Денеге бағытталған психотерапия. Ойын психологиясы және ойын психотерапиясы



Денеге икемделген әдістемелік тәсілдер
Д.П. әдісі
Райх теориясы
Ойын терапиясы
Әдебиет
Мақсаты денеге икемделген әдістемелік тәсілдер арқылы адамның психикалық әрекет етуінің өзгеруі болып табылатын психотерапияның көп мағынада түсіндірілетін бағыты. Дене-бейімделу техникаларының дұрыс теориясының, ықпал ету ерекшеліктерінің нақты түсінігі мен қолдану принциптерінің жоқтығы дене-бейімделу (Д. П.) психотерапиясы мәні шегінің негізсіз кеңеюіне әкеледі. Бүгінгі күні аз дегенде, «денемен жұмыс» тәрізді анықталатын 15 әртүрлі көзқарастар сипатталған. Олардың кейбіреулері мәні бойынша таза психотерапиялық, ал басқаларының мақсаты тәннің денсаулығы болып табылатын терапияның әдістері ретінде неғұрлым нақты белгіленген.
Д.П. практикалық тәжірибе мен ағзаның қызметіндегі рухани және тәндік өзара байланысын көп жылғы бақылау негізінде пайда болды. Ол психотерапияның басқа бағыттарына қарағанда, дамуы әрдайым артып жатқан холистикалық бағытты ұстанады. Дене мен сана дуализмін жеңу және біртұтас тұлғаға оралу адамның мінез-құлқын түсігудің терең өзгерістеріне әкеледі.
Д.П. ең белгілі әдістерінің бірі мінез талдауы және Райхтың вегетотерапия тәжірибесі болып табылады. Райх науқастармен жұмыс жасауда табиғат пен мінез-құлық қызметтеріне түсініктеме беретін алғашқы аналитик болған. Ол жеке тұлға мінез-құлығының физикалық аспектілеріне, әсіресе «бұлшық ет сауыты» деп атаған сөзылмалы бұлшық ет қысқышына назар аударудың маңыздылығын атап айтқан. Райх адам денесіндегі тұрақты бұлшық ет күштенуін оның мінез-құлқы мен ауыртатын эмоциональдық тәжірибе қорғанысының түрімен байланыстырып, «бұлшық ет сауыты» теориясын әзірлеген. Оның ойынша, сөзылмалы бұлшық ет қысқыштары үш негізгі эмоциональдық жағдайды блоктайды: үрейлілік, ашу және жеңсіктік қөзу. «Бұлшық ет сауыты» адам сезімдерін шектеп және бұзып, қатты эмоцияларды сезіну мүмкіндігін бермейді. Райх жазған: «Бұлшық еттің құрысуы ығыстыру үдерісінің денелік жағы және оның ұзақ мерзімді сақталу негізі болып табылады» (Reich W., 1997).
1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с. — (Библиотека психологии и психотерапии, вып. 94). ISBN 5)86375)040)5
2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.
3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Денеге бағытталған психотерапия. Ойын психологиясы және ойын психотерапиясы

Тексерген: Адильжанова Қ.С.
Орындаған: Мейрамғазы Қ.М
Пх-215

2015ж

Мақсаты денеге икемделген әдістемелік тәсілдер арқылы адамның психикалық әрекет етуінің өзгеруі болып табылатын психотерапияның көп мағынада түсіндірілетін бағыты. Дене-бейімделу техникаларының дұрыс теориясының, ықпал ету ерекшеліктерінің нақты түсінігі мен қолдану принциптерінің жоқтығы дене-бейімделу (Д. П.) психотерапиясы мәні шегінің негізсіз кеңеюіне әкеледі. Бүгінгі күні аз дегенде, денемен жұмыс тәрізді анықталатын 15 әртүрлі көзқарастар сипатталған. Олардың кейбіреулері мәні бойынша таза психотерапиялық, ал басқаларының мақсаты тәннің денсаулығы болып табылатын терапияның әдістері ретінде неғұрлым нақты белгіленген.
Д.П. практикалық тәжірибе мен ағзаның қызметіндегі рухани және тәндік өзара байланысын көп жылғы бақылау негізінде пайда болды. Ол психотерапияның басқа бағыттарына қарағанда, дамуы әрдайым артып жатқан холистикалық бағытты ұстанады. Дене мен сана дуализмін жеңу және біртұтас тұлғаға оралу адамның мінез-құлқын түсігудің терең өзгерістеріне әкеледі.
Д.П. ең белгілі әдістерінің бірі мінез талдауы және Райхтың вегетотерапия тәжірибесі болып табылады. Райх науқастармен жұмыс жасауда табиғат пен мінез-құлық қызметтеріне түсініктеме беретін алғашқы аналитик болған. Ол жеке тұлға мінез-құлығының физикалық аспектілеріне, әсіресе бұлшық ет сауыты деп атаған сөзылмалы бұлшық ет қысқышына назар аударудың маңыздылығын атап айтқан. Райх адам денесіндегі тұрақты бұлшық ет күштенуін оның мінез-құлқы мен ауыртатын эмоциональдық тәжірибе қорғанысының түрімен байланыстырып, бұлшық ет сауыты теориясын әзірлеген. Оның ойынша, сөзылмалы бұлшық ет қысқыштары үш негізгі эмоциональдық жағдайды блоктайды: үрейлілік, ашу және жеңсіктік қөзу. Бұлшық ет сауыты адам сезімдерін шектеп және бұзып, қатты эмоцияларды сезіну мүмкіндігін бермейді. Райх жазған: Бұлшық еттің құрысуы ығыстыру үдерісінің денелік жағы және оның ұзақ мерзімді сақталу негізі болып табылады (Reich W., 1997).
Райх теориясының негізінде адам психикасының қалыпты қызметін қиындататын қорғаныс механизмдерге денеге тікелей әсер ету арқылы қарсы әрекеттер жасауға болатыны туралы ұғым жатыр. Ол вегетотерапия деп атаған қорғаныс бұлшық етке тікелей әсер етуден мінез-құлық талдауы және биофизикалық қызмет саласындағы мінез-құлық талдауы деп атаған өзінің аналитикалық түсіндірулерін атаған. Райх тұлға өсуінің негізгі кедергісін адамға айналадағы адамдар мен қоршаған табиғатпен үйлесімді толыққанды өмір сүруге бөгет болатын қорғаныс бұлшық ет сауыты деп көрген. Ол денені қамтитын бұлшық ет сауытының жеті сегментін жіктеген: 1) көз тұсы, 2) ауыз және жақ, 3) мойын, 4) кеуде, 5) диафрагма, 6) іш, 7) жамбас.
Райх бұлшық ет сауытының босаңсуы маңызды либидинөздық энергияны босатады және психикалық талдау үдерісіне көмектесетінін анықтаған. Райх белгілі бұлшық ет тобының сөзылмалы күштенуін төмендетуге, сол арқылы сол күштенуді тежеп тұрған эмоцияларды босатуға мүмкіндік беретін арнайы терапиялық әдістемені әзірледі. Ол науқастың әртүрлі дене мүшелеріндегі өмірлік сезімдерін қалай басатынын сезінуге мүмкіндік беру үшін, бөлшекті түрде науқастың қалпына және оның физикалық әдеттеріне талдау жасайды. Райх науқастардан сол дене бөлігімен байланысты эмоцияны жақсы сезініп және анықтау үшін белгіленген қысқышты күшейтуді өтінді. Ол науқас жабырқаңқы эмоцияны қабылдап, өз көрінісін тапқан соң, соңғысы толығымен өз қысқышынан бас тартуға болатынын байқады. Бірте-бірте Райх байланған эмоциялардың босатылуына ықпал ету үшін, қолдарымен уқалап, қысылған бұлшық еттермен тікелей жұмыс жасай бастады. Райхтың түсініктер дамуының динамикасын бақыласақ, бірыңғай ауызша тілге негізделген аналитикалық жұмыстан мінез-құлық және бұлшық ет сауытының психологиялық және тәндік аспектілеріне, ағзадағы биологиялық энергияның еркін таралуын қамтамасыз етуге бағытталған, содан кейін бірыңғай бұлшық ет қорғаныс сауытымен жұмыс жасау акцентіне қарай дамығанын байқауға болады.
Лоуэн биоэнергетикасы мінез-құлық талдауында дененің рөліне топталған, оған Райхтың тыныс алу әдістемесі кіреді, көбі оның эмоциональдық босату техникаларынан. Заманауи психикалық талдауға ұқсас әдістемені сақтай отыра, биоэнергетикадағы психологиялық жұмыс арнайы қалыптарда терең тыныс алу аясында күш салынған бұлшық еттерге жанасу және қысым жасауды қолданады, сонымен бірге ағзаның психофизикалық бірігуіне көсектесіп, дененің кең сезінуіне, сыртқы әсерсіз бейнеліліктің дамуына мүмкіндік береді.
Лоуэннің пікірінше, неврөз, жабығу және психикалық тәндік бұзылуларының себебі сезімдердің тұншығуы болып табылады, ол адам ағзасындағы энергияның еркін ағуын жауап тастайтын және жеке тұлға қалыптасуының өзгерісіне әкелетін сөзылмалы бұлшық-ет күш салулармен бірге болады.
Сонымен бірге Лоуэннің биоэнергетикалық терапиясы Райхтың терапиясынан айырмашылығы орасан зор. Мәселен, Лоуэн бұлшық-ет сауыты блоктарының басынан аяғына дейін - бірізді әлсіреуіне талпынбайды. Ол басқаларына қарағанда психоталдауға тән науқаспен тікелей қатынасты қабылдамауды жеңе білетін ағзаға қолмен емдеу тәсілін сирек қолданады. Одан басқа Лоуэн Райхтың неврөздың жеңсіктік табиғатына деген көзқарастарымен келіспейді және сондықтан оның жұмысы замандастар арасында құпталады. Лоуэн өз сезімдерін елемеу және түсінбеу ауруларға әкеліп соғады және өз денесінен сезілетін түйсіктер өзінің эмоциональдық жағдайын түсінудің кілті болып табылады.
Адам ағзаны босату арқылы өмірлік энергияның еркін айналуымен ере жүретін бұлшық-ет күш салуынан босайды, бұл Лоуэн пікірінше науқастардың терең жеке өзгерістеріне әкеледі. Есейген тұлға өз сезімдерінің айқындалуын бақылау, сондай-ақ сыртқы әсерсіз ағымға беріліп, өзін-өзі бақылауды тоқтату сияқты тең дәрежеде болады. Ол қорқыныш, ауыру, ашу немесе реніш сияқты жағымсыз сезімдермен қатар, қанағаттандыратын жеңсіктік күйзелістер, қуаныш, махаббат сияқты сезімдерге тең дәрежеде қол жеткізе алады. Адамның өмірге деген қатынасы мен мінез-құлқы дене бітімінде, қалпында, қимылында айқындалады, адамның дене өлшемдері мен оның мінезі мен тұлға құрылуының арасында тығыз байланыс бар, деп ойлайды Лоуэн. Ол адамның психикалық және дене көріністерін негізге алып, адам мінезінің бес түрін жіктейді: есалаң, ауызды, психопатиялық, мазохистік және ригидтік түрі. Одан басқа биоэнергетикалық терапияда энергия, бұлшық-ет сауыты, жерге қосу жататын ұғымдар қатары әірленген. Сонымен бірге соңғысы биоэнергетикалық терапияда маңызды категория болып табылады, оның пайда болуы Лоуэннің Райх теориясының дамуына принципиальды үлесі саналады. Бұлшық-ет шандырларымен қимылдар жасау, тыныс алу гимнастикасы, эмоциональдық босаңсу техникасы, дененің құрысып қалған бөліктеріне энергия жіберу үшін күшейтілген қалыптар (Лоуэн аркасы, таздық арка), белсенді қөзғалыс жаттығулары, эмоцияларды босатудың вербальды тәсілдері, терапиялық топ мүшелерінің дене қатынастарының түрлі нұсқалары және т.б. биоэнергетиканың негізгі тәсілдері болады. Мұндай қатынастар топ мүшелеріне қолдау бола алады. Тренинг үдерісінде топтық жаттығуға қатысушыларға қатынас бойынша жағымсыз эмоциялардың айқындалуына ықпалын тигізетін жаттығулар қолданылады. Ыза, қорқыныш, мұң, өшпенділік сияқты жағымсыз сезімдердің көрінісі барлығы дерлік ажғымды эмоциялардың алдында болады. Биоэнергетика жақтаушыларының пікірінше, жағымсыз сезімдер оң сезімдер мен рақаттылыққа деген терең қажеттілікті жасырады. Барлық жаттығулар циклі бойында дене жағдайын әрдайым науқастың талқыланатын психологиялық мәселелерімен сәйкестендіруге талпынулар болады.
Адам денесі мен психиканың қызметтік бірлігін атап көрсететін өмірде денені тиімді қолданудың Д.П. мүлдем басқаша бағдарлары Александер және Фельденкрайз әдістері болып табылады.
Александр әдісін мүсін мен үйреншікті қалыптарды түзету техникасы ретінде қабылдайды, бірақ бұл шын мәніндегі қызметінің бір бөлігі ғана болады. Шын мәнінде бұл өзін-өзі тануға аса терең бағытталған жүйелі бағдар, ағзаға жоғалған психофизикалық бірлікті қайтаруға тырысатын әдіс. Александр бойынша аданың бүкіл әрекеті оның денемін басқару қабілетіне байланысты. Осыған көптеген қарама-қарсы мүмкіндіктер бар, бірақ әр жағдайда нәтижеге жеңіл және жылдам жетудің ең жақсы тәсілді қамтамасыз ететін бір ғана жол болады. Александр ағзаның ауруларға әкеліп соғатын қызмет ету тәсілі дене бұлшық-еттерінің теріс (тиімсіз) қолдануымен айқындалады, ол бұлшық-ет күш салуы арқылы жүзеге асады. Ол қөзғалысты орындаудың үйреншікті тәсілдерінің орнына өзіндік денені жақсартуға септігін тигізетін, ағзаны сауықтыруға ықпалын тигізіп, жаңаны құруды ұсынған. Александер пікірінше, нерв жүйкесімен ауыратын адамдар әрдайым қысылған болады, оларға тегіс емес бөлінген бұлшық-ет жүктемесі (тонустың құбылмалдылығы) мен жаман мүсін тән. Ол неврөздар ... ойлармен емес, дененің ойларға деген тонустық реакциялармен пайда болады..., бұлшық-ет реакциялары есебінсіз психотерапия табысқа әкелмеуі мүмкін және жан жарақаттарының себептерін зерттеуге ғана емес, бұлшық-еттерді басқарудың жаңа жүйесін құруға көңіл аудару қажет деп тұжырымдаған. Александер әдісі екі іргетас қағидаға негізделген - тежеу қағидасы және директива қағидасы. Тежеу - оқиғаға тікелей реакцияның шектелуі. Александр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психотерапия пәні бойынша дәрістер
Отбасы татулығы бағдарламасы
Отбасы психологиясының міндеттері
Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері. Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің түрлі форматтарын өткізудің стилистикалық ерекшеліктері
Психология теориялық негіздеріне арналған сұрақтар
Психологиялық консультация жайында
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ пәні бойынша СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Жағымсыз эмоциялардың адам денсаулығына әсері және оны түзету жолдары
Отбасы психологиясының мақсаты мен міндеттері
Отбасы баланы алғашқы әлеуметтендіру институты
Пәндер