Ауқымды компьютерлік желілерге кіріспе


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Ауқымды компьютерлік желілерге кіріспе
Орындаған:Еркінбеков Т. С
Тексерген: Мухаметов Е. М
... жалғасы2015
Компьютерлік желілер және оның ұғымы, түрлері. Қазіргі уақытта компьютерді қолданудың ең маңызды аясы көптеген қолданушылар үшін бірыңғай ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ететін желілерді құру болып табылады. Желіге компьютерлерді біріктіру үлкен сыйымдылықты дискілерді, принтерлерді, негізгі жадыны, программалық құралдарды бірге қолдану болып табылады. Компьютерлік желі деп қолданушыларды ақпараттық, программалық және аппараттық ресурстарды және ақпаратпен алмасу құралдарын ұжыммен пайдалануды қамтамасыз ететін өзара байланысқан компьютердің жиынтығы. Компьютерлік желілер - деп әртүрлі қорларды мысалы программаларды, құжаттарды және принтерлерді бірігіп пайдаланатындай етіп, бір-бірімен кабельдің көмегімен арқылы қосылған компьютерлер тобын айтады. Егер желі онша үлкен емес және мекеменің бірнеше бөлмесін қамтыса, онда оны жергілікті желі деп атайды. Қала, облыс, ел ішінде орналасқан желілер аймақтық деп аталады. Егер олар қайсы бір ұйымға немесе ұйымдар тобына қарасты болса, онда корпоративтік деп аталады. Одан үлкен көлемдегі, бүкіл елдерге, құрлықтарға таралған желілер ауқымды деп аталады. Олар корпоративтік те, жалпы да бола алады. Компьютерлерді желіге олардың ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін және ақпаратпен алмасу үшін біріктірілді. Компьютердің ресурстары ақпараттық және техникалық деп екіге бөлінеді. Ақпараттық ресурстарға программалар және деректер, ал техникалықтарға - принтерлер, модемдер, сканерлер, график салғыштар кіреді. Ақпаратты сақтау құралдары, CD-ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық ресурстарға кіреді. Олар программалар және деректері бар қапшықтар ретінде қаралады. Оларға қосылу логикалық дискіге жазылғандай жүзеге асырылады. Орналасқан компьютерінен ғана қол жеткізуге болатын ресурстар жергілікті деп аталады. Желінің басқа компьютерлеріне де ашық компьютер ресурстары ортақ немесе желілік деп аталады. Жергілікті және ортақ ресурстар түсініктері шартты. Бұл жергілікті ресурсты ортақ етуге болады және керісінше, ортақ ресурсқа жергілікті мәртебесін беруге болады. Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегі ақпаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады. Желілік операциялық жүйелер Есептеу желілері операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негізгі желілік, операциялық жүйелерге NovellWare, Windows NT, OS/2, Warp Unix кіреді. Windows 95, 98 операциялық жүйелерінде құрамдас желілік құралдар бар.
Ауқымды компьютерлік желілер
Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы бір-бірінен өте алыс орналасқан компьютердің (әр түрлі мемлекеттердегі, құрлықтардағы компьютерлер) өзара байланысын қамтамасыз етуі.
Логикалық ауқымды компьютерлік желі үш компоненттен тұрады:
· Қолданушының жұмыс орны (қарапайым компьютерлер) ;
· әр түрлі сервистармен қамтамасыз ететін серверлер (қуатты компьютерлер) ;
· мәліметтерді тасымалдау желілері.
Ауқымды компьютерлік желілер әртүрлі протоколдар бойынша жұмыс істейді. Қазіргі кезде кең тараған ауқымды желі - Интернет желісі, ТСР/IP протоколы негізінде құрылған
Интернет - ауқымды ақпараттық инфрақұрылым. Қазіргі уақытта 20-да аса ауқымды (глобальды желілер (compuserve, America Online, MS Network) ) бар, бірақ олардың ең танымалдысы - Интернет желісі.
Интернет - бір-бірімен байланыс каналдары ж/е бірегей қабылдау, мәліметтерді беру стандарттары арқылы өзара байланысқан компьютерлер мен компьютерлер желілерінің жиынтығы. Ол деген жер шарын қамтып жатқан ауқымды бүкіләлемдік ақпарт жүйесі болып отыр. Алғашқыда Интернетті құру мақсаты - әртүрлі типтегі компьютерлерді біріктіру болып табылған. Қазіргі уақытта компьютер мен телекоммуникация аймақтарында ғана емес, сонымен бірге әрбір адам өзіне қажетті ақпаратты тауып, оған қажетті дегенді жібере алады. Соның нәтижесінде Интернет ақпарат ресурстарымен үздіксіз толығып отырады.
1965 ж. Массачусет технологиялық институтындағы компьютер калифорнияның телефон байланысына қосылды.
Интернет 1969 ж. АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды. ARPANET желісі оқу орындарын, әскерлер мен әскери мәдігерлерді біріктіретін желі еді. Ол о баста зерттеушілердің ақпарат алмасуына көмек ретінде, сондай-ақ ядролық шабуыл кезінде қалай байланыс жасау керектігін зерттеу үшін жасалған.
ARPANET алғашқыда ғалымдарға тек жүйеге енуге ж/е қашықтағы компьютерге программа енгізуге мүмкіндік берді. Ұзамай бұзған файлдарды, электронды поштаны ж/е жөнелту тізімін беру мүмкіндіктері қосылды. Мұндағы мақсат бір мәселемен айналысыпы жүрген зерттеушілердің ақпарат алмасуларына мүмкіндік ашу болатын. Бірақ ARPANET -тің өсуіне орай ж/е басқа желілер дамып, оларды бір-бірімен жалғастыру қажеттілігі туындады. Осылай бір-бірімен жалғасқан желілерден тұратын Интернет дүниеге келді.
1971-72 жылдары ARPANET желілеріне арналған біріңғай хаттамалармен (протокол) жұмыс аяқталды. Бұл хаттама Network Control Program (NCP) деген атауға ие болды.
Қазіргі кезде Интернетте байланыстың барлық белгілі желілері қолданылады: төмен жылдамдықтағы телефондардан жоғары жылдамдықтағы спутниктік арналарға дейін. Ақпараттық ж/е бағдарламалық құралдар да әр түрлі. Компьютерлер арасында ақпарат беру қолданылатын байланыс желілерінен, ЭЕМ ж/е бағдарламалық қамтамасыз ету түрінен тәуелсіз болу үшін, ақпарат берудің арнайы хаттамалары жасалған. Олар деректерді белгілі бір өлшемді блоктарға (пакеттерге) бөлшектеу принципі бойынша жұмыс істейді - пакеттер ретімен адресатқа жөнелтіледі.
Интернетте 2 негізгі хаттама қолданылады. Компьютер тілінде хаттама дегеніміз - келісмідер жиынтығы, ал ол болса, түрлі программалар арасында мәліметтерді алмасуды реттейді. Хаттамалар желіге мәліметтерді беру мен қателерді өңдеуді тапсырады. Оларды пайдалану мәліметтер алмасудың нақтылы ақпараттық тарату жүйесіне тәуелсіз стандарттар жасауға мүмкіндік береді. Желіаралық хаттама (Internet Protocol - IP) берілетін дректерді жеке пакеттерге бөліп, алушының адресі көрсетілген тақырыппен жабдықтайды.
Беруді басқару хаттамасы (Transmission Control Protocol TCP) мұндай пакеттің дұрыс жеткізілуіне жауапты. Қос пакет белгілі бір дәрежеде біртұтас нәрсе болғандықтан, оларды TCP/ IP хаттамасы деп атайды. Олар 1974 ж. Жасалған. Егер Интернетке қысқаша анықтама іздесек, онда оны жай ғана бұл TCP/ IP хаттамасын пайдаланатын желілердің желісі деп атауға болады. Байланыстың талшықтық-оптикалық және спутниктік тізбектерімен біріктірілген ең өнімді компьютерлердің бірнешеуі Интернеттің тірек желісін құрайды. Тірек желісінде суперкомпьютерлер жұмыс істейді, оларды әдетте аса ірі университеттік н/е ғылыми зерттеу орталықтарында орналасқан, көбі АҚШ территорияларында. Тірек желісі тізбектерінің өнімділігі секундына бірнеше Гбит-қа жетеді тірек желісіне, мысалы, қарамағанда ұлттық көлемдегі компьютерлік желілер бар. Тек ірі ұйымдар ғана қосылады. Олардың байланыс тізбектірінің өткізу қабілеттілігі ондаған, тіпті жүздеген Мбит/с шегінде. Ұлттық желілерге кәсіпорындар мен провайдерлердің жергілікті желілері қосылады. Тізбектің типіне байланысты олардың өнімділігі ондаған Мбит/с-қа дейін барады. Кейін бұл жергілікті желілердің компьютерлеріне жеке пайдаланушылар қосыла алады.
Егер ұйымдар мен жеке адамдар ақы төлеу негізінде Интернетке шығарылатын болса, оларды провайдерлер деп атайды.
Интернет желісі толығымен орталықсыздандырылған. Ол дегеніміз - желіні пайдалану ережелері мен шарттарын белгілейтін, олардың орналасуын қадағалап, бұзушыларды жазалайтын басқарушы инстанцияның болмауы. Уақыт өте бере желіні пайдаланудың жалпы қабылданған белгілі принциптері қалыптасты.
Жеке компьютерді (желіде олар жұмыс станциялары д/а) ж
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz