Дәстүрлі емес қайта өңделетін энергия көздері. Энергияны сақтау



1.ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ
2. ЖЕЛДІК ЭНЕРГИЯСЫ
Дәстүрлі емес энергия көздері– Күннен күнге өсіп келе жатқан әлемдік энергетикалық сұранысты қанағаттандыру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаны ластап, атмосферадағы тепе-теңдікті бұзды. Ғалымдардың пікірінше, осы жүз жылдықтың соңына таман ауаның температурасы 6,4 градус жылынып, әлемдік мұхиттардың деңгейі 58 сантиметрге көтеріледі екен. Бұл – құрлықты тұншықтыратын топан судың алғашқы белгісі. Сондықтан да қазіргі таңда әлем сарапшылары дүркін-дүркін дабыл қағып, энергетикалық қуат шикізаттарына балама табу мәселесін күн тәртібіне батыл қойып тұр. Барған сайын адамзат үшін аса үлкен қауіпке айналып бара жатқан жаһандық жылыну процесін тежеу, электр энергиясы өндірудің негізгі көзі – көмірсутегі шикізатына балама табу мәселелері былтырғы жылы өткен 19-шы Дүниежүзілік мұнай конгресінде де ерекше күн тәртібіне қойылды. Мамандардың айтуынша, қазір көмірсутегі шикізатына балама ретінде қарастырылып отырған биоотын, жел және күн қызуынан алынатын энергия әлемдегі өндірілетін электр қуатының 2 пайызын ғана құрайды. Сондықтан бұл салада Қазақстан энергетикасы мамандарының алдында тұрған міндет ұшан-теңіз. Адам саны 7 миллиардқа жеткен әлемде энергетика сұранысы да артып отыр. Бірақ әдеттегі энергетиканың басты кейіпкерлері мұнай, көмір, табиғи газ сияқты қазынды энергетика көздері әрі шектеулі, әрі қымбат және қоршаған ортаны ластайды. Осы себепті жаһандық ысыну басым болып отырған ғаламшарымызда таусылмайтын және қоршаған ортаны ластамайтын, жаңартыла алатын энергетика көздері күн сайын алға шығып отырады.

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік-технологиялық факультет
(факультеттің атауы)

Техникалық физика и жылуэнергетика кафедрасы
(кафедраның атауы)

СӨЖ
(жұмыстың аты)

Мамандыққа кіріспе
(пән аты)

Дәстүрлі емес қайта өңделетін энергия көздері. Энергияны сақтау.
(жұмыстың тақырыбы)

Орындаған: ТЭ-517 тобы студенті Тексерген: Сейсенбаева М.К.
(Оқытушының аты-жөні)
___________ Абдигапиров Ш.М
(қолы) (Студенттің аты-жөні)
____________ ____________ _______ _____ ____________
(баға) (күні) (қолы) (күні)

Семей қ.
2015 ж.

1.ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ
Дәстүрлі емес энергия көздері - Күннен күнге өсіп келе жатқан әлемдік энергетикалық сұранысты қанағаттандыру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаны ластап, атмосферадағы тепе-теңдікті бұзды. Ғалымдардың пікірінше, осы жүз жылдықтың соңына таман ауаның температурасы 6,4 градус жылынып, әлемдік мұхиттардың деңгейі 58 сантиметрге көтеріледі екен. Бұл - құрлықты тұншықтыратын топан судың алғашқы белгісі. Сондықтан да қазіргі таңда әлем сарапшылары дүркін-дүркін дабыл қағып, энергетикалық қуат шикізаттарына балама табу мәселесін күн тәртібіне батыл қойып тұр. Барған сайын адамзат үшін аса үлкен қауіпке айналып бара жатқан жаһандық жылыну процесін тежеу, электр энергиясы өндірудің негізгі көзі - көмірсутегі шикізатына балама табу мәселелері былтырғы жылы өткен 19-шы Дүниежүзілік мұнай конгресінде де ерекше күн тәртібіне қойылды. Мамандардың айтуынша, қазір көмірсутегі шикізатына балама ретінде қарастырылып отырған биоотын, жел және күн қызуынан алынатын энергия әлемдегі өндірілетін электр қуатының 2 пайызын ғана құрайды. Сондықтан бұл салада Қазақстан энергетикасы мамандарының алдында тұрған міндет ұшан-теңіз. Адам саны 7 миллиардқа жеткен әлемде энергетика сұранысы да артып отыр. Бірақ әдеттегі энергетиканың басты кейіпкерлері мұнай, көмір, табиғи газ сияқты қазынды энергетика көздері әрі шектеулі, әрі қымбат және қоршаған ортаны ластайды. Осы себепті жаһандық ысыну басым болып отырған ғаламшарымызда таусылмайтын және қоршаған ортаны ластамайтын, жаңартыла алатын энергетика көздері күн сайын алға шығып отырады. Атап айтсақ, Еуропа Одағы алдымыздағы 10 жылдың ішінде энергетиканың 20 пайызын жаңартыла алатын энергия көздерінен алуды жоспарлауда. Жаңартыла алатын энергия көбінесе тікелей немесе жанамалы түрде күннің әсерінен пайда болады. Күннің сәулесі немесе күн энергиясы жылыну және жарық мақсатында тұрғын үйлер мен әртүрлі ғимараттарда тікелей пайдаланылса; электр өндіру, суды жылыту, суыту және әртүрлі сауда мен өнеркәсіптік мақсаттарға жанамалы түрде қолданыла алады. Қазақстан су, жел, күн энергетикасы сияқты электр қуатын өндірудегі балама қуат көздеріне бай елдердің бірінен саналады. Алайда, осы уақытқа дейін ішінара гидроэнергия қуатын пайдаланудан басқа, елімізде бұл бай балама қуат көздері іске қосылған жоқ. Оның басты бір себебі, еліміздің жер қойнауына энергетикалық шикізат көздерінің мол шоғырланғаны болып отырғандығын да жасыруға болмайды.
Ғалымдар ескертеді: қазіргі энергия түтыну қарқынының өсуі кезіндегі органикалық отының зерттеліп барлау қорлары не бәрі 70-130 жылға ғана жетеді. Әрине, басқа да жаңартылмайтың энергия көздеріне өтуге де болады. Мысалы, ғалымдар көп жылдар бойы басқарылатын термоядролық синтезді игеруге тырысуда.
ХХ ғасырдың соңы қоғамдық даму жолдарын кенінен қайта ойлануға алып келді. Таза экономикалық көз қараспен материалды өндірісті талдауға жақындап келетін экономикалық даму концепциясы адамның өндірістік қызыметінің шектелген әсерінің күшімен табиғи ресурстар әлі таусылмайтындай болғанда іске асырлық еді. Қазіргі уақытта қоғам экономикалық қызметкерлік тек жалпы адамзат қызыметінің бір бөлігі болып табылатыны және экономикалық даму қоғамдық дамудың өте үлкен концепциялар шегінде қарастырылуы тиіс екенің түсінуде.
Шындығында, табиғи орта мен оның ұдайы өңдіріс проблеммалары аса маңызды мәнге ие болуда .
2. ЖЕЛДІК ЭНЕРГИЯСЫ
Қозғалатын әуе массасының энергиясы орасан. Жел энергиясының қорлары планетамыздың барлық өзендерінің гидроэнергиялар қорынан жүз есе асып түседі. Жерде жел әрдайым және барлық жерде соғып тұрады - жазғы күнде тамаша салқындық тудыратын жеңіл (жай) желден, санаусыз борандар мен күйзелістер алып келктін күшті дауылға шейін. Біз түбінде өмір сүретін әуе окенды әрқашан да тынышсыз.
Біздің еліміздің кеңістігінде соғатын жел оның электрэнергия барлық қажеттілігін оңай қанағаттандыра алар еді. Климаттық жағдайлар жел энергетикасын үлкен орасан територрияда дамуына мүмкіндік береді. Біздің батыс шекарадан Енисей жағалауларына дейін. Солтүстік Мұзды мұхит жағалауының жанындағы солтүстік аудандары жел энергиясына бай, ол әсіресе осы бай аймақтарда тұратын батыл адамдарға өте қажет. Біздің кезде желді қолданушы қозғалтқыштар энергияға әлемдік мұқтаждықтың мыңнан бірін ғана жабады. Әртүрлі автордың бағалары бойынша, жалпы жел энергетикалық потенциялы 1200 ГВт-қа тең , алайда энергияның бұл түрін жердегі әртүрлі аудандарға пайдалану мүмкіншілігі бірдей емес. Жер бетінен 20-30 м биіктіктегі орташа жылдық жылдамдығы тиісті түрде үлкен болуы қажет. Әуе ағынының орташа жылдық меншікті қуаты шамамен 500 Втм2 (бұл кездегі ауа ағынының жылдамдығы 7 мс) болатын алаңшада орнадасқан жел энергетикалық қондырғы электр энергиясына осы 500 Втм2 - ң 175-ін түрлендіре алады.
Қозғалатын ауа ағынының құрамындағы энергия желдің жылдамдығына кубына пропорционалды. Алайда ауа ағынының барлық энергиясы тіпті тамаша құрылғының көмегімен пайдаланыла алмайды. Ауа ағымының энергиясының пайдалы пайдалану коэффициенті териолық түрде 59,3 %-ке тең болуы мүмкін. Практикада, жарияланған мәліметтер бойынша, жел энергиясының максималды ПӘК-і нақты жел агрегатында шамамен 50 %-ке тең, дегенмен бұл көрсеткіш барлық жылдамдықтарда емес, ал тек жобамен қарастырылған тиімді жылдамдық кезінде ғана жетеді. Одан бөлек, әуе ағынының энергия бөлігі мханикалық энергияны электрге түрлендіру кезінде жоғалады, ал әдетте 75 - 95 % ПӘК-мен жүзеге асырылады. Осы факторларды ескере отырып, нақты жел энергиялық агрегатпен берілетін меншікті электрлік қуат жобамен қарастырылған жылдамдық диапозонында орнықты түрде жұмыс істейтін агрегат болған жағдай кезінде әуе ағынының қуатының 30 - 40 %-ін құрайды. Алайда кейде желдің жылдамдығы есептеу жылдамдығының шегінен шығып кетеді. Желдің жылдамдығы соншалықты төмен болады, жел агрегатта жұмыс істей алмайды немесе соншалықты жоғары, тіпті жел агрегатының тоқтау қажет және оның бұзылуынан қорғану шараларын қабылдау керек болады. Егер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс материалдар өндірісіндегі ресурстарды сақтау және тиімді пайдалану
Баламалы энергия көздері - мемлекет байлығы
Биомасса энергиясы
Геотермальды энергия
Тұрғын-үй бөлмелерін жарықпен және де жылумен қамтамасыз етудегі жинақталған жүйенің автоматты басқаруының сымсыз жүйелерін зерттеу
Қазақстандағы дәстүрлі емес энергия көздерінің күйі және ресурстарын бағалау
Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
Қатты қалдықтарды жағуға арналған қондырғылар
Қазақстандағы «Жасыл энергетиканың» өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуы
Геотермалды энергия көздері
Пәндер