Адам организіміне қауіпті әсер ететін факторлар



Жоспар

Кірспе.

Негізгі негізгі.
1.Адам организіміне қауіпті әсер ететін факторлар.
2. Адам организіміне тигізетін экологиялық факторлар.
3.Адам өмір.тіршілігінің қауіпсіздігінің негізі.

Қорытынды.
Кіріспе.
Бұл күндері адамның өзі жасаған жаңа өмір сүру ортасына және техносфераға байланысты өмір-тіршілікке қауіп төніп түр. Себебі адам өмір сүру ортасының жағдайымен санаспай ойсыз іс-әрекет жасауының арқа-сында, техникалық жоғары деңгейге жетпегендігінің кесірінен өз өміріне қауіп-қатер туғыза бастады.
Сонымен адам қауіпсіздік жүйесінде үш түрлі рөл атқарады:
- қорғау обьектісі ретінде;
- қауіпсіздікті қамтамасыз ету қүралы ретінде;
- қауіп-қатердің көзі ретінде.
- Антропогендік қауіп адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің және өзі қүрған обьектілерінің жүмысының нәтижесінде пайда болады әрі адамдардың денсаулы-ғына және өмір сүру ортасына кері әсерін тигізеді.
Өмір сүру ортасына адам іс-әрекетінің кері әсер етуінің негізгі факторларын қарастырайық
Атмосфералық ауаның былғану көзі және дәрежесі.
Атмосфералық ауа - бұл ғаламшардың (планета) өмірі, жердің азоттан, оттегінен, көмірқышқыл газынан, озоннан, гелиден тұратын газ қабаты. Биологиялық процесс үшін оттегінің маңызы зор, ал көмірқышқыл газы фотосинтез процесіне өте қажет. Адам тамақ ішпеуге бар, бірақ тыныс алмай өмір сүре алмайды, себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі. Ол 2-3 минут қана тыныс алуына жетеді, ал бес минут өткен соң, ауа келмегендіктен адам организмінде орнына келмейтін процесс басталады: ми қабаты жүмысын тоқтатады, биологиялық өлім келеді.
Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауыруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады.
Мысалы, түрлі түсті металлургия кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды заттары жүрек-тамыр ауруларының өсуіне, жүйкенің бұзылуына, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара метал мен электр қуаты кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады.
Әдебиеттер.

1.Крупко И.А. Учебник травматологии и ортопедии. Л., 1963 г.
2.Медицинская служба ГО. Под ред. Ф.Г. Кроткова. М.: Медицина, 1975г.
3.Ошеров С.А., Заостровский И.Т. Учебное пособие по медицинской службе ГО. М.: Медицина, 1973 г.
Судаков А.К. Защита населения от радиоактивных осадков. Изд. 2-е. М.: Атомиздат, 1973 г.
4.Шинкаренко В.Р. и другие. Медицинская служба ГО. Киев, 1964 г.
5. ШувыринД.И. Защита населения — главная задача ГО. М.: Изд-во Штаба ГО СССР, 1970 г.
5.Это должен знать каждый. М.: Советская Россия, 1973 г.
6.Явич З.М. Пособие по санитарно-химической защите. М., 1938 г.
7.Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық-әдістемелік жинағы.(3 (7) шығарылым, 2001ж.)

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кірспе.
Негізгі негізгі.
1.Адам организіміне қауіпті әсер ететін факторлар.
2. Адам организіміне тигізетін экологиялық факторлар.
3.Адам өмір-тіршілігінің қауіпсіздігінің негізі.
Қорытынды.

Кіріспе.

