Қазіргі қазақ тілі фонетикасы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
СӨЖ
Пән: Қазіргі қазақ тілі фонетикасы
Топ :Фи-503
Орындаған :Камбаева Н. Т
Тексерген :Қалиева. С. Е
Семей 2015 ж
ЖОСПАР:
1. Ассимиляция құбылысы және диссимиляция
2. Қазақ орфоэпиясының жай-күйі
3. Қазақ жазуы және орфографиясы
4. Пунктуация мәселелері
Ассимиляция (Ықпал) (лат. assimilatio - ықпал) - екі дыбыстың айтылуы мен акустикасына қарай бір біріне ықпал ете үндесуі. Дауыстылармен дауыстылар, дауыссыздармен дауыссыздар үндеседі.
Сөйлеу процесінде бір сөз екінші сөзбен, бір буын екінші буынмен өзінің екпіні, буыны, т. б. жақтарынан жиі қиюласатыны сияқты, бір дыбыс екінші дыбыспен де үйлесіп, үндесіп тұрады. Сингармонизм дауыстылардың үндесуі болып есептелсе, ассимиляция, негізінде, дауыссыздардың үндесуі болып есептеледі.
- Ассимиляция толық түрде ұшырайды; басқаша айтқанда, бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп, толық еліктіреді; мысалы: жаз / са, сүз / се (айтылуда: жасса, сүссе) ; қосымшаның с дыбысы түбір сөздің соңғы з дыбысын дәл өзіндей етіп толық еліктіріп отыр: жасалу орны жағынан да, жасалу жолы жағынан да, дауыс қатысы жағынан да - бұл екеуі бірдей. Сол сияқты, з + ш немесе с + ш түрінде екі дауыссыз қатар түрса ш + ш түріне айналады; мысалы: сөз + шең, жұмыс + шы (айтылуы: сөшшец, жұмышшы) ; ш + с болса да ш + ш түріне айналады: қаш + са, шаш + са (айтылуы: қашша, шашша) ; з + ж түрі ж + ж-ға айналады: боз жігіт (айтылуы: божжігіт) ;
- Ассимиляция жарым-жартылай түрде ұшырайды; басқаша айтқанда, бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп еліктірмей, бір жақты еліктіреді, мысалы: қаз + ға, тас + қа; осындағы түбірдің соңғы ұяң з дыбысының ауанымен қосымшаның басқы дыбысы да ұяңдап түр; түбірдің соңғы қатаң с дыбысының ауанымен қосымшаның басқы дыбысы да қатаң айтылып тұр. Сол сияқты, ақ ешкі дегеннің айтылуы ағешкі болып, өзінен кейінгі дауыстының ықпалымен қ дыбысы ғ дыбысына айналып түр; ал ақ бала дегеннің айтылуы ақпала болып, өзінен бұрынғы қатаң дыбыстың ықпалымен б дыбысы п дыбысына айналып түр; бала + лар (ұй\лер), қыз + дар (кәз + дер), ат + тар (шәп + тер) жоғарыдағы ізбен үндесіп түр. Осы келтірілген мысалдардан мынаны көруге болады: бір дыбыс екінші дыбысты толық, дәл өзіндей етіп өзгертпей, бір ғана артикуляциялық белгі жағынан өзгертіп тұр; екінші сөзбен айтқанда, көршілес дыбыстар дауыс қатысы жағынан үндесіп түр: дыбыстар тіркесі үяң + қатаң (қатаң + үяң), үнді + қатаң (қатаң + үнді) немесе дауысты + қатаң, (қатаң + дауысты) түрде келмей, қатаң қатаңды тілеп, дауысты және үнді мен ұяң үяңды (немесе үндіні) тілеп тұр.
Жартылай түрдегі ассимиляция тілімізде өте жиі қолданылады. Ал, толық түрдегі ассимиляция қазақ тілінде де, өзге тілдерде де тым сирек кездеседі. Сөйтіп, бір сөз көлемінде (түбір мен қосымша аралығында) немесе бірнеше сөз көлемінде (сөздер аралығында) тетелес келген дыбыстардың үндесуін ассимиляция дейміз.
- Толымсыз ассимиляция- екі дыбыстың жартылай ықпал етуі (қаз. Агіт + бай - Айт + пай ұяң дыбыстың қатаңға айналуы) .
- Толымды ассимиляция- екі дыбыстың қосылып, бірдей айтылуы нэтижесінде пайда болатын ассимиляция (қаз. Дос + жан - Дошшан) .
Прогрессивті ассимиляция . Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында алғашқы дыбыстың кейінгі дыбысқа артикуляцпя жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін прогрессивтік ассимиляция дейміз. Кей авторлар жуан түбірге қосымшаның жуан түрде, жіңішке түбірге қосымшаның жіңішке түрде жалғануын да прогрессивтік ассимиляцияға жатқызады. Буынның (сөздің) жуан-жіңішкелі келуі дауыстыларға байланысты. Мәселен: су + лар + ымыз + ға, жер + лер + іміз + ге деген сөздердің алғашқысы жуан, кейінгісі жіңішке естілуі тиісінше жуан, жіңішке дауыстыларға байланысып тұр; осындағы алғашқы дауыстылар кейінгілерді игеріп тұрғандығы даусыз. Бұл тәрізді құбылысты үндестік заңы (сингармонизм) категориясына жатқыза тексеру мақұл.
Сипгармонизм категориясы дауысты мен дауыстының қарым-қатысын тексереді де, ассимиляция категориясы дауыссыз бен дауыссыздың (кейде дауысты мен дауыссыздың) қарым-қатысын тексереді.
Регрессивті ассимиляция. Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін регрессивтік ассимиляция дейміз. Регрессивтік ассимиляция прогрессивтік ассимиляция тәрізді бір сөз көлемінде де, екі сөз көлемінде де ұшырай береді.
Диссимиляция (лат. dissimilatio-ұқсау) дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі ретінде қарастырылады. Ассимиляцияда көрші дыбыстар бір-бірімен үндесіп, ұқсап тұратын болса, диссимиляцияда керісінше, сөз ішіндегі бірдей немесе ұқсас дыбыстардың біреуі өз орнын ұқсастығы жоқ дыбысқа береді. Яғни диссимиляция-бір сөз ішіндегі артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі. Олар бір-бірімен қатар және араға басқа дыбыстар салып тұруы мүмкін.
- Бұл-әдеби тілде сирек құбылыс, көбіне нрмаланбаған тілде(диалект, қарапайым тілде және балалар тілінде) кездеседі. Ассимиляция сияқты бұл да прогрессивті және регрессивті болады. Орыс тілінде қарапайым сөйлеуде бомба, трамвай сөзін бонба, транвай түрінде айту ұшырамайды. Яғни б-мен ерін қатысы жағынан жарасым тауып тұрған м дыбысы»аласталып», оның орнын тіл алды н алады. Сондай-ақ коридорды, колидор түрде айту бар. Бұлақ-регрессивті диссимиляция.
- Ал февральды- февраль түрде айту-прогрессивті диссимиляция. Қазақ тілінде дыбыс үндестігін ескермей сөзді жазу боййнша айту осы диссимиляциға мысал бола алады.
- Пайдаланылған әдебиет:С. Мырзабеков Алматы2006 66-72беттер.
