Өз ісіңізді ұйымдастыру үшін қызмет түрін таңдап, SWOT талдау жасаңыз


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Өз ісіңізді ұйымдастыру үшін қызмет түрін таңдап., SWOT талдау жасаңыз

Орындаған: Тоқанов Б.

Топ:ОП-413

Тексерген: Есенбекова З. Ж.

СЕМЕЙ 2015

SWOT-талдау: саяси жарнама Менеджмент саласының дамуы XX ғасырдың басында орын алып, басқаруды ғылыми түрде ұйымдастыруға болады деген түсініктер қалыптасты. Бұл менеджмент саласындағы жаңа кезеңді бастады. Дегенмен, менеджмент нақты ғылымдарға ұқсамайды. Себебі, басқару барысында нақты ұсыныстармен бірге, алдын ала болжау мен кейбір түсініспеушіліктер орын алады. Ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде стратегиялық менеджмент ұғымына қатысты бірнеше анықтамалар ұсынылады. Дегенмен, олардың барлығы төмендегі үш әдістердің бірімен байланыста болады: 1) ұйымдастырушылық өлшемдеріне назар аударатын әдіс (қоршаған ортаны сараптау) ; 2) ұйымның ұзақмерзімді мақсаттары мен оған жету жолдарына сүйенетін әдіс (мақсаттары мен құралдары) ; 3) стратегияны орындау барысында қызметтік әрекеттерді басты мақсат тұтатын әдіс (қызметтік тәсіл) . Бірінші әдіс стратегиялық жоспарлау тәсілдерімен тығыз байланыста. Қолданылу барысында қоршаған ортаның ықпалы көп әсер етеді. Екінші әдіс бойынша ұйымның мақсаттары анықталу негізіндегі оған жетудің басты құралдарына сүйенеді. Ал, үшінші әдісте стратегиялық сараптама, таңдау және орындау қимылдарына мән беріледі. Сондықтан стратегиялық менеджмент бәсекелестік күнделікті орын алатын қоғамда пайдаланылады. SWOT-талдау әдісін саяси ғылымдарда осы уақытқа дейін А. А. Нұрмағамбетов пен Е. Қ. Алияров сынды т. б. ғалымдар қолданды. Әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды және жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, оның мүмкіндіктері бағаланып, орын алатын қатерлері туралы айтылады. SWOT-талдау жүргізу барысында автор жоғарыда аталған ғалымдардың ережелеріне сүйенді.

Бизнес жоспар (план) : Шаштараз салонын ашу

Шаштараз барлық уақытта болған және бола бермек, себебі шаш адам сұлулығын анықтайтын сыртқы бейненің негізгі элементі болып табылады. Ерлер, әдетте, екі аптада бір рет шаштарын қысқартады, сондықтан да шаштараз бизнесін табысты ету қиын мәселе емес. Маңыздысы барлығын дұрыс ұйымдастыру және «айналдыру».

Неден бастау керек? Ғимарат пен жалдамалы қызметкерлер таңдаудан бастау керек. Егер сіз өзіңіз шаштараз өнерімен айналысамын деп шешсеңіз, онда оқу курстарынан өтіп, сәйкесінше сертификат алу қажет. Сіз үшін уақытша шаштаразға жұмысқа орналасу тәжірибе жинақтауға көмектесетін болады. Бұлай істесеңіз, сіз «қолыңызды жаттықтырып», болашақ өзіңіздің шаштаразға келетін клиенттерді осы бастан таба бастар едіңіз. Шаштараздың кез-келген класы (элитарлы, орташа бағалы) жақсы табысқа қол жеткізе алады. Орташа деңгейлі шаштараз ашқан жөн, себебі қолжетімді бағадағы қызметке сұраныс әрдайым жоғарырақ, сондай-ақ алғашқы инвестициялық салымдар да, элиталы шаштараздармен салыстырғанда, әлдеқайда төмен. Негізінен, шаштараздың күрделі дизайнды болуы керек емес, жалдауға немесе қаланың айтулы ауданында ғимарат сатып алуға көп ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Бастапқы кезде екі кресло мен екі әмбебап маманға арналған шаштараз ашу ең жақсы таңдау болып табылады. Клиенттерге ыңғайсыздық туындатпау үшін ер кісілерге ер шаштараздың, әйел кісілерге әйел шаштараздың болуын қадағалаңыз. Ғимаратты таңдауға ерекше мән берген дұрыс, орташа бағадағышаштараз үшін ең жақсысы - автобус аялдамасына жақын орналасқан тыныш аудандағы ғимаратты жалға алу. Шаштараз жеке тұрған ғимаратта немесе тұрғын үйлерде, қоғамдық ғимараттарда орналасуы мүмкін. Пәтерде шаштараз ашуға болмайды. Тек пәтер тұрғын емес үй қорына өтіп, оның кіретін есігі бөлек болған жағдайда ғана шаштараз ашуға болады. Шаштараз тұрғын үй ғимаратының бірінші немесе цокольдік қабаттына ғана орналаса алады. Өжіреде (подвал) шаштараз ашуға болмайды. Ескеретін жайт, шаштараз ашу үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудан және өртке қарсы инспекциядан анықтама алу бойынша стандартты процедуралардан өту қажет. Толығырақ мәліметті Сіз «Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылғы 18 тамыздағы № 632 бұйрығын оқу арқылы ала аласыз.

Қызметкерлер. Жалдамалы қызметкерлерді таңдауда олардың кәсібилігіне және психологиялық дайындығына, сондай-ақ шаштараз адамдармен, әсіресе, әйелдер қауымымен жұмыс істейтіндіктен коммуникативтілігіне де мән беріңіз. Қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін дамыту мақсатында, сондай-ақ жақсарту үшін оларды оқытуға уақыт және ақша бөлуге кеңес береміз. Қызметкерлерді салалық оқу орындарынан іздеген жөн, баспа беттеріне, интернетке жарнама беру немесе кадрларды таңдау агенттілігіне хабарласуға да болады.

Шаштараздың қызмет көрсету спектрі өте ауқымды - бұл шаш қысқартудың, бұйралаудың, сәндеудің, емдеудің әртүрлілігі. Шаштараздың бизнестің аралас түрлерін ұйымдастыру үшін қолайлы орын екенін естен шығармау керек, мысалы, онда шаш және тырнақ күтімі үшін қажетті тауарларды сатуға әбден болады. Сонымен қатар, қосымша табыс табу үшін шаштараз ішіне өз кезегін күтіп отырғандарға арналған кофе және басқа да сусындары бар сауда автоматтарын қоюға болады. Сіздің шаштаразды бәсекелестерден ерекшелейтін, клиенттеріңізге жағымды, ұнайтын ұсақ-түйектерге де мән беріңіз. Клиенттеріңізге сапалы қызмет көрсету, жақсы, жылы шырайлы мамандардан басқа не ұсынуға болады? Клиенттер үшін екі параметр өте маңызды: қолайлылық және өзіндік қайталанбас атмосфера, яғни телефон арқылы жазылуға мүмкіндік, желдеткіш, күтіп отыруға ыңғайлы орындықтар, теледидар, жаңа журналдар, жағымды әуен, қызықты безендіру, тірі гүлдер, плакаттар және т. б.

Шаштаразға арналған құрал-жабдықтар. Жабдықтарды таңдауда баға мен сапаның оптималды сәйкестігіне сүйену керек. Дегенмен, клиенттер үшін қолайлы жағдай туғызуда үнемдеудің қажеті жоқ, ыңғайлы креслолар, шаштараз жуғыштарын, сенімді электр құралдарын таңдаңыз. Мысалы итальяндық айна сатып алу міндетті емес, қытайлық сапалы айнаны да қолдануға болады. Сізге құрал-жабдықтардың ішінен мыналар қажет: құрғатқыш, шаш қысқартатын машинка, фен, айнасы бар шкаф-тумбочка, гидравликалық кресло, креслосы бар жуғыш, айна. Сондай-ақ, Сіз мынадай жабдықтар мен заттарды алуыңыз керек: әртүрлі формадағы тарақтар, массажды тарақ, қайшылар, шаш бояулары, сабынсулар (шампунь), химиялық бұйралауға арналған заттар, бигудилер (ірісі, орташасы, ұсақтары), шаш сәндеуге арналған заттар (лак, воск, пенка), сүлгілер мен жамылғылар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
SWOT талдау жүйесі
Swot талдау
Өз ісіңізді ұйымдастыру үшін қызмет түрін таңдап, SWOT талдау жасау туралы ақпарат
SWOT талдау туралы ақпарат
Өз ісіңізді ұйымдастыру үшін қызмет түрін таңдап., SWOT талдау жасау
Туризм менеджменті
Ауыл балаларының уақытты тиімді пайдалануы
OPS Жарнама агенттігі. Бизнес жоба
Кәсіпкер кредиттеу бағдарламасы
Кәсіпкерлерге арналған маркетинг
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz