыми дамыған елдерде мал эмбриондарын траисплантациялау арқылы жыл сайын жүздеген мың бұзау, бірнеше мың қозы алынуда. ТМД елдеріңде эмбриондарды трансплантациялау бойынша 20-дан астам орталықтар құрылды. Біздің республикамыздың ғалымдарының бұл проблеманы шешу үшін қосқан үлесі үлкен. Қазақ республикасы ғылым Академиясының эксперименттік биология институты қой зиготаларын трансплантациялау жұмысын 20 жылдай уақыт бойында жүргізіп келеді.
Эмбриондарды тасымалдаудың негізгі мақсаты болып генетикалық құндылығы өте жоғары ұрғашы малдаң жылына барынша көп ұрпақтар алу арқылы мал тұқымын асылдандыру жұмысының тиімділігін арттыру болып саналады. Әдетте, біз, мысалы, бір сиырдан 3-6 бұзау ғана алатын болсақ, онда эмбриогенетикада биотехнология көмегімен алынатын ұрпақтың санын ондаған және жүздеген есе көбейтуге болдды. Теориялық есеп бойынша генетикалық тұрғыдан бағалы жалғыз донор сиырдан 500-ден астам бұзау алуға болады. Эмбриондарды трансплантациялау бұдан басқа мынадай мақсаттарды шешу үшін қолданылады:
- ерте эмбриондарды бөлу арқылы бір-бірінен ешқаңдай айнымайтын малдар (монозиготалы) алу;
- генетикалық тұрғыдан бағалы мутантты малдарды сақтап, олардың санын көбейту;
шағын популяцияны және жойылуға жақын тұқымның генофондын сақтау;
генотипі бойынша генетикалық бағалы, бірақ табиғи жағдайда тұқым бере алмайтын малдан ұрпақтар алу;
генетикалық кемістіктерді тарататын малды табу;
климаты басқа - шетелден әкелінген малды жерсіндіру;
эмбрионның кариотипін зерттеу арқылы жыныс проблемасын реттеу;
эмбриондарды түрлер арасында тасымалдау;
химерлі (аллофенді) және трансгенді малдар алу үшін.
Эмбриондарды тасымалдау биотехнологиясы мынадай кезеңдерден тұрады: донорларды таңдау; донорлардың суперовуляциясын іске асыру; донорларды ұрықтау; донорлардан эмбриондарды шығару және оларды бағалау; эмбриондарды арнайы ортада өсіру және сақтау; эмбриондарды реципиенттерге көшіріп отырғызу (тасымалдау). Негізгі кезеңдердің жалпы принциптерін қарастырайық. Әрине, донордың мақсатқа сәйкес әр түрлі генетикалық ерекшелігі (өнімділігі жоғары, ауруларға төзімді т. б.) болуы керек. Мысалы, сүтті ірі қара шаруашылығында донор - сиырларды таңдауда, оларды болашақтағы асыл тұқымды, жақсартушы бұқалардың шешесі ретінде қарайды. Донордың нәсіддік қасиеті өзінің жоғары өнімділігіне ғана емес, сонымен қатар оның туыстарының осындай қасиетпен сипатталуына да байланысты. Трансплантадия тәжірибесінде донор - сиырларды таңдау екі сатыдан тұрады. Біріншісінде, донордың қасиеті оның өзінің басты белгілері -- сүттілігі және сүтінің майлылығы бойынша бағаланды. Бағалаудың келесі кезеңінде желіннің және емшектің пішіні, сүт беру қасиеті, төзімділігі, сүйек және тұяғының беріктілігі және көбею функциясы бойынша бағаланады. Әрине, егер донордың ұрпақтары болса, онда олардың сапасы бойынша оны бағалау түпкілікті болып саналады. Осы талаптарға сәйкес донорларды негізінен асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтардан таңдайды.
Донор таңдап болғаннан кейін олардан көптеген овуляция немесе суперовуляция алу қажет. Бағалы донордың жыныс мүшесінде бірнеше ооциттер жетілуі үшін оларға әр түрлі гормон препараттарын қолданады. Ол үшін донор малдың қанына гонадотроптық гормондарды енгізеді. Қазіргі кезде олардың ішінен буаз биенің сарысуын (ББС) енгізу кең қолдана бастады. Алайда, кез келген донор мұндай гормондарға өздерінің ерекшелігіне сәйкес әр қилы жауап береді, сондықтан енгізілетін гормонның белгілі мөлшеріне тиімді полиовуляциялық қасиеті бар донорларды таңдаудың үлкен маңызы бар. Кейінгі кезде ФСГ (фолликулин стимулдейтін гормон) гонадотропинін простангландин гормондарымен бірге қолданудың тиімді екенін ғалымдар дәлелдеді. Осындай әсер ету нәтижесінде донордың жыныс жолынан 10 -- 20 жетілген аналық жыныс клеткаларды алуға болады.
Зиготаларды трансплантациялау әдісінің тиімділігі оларды донор жыныс жолынан шығару тәсіліне көп байланысты Эмбриондарды үш тәсіл арқылы шығаруға болады: донорды сойысқа жығу, хирургиялық және арнайы ертінділер көмегімен жуу (хирургиялық емес). Қазіргі уақытта негізінен соңғы екі тәсіл қолдану алды. Көпшілік жағдайда эмбрионды донордан шығарудың нақты тәсілінің қолданылуы мал түріне байланысты болып келеді. Ірі қара мен жылқыда негізінен хирургиялық емес тәсіл, ал қой мен шошқада арнайы операция өткізу арқылы эмбриондарды аналық жыныс жолынан жуып шығарады. Кейінгі кезде қой эмбриондарын хирургиялық емес тәсіл арқылы бөлуге болатын мүмкіндіктер пайда болды. Жалпы бұл тәсілдің артықшылығы донор малды бірнеше рет қолдану мүмкіндігін туғызуынан тұрады.
Имплантациялық даму сатысындағы ерте эмбриондарды бөліп алғаннан рецениент -- аналықтардың жатырына тасымалдауға дейін 1-5 сағат уақыт кетеді.Осы аралықта зиготаның биологиялық сапасы сақталуын қамтамасыз ететін жағдай жасау керек. Эмбриондарды шығарғаннан кейін, олардың тіршілік қабілеттілігін бағалап, температурасы 37°С қоректік ортаға ауыстырады. Эмбриондар өсетін және сақталатын ортада тұз ертінділері, витаминдер, амин қышқылдары, ортаның рН мөлшерін 7,2 -- 7,6 аралығында қамтамасыз ететін биокарбонат иондары, антибиотиктер болады. Қазіргі уақытта эмбриондарды in vitro жағдайында қысқа мерзімде өсіру үшін бірнеше қоректік орталар дайындалды, эмбриондарды өсіру үшін Дюльбекко, Бринстер тұз ертінділері, ТС -- 199, Хэм Ғ -- 10 қоректік орталары жиі қолданылады. Мұндай орталарға әр түрлі биологиялық және синтетикалық заттар (антибиотиктор, қан сарысуы т. б.) қосады. Эмбриондарды қоректік ортада өсіру және сақтау арқылы, оларды ұзақ қашықтыққа (басқа шаруашылыққа) тасымалдауға болады.
Мал эмбриондарын басқа сүтқоректі аналықтардың жыныс түтігіне тасымалдау арқылы сақтауға болады. Бұл мақсатпен үй қояндарын пайдалану өте ыңғайлы. Ұрғашы қоянның жыныс түтігіндегі сиыр эмбриондары реципиенттерге тасымалдауға жарамды сатыға дейін яғни морула және бластоцистаға шейін өсе алатынын ғалымдар дәлелдеді. Р. Лаусон және т. б. (1972) ұргашы қоян жыныс түтігінде 3 -- 4 тәулік бойында сақталған ірі қара эмбриондарын реципиент-сиырларға тасымалдағанда, транспланттардың шығуы 73% тең екендігін көрсетті. Әрі, қоян организмінде яғни іn vitro жағдайында сақталатын эмбриондарды тым ұзақ қашықтыққа (мысалы, шетелге) жеткізу қиынға соқпайды.
Трансплантация үшін мал эмбриондарының биологиялық жарамдылығын бағалау бірнеше әдістер арқылы жүргізіледі. Олардың ішінен тәжірибеде морфологиялық әдіс кең қолдану алды. Бұл әдісте эмбрионның пішінін, оның құрылысы мен тіршілік қабілеттілігін 160-есе үлкейтетін микроскоп арқылы анықтайды. Эмбрион орналасқан шыныны мұқият тербетіп, оның әр жақтарын қадағалай отырып, зиготалардың формасын, олардың пеллюцид аймағының жағдайын, бластомераларының сандарын, бөлшектенуінің бірқалыптылығын, эмбриобласт және трофобластардың байқалуын бағалайды.
Біздің елімізде эмбрионның сапасын бағалауда мынадай белгілерді есептейтін 5-балды шкала қабылданды: эмбрионның даму сатысының жасына сәйкес келуі; мөлдір қабық пішінінің қалыпты біртұтастығы; бластомералардың бірқалыптылығы және цитоплазманың жағдайы; периветеллин саңылауының мөлдірлігі. Зерттеулер соңғы морула немесе бластоциста сатысындағы эмбриоидарды реципиенттерге тасымалдауға жарамды еткендігін дәлелдеді.
Трансплантация үшін жарамды эмбрион саны донордың сапасына тікелей байланысты. Бірнеше рет ұрықтанудан өткен аналық мал донор ретінде жарамды бола алмайды. Цитогенетикалық зерттеулер, мұндай донордан алынған эмбриондардың кариотипі әр түрлі ауытқумен сипатталатынын көрсетті. Мысалы, ондай сиырлардан алынған эмбриондарда хромосомалық кемістік -- 129 робертсон транслокациясы жиі кездеседі (И. Густафссон, 1985).
Реципиент ретінде сұрыпталған малдарға қойылатын негізгі талап -- оларда гинекологиялық ауытқу болмауы керек. Ал, олардың өнімділік, нәсілдік және тұқымдық сапаларына үлкен мән берілмейді. Эмбрионның реципиент жатырында қалыпты дамуы үшін донор мен реципиенттердің жыныс циклінің синхронды (қатарласып, бір мезгілде) өтуі аса қажетті басты себеп больш саналады. Олардың арасындағы жыныстық цикл 24 сағаттан аспауы керек, ал айырмашылық 12 сағаттан кем болса, онда жақсы нәтижені күтуге болады. Табиғи жағдайда мұны іске ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал шаруашылығы эмбриондар трансплантациясындағы донорлар, эмбриондар мен реципиенттер арасындағы әсерлесу
Өсімдіктердің биотехнологиясы. Өсімдік жасушаларын мәдени өсіру
«Жануарлар биотехнологиясы» пәнінен зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау
Қазақстандағы жануарлар биотехнологиясы
Жұмыс гипотезаларын тұжырымдау
Жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдіктер биотехнологиясы пәні бойынша қысқаша дәрістер мазмұны
Биотехнология дамуының негізгі бағыттары және анықтамасы
Экобиотехнология пәнінен дәрістер жинағы
Рекомбинантты ДНК технологиясы негізіндегі жаңа буынды вакциналар
Жануарлар биотехнологиясы. Аналық малды ұрықтандыруға дайындау және ұрықтандыру
Пәндер