Бұл күндері адамның өзі жасаған жаңа өмір сүру ортасына және
техносфераға байланысты өмір-тіршілікке қауіп төніп түр. Себебі адам өмір
сүру ортасының жағдайымен санаспай ойсыз іс-әрекет жасауының арқа-сында,
техникалық жоғары деңгейге жетпегендігінің кесірінен өз өміріне қауіп-қатер
туғыза бастады.
Сонымен адам қауіпсіздік жүйесінде үш түрлі рөл атқарады:
* қорғау обьектісі ретінде;
* қауіпсіздікті қамтамасыз ету қүралы ретінде;
* қауіп-қатердің көзі ретінде.
* Антропогендік қауіп адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің және өзі қүрған
обьектілерінің жүмысының нәтижесінде пайда болады әрі адамдардың денсаулы-
ғына және өмір сүру ортасына кері әсерін тигізеді.
Өмір сүру ортасына адам іс-әрекетінің кері әсер етуінің негізгі
факторларын қарастырайық
Атмосфералық ауаның былғану көзі және дәрежесі.
Атмосфералық ауа - бұл ғаламшардың (планета) өмірі, жердің азоттан,
оттегінен, көмірқышқыл газынан, озоннан, гелиден тұратын газ қабаты.
Биологиялық процесс үшін оттегінің маңызы зор, ал көмірқышқыл газы
фотосинтез процесіне өте қажет. Адам тамақ ішпеуге бар, бірақ тыныс алмай
өмір сүре алмайды, себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі. Ол 2-3
минут қана тыныс алуына жетеді, ал бес минут өткен соң, ауа келмегендіктен
адам организмінде орнына келмейтін процесс басталады: ми қабаты жүмысын
тоқтатады, биологиялық өлім келеді.
Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар
органының ауыруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады.
Мысалы, түрлі түсті металлургия кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды
заттары жүрек-тамыр ауруларының өсуіне, жүйкенің бұзылуына, қатерлі ісік
ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара метал мен электр қуаты
кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады.
Химия өнеркәсібінің ауаға шығаратын зиянды заттары аллергияның, без және
жыныс ауруларының пайда болуына әсер етеді.
Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әр түрлі
қосындылар әр кездерде де болады. Ондай табиғи қосындыларға шаңдар жатады,
олар, негізінен, өсімдіктер түрлерінен, вулкандардан, эрозияға ұшыраған
топырақтан, ғарыш шаңдарынан түрады және өрт түтіндері, газдар да жатады.
Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына
өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автокөлік, және жылу энергетикасы
жатады.
Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының көздерінен атмосфераға жыл
сайын (1995 ж - 3,1 млн. г., 1997 ж - 2,37; 1998 ж - 2,33) зиянды заттар
шығады. Атмосфераға кететін зиянды қосындылардың жартысына жуығын
энергетика, ал түсті металдар - 22,7%, қара металдар - 15,7% береді.
Атмосфераға зиянды заттарды шығаруда автокөліктер үлкен орын алады.
Қазақстанның үлкен қалаларында автокөліктердің зиянды заттарды шығарудағы
үлесі 60-80 пайыз құрайды. Ал Алматы қаласында - 90 пайыз.
Ең көп тарайтын улы заттар - углеродтың оксиді (СО), күкірттің диоксиді
(8О2) азоттың оксиді (МОХ) көмірсутегі (Сп Нт) және қатаң заттар (шаң).
Атмосфераға одан да гөрі улы заттар шығады, мысалы, фтордың қосындысы,
хлор, қорғасын, сынап және бенз(а)пирен. Осы күндері атмосфераға 500-ден
астам улы заттар шығады екен, оның саны күннен күнге ұлғаюда.Қазақстан
Республикасының қалаларындағы ауа бассейнін бақылау қалаларда ластану
деңгейінің өте жоғары екенін көрсетіп отыр. Орташа алғанда қалалардағы
шаңның, аммиактың, фенолдың, фторлық сутегінің, формальдегидтің,
қорғасынның, азот диоксидінің және күкірттің жиынтығы шекті нормадан әлде
қайда артық болып тұр. Мысалы, Шымкент және Лениногорск қалаларында күкірт
жиынтығы шекті нормадан 100 есе артып кеткен.
Атмосферадағы қоспалардың және олардың қозғалысы екінші деңгейдегі өте
улы қосылыстардың пайда болуына әкеліп соғады (қара түтін (смог), қышқыл
(кислота) және олар озон қабатын бүзатын бірден-бір қосындылар.
Смог - үлкен қалаларда, өнеркәсіп орталықтарында байқалатын ауаның өте
қатты ластануы. Оның екі тұрпаты байқалады:
түтіннен немесе өндірістік газдың қалдықтарынан құралған қалың тұман;
фотохимиялық смог - өткір газ бен аэрозольдің қою тұмансыз жиынтығы, ол
күннің ультракүлгін сәулесінің әсерінен фотохимиялық реакцияға түсіп
құралды әрі өте улы келеді.
Фотохимиялық смог 1940-шы жылдарда Лос-Анджелес қаласында байқалған,
қазірде ғаламшарымыздың барлық дерлік бұрыш-бұрыштарында көрінеді.
Смог көз көрерлікті төмендетеді, металдың тотығуын күшейтеді, денсаулыққа
кері әсер етеді әрі тұрғындардың өлімін көбейтіп, аурушаң етеді.
Қышқыл жаңбыры - соңғы 100 жылдан бері белгілі, бірақ оған кейінгі
жылдарда ғана көңіл аудара бастады. "Қышқыл жаңбыры" деген атты бірінші рет
1972 жылы ағылшын ғалымы Роберт Ангус Смит қолданды.
Негізінде, қышқыл жаңбыр күкірттің және азоттың атмосферадағы химиялық
және физикалық реакциялардың әсерінен туындайтын құбылыс. Нәтижесінде
күкірт (Н28О4) және азот (НІЧОз) қышқылдары түзіледі. Соңынан сол бу немесе
қышқылдың молекуласы бұлттың тамшыларына араласып, құрғақ немесе жаңбыр
түрінде жерге түседі. Бірақ адамның өмір-тіршілігі, іс-әрекеті атмосфераға
күкірт пен азоттың қосындысының көптеп шығуына ықпалын тигізуде.
Қышқыл жаңбырының табиғатта, адамның арала-суынсыз-ақ, бұрын да
болғандығы белгілі, ондайда күкірт пен азот өрттің, вулканның т.с. табиғи
құбылыстардың әрекетінен атмосфераға көтеріліп отырған.
Қышқыл жаңбыр табиғатта тек қана тік жоғары тарамайды, жерді көлбеп
көкжиекке созылады. Бұндай бұлттар бір елдің аумағынан шығып, екінші бір
мемлекет жеріне барып түсуі мүмкін. Сондықтан бұл бүгінде халықаралық
мәселеге айналып отыр. Мысалы: Қазақстан үшін өз жерін ластану пайызы өз
күкіртінің құрылымынан - 46 пайыз, азот құрылымы бойынша - 22 пайыз
қүрайды. Қалған пайызы өзге мемлекет аумағынан келеді. Азот пен күкірт
атмосфераға шыққан соң бірден реакцияға түсіп, қосынды құрамайды, арада 2,8
... 10 тәулік өтуі мүмкін. Осы екі арада ауадағы ластаушы заттар мыңдаған
шақырымдарға кетеді.
Қышқыл жаңбыр адам денсаулығына, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді.
Мысалы: Ауадағы ластар және қышқыл жаңбырлар металконструкциясының тот-
басуын жылдамдатады; ғимараттардың, ескерткіштердің бүзылуына әкеліп
соғады; топырақ пен судың қыш-қылдығын (РН) өзгертіп, топырақтың құрылымын
бұзады, оның өнім беру қасиетін төмендетеді, өсімдіктердің жойылуына ықпал
етеді.
Тұщы судың ашық қоймаларының сапасын төмендетеді, тірі организмдердің
қүруына әкеледі.
Парниктік эффект. Атмосфераның құрамы мен жағдайы Ғарыш пен Жер
арасындағы сәуле, жылу алмасу процесіне әсер етеді. Күннен Жерге немесе
Жерден Ғарышқа қуат берілу процесі биосферадағы температураны белгілі бір
деңгейде сақтайды, орташа алғанда + 15°. Бұнда биосферадағы температура
жағдайын сақтап түруда Жерге жылу қуатын алып келетін күн радиациясының
рөлі жоғары. Осы процесс бірі-бірімен тығыз байланыста болады. Сондықтан
Жердегі жылу балансының өзгеруі биосфераның орта температурасының ұлғаюуына
әкелуі мүмкін. Бұл жағдай антропогендік қосындылардың атмосферада соңғы
жылдары көбеюіне байланысты болып отыр. Атмосферадағы газдар мен басқа
қосындылардың көбеюінен, Жерден Ғарышқа көтерілетін жылудың көлемі азаяды
да, Жер бетінде қалып қояды. Ал бұл жағдай климаттың жылынуына әкеліп
соғады. Бұл процесте көмірқышқыл газының рөлі өте зор. О бастан көмірқышқыл
газының Жердегі климат пен температураны қолдап түратын концентрациясы
0,003 пайздан аспаған. Ал кейінгі жылдары бүл газдың көлемі әр он жыл сайын
2 пайызға үлғайып отыр. Бұл жылдамдық соңғы жылдары тездетіп барады. Жер
т9рғындары жылдан жылға ормандардың көлемін азайтуда және отын жағуда.
Климаттың әр түрлі моделін жасап, зерттеу 2050 жылы Жерде орташа
температура 4,5°С дейін көтерілуі мүмкін. Жер шарының мұндай жылынуы
мәңгілік мұздардың еруіне әкелетін болса, Әлемдік мұхиттың деңгейі 0,5 ...
1,5 м көтеріледі. Климаттың одан ары жылынуы 2100 ж. Әлемдік мұхиттың
деңгейін 2 метрге дейін көтереді. Ал бүл 5 млн. шарашы км қүрлықты су басып
кетуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл - барлық құрлықтың 3 пайызындай көлемі, Жер
шарындағы қолданбалы жердің 30 пайызындай көлемі. Парниктік эффекттің Жер
тұрғындарына алып келер зардабы үшан теңіз. Сондықтан осы күрделі мәселелер
жөнінде адамзат алдын ала тиімді шаралар қабылдамаса, Жердегі өмір-
тіршілікке үлкен қатер туындауы мүмкін.
Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның техногендік ластануының кері әсері
тек жер маңындағы аймақпен ғана шектеліп қоймайды. Лас қосындылардың
белгілі бір бөлігі озондық қабатқа жетіп, оны бұзады. Озондық қабаттың
бұзылуы Жерге ұзындығы 0,29 мкм ультракүлгін сәуленің енуіне мүмкіндік
туғызады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелену биосфера үшін өте
қауіпті: өсімдіктер әлемі құриды, онкологиялық және көз аурулары көбейеді.
Озондық қабаттарды талқандайтын негізгі заттар -хлор мен азот
қосындылары. Хлордың бір молекуласы 10 озанның молекулаларын, ал азот
оксидінің бір молекуласы оның 10 молекулаларын талқандайды.
Хлор мен азот қосындыларының озондық қабатқа көтерілуінің негізгі
көздері болып төмендегі факторлар саналады:
ұшақтардың шығаратын газдары;
зымырандардың шығаратын газдары;
вулкан газдары;
фреонды пайдаланатын технологиялар;
атом жарылыстары.
Мысалы: "Шаттл" ракетасының бір үшуы озонның 0,3 пайызының бұзылуына
әкеліп соғады. Озон қабатының осы тесігінің қайта жабылуы ұзақ уақытты
қажет ететіндігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген.
Озон қабатының бұзылуына өмірінің ұзындығы 100 жылдарға созылатын фреон
үлкен әсер етеді. Фреонның шығатын негізгі көздері: тығыздалуы бұзылған
мұздат-қыштар, фреон қолданылатын технологиялар, тұрмыста қолданылатын
аэрозоль құтылары және т.с.с.
Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7
млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану
табуда, тамаққа қосу түрінде - 5500, дәрідәрмек - 4000, тұрмыс химиясында -
1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 1000-ға дейін
жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам
өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.
Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып
жіктеледі:
өнеркәсіп уы - өндірісте қолданылатын заттар;
улы химикаттар - ауыл шаруашылығында қолданылатын заттар;
дәрі-дәрмектер;
турмыс химикаты;- өсімдіктер және жануарлар уы -
өсімдіктерде,саңырауқұлақтарда, жануарларда, құрт-құмырысқаларда
болатын заттар;
- әскери улаушы заттектер.
Адам организме әсер ету сипаты бойынша улы заттар төмендегідей болып
бөлінеді:
- жалпылама улылар - организмді жалпы улайтын,жеке органдарды ауру етіп,
істен шығаратын улы заттар.
* қоздыргыштар - тыныс жолдарының шырышты (слизистый) қабатын, көзді,
өкпені, теріні ауру ететін заттар.
* аллергия тудыратын заттар.
* мутагендер - генетикалық кодты бұзатын заттар.
* канцерогендер - қауіпті ісіктер тудыратын заттар.
- бала жасау қызметін жоятындар - қорғасын,сынап, стирол, радиоактивті
басқа да заттар.
Зиянды заттардың әсер етуі және организмге енудің жолдары. Зиянды заттар
адам организміне тыныс алу жолдары, тері және ас қорыту жолдары арқылы
енеді. Көп жағдайда (80-90 пайыз) кәсіпке байланысты аурулар және уланулар
организмге улы газдардың, булардың, тұмандардың енуіне байланысты болады.
Бұл жолмен ауруға шалдығу өте ауыр болуы мүмкін, себебі улы зат бірден
қанмен аралысып бүкіл денеге тарап кетеді.
Улы заттар ішкен тағаммен, сумен, темекімен, қолдың кірімен ас-қорыту
жолдары арқылы организмге енеді. Улы заттар ауыз қуысында-ақ сіңіп, қанға
өтіп кетуі мүмкін. Ондай заттарға фенол, цианид сияқты улар жатады.
Асқазанның қышқылды ортасы улы қосындымен бірігіп, заттың улылығын одан ары
арттыра түсуі мүмкін.
Улы заттар адам организміне тері арқылы енеді. Улы булар, сұйық заттар
теріге еніп, сол арқылы қанға кетеді. Бұндай заттарға суда, майда жеңіл
еритін көмірсутегі, ароматты аминдер, бензол, анилиндер және т.б. жатады.
Егер теріде жара немесе сызат болса, организмге енуі жеңілдейді.
Бірінші кезеңде улы заттардың бөлінуі қан айналымының қарқындылығына
байланысты болады. Улы заттардың жиналатын үш басты орны бар: клетканың

сыртындағы сұйық, клетканың ішіндегі сұйық және майлы тін (ткань). Улы
заттың тарауы үш негізгі физикалық-химиялық қасиетке байланысты болады:
суда ерігіштігі, майда ерігіштігі, реакцияға енгіштігі. Кейбір металдар
(күміс, мырыш, хром, ванадий, кадмий және басқалары) қаннан тез шығады,
бірақ бауыр мен өкпеде жиналып қалады. Барий, бериллия, қорғасын
қосындылары калышмен, фосформен бірігіп өте мықты қосынды жасай алады және
сүйекте жиналады.
Улы заттардың әсерінің салдары. Улы, зиянды заттармен жақындасқанда адам
организмі тіннің жергілікті зақымдануына және жалпы улануға әкеледі.
Жалпы улану удың қанға енуінің нәтижесінде дами бастайды.
Удың жергілікті әсеріонымен жақындасқан жерінде зақымдану болуы мүмкін:
терінің қызарып, қабынуы, күюі.
Улану екі түрде жүреді: өткір және созылмалы
Уланудың өткір түрі - бұлай улану апат болғанда, қауіпсіздік ережелерін
өрескел бұзғанда болады әрі у тез арада әсер етеді және көп мөлшерде
организме енеді. Өткір уланудың екі фазасы болады: біріншісі - өзіне тән
емес көрінуі (бас ауыруы, әлсіреу, жүрегі айну және т.б.), екіншісі - өзіне
тән, телімді көрінуі (өкпенің ісінуі т.с.с.)
Уланудың созылмалы түрі - уланудың бұл түрі жайлап, аз мөлшерде білінбей
жүріп жатуы мүмкін. Ондай улану удың организмде жиналуының әсерінен болады.
Мысалы, бензолмен өткір улану болғанда негізінен жүйке жүйесі зақымданады,
ал осы затпен созылмалы түрде уланса, онда қан жасау жүйесі зақымданады.
Адам организмінің улы заттарға қарсы күресінің жолдары. Зиянды заттар
организмге түскен соң, әр түрлі химиялық өзгеріске үшырайды:
биотрансформация немесе метаболизм. Улы зат клеткалы мембранамен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекті қорғауды басқару жүйесі
«Мұнай өңдеу және мұнай химия өнеркәсібіндегі зауытының санитарлық нормасы ».
Қышқылды жаңбырдың қоршаған ортаға әсері
Табиғаттың химиялық ластануы
Өндірістік химиялық биологиялық қауіпті улардың организмге және қоршаған ортаға әсері
Құрсақтағы ұрыққа ананың шылым шегуінің әсері
Қазақстанның қолайсыз экологиялық аймақтарында қоршаған орта ластануының қауіптілік дәрежесін интегралдық бағалау туралы
Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосарлы әсері
Экологиялық проблемалар және қышқылдық жауындардың пайда болуы
Атмосфера туралы түсінік, оның құрамы және биосфера мен адам өміріндегі маңызы жайлы
Пәндер