Темперамент – психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың формальды – динамикалық қасиеттері



1. Темперамент жайлы түсігік.
2. Темперамент жайлы теориялар.
3. Гиппократ теориясы.
4. Темперамент типтері.
5. А.Г.Ковалев және В.Н.Мясищев индивидуалды зерттеу жолын 4 топқа бөлді:
6. Темперамент . психикалық іс.әрекет пен мінез.құлықтың формальды . динамикалық қасиеттері.
Темперамент тұлғаның мәнді қасиеттерінің бірі. Берілген мәселеге деген қызығушылық ерте кезде туындап, қазіргі кезге дейін психологияның зерттейтін маңызды бөлігі болып табылады.
Темперамент адамның табиғи сипатының, психологиялық іс-әрекетінің динамикалық ерекшеліктері, яғни психикалық процестер мен жағдайлардың әрекеттерінің ырғағы, қарқыны, жылдамдығы жатады.
1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.
2. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.
3. Намазбаева Ж.И., Психология, оқулық Алматы-2005.
4. Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996.
5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атандағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Темперамент - психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың формальды - динамикалық қасиеттері.

Тексерген: Тезекбаева М.Ж.
Орындаған: Байдолдаева Б.
ПХ-315 топ

Семей 2015ж

Жоспар:
1. Темперамент жайлы түсігік.
2. Темперамент жайлы теориялар.
3. Гиппократ теориясы.
4. Темперамент типтері.
5. А.Г.Ковалев және В.Н.Мясищев индивидуалды зерттеу жолын 4 топқа бөлді:
6. Темперамент - психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың формальды - динамикалық қасиеттері.

Темперамент тұлғаның мәнді қасиеттерінің бірі. Берілген мәселеге деген қызығушылық ерте кезде туындап, қазіргі кезге дейін психологияның зерттейтін маңызды бөлігі болып табылады.
Темперамент адамның табиғи сипатының, психологиялық іс-әрекетінің динамикалық ерекшеліктері, яғни психикалық процестер мен жағдайлардың әрекеттерінің ырғағы, қарқыны, жылдамдығы жатады.

Темперамент келесі құбылыстарда көрінеді:
1. Адамның жалпы белсенділігінен;
2. Қозғалу ерекшелігі және сөздік қозғалу ерекшелігінен;
3. Эмоционалды процестер ерекшелігінен: эмоцияның туындау және өшу жылдамдығы, күші мен тереңдігі, эмоционалды аймақтың сапалық қасиеті, яғни кез келген эмоцияны бастан кешіру жылдамдығы және т.б.
Сонымен, темперамент адамның белсендік ерекшеліктерін және реактивтілігін біріктіреді. Темперамент бойынша адамдарды ажырату сыртқы өңдерінде, барлық мінез-құлықта және іс-әрекетте байқалады.

Ерте кезден осы көріністердің барлығы ғалымдардың назарын аударды. Темпераменттің туа біткен, адамның табиғи сипаты, яғни ағзаның физиологиясымен байланысты екеніне ешкім күмәнданбайды. Ғылым тарихында темперамент жайлы көптеген теориялар бар.

Темперамент жайлы теорияларды үлкен үш топқа бөлуге болады:
Гуморальді теориялар;
Конституционалды теориялар;
Жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты темпераментті түсіндіруші теориялар.
Гумор сөзі сұйықтық дегенді білдіреді. Ағза сұйықтықтары қозғалымпаз, оның динамикалық бөлігі. Сондықтан мінез-құлық ерекшеліктерін ағзадағы сұйықтықтар қозғалысының ерекшеліктерімен байланыстырады. Осы бағытты ұстанған авторлардың теориялары ең алғаш пайда болған. Ежелгі және ең белгілі гуморальды теория антикалық Грецияда пайда болған, дәрігер және философ Гиппократтыңтеориясы.

Гиппократ теориясы бойынша, адам ағзасында төрт негізгі сұйықтық бар: қан, қара өт, сары өт, сөл. Гиппократ пікірінше, адам ағзасында қай сұйықтық басым болса, соған байланысты 4 темперамент типінің бірі сай келеді: қан басым болса -- сангвиник типі, сөл басым болса -- флегматик типі, сары өт басым болса -- холерик, қара өт басым болса -- меланхолик типі. Гиппократтың ойынша, адам ағзасындағы сұйықтықтың біреуінің басым болуы климат жағдайына және адамның айналысатын іс-әрекетіне байланысты.

Темперамент типтерін б.д.д. өмір сүрген Рим дәрігері К.Гален 13 типке дейінжеткізді.

И. Кант темпераменттің көріну аймағын тарылтып көрсетті. Төрт темперамент типін Кант екі топқа бөлді: әрекет темпераментіне жылдам қимылдайтын холерик пен баяу қимылдайтын флегматикті жатқызды, әсершіл топқа оң эмоциялары басым сангвиник пен теріс эмоциясы басым меланхоликті жатқызды.

Темпераменттің гуморальді теориялары қатарына Лесгафтың көзқарасын жатқызуға болады. Ол психикалық әрекеттің динамикалық ерекшелік сипатын жүрек тамыр жүйесіндегі әр түрлі ұсақ тамырлардан күре тамырға дейінгі қан қозғалыс ерекшеліктерімен байланыстырды.

Темпераментті дене бітімімен түсіндіруші конституционалды теориялар қатарына Э. Кречмер және У. Шелдонның еңбектері жатады.

1921 жылы Э. Кречмердің әйгілі Дене бітімі және мінез атты еңбегі жарық көрді. Оның негізгі идеясы белгілі типті адамдар белгілі психологиялық ерекшеліктерге ие. Адамдарды дене бітіміне байланысты Кречмер төрт конституционалды типке бөлді: лептосоматик, пикник, атлет, диспластик.

1. Лептосоматик - нәзік денелі, ұзын бойлы, кеуде қуысы қушық, иығы тар, ұзын және арық аяқ-қолды.

2. Пикник - май қабаты анық көрінеді, орта және аласа бойлы, жайылған денелі, домалақ басты, мойыны қысқа адамдар.

3. Атлет - бұлшық еттері күшті дамыған, дене бітімі мығым, ұзын және орта бойлы, кең иықты, жамбасы тар.

4. Диспластик - формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес. Бұл типтегі индивидтер әр түрлі дене бітімінің деформациясымен сипатталады.

Кречмер дене бітімінің аталған типтеріне сәйкес темпераменттің 3 типін ажыратады:
1) Шизотимик - дене құрылымы лептосоматикалық немесе астеникалық. Психикасы бұзылғанда шизофренияға бейім болып келеді. Тұйық, тік мінезді, көзқарасын өзгертпейді. қоршаған ортаға қиындықпен бейімделеді.
2) Циклотимик - дене құрылымы пикниктік. Психикасы бұзылғанда маниакальді - депрессивті психозға бейім. Шизотимикке қарсы тип. Қоршаған адамдармен қарым-қатынасы тез түседі.
3) Иксотимик - дене бітімі атлеттік. Психикалық ауытқуларда эпилепсияға бейім. Салмақты, мимикасы мен жестері ұстамды. Ойлау икемділігі жоғары емес, белгілі жағдайларда орнын өзгерткенді ұнатпайды, қайта қоныстанғанда және ауысқанда қиыншылықпен бейімделеді.
В.С.Мерлиннің пікірінше, индивидуалдылық - бұл материяның барлық деңгейлерінің иерархиялы тәртіптелген қасиеттер жүйесі, яғни физикалық,биохимиялық, физиологиялық, нейродинамикалық, психодинамикалық, тұлғалық қасиеттер,және т.б. Экспериментальды психологияны оқытуда пайдаланылатын түрлі құрал- жабдықтың, аппараттың жұмыс істеу негізін игеру қиындығы студенттер назарын ерекше баулыды.Оқытушылар аппараттың жұмыс істеу принципін меңгерген соң жалпы жиналыста өз білгендерін ортаға салды.Сөйтіп осындай ұжымдық еңбек 1909-1910ж.Эксперименталдық психология негізі қаланды.Челпановтың зерттеулерінің арқасында эксперименталдық психологиямен практикалық техникасымен таныстыру әдістемесі үлкен жетістіктерге жетті.Терең теориялық негізділік пен эксперименталдық зерттеулердің ұштасуы психологиялық білім беруді жоғары деңгейге көтерді.Оқыту жұмысы зерттеумен қатар жүрді.Челпанов мектебі кейіннен көрнекі ғалымдардың үлкен тобын құрган:С.В. Кравкова, Н.И. Жинкина, А.А. Смирнова, Н.А. Добринина, В.М. Экземплярский, Т.А. Рудник, Б.М. Теплов, И.А. Рыбников сиякты тұтас бір психологтар ұрпағын тәрбиелеп шыгарды.

АҚШ-та 1940 жылдары У. Шелдон темперамент теориясы кең танымалдыққа ие болды. Темпераменттің негізін эмбриологиялық тұрғыда түсіндіруге тырысты.

Үш типті бөліп көрсетті:
1) эндоморфты - эндодермадан ішкі мүшелер жақсы дамиды;
2) мезодерма - бұлшық еттер жақсы дамиды;
3) эктоморфты - тері мен жүйке талшықтары жақсы дамиды.

У. Шелдон бойынша, аталған дене типтеріне дененің белгілі функцияларына тәуелді белгілі темперамент типтері сай келеді: висцеротония (ішкі мүшелер), соматотония (дене) және церебротония (ми).

Темперамент теорияларының үшінші тобын құрайтын жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты теориялар қатарына И.П. Павлов еңбегі жатады. Павлов зерттеулері темперамент тұлғаның тума сипатталатын қасиеттері екендігі жайлы көзқарастың қалыптасуының негізі болды. Кеңестік психологияда темперамент теорияларының дамуына үлкен үлес қосқан Б.М. Теплов еңбектері болып табылады. Теплов темпераменттерінің қасиеттеріне психикалық іс-әрекет динамикасын сипаттайтын тұрақты психикалық қасиеттерді жатқызды. Темпераменттің индивидуалды ерекшелігін темпераменттің қандайда бір қасиеттерінің даму деңгейімен түсіндірді. Темпераменттің мәнді қасиеттеріне келесілерді жатқызды:
Эмоционалды қозу;
Зейіннің қозуы;
Эмоцияның күші;
Мазасыздық;
Ырықсыз қозғалыстардың реактивтілігі;
Ерікті мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің белсенділігі;
Майыспалылық - регидтілік;
Резистенттілік;
Субъективтілік.
Темпераменттердің типтері және олардың психологиялық сипаттамасы
И.П.Павлов темперамент пен жүйке қызметінің типтерін бір-біріне балама кұбылыс деп түсінді. Кейінгі зерттеулер жүйке қызметінің типтері темперамент типтерімен ылғи сәйкес келіп отырмайтындығын көрсетті. Шындығында да, темпераментке тек жүйке жүйесінің қасиеттері ғана емес, сондай-ақ жеке адамның соматикалық (дене) құрылымдары да әсер ететіндігі белгілі. Жүйке қызметінің типін темпераменттің нышаны ретінде ұғынган дұрыс. Мәселен бір зерттеуде, біркелкі ортада, жүйке жүйесінің әлсіз типіне жататын жануарлар мінез-құлқының енжар-қорғаныстық түрі, ал күшті, жүйке үрдістері тең емес организмдерде прогрессивті мінез-құлық байқалған.
Бұрын кейбір психологтар темперамент табиғатын адамның эмоциялық саласына байланысты түсіндіретін. Шындығында, темперамент тек эмоциялық жағдайлардан ғана байқалмайды, ол ақыл-ой және ерік үрдістерінен де көрініп жатады. Адам темпераментті туралы сөз болғанда жекеленген психикалық үрдістердің динамикасы жайлы айтылмайды, мұнда жеке адамның тұтас мінез-құлқы бар синдромы (жүйесі) жөнінде сөз болады.
Сөйтіп темперамент -- адамның жүйке қызметінің қасиеттерінен көрінетін, мінез-құлқының импульсивті-динамикалық көрінісінің жалпылама сипаттамасы болып табылады.
Холерик темпераменті. Бұл типтің өкілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темперамент -психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың формальды динамикалық қасиеттері туралы ақпарат
Дифференциалды психология
Темпераменттің психологиялық сипаттамасы
Адам темпераменті
Мінез акцентуациясының әсерін талқылау
Мінездегі типтілік пен индивидуалды ерекшелігін зерттеу
Мінез - құлықтың қалыптасуының психологиялық мәселелері
Тұлға қалыптасуы
Тұлға туралы ұғым
Мінез туралы ұғым
Пәндер