Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары туралы ақпарат


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ№6

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары

Орындаған: Ануарбеков Айбек ОП413

Семей 2015

Жоспар

1Жұмыссыздық туралы түсінік

2Жұмыссыздықтың негізгі типтері

2. 1Жұмыссыздықтың пайда болу себептері

2. 2 Әдебиеттер

Жұмыссыздық туралы түсінік

Еңбек нарығы-бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады. Бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату-сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі.

Нарықта сұраным мен ұсыным заңы жұмыс жасайды және ол еңбек ақыға әсер етеді. Мұнда жұмыс күшін сатушы мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер, яғни өзінің жұмысқа қабілеттілігін сатушылар болып табылады. Еңбек нарығында ұсыныс сұраныстан асып кеткен жағдайда жұмыссыздық пайда болады.

Жұмыссыздық - бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми - техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.

Жұмыссыздар - кіріс әкелетін, еңбек қызметімен айналыспайтын, еңбек етуге әзір, еңбекке жарамды жастағы тұлғалар.

Жұмыссыздықтың негізгі типтері:

фрикциондық, құрылымдық, циклдік.

Фрикциондық жұмыссыздық - жұмысты іздеу және күтумен байланысты. Бұл өзіндік Иваливинациясы мен жеке қалауына лайықты жұмыс орнын іздеу белгілі уақытты қажет ететін адамдар арасындағы жұмыссыздық. Жұмыс орнына талапкерлер және ваканциялар туралы ақпарат жетілменген және оның таралуы белгілі уақытты қажет етеді. Жұмыс күшінің территориялық армасуы да бір кезде болмауы. Жұмыссыздардың бір бөлігі мекен-жайы, мамандығы, қызығушылығы өзгеруіне байланысты жұмыстан өз еркімен босайды. Сондықтан, фрикционды жұмыссыздың қысқа мерзімді және көбінесе, еркін болады: бұл катигориядағы жұмыссыздар да еңбек нарығында сатуға болатын жұмысқа «дайын» дағдысы болады.

Құрылымдық жұмыссыздық. Жұмыс күшіне сұраныс құрылымын өзгертетін өндірістегі технологиялық алға жылжуымен байланысты. Бұл ГТП себебінен экономикаға қажеттілігі азайған менен «ескірген» мамандығы бар адамдар арасындағы жұмыссыздық. Құрылымдық жұмыссыздық көбінесе, амалсыздан және қзағырақ уақыт болады, өйткені бұл катигориядағы жұмыссыздардың сатуға «дайын» жұмысқа деген бейімі жоқ және жұмыс орнына ие болу мекен-жайын ауыстырумен қатар жүретін профессоиналды (мамандық) қайта маманданумен байланысты.

Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықтың үйлесімі (бірге болуы) потенциалды ЖҰӨ-ге сәйкес келетін жұмыссыздықтың табиғи деңгейін құрайды (немесе толық жұмысбастылық кеіндегі жұмыссыздықтың деңгейі) . Бір қатар экономистер құрылымдық өзгерістер арқасында пайда болған жұмыссыздыққа қатысты «табиғи» деген терминді пайдалануды дұрыс емес деп есептейді.

Циклдік жұмыссыздық - бұл жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи деңгейінен ауытқуы. Циклдың құлдырау кезінде циклдың жұмыссыздық фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықты толықтырады; циклдың көтерілу кезінде циклдық жұмыссыздығы болмайды.

Жұмыссыздықтың нақты (фактический) және табиғи деңгейілерін есептеу кейбір адамдар жұмысы бар және жұмыссыз катигориясына жатқызу критерилері жеткілікті өзгермелі болуына байланысты күрделенеді. Әдетте, жұмыссыздарға статистикалық зерттеу жүргізу кезінде жұмысы болмағандар, бірақ белсенді жұмыс іздеп тез арада жұмысқа кірісуге дайын адамдарды жатқызады. Жұмысы бар адамдар және толық емес жұмыс күні немесе апта бойынша жұмыс жасайтындар жұмысбастылықтың катигориялары.

Жұмыссыздықтың пайда болу себептері

Артық жұмыс күшінен бас тартуға итермелейтін жаңа технологиялардың, еңбек құралдарының пайда болуымен байланысты экономикадағы құрылымдық өзгерістер;

Экономикалық дағдарыс нәтижесінде жұмыс берушілердің жұмыс күшіне деген сұраныстың төмендеуі;

Экономиканың жеке салаларында өндіріс деңгейінде маусымдық өзгерістер;

Халықтың демографиялық құрылымындағы өзгерістер, яғни еңбекке қабілетті жастағы халық санының өсуінен жұмыс орындарының жетіспеуі.

Жұмыссыздықтың зардаптары:

халықтың сатып алу қабілеті төмендейді;

қазына - қор қысқарады;

инвестицияға сұраныс қысқарады;

өндіріс құлдырайды.

Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.

Мемлекет жұмыссыздықты реттеуді негізінен төрт бағытта жүргізеді:

Жұмыссыздарды жұмыспен қамту, оларға мамандығын жоғалтпау үшін еңбек биржасы арқылы кәсіби дайындықтардан және қайта дайындаудан өткізуге көмек көрсету.

Әрбір әлеуметтік топтардың (әйелдер, зейнеткерлер, жастар) ерекшеліктерін толық есептеу үшін икемді еңбек нарығын қалыптастырып, оны осы жұмыстарды жүргізу үшін ынталандыру.

Еңбек қатынасын құқықтық қамтамасыз ету.

Жұмыссыздық зардабын шеккен адамдарды әлеуметтік қорғау.

Әдебиеттер

Әубакиров Я. Ә., Нәрібаев К. Н., Қабдиев Д. Қ. - “Экономикалық ілімдер тарихы” Алматы 1998ж

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық, оның себептері мен формалары
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайлы мәлімет
Жұмыссыздық. Қазақстандағы кедейшіліктің басты себебі
ҚР-дағы жұмыссыздық себептері және формалары
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары жайлы мәлімет
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Қазақстандағы жұмыссыздық, бүгінгі таңдағы жағдайы
ҚР-ы жұмыссыздық себептері мен формалары
Қазақстандағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайлы
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz