Жүгері өсіру технологиясымен танысу және оны зертеу



Жоспары:
1. Жүгері өсімдігіне қысқаша анықтама
2. Жүгерінің құрамы және құндылығы
3. Жүгері өсіру технологиясымен танысу және оны зертеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жүгері - дақылдардың бірі. Еуропалықтар Оңтістік Американы ашқан кезде «маис» деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын кездестірген. Оның алғашқы өкілін Еуропаға Христофор Колумб әкелген. Бұл данасын Х.Колумб испан короліне сыйға тартады. Ал біздің жүгерінің алғаш орныққан жері Молдавия болған. Дала ауылына кең таралуына оның мол өнім, көк балаусаны аса көп беруі де себепші болды. Бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Жүгері 12-140 С-та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры – собық. Тамыр жүйесі – шашақ, қосалқы тамырлары болады. В,Е дәрімендері, техникалық май, линолеум, желім, жасанды жібек алынады. Азот, фосфор тыңайтқыштары қажет.
1. Жайылым шаруашылығы жөніндегі практикум/К.Асанов .-А.,1998
2. Зафрен С.Я. Жемшөп дайындау технологиясы (анықтамалық құрал).-А.,1980
3. Комбикорма, кормовые добавки и ЗЦМ для животных.-М.,1990 Боярский, Л.Г.
4. Технология кормов и полноценное кормление сельскохозяйственных животных .-Ростов н/Д,200

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Жүгері өсіру технологиясымен танысу және оны зертеу



Орындаған: Тоқтарғазыева Қорлан
Тобы: Тж-405
Тексерген: Татенов А.Б

Жоспары:
1. Жүгері өсімдігіне қысқаша анықтама
2. Жүгерінің құрамы және құндылығы
3. Жүгері өсіру технологиясымен танысу және оны зертеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Жүгері - дақылдардың бірі. Еуропалықтар Оңтістік Американы ашқан кезде маис деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын кездестірген. Оның алғашқы өкілін Еуропаға Христофор Колумб әкелген. Бұл данасын Х.Колумб испан короліне сыйға тартады. Ал біздің жүгерінің алғаш орныққан жері Молдавия болған. Дала ауылына кең таралуына оның мол өнім, көк балаусаны аса көп беруі де себепші болды. Бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Жүгері 12-140 С-та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры - собық. Тамыр жүйесі - шашақ, қосалқы тамырлары болады. В,Е дәрімендері, техникалық май, линолеум, желім, жасанды жібек алынады. Азот, фосфор тыңайтқыштары қажет.

2007 жылғы алғашқы он жүгері өндіруші елдер
Ел
Өндіріс(тонна)
Note
АҚШ
332,092,180

Қытай
151,970,000

Бразилия
51,589,721

Мексика
22,500,000
[F]
Аргентина
21,755,364

Үндістан
16,780,000

Франция
13,107,000

Индонезия
12,381,561

Канада
10,554,500

Италия
9,891,362

World
784,786,580
[A]

Басқа да астық тұқымдастар секілді піскен жүгері дәні өте қоректі келеді, оның құрамында: көмірсу, ақуыз, май, калий, фосфор,магний, кальций т. б. минералдық тұздар, витаминдер бар. Азықтық жүгері дәнінен ұн, әртүрлі жарма, ал жүгері жармасынан -- жүгері үлпілдегі, үлпек дән және қытырлауық таяқша алынады. Жүгері үлпілдегі, үлпек дәні және қытырлауық таяқша -- қосымша баптаулы қажет етпейтін дәмді тағам. Организмге жақсы сіңеді. Оны үш мезгілгі аста: шай, суп, қуырылған нан қосылған сорпа, компот, шырын, кисель, простокваша, айранмен т.б. жеуге болады. Ол әсіресе балаларға пайдалы (ыстық сүтке қосып береді). Қант себілген жүгері үлпілдегі мен тәтті қытырлауық таяқшаны ет-женді және тез толатын адамдарға, сондай-ақ қант диабетімен ауыратындарға жеуге болмайды. Жүгері үлпілдегін, таяқшаны үлпек дәнді құрғақ жерде сақтаған жөн. Егер үлпілдек жұмсаңқырап кетсе оны духовкаға салып келтіреді. Дымқыл тартқан үлпілдек тез көгеріп, жеуге жарамайды.

Жүгері дәнінің негізін құрайтын көмірсулары (65-70%), ақзат (9-12%) және май (4-8%). Көмірсу- ларының қүрамында негізінен крахмал және қант болады. Клет- чатка аз мөлшерде болуына бай- ланысты дәннің мал азықтық сапасы жоғары. Жүгері дәніндегі ақзатта ауыстырылмайтын аминқышқылдары - лизин және триптофан аз кездеседі, ал мал азықтық бағалығы төмен ақзат көбірек болады. Және де жүгері дәнінде В, Е, РР витаминдері бар. 1 кг сары түсті жүгері дәнінде 20 мг дейін каротин болады. Минерал заттарын (1,3%) көбінесе фосфор және калий, содан кейін натрий, хлор, темір құрады. Мал азығына жүгерінің барлық өнімін пайдаланады. Яғни жүгері еш қалдықсыз пайдаланылады. Жүгері дәнінің өндірісіндегі оның: кебегі, дәні, қабыршағы, күнжарасы, төпі жақ- сы мал азығы. 100 кг жүгері күнжарасында 108-117 азықтық өлшем, 10-12 кг қорытылатын протеин, 40-50 г кальций және 300-330 г. фосфор бар. Мал азығына жүгері сабаны, құрғақ жапырақтары, собық орамдары және ұсақталған кіндіктері пайдаланылады. 100 кг жүгері сабанында 37 а.ө. бар. Жүгері сабанында 1-1,3% қорытылатын протеин, 1,7% қант, 0,45% кальций, 0,30% фосфор, 0,26% магний қоры кездеседі.

Лихтенштейндегі жүгері алаңы
Қазақстанда дәндік жүгерінің егіс көлемі 110 мың гектар ша- масында (2008 ж), оның 60 мың гектардайы суармалы жерде өсіріледі. Жүгері дәнінің өнімі республика бойынша әр гектардан 30 центнерден 105-110 ц дейін ауытқиды. Орташа өнімі әр гектардан 41,5 центнер (2008 ж.). Қазақстанда жүгерінің 15 шақты буданы аудандастырылған. Солардың ішінен Казахстанский-43-ТН, Казахстанский-705-СН, Молдавский-456-МН, Южный-З-ТН, Алатау 107-ТН, Сары-Арқа 150 АСН, Днепропетровский-125-ТН, Каз-ЗП-125 т.б. атауға болады.
Қазақстанда жүгерінің 15 шақты буданы аудандастырылған. Солардың ішінен Казахстанский-43-ТН, Казахстанский-705-СН, Молдавский-456-МН, Южный-З-ТН, Алатау 107-ТН, Сары-Арқа 150 АСН, Днепропетровский-125-ТН, Каз-ЗП-125 т.б. атауға болады.
Жүгерінің жемісі - ақ, сары, қызыл, қызғылт, қоңыр, шие түсті, күлгін түсті ірі дән. Дәннің түстері мен пішіндеріне қарай жүгері топтарын мынадай түршелерге ажыратады: тістәріздес, кремнийлі, крахмалды, қантты, балауызды және қабықты. 1000 дәннің массасы будандары мен сорттарына қарай әртүрлі - ұсақ дәнділерінде - 100-150 г., ірі дәнділерінде - 300-400 г.
Буданына немесе сортына және өсіру технологиясына байла- нысты бір собықта 200-ден 1000-ға дейін дөн болады (орташа 500-600). Жүгерінің өсіп-дамуында мынадай кезеңдерді ажыратады: тұқымның өнуі-ұрықтық тамырша өсіп шығады, өскіні (көктеу) - 1-ші жапырақтың пайда болуы, 3-ші жапырақ кезеңі-өсімдіктің өздігінен қоректенуге көшуі, бұтақтануы - төменгі жапырақтар- дан бүйір өркендерінің шығуы, түтіктенуі-топырақ бетінде сабақ түйіндері (буындары) пайда болуы, 7,9,11 жапырақтар кезеңі, шашақтануы- жоғарғы жапырақ қолтығынан шашақтың (сіпсебас- тың) шығуы, шашақтың гүлденуі -- тозандар шашыла бастауы, собықтың гүлденуі - орауыш астынан жіпті аналықтардың пайда болуы, дәннің қамырланып пісуі, дәннің балауызданып пісуі, дәннің толық пісуі-дәндер толықтай қатайып, өсімдік кеуіп сарғаяды.
Өсіру технологиясы. Жүгеріден жоғары өнім алу үшін алғы дақылдың маңызы зор. Қазақстанның оңтсүтік және оңтүстік-шығыс аймақтарының суармалы танаптарында жүгеріге жақсы алғы егіс дәнді-бұршақты дақылдар, ерте пісетін астық, мақта және бақша дақылдары.
Топырақ өңдеу. Суармалы жерлерде жүгері үшін топырақты негізгі өңдеу жұмыстары күзде алғы егісті жинап алғасын жүргізеді. Алдымен танапты БДТ-7 (және басқа маркалы) ауыр тырмамен 10-12 см тереңдікте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүгері өсіру технологиясымен танысу және зерттеу туралы ақпарат
Жүгері өсіру технологиясымен танысу және зерттеу туралы
Жүгерінің өсіру технологиясымен танысу және зерттеу
Сұлы, қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу жайлы
Жарма өндіру технологиясы
Жүгері өсіру технологиясымен танысу және зерттеу
Жүгері өсіру технологиясымен танысу және зерттеу жайлы
Ақ амурдың (Ctenopharyngodon idella) морфобиологиялық сипаттамасы
Жүгері өсіру технологиясымен танысу және оны зерттеу
Жүгеріні өсіру технологиясы жайлы
Пәндер