Программаны құрудың техникалық тапсырмасы. Программаларды техникалық жобалау кезеңдерін сипаттау. Алгоритмдердің құрылымдық схемесын дайындау


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар факультеті

Автоматика және электроника кафедрасы

СӨЖ №1

Тақырыбы: Программаны құрудың техникалық тапсырмасы. Программаларды техникалық жобалау кезеңдерін сипаттау. Алгоритмдердің құрылымдық схемесын дайындау.

Орындаған: Аманжолов Д

АУ- 401

Тексерген: Жаксыгулова Д. Д.

Семей 2015ж

Жоспар

1 Негізгі бөлім

2. Программалық жабдықтар

2. 1 Программалық жабдықтардың ерекшеліктері және оларға қойылатын талаптар

3 Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Негізгі бөлім

Программа - магниттік мәлімет сақтауышта (дискіде) файл түрінде жазылып сақталып, жұмыс істеуші адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп орындалатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген есептер бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар жиыны арқылы шығарылады.

Компьютердің жұмысы операциялық жүйе (ОЖ) арқылы басқарылатыны, ал пайдаланушының машинада түрлі информацияны өңдеу үшін арнайы дайындалған програмаларды пайдалануы тиіс екені көрсетілген болатын. Оларды бірге қосып компьютерді программалық қамтамасыз ету, не қамтамасыз дандыру программалары деп атайды.

Практикада берілгендермен оларды өндеу үшін құралған программалардың түрлері көп. Мысалы, студенттердің мәліметтік тізімдері, оларды дискіде сақтап, өндеу: бухгалтерияда айлық және стипендия ақпарат тізімдерін дайындау: статистикалық, ғылыми есептерді шешу программалары т. б. Оларды қолданбалы программалар деп, бір мақсатта пайдаланылатын программалар жиынтығын қолданбалы програмалар пакеті деп атайды.

Қазіргі кезде түрлі типті компьютерлерге арнап дайындалған жүйелік программаларда жеткілікті. Олар негізінен мынындай кластарға бөлінеді :

 Қолданбалы жүйелік программалар.

 Операциялық жүйе (ОЖ) .

MS-DOS операциялық жүйесі.

Операциялық жүйе - компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі - программалардың бір - бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т. б. . Яғни ОЖ - машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ - ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды.

Процессордің типіне қарай, DOS - тың түрлі-түрлі версиясы бар. Әдетте оларға арнайы атаулар беріліп қойылған.

Басқа операциялық жүйелер сияқты, MS DOS жүйесі мынадай бөлімдерден тұрады : BIOS, BIO, COM (IBMBIO. COM), DOS COM (IBMDOS. COM) және COMMAND. COM.

BIOS (Basic Input/output System - негіздік ендіру/шығару жүйесі) - операциялық жүйенің ТЕСҚ-ға жазылып қойылған бөлімі. Оның орындайтын іс-әрекеттері :

 Компьютер элетр жүйесіне қосылған соң автоматты түрде оның ішкі құрылғыларының жұмыс істеуге дайындығын тексеру.

 Одан әрі, жүйелік болатын иілгіш не қатты магниттік дискібен опеациялық жүйенің тиуші деп аталатын программасын жадқа ендіру.

 Жүйелік үзілісті ұйымдастыру. Мысалы, программаны орындау кезінде нөлге бөлу кездессе, ол оның мүмкін емес екенің хабарлап, машина жұмысын тоқтатады ; клавиатурадан символ терілсе, ол процессордың осының алдаңдағы ағымдық жұмысына үзіліс жасайды.

BIOS - тың құрамында сыртқы құрылғылардың жұмысын басқару драйверлері де бар.

BIO. COM (IBMIO. COM) - BIOS жүйесінің жұмысын ьолықтырушы бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды.

DOS. COM (IBMDOS. COM) - ның жұмысы - пайдаланушының программалары мен түрлі информацияны дискіге тиеу не одан оперативті есте сақтау құрылғысына ендіру, дискіде тиулі программаны жою және т. б. . Ол жад ұяшықтарымен орындалатын жұмыстарды да басқарады.

COMMAND. COM - ның негізгі жұмысы - пайдаланушының программаларымен берілгендерді жадқа ендіру және өндеу. COMMAND. COM - ды командалық процессор деп те атайды. Ол ішкі не реззиденттікдеп аталатын түрлі командаларды да орындайды (DIR, COPY, REN, DELETE, CD, MD, RD, DATE, TIME, VER т. б. . )

Программа - магниттік мәлімет сақтауышта (дискіде) файл түрінде жазылып сақталып, жұмыс істеуші адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп орындалатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген есептер бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар жиыны арқылы шығарылады.

Компьютердің жұмысы операциялық жүйе (ОЖ) арқылы басқарылатыны, ал пайдаланушының машинада түрлі информацияны өңдеу үшін арнайы дайындалған програмаларды пайдалануы тиіс екені көрсетілген болатын. Оларды бірге қосып компьютерді программалық қамтамасыз ету, не қамтамасыз дандыру программалары деп атайды.

Практикада берілгендермен оларды өндеу үшін құралған программалардың түрлері көп. Мысалы, студенттердің мәліметтік тізімдері, оларды дискіде сақтап, өндеу: бухгалтерияда айлық және стипендия ақпарат тізімдерін дайындау: статистикалық, ғылыми есептерді шешу программалары т. б. Оларды қолданбалы программалар деп, бір мақсатта пайдаланылатын программалар жиынтығын қолданбалы програмалар пакеті деп атайды.

Қазіргі кезде түрлі типті компьютерлерге арнап дайындалған жүйелік программаларда жеткілікті. Олар негізінен мынындай кластарға бөлінеді :

 Қолданбалы жүйелік программалар.

 Операциялық жүйе (ОЖ) .

2 Программалық жабдықтың өмірлік циклының негізгі кезеңдерінің бірі- есептің қойылуы кезеңі. Мұнда программалық жабдықтың орындайтын қызметі және программалық жабдыққа қойылатын талаптар анықталады. Бұл талаптар екіге бөлінеді:

  • функционалдық талаптар, яғни бұл болашақта жасалатын программаның қандай жұмыстарды, функцияларды орындайтынын анықтайды;
  • эксплуатациялық талаптар, бұл болашақ программалық жабдық қандай жағдайларда жұмыс жасайтынын анықтайды.

Программалық жабдықтарға қойылатын негізгі эксплуатациялық талаптарға төмендегілер жатады :

  • дұрыстығы, техникалық тапсырмаға сәйкес жұмыс жасауы ;
  • универсалдығы - кез-келген мүмкін жағдайларда дұрыс жұмыс жасауы ;
  • сенімділігі - түрлі қателерден кейін дұрыс жауаптарды қайтара алуы;
  • тексерілуі - нәтижелерді тексеру мүмкіндігі;
  • нәтиженің дәлдігі - нәтижелер ауытқуының берілген шамадан аспауы;
  • қорғалған болуы - ақпараттың құпиялылығын сақтай алуы;
  • программалармен үйлесімділігі - басқа программалармен үйлесімді жұмыс жасау мүмкіндігі;
  • аппаратпен үйлесімділігі - кейбір құрылғылармен үйлесімді жұмыс жасау мүмкіндігі ;
  • тиімділігі - техникалық ресурстарды аз және жылдам пайдалану мүмкіндігі ;
  • бейімділігі - түрлі жағдайларға байланысты жасалатын модификацияларға бейімділігі;
  • қайта пайдаланыылуы - қайта жүктемей-ақ іске қосыла беруі ;
  • реентерабелділігі - бірнеше процестерде параллель қолданыла беруі.

Техникалық тапсырма- программалық жабдықты құру мақсаттары, оған қойылатын талаптар, жасау уақыты мен кезеңдері, тапсырыс берушіге өткізу мерзімі және т. б. көптеген мәліметтер қамтылған программалық жабдық туралы толық мәлімет беретін құжат. Техникалық тапсырманы жасауға тапсырыс беруші де және оны орындаушы да қатысуы керек. Ол келесі бөлімдерді қамтиды:

  • кіріспе;
  • программалық жабдықтар жасаудың қажеттілігін негіздеу;
  • программалық жабдықтардың қызметі;
  • программалық жабдықтарға қойылатын талаптар;
  • программалық жабдықтардың құжаттарына қойылатын талаптар;
  • техникалық-экономикалық көрсеткіштер ;
  • құру кезеңдерімен стадиялары;
  • программалық жабдықты қабылдау және бақылау тәртібі.

Программалық жабдықтың өмірлік циклындағы маңызды кезеңнің бірі - бұл программалық жабдықтарға қойылатын талаптарға анализ жасау негізінде программалық жабдықтардың ерекшелігін немесе спецификациясын анықтау болып табылады. Спецификация (specify-дәл анықтау- точно определять, spesisication- детальдары- детали, specific- ерекше сипаттамалары- особый отличительный характер) - бұл жасалатын программалық жабдықтардың және оған қойылатын шектеулердің формалды түрдегі дәл сипаттамалары. Сонымен, программалық жабдықтардың спецификациясы, бұл программалық жабдық туралы дәл және толық сипаттама. Спецификация негізгі екі бөлімнен тұрады:

  • функционалдық бөлім, программалық жабдықтардың орындайтын функцияларын сипаттайды;
  • эксплуатациялық бөлім, техникалық құрал-жабдықтарға, ақпараттық қауіпсіздікті сақтауға қойылатын талаптарды анықтайды.

Спецификацияның толықтығы, мұнда болашақ жасалатын программалық жабдықтарға қатысты барлық нәрселер ескерілуі керек, яғни программалық жабдықтарды жасаушы үшін (разработчик) ешқандай кедергі, қосымша мәселе болмауы керек.

Спецификацияның дәлдігі, бұл - спецификация тапсырыс (заказчик) беруші мен оны орындаушы (разработчик) тарапынан бірдей мағынада қабылдануы керек.

Программалық жабдықтардың спецификацияларын көрсету үшін кәдімгі табиғи тілдер жарамайды. Сондықтан дәл спецификацияларды көрсету үшін арнайы формальды модельдер қолданылады.

Спецификацияларды анықтау кезеңіндегі формальды модельдерді екі топқа бөледі: ұстанымдарға (құрылымдық, объектілік) тәуелді және тәуелсіз. Классификациясы төменде 3. 9- суретте берілген.

Программалық жабдықтардың спецификациясы жан-жақты көрсету үшін әдетте бірнеше модельді қатар пайдаланады.

2. 1 Программалық жабдықтардың ерекшеліктері және оларға қойылатын талаптар

Объектіге бағдарланған программалау - бұл программалық жабдықты, қандай да болмасын кластың өкілі болып табылатын, объектілердің жиынтығы түрінде құратын программалау методологиясы.

Объектіге бағдарланған жобалау - бұл құрылатын ақпараттық жүйенің (немесе программалық жабдықтың) барлық статикалық және динамикалық модельдерін объектілі декомпозициялау процесі мен модельдердің логикалық, физикалық тұрғыдан беру тәсілдері негізінде жобалау методологиясы.

Объектіге бағдарланған талдау - бұл жобаланатын жүйеге қойылатын талаптар, пәдік облыстағы анықталған кластар мен объектілер тұрғысынан қарастырылатын методология.

Объектіге бағдарланған ұстанымның концептуалдық негіздеріне объектіге бағдарланған ұстанымның моделі жатады. Объектілік модельдеудің негізгі элементтері: абстаркциялау, инкапсуляция, модульділік және иерархия. Қосымша элементтері: типтелу, паралеллизм және тұрақтылық.

Абстракциялау - бұл қандай да болмасын объектіні, өзге объектілерден ажырататын белгілері, сипаттамалары және т. б. арқылы бөліп алу, жалпы абстракциялау объектінің сыртқы ерекшеліктеріне негізделеді. Объектіге бағдарланған ұстанымда, берілген объектінің дұрыс абстракциялануы, жобалаудың негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.

Инкапсуляция - бұл объектінің, өзінің ішкі элементерінің, бір бірінен ажыратылу процесі. Бұл процесс кезінде объектінің ішкі құрылымдары мен оқиғалары бір- бірінен дұрыс ажыратылады. Инкапсуляция объектінің интерфейсін қорғау үшін қолданылады немесе объектілік ұстанымда класстың ресурстарын, тек оның өзінің ғана пайдалануын қолдайды. Абстракциялау мен инкапсуляция бірін бірі толықтырады.

Модульділік - бұл программалық жабдықтың декомпозициялану кезінде өзара байланысқан, бірақ өте әлсіз байланысқан модульдерге бөліну қасиеттері. Инкапсуляция мен модульділік қасиеттері абстракцияларды бір- бірінен ажыратады.

Иерархия - бұл жүйедегі абстракцияланудың бір- біріне бағынышты түрде реттеліп орналасуын тағайындайды. Бұл күрделі жүйедегі класстардың құрылымы (иерархиясы) . Мысалы, жай және көп қабылдаушылықты айтуға болады.

Типтелу - бұл абстракцияға байланысты класстарды бір бірінен ажырату үшін қойылатын шектеулер.

Паралеллизм - бұл объектінің актив және пассив түрде болуын көрсетеді.

Тұрақтылық - бұл объектінің өмір сүру уақытын көрсетеді.

Объектіге бағдарланған ұстанымның негізгі түсініктері: объект, класс.

Объект класстың экземпляры тұрғысынан қарастырылады. Объектінің күйі, оқиғасы және жеке қасиеттері болады. Объектіге әсер етуді әдіс деп атайды. Класс қабылдаушылық пен инкапсуляция және полиморфизмді (абстракцияны) қанағаттандыратын құрылымдық жиынтық тип ретінде қабылданған. .

Объектіге бағдарланған анализ бен жобалау әдістері модельдеу тілі мен модельдеу процестерінің сипаттамаларынан тұрады.

Модельдеу тілі жобаның сипаттамасын беру үшін қолданылатын нотация. Нотация - бұл модельдерде қолданылатын графиктік объектілердің жиынтығы. Модельдеу тілінің синтаксисі де нотациямен анықталады. Процесс - бұл жобаны құру кезінде жасалатын қадамдардың сипаттамалары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Программаны құрудың техникалық тапсырмасы. Программаларды техникалық жобалау кезеңдерін сипаттау. Алгоритмдердің құрылымдық схемасын дайындау
Программаларды техникалық жобалау
Программалау технологиясы
Программалау тілдерімен танысу
Алгоритмдердің түрлері
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
Паскаль программалау тілі
Информатика ( лекциялар )
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЛГОРИТМДІК ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОҚЫТУ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
Орта мектепте программалау негіздерін оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz