TSQL мәліметтерімен жұмыс істеу негіздері


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: TSQL мәліметтерімен жұмыс істеу негіздері.

Орындаған: Демежанов А. М.

Тексерген: Мухаметов Е. М.

2015

Жоспары:

1. Идентификаторлар және өрнектер 2. Басқаратын конструкциялар 3. SELECT, INSERT, UPDATE, DELETE инструкциялар 4. SQL предикаттары және үштік қисын Идентификаторлар және өрнектер

SQL Server-мен жұмысы үшін Transact-SQL деп аталатын SQL тілінің диалекті қолданылады. SQL алғашқы тілімен салыстырғанда Transact-SQL-да қосымша кілттік сөздер енгізілген.

Негізгі операторлар INSERT, DELETE, UPDATE, SELECT және басқа операторларда SQL тілінің синтаксисі қолданылады. Transact-SQL қосымша мүмкіндіктері ақпараттың көлемін басқарауына байланысты.

SQL Server барлық объектілерінде өз атаулары бар. Уақытша объектілерді белгілеу үшін арнайы символдар қолданылады: @ - уақытша айнымалылар немесе параметрлер, # - уақытша кесте не сақталатын процедура. Уақытша объектілер бір сеанс не транзакция уақытында бар болып, содан кейін өшіріледі. Аумақты айнымалыларды белгілеу үшін келесі символдар қолданылады: @@[атауы], ##[атауы] . Шектеулерді шектеу үшін объект атауын квадрат жақшаларына не тырнақшаға алады. Егер объект атауы (кесте, баған не т. б. ) сақталатын процедураның аргументі ретінде қажет етілсе, онда командалар апострофқа алынады.

Өрнектер функция, амалдар, тұрақталыр идентификаторларының жинағы ретінде көрсетіледі. Өрнек сақталатын процедураның командаларында аргумент ретінде қолданылады. Келесі операторлар SQL Server-де анықталады:

Унарлық
+, -
Унарлық: Меншіктеу
+, -: =
Унарлық: Арифметикалық
+, -: +, -, *, /, %
Унарлық: Жолдық
+, -: +
Унарлық: Салыстыру
+, -: <, >, =, <=, >=, <>, !=, !<, !>
Унарлық: Қисын
+, -: ALL, AND, ANY, BEETWEN, EXISTS, IN, LIKE, NOT, OR, SOME
Унарлық: Биттік
+, -: &,, ^

Қисын операторлар сұратуларды жазғанда не мәліметтерді өзгерту командаларында қолданылады.

ALL - скалярлық өрнектің барлық ішкі сұраныстың қайтаратын мәндерімен салыстыруы орындалады. Егер қисын шарты орындалса, сонда ғана барлық шарттар орындалды деп айтуға болады.

Синтаксисі:

<өрнек>{=, <>, !=, >, >=, !<, <=, !<} ALL (<ішкі сұраныс>)

ANY - ішкі сұраныстың қайтаратын мәндерінің әрқайсысымен скалярлық өрнектің салыстыруын орындайды. Және ақиқатты қайтарады, егер ішкі сұраныстың мәндерінің бірі жұмыс істесе.

Синтаксисі:

< өрнек >{=, <>, !=, >, >=, !<, <=, !<} ANY (<ішкі сұраныс >)

BEETWEN - оператор ақиқат мәнін қайтарады, егер өрнек мәні анықталатын диапазонына кірсе. Егер NOT қисын операторы ақиқатты қайтарады егер мән диапазонға кірмесе.

Синтаксисі:

< өрнек > [NOT] BEETWEN <жоғарғы табалдырық> AND <төмеңгі табалдырық >

IN - оператор ақиқатты қайтарады, егер ішкі сұраныстың қайтаратын мәндерімен өрнек мәндері сәйкес келсе. Мәндер тізімі үтір арқылы саналады. Оператордың жалпы форматы:

< өрнек > [NOT] IN (<ішкі сұраныс > <мәндер тізімі>)

EXISTS - бар болу операторы ақиқатты қайтарады, егер ішкі сұраныс бір жолды қайтарса, ал ішкі сұраныстың нәтижесі бос болса, онда жалған мәні қайтарылады.

Синтаксисі:

EXISTS (<ішкі сұраныс >)

LIKE - жолдық мәндер салыстырмасы берілген шаблонмен өрнекті салыстыру амалын орындайды. Шаблонда алмастыру символдары бар: % - символдардың кез келген саны, _ - кез келген бір символ, [] - мүмкін болатын символдар жинағы, [^ ] - сәйкес символдың орынына берілген тізімнің барлық символдары болу мүмкін.

Синтаксисі:

<өрнек> [NOT] LIKE <шаблон>

Басқаратын конструкциялар
  1. BEGIN … END - бір блокқа екі не одан көп командаларды топтау амалын жүргізеді. transact SQL кейбір командалары басқа командалармен орныдалмайды, сондықтан олар берілген конструкцияға кірмейді. Мұндай командаларға: резервті көшіру командасы, кесте құрылымын өзгерту командасы, сақталатын процедураның командасы және т. б. жатады.
  2. If <қисын өрнек >

<команда 1>

[ Else

<команда 2>]

IF кілттік сөзден кейін шарт болады. Есептеу нәтижесі ақиқат, жалған, не белгіссіз болу мүмкін. Егер шарт ақиқат болса, онда келесі инструкция орындалады. Егер жалған не белгіссіз болса, онда ELSE кілттік сөзден кейін болатын инструкция орындалады.

  1. CASE … END - жиын таралымы, басқа өрнектерде айнымалы ретінде қолданылатын функция болады. Конструкцияда екі түрі бар:

CASE <өрнек >

WHEN <вариант> THEN <нәтиже>

[…]

[ ELSE <нәтиже> ]

END

CASE

WHEN <шарт> THEN <нәтиже >

[…]

[ ELSE <нәтиже> ]

END

  1. COALESCE - мәндер тізімінен нөлдік емес бірінші мәнді қайтарады.

COALSCE (<мәндер тізімі >)

  1. WHILE циклінің инструкциясы

WHILE <шарт>

< цикл денесі>

BREAK операторы циклді аяқтап, басқармасын келесі WHILE операторына береді;

CONTINUE операторы - циклдің ағымды итерациясын тоқтатып, келесі итерацияға көшеді.

SELECT, INSERT, UPDATE, DELETE инструкциялар

SQL SELECT инструкциясы бір не бірнеше кестелерден жолдарды шығарады. SELECT инструкциясында қажет мәліметтермен бағандар тізіміні береді. Сонымен қатар, бұл инструкцияда сізге қажет мәліметтерді топтау не сұрыптау амалдарын белгілеуге болады. Мынадай түрде SELECT инструкциясының базалық құрылымы болады:

SELECT бағандар_тізімі

FROM кесте_тізімі

WHERE таңдау _шарты

GROUP BY топтау _үшін_бағандар

HAVING таңдау _шарты

ORDER BY сұрыптау _үшін_бағандар

Ал, мына түрі SELECT инструкциясының қарапайым түрін көрсетеді:

SELECT * FROM Table1

SELECT сөзінен кейін келетін (*) жұлдызша символы «барлық бағандар» дегенді білдіреді. FROM сөйлемінде бір кесте не көрініс беріледі. Берілген мысалда кесте Table1. Кесте не көрініс атаулары дерекқорының атауымен дәлелденуі керек. Мысалы, MyBasa. dbo. Table1.

Кестеден қайталанатын жолдарды шектеу үшін SELECT инструкциясына WHERE сөйлемін қосу керек. WHERE қарапайым сөйлемінде SQL предикаты болып келетін таңдау шарты болу керек. Сұраныс таңдау шарты ақиқат болатын жолдарды қайтарады.

WHERE сөйлеміндегі таңдау шарты бірнеше предикаттардан тұру мүмкін. Бұл предикаттар AND және OR операторлармен біріккен. Болдырмау шарты NOT қисын операторы арқылы беріледі.

ORDER BY сөйлемі қортынды кестені SELECT инструкциясы арқылы сұрыптау үшін қолданылады. Бұл сөйлемде бағандар тізімі осы бағандардың мәндерін өсу (ASC кілттік сөзі арқылы беріледі) не кему (DESC кілттік сөзі арқылы беріледі) бойынша сұрыптау беріледі.

INSERT инструкциясы кестеге жаңа жолды қосу үшін қолданылады. строки. Мынадай түрде INSERT инструкциясының базалық құрылымы болады:

INSERT INTO кесте_атауы

(бағандар_тізімі)

VALUES (бағандар _мәндер_ тізімі)

Кесте атуынан кейін INSERT инструкциясында жақшаға алынған бағандар тізімі, содан кейін осы бағандардың мәндер тізімі бар VALUES сөйлемі кездеседі.

INSERT инструкциясында екі тізімде қатаң бір-біріне сәйкес болу керек, яғни мәндер бағандар тізіміне сәйкес белгіленуі керек. Бағандар тізімін белгілемеуге де болады, ол үшін кестенің барлық баған мәндері берілуі керек.

INSERT инструкциясында жүйе анықта алмайтын мәдердің барлық бағандары берілу керек. IDENTITY атрибутымен бағанды анықтауға қажет емес, себебі мәні үнсіз келісім бойынша беріледі. Егер қалып қойған баған үшін мәні үнсіз келісім бойынша берілсе, онда осы бағанға ол да жүктеледі. IDENTITY және rowversion бағандарына автоматты түрде сәйкес идентификаторлар меншіктеледі, ал қалған бағандарға NULL мәні беріледі. Бұдан басқа, INSERT инструкциясында DEFAULT кілттік сөзі жалғасады, себебі оған үнсіз келісім мәні не NULL меншіктеледі.

UPDATE инструкциясы кестедегі бар жолдарды жаңарту үшін қызмет етеді. н служит для обновления существующих строк в таблице. UPDATE инструкциясының базалық құрылымы келесі түрде болады:

UPDATE кесте _атауы

SET меншіктеу_амалы

WHERE таңдау _шарты

SET кілттік сөзінен кейін осындай синтаксиспен бір не бірнеше амалдар беріледі:

баған _атауы = өрнек

WHERE сөйлемінде жаңартылатын кесте жолдарын таңдау шарты беріледі. Егер WHERE сөйлемі берілмесе, онда кестенің барлық жолдары жаңартылады.

Кестеден жолды өшіру үшін DELETE инструкциясы беріледі:

DELETE FROM кесте _атауы

WHERE таңдау _шарты

Кездейсоқ жағдайда кестеде барлық жолдарды өшіріп тастауға болады - WHERE сөйлемсіз DELETE инструкциясын жүктесе. Бірақ кестенің өзі базада қалады.

SQL предикаттары және үштік қисын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәтіндік файл HTML файлына айналуы үшін оның кеңейтілуін
Сыртқы аудиттің түрлері және маңызы
Кадрларды іріктеу процесі және сипаттамасы жайлы ақпарат
Динамикалық айнымалылар құрылымы
SQL сұраныстар тілі. Мәліметтер қорын жобалау
Тауарлы-материалды қорларды түгендеу және оларды есеп беруде ашып көрсету
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ АРХИТЕКТУРАСЫ
Ақпараттық технологиялар
Мәліметтер базасының теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz