Сертификаттаудың заңнамалық базасы туралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Сертификаттаудың заңнамалық базасы
Тексерген:Рахимова Ш. М.
Орындаған: Нурымбеков Ф. Т.
Тобы: ОП-215
CЕМЕЙ - 2015
Кіріспе
Сертификаттау- өнім, процесс, жұмыс, қызмет белгіленген нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін дайындаушыдан (сатушы, орындаушы) және тұтынушыдан (сатып алушыдан) тәуелсіз органмен жазбаша растау.
Сәйкестікті бағалау - өнімге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғанының дәлелдемесі. Сәйкестікті растау, тіркеу, аккредиттеу, тексеру және қадағалау сәйкестікті бағалау іс-әрекеттерінің айқын мысалы болып табылады. Сәйкестікті бағалауға үш жақ қатысады. Қатысушы жақтар дайындаушының (бірінші жақ), сатып алушылардың (екінші жақ) мүддесін қорғайды. Үшінші жақ - алғашқы екі жаққа да тәуелді емес тұлға немесе орган.
Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың негізгі құқықтары және ұйымдастыру әдістемелік принциптері
«Сертификаттау туралы» заң Қазақстан Республикасындағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді (процестерді), жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды peттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттеpi мен жауапкершілігін белгілейді.
Сертификаттаудың мақсаттары
Сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
- адамдардың өмірi мен денсаулығын, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау үшін өнімдердің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- өнімдер мен қызмет көрсетудің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
- саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы рыноктардағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
- заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар рыногындағы қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық сауда қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.
Мемлекеттік сертификаттау жүйесі
Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдық құрылымын мыналар құрайды: стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган; өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетуді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар; тіркелген сынақ лабораториялары (орталықтары) .
Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ лабораторияларына (орталықтарына) қойылатын талаптарды және оларды тіркеудің, рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың рәсімдерін, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімін, аудит пен инспекциялық бақылау жүргізудің тәртібін, сертификаттаудың мақсатын жүзеге асыру үшін қажет өзге де талаптарды белгілейді.
Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқару
Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттің органы жүзеге асырады.
- Жеке және заңды тұлғалар сертификаттау жөніндегі өз қызметін осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне, сондай-ақ мемлекеттік сертификаттау жүйесінде қолданылып жүрген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Сертификаттау жұмыстарын жүргізу тәртібі
Негізгі кезеңдері:
- сертификаттауды жүргізу үшін мәлімдеме беру;
- мәлімдемені қарастырып шешім қабылдау;
- үлгілерді таңдап және идентификация жасап сынауды жүргізу;
- өндірісті тексеру (егер сұлба бойынша тексеру қажет болса) ;
- сынау нәтижелерін талдау, сертификат беру туралы шешім қабылдау;
- сертификатты және сәйкестік белгіні пайдалануға рұқсат (лицензия) беру;
- сертификаттау сұлбасы бойынша сертификатталған өнімді инспекциялық бақылау.
Сертификаттау органдары
Өнім, процесс, жұмыс, қызметті сертификаттау жөніндегі орган-мемлекеттік сертификаттау жүйесімен белгіленген тәртіпте, белгілі қызмет саласында сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға тіркелген заңды тұлға.
Аккредиттеуден өткен ұйымға (сертификаттау органға) қойылатын талаптар:
- үшінші тарапты (әкімшілікті, экономикалық және заңгерлік тәуелсіз) болу;
- мәлімделген сертификаттау аймағында техникалық компетентті болу;
- құжатталған процедуралар мен қажетті жабдықтарға ие болу;
- арнайы оқытылған маман қызметкерлерімен қамтамасыз етілген;
- керекті стандарттардың өзекті қорымен және басқа да нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету;
- сертификаттау және сынауды өткізу ғана емес, сонымен қатар сертификатталған өнімді инспекциялық түрде бақылау жүргізу.
Сертификаттаудың негізгі ережелері
- Сертификаттау органы немесе сынау лабораториялары ретінде кез-келген әр түрлі жеке меншікті мекемелер болуы мүмкін, егер олар әзірлеуші (сатушы) немесе тұтынушы (сатып алушы) болмаса және орнатылған тәртіп бойынша акредиттеуден өтіп сертификаттау жұмыстарын атқаруға рұқсаты (лицензиясы) болса.
- Сертификаттау органдарының және сынау лабораторияларының аккредиттеу жұмыстарын ҚР Мемлекеттік стандарт комитеті немесе атқарушы өкіметтің органдары өткізеді. Аккредиттеудің нәтижесі бойынша аккредиттеу аттестаты беріледі.
- Отандық және импорттық өнімдердің сертификаттау жұмыстары бір ережелермен жүргізіледі.
- Егер сертификаттау жүйесінде бір өнімнің бірнеше сертификаттау органдары болса, онда мәлімдеушінің қайсыбір органды таңдауға құқығы бар.
- Мемлекеттік Реестрде тіркеу уақыттан бастап міндетті серти-фикаттау жүйесіндегі сертификаттардың және аккредиттеу аттестаттардың әрекет күштері кіреді.
- Барлық құжаттар (мәлімдеме, хаттамалар, актілер, аттестаттар, сертификаттар және т. б. ) қазақ немесе орыс тілдерінде жазылады.
- Келіспейтін жағдайлар туатын болса, онда сертификаттау орындарына, ҚР мемлекеттік стандарттау комитетіне және сертифи-каттау жұмыстарымен айналысатын басқа да мекемелерге апелляция беруге құқық бар.
- Біркелкі өнімнің немесе қызмет топтарының сертификаттау жүйесімен орнатылған сұлбасы бойынша сертификаттау жұмыстары жүргізіледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz