Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері, акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі



І Кіріспе
1.1 Ғылыми.таным кезеңдері мен деңгейлері
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Акселерация
2.2. Жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі
Ғылыми революцияларды талдау үшін, ғылымға парадигма түсінігін енгізген америкалық ғалым Томас Кун (1922-1996 ж.) олардың ерекшелігін – бұрынғы парадигманың жаңа парадигмаға ауысуы, яғни зерттеліп отырған процестердің жаңа, терең және күрделі түріне ауысуын көрсетіп кеткен. Оның пікірі бойынша ғылымның дамуын екі кезеңге бөлуге болады:
- қалыпты кезең, бұл кезде ғалымдар парадигманы жеке, арнаулы сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланаған;
- экстраординарлық кезең - жаңа парадигманы іздеу кезеңі.
Осындай қөзқараста жаңа парадигманың бұрынғы зерттеулермен ешқандай байланысы жоқ бола тұрып, оның өзінің пайда болуы түсініксіз болатыны сөзсіз. Шын мәнінде, парадигмаға қарама-қарсы аномалиялық фактілер мысалдарынан – анализ, бағалау сияқты процестердің ғылымның кәдімгі даму кезеңінде-ақ пайда болып жатқандығын байқауға болады. Сондықтан ғылымның дамуының көрсетілген кезеңдерін бір біріне үзілді – кесілді қарама - қарсы қою негізсіз болып, бұл көзқарас көптеген ғалымдардың тарапынан қарсылыққа кездесті
Ғылыми танымныӊ эмпириялық және теориялық деңгейлері
Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады.
1.Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004
2.Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003
3.Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988
4.Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері ; Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі;

ОРЫНДАҒАН:Меделбекқызы Қ.
ТЕКСЕРГЕН: Карипбаева Ш.Т.

СЕМЕЙ 2015
І Кіріспе
1.1 Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Акселерация
2.2. Жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі
Ғылыми революцияларды талдау үшін, ғылымға парадигма түсінігін енгізген америкалық ғалым Томас Кун (1922-1996 ж.) олардың ерекшелігін - бұрынғы парадигманың жаңа парадигмаға ауысуы, яғни зерттеліп отырған процестердің жаңа, терең және күрделі түріне ауысуын көрсетіп кеткен. Оның пікірі бойынша ғылымның дамуын екі кезеңге бөлуге болады:
- қалыпты кезең, бұл кезде ғалымдар парадигманы жеке, арнаулы сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланаған;
- экстраординарлық кезең - жаңа парадигманы іздеу кезеңі.
Осындай қөзқараста жаңа парадигманың бұрынғы зерттеулермен ешқандай байланысы жоқ бола тұрып, оның өзінің пайда болуы түсініксіз болатыны сөзсіз. Шын мәнінде, парадигмаға қарама-қарсы аномалиялық фактілер мысалдарынан - анализ, бағалау сияқты процестердің ғылымның кәдімгі даму кезеңінде-ақ пайда болып жатқандығын байқауға болады. Сондықтан ғылымның дамуының көрсетілген кезеңдерін бір біріне үзілді - кесілді қарама - қарсы қою негізсіз болып, бұл көзқарас көптеген ғалымдардың тарапынан қарсылыққа кездесті
Ғылыми танымныӊ эмпириялық және теориялық деңгейлері
Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады.
Танымның эмпириялық деңгейінің әдістері
oo Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі -- бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бұл әдісті қолданған кезде танушы адам белгілі бір тану мақсатына сүйенеді. Әдетте, ойша әрекет бағдарламасын жоспарлайды және алынған айғақтарға, демек, реалдылық туралы білімдерге сәйкес келетін түсінік береді.
Бақылау үдерісінде зерттеуші салыстыру және өлшеу операцияларын қолданады. Зерттеуші объектіні белгілі бір белгісі бойынша салыстырады, сонан кейін оны өлшейді. Өлшеу барысында субъективтілікті мейлінше азайтады. Ал өлшеу кезінде өлшеу құралдарын қолдану зерттеушіні физикалық үдерістерді тіркеудің; сезім органдары сияқты сенімсіз құралдарынан бас тартқызады.
Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып табылады. Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз (жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте отырып, табиғи үдеріс барысына енеді.
oo Танымның жалпы логикалық әдістері
Оған: ''анализ'', ''синтез'', ''индукция'', ''дедукция'' жатады.
Анализ дегеніміз -- объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. Ондай бөліктер ретінде объектінің белгілі бір заттық элементтері немесе оның қасиеттері, белгілері, қатынастары алынуы мүмкін. Объектінің өзін ұстау заңдарын айқындау үшін алдын ала оның маңызды және екінші қатардағы белгілерін ажыратып алу керек. Олардың жалпы объект құрылымы мен ұстанымында алатын орнын айқындау керек. Объектіні тұтастық ретінде тану оның құрамдас бөліктерін зерттеумен шектелуге болмайды. Таным үдерісінде олардың арасындағы объективтік мәнді байланыстарды ашу, оларды жинақтап, бірлікте қарастыру қажет. Таным үдерісіндегі осы екінші кезенді жүзеге асыру -- объектінің жеке құрамдас бөліктерін зерттеуден оның біртұтас байланысқан жағдайын зерттеуге көшуге, анализ әдісін өзге әдіспен, яғни синтезбен алмастыруға байланысты.
Анализ аяқталған жерде синтез басталады. Синтездеу кезінде объектінің анализ жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі. Бүл жерде синтездеу деп элементтерді біртұтас жүйеге қарапайым механикалық түрде біріктіру деп түсінбеу керек. Шындығында, ол тұтас жүйедегі өр элементтің орны мен рөлін анықтайды, олардың өзара байланыстарын белгілейді. Демек, біздің көз алдымызда зерттелетін объектінің нағыз диалектикалық бірлігін көрсетіп береді.
Анализ бен синтез бір-бірінен бөлек операциялар емес, мәніне қарай олар танымның аналитикалық, синтетикалық әдісінің екі жағы болып табылады. Индукцияойдың жалпыдан жалпыға қарай бағытталуын, дедукция кері бағытта, ойдың жалпыдан жалқыға қарай бағытталуын сипаттайды. Біздің ой қорытуымызда индукция жиі көрініс береді. "Барлық адам өледі. Юлий Цезарь -- адам. Демек, Юлий Цезарьдің де өлетіні белгілі". Жалпы жағдайды біле тұра, таным субъектісі оны сол сипаттағы құбылыстардың бәріне ауыстырады. Бұған дейін мұндай объектілер ұзақ индуктивті тану жолынан өткендіктен, сол білімдердің нәтижесінде жеке зерттеу логикалық қорытуға ұласады.
Данышпан ғалым-химик Д.И.Менделеев сол кездегі белгілі химиялық өлшемдердің бәрін дерліктей зерттей отырып, элементтердің периодтық заңына алдымен индуктивтік жолмен келді. Элементтердің қасиеттері олардың атомдық салмағына тәуелділігі анықталғанда, ол таза дедуктивтік әдіспен сол кезде әлі ашылмаған, белгісіз элементтердің қасиеттері туралы жорамал айтты. Содан кейінгі ашылған элементтер ол тұжырымдаған заңдылықтардың толығымен дұрыстығын көрсетті.
Индуктивтік әдіспен алынған ақиқат үнемі толық бола бермейді, сондықтан ол дедуктивтік әдіспен дәйектелуі керек. Екінші жағынан, дедукция үнемі индуктивтік жолмен алынған нәтижелерді пайдалануы керек.
Акселерация - зерттеулер мен түсініктер. Акселерация терминінің өзіне жетпіс жылдан астам уақыт болды - оны 1935 жылы неміс дәрігері Е.М. Кох ұсынған болатын. Бұл сөзбен (латын тілінен жылдамдату дегенді білдіретін) балалар мен жасөспірімдердің құрдастарымен салыстырғанда бойының, салмағының және кейбір басқа өлшемдерінің ұлғаюы аталған болатын. Акселерация құбылысы АҚШ-та, Европада, Азияда, Россияда байқалады, қалаларда ауылдық жерлермен салыстырғанда күштірек көрініс береді. Оның кеңінен таралуы ғалымдарға акселерация құбылысын қазіргі заманғы адамның дамуына тән қақын ретінде қарауға мүмкіндік береді. Организмнің өсіп, даму заңдылықтары балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсіп, дамуы үшін, қоршаған орта факторларын гигиеналық нормаландырудың теориялық негізі болып табылады. Бұл заңдылықтарды білу, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің дәрігеріне жеке органдар мен жүйелердің баланың әртүрлі жас кезеңдерінде бүтін организм ретінде қызмет етуін, оның қоршаған ортамен байланысын анықтауға және осы жағдайдың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Акселерация -- жасөспірімдердің денесінің дамуының уақыттан бұрын, тезқарқынмен үдеп жүруі; балалармен жас өспірімдердің жыныстың жетілуінің өсуі мен дамуының күрт жылдамдануы. Планетаның магнит денесінің кернеуі төмендеген кезде жануарлардың көптеген түрінің денелерінің салмағы мен көлемінің ұлғаюы. Акселерацияның ең айқын көрнісі ержеткен балалардың денесінің өздерінің ата-аналарының денесімен салыстырылғанда іріленуі Ю.К. Бабанский акселерацияны балалардың денесі мен психикасының аса ерте дамуы деп анықтады. Акселерацияның басты мысалдары ретінде: жаңадан туған балалардың салмағы мен бойының өсуін (зерттеу кезіне (1979 ж.), орта есеппен 1-2 кг-ға және 4-5 см-ден жоғары (сол жүз жылдықтың 30-жылдары). тістерінің уақытынан бұрын шығуын және олардың тұрақты тіске ауысуын (1-2 жылға) скелеттің мерзімінен бұрын сүйекке айналуын (20-ғасырдың 20-30 жылдарымен салыстырғанда 2-3 жылға ерте) өткен ұрпақтармен салыстырғанда жалпы бойының 8-10 см.-ге өсуін. мектп жасындағы балалардың бойының өсуі, ерте жыныстық жетілуін (ұлдарда 11-12 жаста) мысалға келтіруге болады. Психологтар мен педагогтар акселерацияяның басқа аспектісі - ерте жыныстық жетілумен және соған байланысты мәселелермен күресіп келеді. Бұл депрессиялар, әртүрлі сипаттағы қақтығыстар, қарсылықтар және барлық қалыпты үрдістегі білімділіктің қажеттілігі. Ата-аналарды осы мәселелер көбінесе ойландырады. Олардың қатысуы, көңіл бөлуі, көмегі жыныстық жетілу кезеңінде балаға өте қажет. Ұлдардың акселерацияға негіздлген ерте жыныстық жетілуі, әсіресе егер физикалық дамуы психологиялық дамуынан бірінші болса, ерте жыныстыққатынаспен және онымен байланысты ауруламен немесе ерте жетілген дос қыздардың жүктілігімен қауіпті. Бұл жерде ата-аналардың, психологтар мен педагогтар бірлесіп жұмыс істеуі керек. Ең алдымен, ақпараттық. Қазіргі кезде бұл жұмыс әдетте ұлдар мен қыздарға контрапцепция тәсілдері мен жыныстық жолмен берілетін аурулар туралы ақпаратты жеткізумен алмастырылып жүр. Бұл ақпарат қызықтыратын фильмдер мен ойындар түрінде беіледі, онда жыныстық қатынастың ерте басталуы жеңіл және күлкімен қабылданады, онда жыныстық өмір отбасымен, бала туумен байланыстырылмайды.
Адам, индивид, жеке тұлға-өзара байланысты бұл ұғымдар өмірде жиі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі туралы ақпарат
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері – схема. Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі - сараптама туралы ақпарат
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері. Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі сараптама
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері – схема. Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі – сараптама
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері – схема Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері – схема Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі жайлы ақпарат
6-7 жасар балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері – схема акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі – сараптама жайлы ақпарат
Балалардың психикалық даму белгілері
Тәрбиенің тұлға дамуындағы рөлі
Пәндер