Білім беру процесінің субъекттері



Кіріспе
Жалпы философиялық позиция бойынша субъект
Субъект түсінігі
Субъекттілік проблемасы
Білім беру процесінің субъекттеріне тән ерекшеліктер
Пайдаланған әдебиеттер
Субъект категориясы философияда, әсіресе онтологияда негізгі орын алатыны белгілі (Аристотель, Декарт, Кант, Гегель). Ол қазіргі кездегі психологияда да өзіне үлкен назар аудартуда (С.Л. Рубинштейн, К.А. Абульханова-Славская, А.В. Брушлинский, В.А. Лекторский). С.Л. Рубинштейннің айтуынша «философияның (онтологияның) негізгі мәні... түрлі формалардағы субъектілерді, тіршілік ету тәсілдерін, қозғалыстың түрлі формаларын ашу» [193, 275 б.]. Мұның ішіне іс-әрекет субъектілерін қозғалыстың негізгі формаларының бірі ретінде ашып көрсету енеді. Білім беру іс-әрекетінің, яғни өзіне оның екі өзара байланысты – педагогикалық және оқу формаларын қамтитын іс-әрекеттің субъекттерін талдау жалпы философиялық және нақты педагогикалық міндеттер арнасында жатыр.
Жалпы философиялық позиция бойынша субъект сипаттамасы қандай? Осы сипаттамаларды С.Л. Рубинштейн бойынша келтірейік.
Біріншіден, субъект категориясы әрқашан объект категориясымен сәйкестендіріледі. Осыған орай С.Л. Рубинштейн, болмысты танып білуге, «болмыстың танымға ашылуына», осы «танылып отырған болмыстың» танып білушы адамға қатынасына екі өзара байланысты жақтарды қояды: 1) болмыс объективтік шындық ретінде, адам тарапынан саналы түсіну объектісі ретінде; 2) адамды болмысты танушы, ашушы, оның өзіндік сана-сезімін іске асырушы субъект ретінде» .
Екіншіден, танушы субъект, немесе «ғылыми таным субъектісі – бұл өзі танып отырған болмысты қоғамдық-тарихи қалыптасқан формаларда саналы түсінуші қоғамдық субъект». Осы жерде А.Н. Леонтьевтің жалпы субъективтік пен объективтік арасында қарама-қайшылық абсолютті емес деген қағидасын атап өту маңызды. «Олардың қарама-қайшылықтары дамудан келіп туындайды, тіпті бүкіл оның даму барысында олардың арасындағы, «біржақтылықты» жоюшы, өзара өтулер сақталады» .
Үшіншіден, қоғамдық субъект іс-әрекетте де, нақты индивид болмысында да тіршілік құрып, жүзеге аса алады.
1.Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
2.Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002
3. Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008
4.Возрастная и педагогическая психология/ Под ред. А.В.Петровского.М.;1979.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемелекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Білім беру процесінің субъекттері

Тексерген:Адильжанова Қ.С
Орындаған:Қаймақова С.М

Семей 2015
Субъект категориясы философияда, әсіресе онтологияда негізгі орын алатыны белгілі (Аристотель, Декарт, Кант, Гегель). Ол қазіргі кездегі психологияда да өзіне үлкен назар аудартуда (С.Л. Рубинштейн, К.А. Абульханова-Славская, А.В. Брушлинский, В.А. Лекторский). С.Л. Рубинштейннің айтуынша философияның (онтологияның) негізгі мәні... түрлі формалардағы субъектілерді, тіршілік ету тәсілдерін, қозғалыстың түрлі формаларын ашу [193, 275 б.]. Мұның ішіне іс-әрекет субъектілерін қозғалыстың негізгі формаларының бірі ретінде ашып көрсету енеді. Білім беру іс-әрекетінің, яғни өзіне оның екі өзара байланысты - педагогикалық және оқу формаларын қамтитын іс-әрекеттің субъекттерін талдау жалпы философиялық және нақты педагогикалық міндеттер арнасында жатыр.
Жалпы философиялық позиция бойынша субъект сипаттамасы қандай? Осы сипаттамаларды С.Л. Рубинштейн бойынша келтірейік.
Біріншіден, субъект категориясы әрқашан объект категориясымен сәйкестендіріледі. Осыған орай С.Л. Рубинштейн, болмысты танып білуге, болмыстың танымға ашылуына, осы танылып отырған болмыстың танып білушы адамға қатынасына екі өзара байланысты жақтарды қояды: 1) болмыс объективтік шындық ретінде, адам тарапынан саналы түсіну объектісі ретінде; 2) адамды болмысты танушы, ашушы, оның өзіндік сана-сезімін іске асырушы субъект ретінде .
Екіншіден, танушы субъект, немесе ғылыми таным субъектісі - бұл өзі танып отырған болмысты қоғамдық-тарихи қалыптасқан формаларда саналы түсінуші қоғамдық субъект. Осы жерде А.Н. Леонтьевтің жалпы субъективтік пен объективтік арасында қарама-қайшылық абсолютті емес деген қағидасын атап өту маңызды. Олардың қарама-қайшылықтары дамудан келіп туындайды, тіпті бүкіл оның даму барысында олардың арасындағы, біржақтылықты жоюшы, өзара өтулер сақталады .
Үшіншіден, қоғамдық субъект іс-әрекетте де, нақты индивид болмысында да тіршілік құрып, жүзеге аса алады.
Төртіншіден, Мен және басқа адам проблемасы мәселесін қарастыра отырып С.Л. Рубинштейн келесі жағдайға назар аудартады: Мен қандай да бір іс-әрекетті ұйғарады, және керісінше, ырықты, басқарылушы, саналы түрде реттелуші іс-әрекетті әрекеттегі адам (лицо), осы іс-әрекеттің субьектісі - берілге индивидтің мені тиісті ұйғарады. Бұл қағида тек субъектінің ғана емес, сонымен қатар іс-әрекеттің өзінің де негізгі сипаттамаларының бірі ретінде болады.
Бесіншіден, субъект - саналы әрекеттенуші - оның өзіндік сана сезімі - бұл өзін дүниені саналы түсінуші және оны өзгертуші тіршілік иесі ретінде түсіну, оның іс-әрекет процесінде әрекеттенуші субьект ретінде - практикалық және теоретикалық, сондай-ақ саналы түсіну іс-әрекетінің субъектісі ретінде түсіну . Бұл анықтама С.Л. Рубинштейн теориясында Адам өмір субъектісі ретінде афоризмі формасын алады.
Алтыншыдан, әрбір нақты субъект өзінің басқаға қатынасы арқылы танылады (мұны тағы А. Смит, К. Маркс айна теориясында атап өткен, бұл теория бойынша Петр деген адам Павелге айнаға қарағандай қарап, оның бағалауын қабылдай отырып, өзін-өзі бағалауды қалыптастырады).
Жетіншіден, әрбір Мен, жекеше де, қоғамдық та болғанымен, ұжымдық субъект болып табылады. Әрбір мен, ол мендердің жалпылығы болғандықтан, ұжымдық субъект, субъекттер ынтымақ-тастығы, субъектер республикасы, тұлғалар ынтымақтастығы болып табылады; бұлі мен іс жүзінде біз болып табылады.
Субъектің сегізінші сипаттамасы іс-әрекет субъектінің осы іс-әрекеттің өзінде өзі қалыптасып, жасалынатынында болып табылады, оның пән мазмұнын ашудағы субъекттің өзін айқындап және анықтауы мүмкін. С.Л. Рубинштейн бойынша субъект өзінің істерінде, өзінің шығармашылық дербестік акттерінде тек ғана табылып және көрініп қоймайды; ол мұнда жасампаздалады және анықталады. Сондықтан оның не істегеніне қарап, оның кім екенін білуге болады; оның іс-әрекетінің бағыты арқылы өзін анықтап және қалыптастыруға болады. Тек осыған ғана педагогиканың мүмкіншілігі жоқ дегенде, үлкен стильдегі педагогиканың мүмкіншіліктері сүйенеді .
Субъекттің тағы бір, тоғызыншы сипаттамасын атап өтейік, ол бейнелеу процесін гносеологиялық және өзіндік психологиялық талдаудан, субъективтік бейне категориясынан туындайды (А.Н. Леонтьев бойынша). А.Н. Леонтьев пікірінше танымда, шын бейнесінде үнемі белсенді субьект болады (құмарланған), ол өзі орналасқан объект пен байланыстарды моделдейді. Іс-әрекеттің мотивтермен, эмоциялармен, субъект ұстанымдарымен шарттастығының жалпы психологиялық тезисіне негізделе отырып, А.Н. Леонтьев бейнелеудің құмарланғандығы түсінігін оның іс-әрекет субъектіне тиістілігі ретінде енгізеді .
Субъект түсінігінен басқа - операционалдық - позициялардан келе отырып, Ж. Пиаже де белсенділікті оның жетекші сипаттамаларының бірі ретінде қарастырғанын айта кету маңызды. Объект субъектке дайын күйде берілмеген, ол тек соңғысы тарапынан жаңа білім құрылымында жаңғыртылады, оны өзі үшін тұрғызатындай, тура сол сияқты субъект те өзіне өзінің барлық ішкі құрылымдарымен берілмеген; өзі үшін обьект ұйымдастыра отырып, субъект өзінің жеке операцияларын да конструциялайды, яғни өзін өзі үшін шындық қылады .
Ж. Пиаже бойынша, субъект үнемі қоршаған ортамен өзара әрекеттесуде болады; оған бейнелеудің функционалды белсенділігі тән, оның көмегімен субъект өзіне әсер етуші ортаны құрылымдайды. Белсенділік әрекеттерден байқалады, олардың арасында әр түрлі өзгертулер, объектілерді түрлендіру (орын алмастыру, комбинациялау, жою және т.б.) және құрылымдар жасау жетекші болып табылады. Ж. Пиаже, обьект пен субьект арасында қашанда, субъекттің алдыңғы өзара әрекеттесуі, алдыңғы реакциясы контексінде жүретін өзара әрекеттесу бар екеніне қатысты, педагогикалық психология үшін маңызды ойды атап көрсетеді. Ж. Пиаженің және бүкіл Женева мектебінің осы позициясын талдай отырып, Л.Ф. Обухова келесі жағдайды атап өтеді: стимул - реакция формуласы, Ж. Пиаже бойынша, стимул - субъект іс-әрекетін ұйымдастыратын - реакция ретінде болуы керек . Басқаша айтқанда, әрекеттердің, іс-әрекеттің және одан да кең мағынада - өзара әрекеттесу субъектісі, объектпен ара қатынаста болып, өз тарапынан белсенді, жаңғыртушы және түрлендіруші бастама болып табылады. Бұл әрқашан да әрекеттенуші болады .

Субъекттілік проблемасы соңғы он жылдықтарда, тұлға психологиясында арнайы зерттеу объектісі болуда (К.А. Абульханова, А.В. Брушлинский, В.И. Слободчиков, В.А. Петровский) . Адамның ...дүниедегі болмысының өзін-өзі детерминациялау қасиетін саналы түсінуші субъекттілігі идеясы (В.А. Петровский), берілген психология аймағы үшін демеуші ретінде қарастырылады. В.А. Петровский, осы категория арқылы тұлғалық пен субъекттік арасындағы ішкі байланысты қарастыра отырып: Тұлға болу дегеніміз... іс-әрекеттің, қарым-қатынастың, өзіндік сана-сезімнің субьектісі болу, - деп көрсетеді. В.А. Петровскийдің дәлелдерін келтірейік:
Біріншіден, тұлға болу - өз өмірінің субъектісі болу, дүниемен өзіндік виталды (кең мағынада) қатынастарын құру. Бұл адамның табиғатпен және әлеуметтік ортасымен өзара қатынастарының физикалық, психофизикалық, психологиялық, әлеуметтік жақтарын қамтиды.
Екіншіден, тұлға болу - өзі әрекеттенуші ретінде болатын заттың іс-әрекеттің субъектісі болу.
Үшіншіден, тұлға болу - ол қарым-қатынастың субъектісі болу, мұнда В.А. Петровский бойынша, өзара әрекеттесуші жақтардың өзара көрінулерін қамтамасыз ететін ортақ нәрсе қалыптасады. В.А. Петровский, осы категориялардың байланысын ұғыну үшін маңызды ойды атап өтеді, яғни ...қарым-қатынас субъектісі ретніде тұлға болу адамның басқа адамдар өмірінде қандай да бір мөлшерде идеалды бейнеленуінсіз мүмкін емес.
Төртіншіден, В.А. Петровский бойынша, тұлға болу дегеніміз өзіндік сана-сезім субъекті болуы, мұның өзі өзін-өзі бағалауды, өз Менін ашуды және де басқа өзіндік-тұлғалық конституенттерді қамтиды. Субъекттілікті тұлғаның құрастыратын сипаттамасы ретінде қарастыра отырып, В.А. Петровский педагогикалық психология үшін маңызды түсініктерді енгізеді: виртуалды субъект түсінігін қалыптасу, осы күйге өту мезеті ретінде, бұл адамдағы тұлғалықтың пайда болуымен байланыстырылады; бейнеленген субъекттілік түсінігін - нағыз субъект өз-өзі үшін субъект және сонымен бірге алмайды және сонымен бірге басқа біреу үшін өзінің болмыс субьектісі болмай қалмайды .

Субъект категориясының білім беру процесіне барлық мүмкін кескіндеріне талдау жасау мақсатында оның (субъекттің) негізгі сипаттамаларын тағы да бір рет атайық. Бұл келесі сипаттамалар (көрсетудің елеулі ырықты, іс-жүзінде бағдарланған формалары): 1) субъект объектті ұйғарады; 2) субъект өз әрекеттену формасы (құралдары, тәсілдері) бойынша қоғамдық; 3) қоғамдық субъект жүзеге асудың нақты да, даралық формасына ие; ұжымдық субъект әрбір индивидте көрінген және керісінше; 4) саналы реттелінетін іс-әрекет әрқашан да субъектілі, онда субъекттің өзі де қалыптасады; 5) даралық іс-әрекет субъекттісі - саналы әрекеттенуші; 6) субъекттілік басқа адамдармен қатынас жүйесінде анықталады - ол белсенділік, құмарланғыштық; 7) субъекттілік қарым-қатынастың, іс-әрекеттің, өзіндік сана-сезімнің және болмыстың ажырамас тұтастығы; 8) субъекттілік бұл жаралатын және және жойылатын, өзара әрекеттесуден (тұлғааралық, әлеуметтік, іс-әрекеттік) тыс болмайтын динамикалық бастама; 9) субъекттілік - бұл интерпсихикалық категория. Адамның осы субъекттілік сипаттамаларына, субъект түріндегі тұлға ретіндегі сапаларын да қосу керек. Ол Е.А. Климов бойынша бағыттылықты, мотивтерді қамтиды; қоршағандарға, іс-әрекетке, өзіне қатынасты; жинақылық, ұйымдасушылық, шыдамдылық, өзіндік тәртіп сияқты сапалардан көрінетін өзін-өзі реттеуді; креативтілікті, даралықтың интеллектуалдық қырларын; эмоционалдылықты қамтиды.Осы сипаттамалардың барлығы толықтай немесе жинақталған формада білім беру субъекттеріне де тән.

Білім беру процесінің субъекттеріне тән ерекшеліктер

Педагогикалық және оқу іс-әрекетінің субъекттерін сипаттаған кезде, қоғамдық субъект (педагогикалық қоғамдастық немесе шәкірттік) бола отырып, әрбір мұғалім мен оқушының ең алдымен, бүкіл білім беру процесінің субъекті болатынын айта кету қажет. Біріккен субъект, қоғамдық құндылықтарды көрсете отырып, әр білім беру жүйесінде, мекемелерде әкімшілік пен оқытушылар ұжымымен, оқушылар қауымдастығымен (институтта бұл ректорат, кафедра, деканат, оқу тобы) көрсетілген. Осы біріккен субъекттердің іс-әрекеттері нормативтік-құқықтық және бағдарламалық бағытталады, тәртіптен-діріледі. Біріккен субъекттерге жататын нақты субъекттердің әрқайсысы жеке өзінің, бірақ келісілген, біріктірілген мақсаттарға ие. Олар белгілі бір нәтижелер формасында берілген, бірақ олардың функциялары мен рөлдері шектеулі, осыған орай білім бері процесі күрделі полиморфты іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет ретіндегі білім беру процесінің жалпы мақсаты - өркениет, нақты халық, қауым жинақтаған қоғамдық тәжірибені сақтау мен оны ары қарай дамыту. Оны осы тәжірибені игеруді ұйымдастырудың, беру мен алудың және оны меңгерудің екі қарсы бағытталған мақсаттары жүзеге асырады. Бұл жағдайда біз бүкіл білім беру процесінің идеалды біріккен субъекті жайлы айтамыз, оның әрекетінің тиімділігі екі жақты да ортақ өркениеттік-мәнді мақсатты саналы түсінуімен анықталады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
2.Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002
3. Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008
4.Возрастная и педагогическая психология Под ред. А.В.Петровского.М.;1979.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемелекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттердің дамуы

Тексерген:Адильжанова Қ.С
Орындаған:Қаймақова С.М

Семей 2015

Қазіргі таңдағы білім берудің барлық сатыларындағы түбірлі өзгерістер оқыту процесіндегі жаңаша көзқарасты, білім берудің жаңа тиімді технологиясының, белсенді оқыту әдістерінің кеңінен енуін туындатып отыр..
Оқушылардың білім сапасына қазіргі таңда қойылар талаптың өсуі білімді игеру көрсеткіштері құрылымының өзгерісінде көрініс табуда, әрі осы мәселенің дидактиктер мен педагогтар зерттеулерінде көп қарастырылуы да септігін тигізіп отыр. Осы мәселеге орай, білім сапаларының көрсеткіштерін анықтауды мақсат ететін түрліше көзқарас, қатынастарды бөліп көрсетуді жөн көрдік.
Ғылым және техникадағы алға даму прогресі білім мазмұнын үнемі толықтырып және жаңартып отыруға, ол білімді теориялық және практикалық әрекеттің барлық аймағында пайдалануға итермелейді. Бұл жағдайда тек білімді меңгеруді ғана емес, сонымен қатар, оқу жұмысының тәсілдерін меңгеруді, мәселелік жағдайларда шешім табудың арнайы тәсілін жалпы өмірде пайдалана білуді қамтамасыз ететін оқу іс - әрекетінің қалыптасуы ерекше маңызды.
Соңғы жылдары білім берудің мазмұнын жетілдіру және оның теориялық деңгейін көтеру үшін, ғылыми - техникалық жетістіктерге жету үшін көптеген маңызды жұмыстар жүргізілуде. Оқу іс-әрекеті білімді меңгерудің тиімділігіне әсер етеді. Егер оқушылар меңгеретін оқу материалы мазмұнының шеңберінде білімді меңгерудің арнайы тәсілдерін бойларына игерсе, сонымен бірге, меңгерудің сапалы түрде жаңа, биік деңгейіне бағытталып, дайындалады. Бұл дегеніміз оқушылардың интеллектілік дамуында да алға жылжу болатынын көрсетеді. Оқыту мен даму бір-бірімен тығыз байланысты. Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы тұлғаның қалыптасуына және дамуына әсер етеді.
Бастауыш мектеп жасындағылардың жетекші іс-әрекеті оқу болып табылады. Бұл балаға нақты талаптар қояды, оны орындау кезінде баланың психикасының сапалы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Психологиялық жаңа құрылымдар бастауыш мектеп жасындағылардың оқу іс-әрекетінің қалыптасуына байланысты пайда болады.
Қазақстандық психология ғылымын ілгері жылжытқан профессор С.М. Жақыповтың еңбегіне тоқталмай кетуге ешбір болмайды. Өйткені біздің жұмысымыз толығымен осы ғалымның "Танымдық іс - әрекет психологиясы" атты еңбегіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті мектепте білім беру ортасын заман талаптарына сай модельдеу мәселесі
Білім беру процесінің субъектілері
Білім беру мекемелері менеджментінің ғылыми қағидасы жайлы
Сыныптағы, мектептегі оқу-тәрбиелік процесінің жағдайының сараптамасын жасай білу
Педагогикалық процесс
Педагогикалық психология бойынша сабақтар
Оқу əдістері жəне құрал жабдықтары туралы
Жеке кәсіпкерлік түрлері
Көкше-нан жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық- экономикалық көрсеткіштерін талдау
Мектептегі білім беру мазмұны мен оқыту әдістері
Пәндер