Қазақ орфоэпиясының жай-күйі
Орфоэпия (гр. 'orthos' - дұрыс, epos - сөз, сөйлеу) - сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық, т. б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады. Орфоэпия нормада дұрыс сөйлей білу сөздің әуезділігін сақтауға мүмкіндік береді, сөз құлаққа жағымды естіледі. Орфоэпия тілдің ауызша сөйлеу нормаларын реттеп отырады. Әр тілдің орфоэпиясы сол тілдің басты фонетикалық заңдылықтарына сүйенеді. Мысалы: орыс тілінде сөздің дұрыс айтылуы, негізінде, екпінге байланысты болса, қазақ тілінде сингармонизм зандылығына байланысты.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде әсіресе дыбыс үндестігі ерекше орын апады. Кейбір зерттеулерде сөздің бірыңғай жуан немес жіңішке, бірыңғай езулік немесе бірыңғай еріндік болып айтылуының фонологиялық мәні бар деп көрсетіледі. Мысалы, ен-сон-өн, іс-үн, үн т. б. сөздер бір-бірінен дискеретті бірліктер яғни жеке фонемалар ғана емес, сөздің біріңғай жуан немесе жіңішкелігі, езулік-еріндігі арқылы ажыратылып тұр. Сондықтан дыбыс үндестігі қазақ тілі орфоэпиялық негізгі нормаларының бірі болып табылады.
Сондай-ақ қазақ тіліндегі дауыссыздардың бір- бірімен үйлестілігі (ассимиляция) айтылуы: [башшы] басшы, [біссіз] бізсіз, [түңгү) түнгі. б. орфоэпиялық норма үшін ерекше мәні бар. Орфоэпия ұлттық тілдің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты. Мысалы, [ш] -мен с-йлеу: [шаш] -[чаш] емес, [ұш] -[үч] емес, [ж] -мен сөйлеу: [жарқын] -[джарқын] емес, [жақсы] - [джақсы] емес т. б. Сондай-ақ жалпыхалықтық тілде кездесетін "л" - "д" дыбыстық нұсқ апа- рының маңцай (маңлай диал. ) жылқылар (жы- лқыдар диал. ) болып айтылуы ұлттық әдеби тіл нормаларының қалыптасуымен байланысты.
Қоғамдық өмірде шаршысөз түрлерінің (театр, кино, радио-телевизия хабарлары т. б. ) пайда болып, әлеуметтік мәнінің артуы орфоэпиялық нормалардың орнығып, ұлттық сипатқа ие болуын жеделдете түсті. Алайда қатаң дыбыстарды "сындырып", "ұяңдатып" айту нормасы [қолғойды] -[қолқойды] емес, [кәсібодақ] -[кәсіподақ] емес, соңғы жылдарда әсіресе радиотелехабарларда әріп қуалай сөзді қалай жазылса, солай оқу дағдысымен байланысты бұзылып, "қатқылдата" дыбыстау жиі ұшырай бастады. Бұл жай орфоэпия тұрғысынан қазақ сөзінің әуезділігіне нұқсан келтіретін жағымсыз құбылыс, нормадан жөнсіз ауытқу деп табылады
Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғаш пікір айтушылардың бірі-проф. М. Балақаев. Ол өзінің»Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері»деп аталатын еңбегінің алғы сөзінде былай дейді:»Бірақ сөздердің айтылу нормасы және сол норманы сақтап сөйлеу мәселесі ескерілмей, елеусіз қалып келеді. Сондықтан да бізде бұл мәселе жөнінде күні бүгінге дейін ала-құлалық байқалады.
М. Дүйсебаеваның»Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері»-аты айтып тұрғандай, осы мәселеге арналған зерттеу.
Автор дұрыс сөйлеудің нормасы тіліміздегі белгілі бір дыбыс заңдылығы бойынша қалыптасатынын ескеріп, тіліміздегі дыбыстардың әрқайсысының айтылуындағы ерекшеліктерге жеке-жеке тоқтайды.
Қазақ тілі орфоэпиялық нормаларын жүйелі түрде біршама дұрыс баяндаған, осы саладағы ізденістерге үлгі-өнеге боларлық-Р. Сыздықованың»Сөз сазы». 1983жылы жарық көрген бұл кітапшада қазақ тілінде тұңғыш» Орфоэпия қағидалары»жүйеге түсіріліп, 36параграфқа топтастырылған. Және мұның өзі құрғақ, жай қағида болып қалмаған; мысалдар берілген, жаттығуы және бар. Еңбектің және бір артықшылығы сөйлеу үстінде сөздердің ритмикалық топ құрап айтылатынын және ондай топтардың түрлерін(он бес түрлі) анықтайды.
Ә. Жүнісбековтің еңбектері тіліміздегі дыбыстардың акустика-атикуляциялық, қасиеттерін дұрыс танытып қана қоймай, орфоэпияға қатысты да құнды фактілер бере алады.
Сөздермізді айтудағы ала-құлалық, орфоэпия жөніндегі пікілер, мақала, зерттеулер, орфоэпиялық сөздіктердің жасалуына түрткі болды. Олар:Қ. Неталиеваның»Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі»және М. Дүйсебаевның»Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі».
Оның үстіне сөздің дұрыс айтылуын анықтауда, орфоэпиялық норманы тануда ұстанатын негізгі критерийдің де басы ашылып болған жоқ. Бұл мәселеге байланысты көзқарастар мынадай болып бөледі:
1) көпшілік қалай айтса-сол норма;
2) неғұрлым жазылуына жуық дыбыстау:
3) жастардың айтуын норма деп тану(өйткені болашақ жастардікі ғой) ;
4) астананың айту машығын негізге алу;
5) сахна шеберлерінің сөйлеуін үлгі ету;
6) говорлардың көпшілігіне тән машығын ескеру;
7) мәдени-тарихи дәстүрді басшылыққа алу;
8) тілдің ішкі даму заңдары қуаттайтын форманы мойындау.
Орфоэпиялық норманы дұрыс меңгеру үшін тілдегі әрбір дыбыстың акустика-артикуляциялық белгі-қасиеттерін, қолданылуындағы(айтылу, жазылуындағы) ерекшеліктерді жақсы білу керек болады.
Пайдаланылған әдебиет:Сапархан Мырзабеков Алматы2006 83-88беттер
Қазақ жазу және орфографиясы
Қазақ тіліне қызмет ететін жазу таңбалары (графика, алфавит, әліпби) мен орфографиясы (емле) проблемасы ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап баспасөз бетінде көтеріліп, әлеумет назарына іліне бастады. “Дала уалаяты газетінің” 1896-жылғы 27-санында Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық идеясын қолдаған сауатты азамат А. Құрмамбаевтың “Қазақ тілі турасынан” деген мақаласы жарияланды. Мұнда автор қазақтың жазба тілі ноғай (татар) сөздерімен “шұбарланып барады” деп қауіп айтады. Бұл қазақ тілінің сөздік қазынасы жайындағы алғаш көтерілген мәселе болса, әрі қарай ұлттық (“қазаққа керек”) жазу-графика, орфография, пунктуация мәселелері де әңгіме бола бастайды. “Дала уалаяты газетінің” (әрі қарай ДУГ) 1896 жылғы 31-32 - сандарында жарияланған ағартушы Д. Сұлтанғазиннің “Қазақ тілінше жазу туралы” деген көлемді мақаласында қазақ тіліне шеттен келген сөздер жайында айта келіп, «көп заманнан бері қазақ тілінде жүріп, бұзылған себебінен (автор бұл кезде «бұзылған» деп фонетикалық тұрпаты қазақ тіліне икемделіп өзгерген құбылысты айтып отыр) араб, парсы сөздерін қазақтың сөйлеуі бойынша жазу жарайды» - деп орфографияға қатысты ең алғашқы пікірлердің бірін айтады. Бұл принципті қазақ емлесі күні бүгінге дейін танып келеді. Ал орыс тілінен еніп жатқан сөздерге келгенде, Д. Сұлтанғазин өзгеше принципті ұсынады. Алдымен, ол қазақ тіліне араб, парсы сөздерін көптеп қабылдай бергенді қостамайды да, орыс тілінен сөз алуға назар аудару керек дейді. Олардың емлесі жайында да пікір айтады. Орыс сөздерін екі топқа бөледі, ертеде еніп, қазақша тұлғаланып кеткендерді сол қалпында жазу дұрыс дейді. Ал жазу арқылы келген сөздерді араб жазуының мүмкіндігінше орысша тұлғасын сақтап жазуды қостайды: «орыстардың өз сөйлегендеріне ұқсастырып жазуға тырысу керек». Сондықтан жандарал, жанарал деп жүрген сөздерді генерал деп жазу керек дейді. Газет осы тәртіпті ұстанған. Біздің бүгінгі емлемізде талас тудырып келе жатқан мәселенің бірі - жазба арқылы келген орыс сөздерінің орысша орфограммасын сақтап жазу немесе қазақша «сындырып» айтылуынша жазу дилеммасы басын ХІХ ғасырдан алады екен. Біз қазір «Сұлтанғазинше» жазып жүрген сияқтымыз.
ХІХ ғасырдың соңғы онжылдығында қазақ мәдениеті үшін алфавит таңбаларының тіл табиғатына үйлесімді, қолайлы болуы жөніндегі мәселе жиірек сөз болды. ДУГ-та Д. Сұлтанғазиннен басқа Р. Дүйсенбаев, О. Әлжанов, И. Бисенұлы сияқты сауатты, білімді, ағартушы авторлар да тіл, графика, емле жайында пікірлерін білдіріп отырды. Д. Сұлтанғазин аталған газеттің 1899 жылғы 23-нөмірінде «Қазақ сөзін қалайша жазу турасы» деген мақаласында қазақ әліпбиі жөнінде сөз қозғап, христиан миссионерлері ұсынған «орыс» жазуы мен араб жазуының қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне қайсысы қолайлырақ дегенді талдайды. Бірақ араб әліпбиін былайша реформалау керек деген сияқты нақты ұсыныстар айтпайды.
Тіл (қазақ тілі) жайында жазылған мақалалардың көпшілігінде араб әліпбиінің қазақ тілі үшін жарамсыз, оны толықтыру не жаңа алфавит жасау қажет дейді (Р. Дүйсенбаев «Қазақ алфавиті туралы мәселеге, ДУГ, 1897, №10) . Араб алфавитінің қазақ тіліне үйлесімсіздігін Д. Сұлтанғазин де, О. Әлжановтар да айтады. Демек, араб графикасын реформалау идеясы ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында әлеумет назарына ұсынылса да, оның жүзеге асырылуы ХХ ғасырдың алғашқы 10-15 жылының үлесіне тигені белгілі. Бұл идеяны дұрыс түсініп, нақты іске кіріскен ұлы ағартушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов болды.
Қазақ жазбаларының орфографиясы мен жазба мәдениеті туралы әлеуметтік үн де ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы 10-15 жылы барысында ашығырақ шықты, мақалалар жарияланды, қазіргі тыныс белгілерінің түр-тұрпаты мен орындары көрсетілді . Жоғарыда айтылды, араб жазуымен берілген мәтіндерде ешқандай тыныс белгілері болмады. ДУГ-тің өзі бастапқы нөмірлерінде тыныс белгілерінсіз шығып тұрыпты. Кейін өзі танытып түсіндірген тыныс белгілерін пайдаланды.
Бірақ не газет редакциясы, не жеке авторлар бұл тыныс белгілерінің қазақша толық (түгел) атауларын (терминдерін) бере алмады. Тыныс белгілері дегенді тыныстар деп атады және тыныс белгілерін қою емес, тыныстарды жүргізу деді. Ал жеке бірқатарының атауларын: нүктені - тыныс, үтірді - жарты тыныс, нүктелі үтірді - тыныстың төрт бөлгенінің бірі, сұрау белгісін сұралған жауаптың аяғына қойылады деп, леп белгісін ашуланып не қорқып, яки таңданып айтқан сөздің аяғына қойылды деп, осы үлгіде әрі қарай тырнақшаның, қос нүктенің, көп нүктенің, дефистің, сызықшаның терминдік атаулары емес, түсіндірмелері ғана көрсетілген (ДУГ, 1898, №42) . Тыныс белгілерінің осы күнгі терминдерін алғаш ұсынған А. Байтұрсынов болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz